- •Дәрістік сабақ тезистері № 1. Дәріс тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде Дәрістің мақсаты: Әлеуметтану ғылым ретінде қалыптасуы туралы толық мәлімет беру.
- •1. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
- •2. Әлеуметтанулық білімдердің құрылымы мен қызметтері
- •3. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы
- •1. Әлеуметтану ғылымының қалыптасуына дейінгі кезең. Ежелгі дүние, ортағасыр, жаңа заман ойшылдарының әлеуметтік идеялары.
- •2. Әлеуметтанудың дамуының классикалық кезеңі (о.Конт, г.Спенсер, г.Тард және т.Б.)
- •3. Э.Дюркгейм мен м.Вебер әлеуметтануы. Маркстің әлеуметтанулық идеялары.
- •1. Хх ғ. Ақш-та эмпирикалық әлеуметтанудың эмпирикалық мектебінің дамуы.
- •2. Әлеуметтанудың құрылымдық функционализмінің негізгі тұжырымдары (т.Парсонс, р.Мертон). Дау-жанжалдық парадигма.
- •3. Кеңестік қоғам кезеңі. Қазақстандағы әлеуметтанудың институционализациясы.
- •Дәрістің мақсаты: Әлеуметтанушылық зерттеудің методологиялық негіздері туралы толық мәләмет беру арқылы студенттердің білімін тереңдету.
- •1. Әлеуметтанулық зерттеу әлеуметтік шындықты тану құралы ретінде
- •2. Әлеуметтанулық зерттеудің ғылыми ұйымдастырылуы. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы.
- •3. Әлеуметтанулық зерттеудегі іріктеу
- •Дәрістің мақсаты: Әлеуметтанушылық ақпараттар жинау әдістері тақырыбын меңгеру арқылы студенттердің саралау қабілеттерін тереңдету.
- •2. Бақылау, эксперимент, құжаттарды талдау әдістері
- •3. Алынған мәліметтерді талдау әдісі
- •1. «Қоғам» ұғымы. Қоғамдық даму теориялары
- •2. Аграрлық, дәстүрлі қоғамдардың сипаттамасы
- •3. Қоғамның индустриалдық даму теориясы. Жаһандық даму
- •1. Әлеуметтік топ ұғымы. Әлеуметтік топтардың түрлері
- •3. Әлеуметтік институт ұғымы. Қоғамның негізгі институттары
- •Дәрістің мақсаты: Тұлғаның қалыптасып дамуын, оның әлеуметтік тәртібі туралы дерек беру және ауытқушылық қылықтардан жиренуге үйрету.
- •1. Тұлға әлеуметтенуі ұғымы
- •2. Тұлғаның даму теориясы (Дж.Мид, ч.Кули, з.Фрейд, э.Эриксон т.Б.).
- •3. Әлеуметтенудің негізгі кезеңдері мен агенттері. Рөл және мәртебе ұғымдары
- •Дәрістің мақсаты: Қоғамның жіктелуін, ондағы теңсіздікті түсіндіру.
- •2. Әлеуметтік стратификация ұғымы мен факторлары.
- •3. Қазақстан қоғамының әлеуметтік стратификациясының ерекшелігі.
- •1. Мәдениет ұғымы және нормалар жүйесі.
- •2. Мәдениеттің құрылымы
- •4) Мінез-құлық үлгілері: ырымдар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер
- •3. Әлеуметтанулық зерттеу мәдениеттің түрлі формалары ретінде (этномәдениет, қалалық және ауылдық мәдениет, таптар мен әлеуметтік топтар мәдениеті, көпшілік пен элитарлық мәдениет).
- •Дәрістің мақсаты: Дұрыс, сау қоғамның қалыптасуындағы отбасы институтының рөлін, қызметтерін түсіндіру, болашақ отбасылық өмірге дайындау.
- •1. Неке және отбасы ұғымдарының анықтамасы. Отбасы әлеуметтік ұйым ретінде және оның негізгі қызметтері
- •2. Некелік – отбасылық қатынастардың тарихи типтері және түрлері. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы отбасының рөлі. Отбасылық проблемалар
- •3. Гендердің әлеуметтанулық теориясы. Қазақстанда отбасылық саясаттың дамуы
- •1. Жастар ұғымының анықтамасы мен жастар әлеуметтануының зерттеу пәні.
- •2. Жастар мәдениеті мен қоғамның саяси саласындағы жастар.
- •3. Мемлекеттік жастар саясаты. Қазақстандық және әлемдік тәжірибе
- •1. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының объектісі және пәні
- •2. Әлеуметтік бақылау мен әлеуметтік санкциялар.
- •3. Девиантты мінез-құлық теориялары. Қазақстан қоғамындағы девиацияның өзекті мәселелері
- •№ 14. Еңбек және экономикалық өмір әлеуметтануы
- •1. Еңбекті және өндірісті зерттеудегі әлеуметтанулық тәсілдің өзіндік ерекшелігі
- •2. Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың құрылымы. Қазақстан қоғамының экономикалық жаңаруы жағдайында жаңа еңбек түрлерінің ұйымдастырылуы
- •3. Экономика әлеуметтік сала ретінде
- •№ 15. Дәріс тақырыбы: Білім және бұқаралық ақпарат құралдары
- •1) Білім әлеуметтік институт ретінде. Білімнің пәні мен қызметтері
- •2) Білім беру процесінің сатылары: мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, орта, жоғары. Қазіргі білім жүйесіндегі тенденциялар
- •1. Дәріс тақырыбы: Саясаттану ғылым мен оқу пәні ретінде.
- •2. Дәріс тақырыбы:Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері.
- •1) Ежелгі дүниенің саяси ой-пікірлері.
- •2) Орта ғасырлардағы саяси ілімдер
- •3) "Қайта өрлеу" және "Ағарту" дәуіріндегі саяси ойдың ерекшеліктері
- •4) Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар. Жаңа және жаңаша дәуірдегі идеялар
- •3. Дәріс тақырыбы: Қоғамдық өмір құрылымындағы саясат.
- •4. Дәріс тақырыбы: Билік саяси феномен ретінде.
- •6. Дәріс тақырыбы: Қазіргі саяси жүйелер. Саяси режимдер.
- •4.Бір қоғамнан екінші бір қоғамға бейімделу мәні
3. Кеңестік қоғам кезеңі. Қазақстандағы әлеуметтанудың институционализациясы.
ХІХ-ХХ ғғ.қазақ ойшылдарының адам мен қоғам дамуына деген әлеуметтанулық көзқарастары (Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов т.б.).
Социологияның ғылым ретінде пайда болуына алдымен арнасында әлеуметтік-саяси және социологиялық идеялар қалыптасатын әлеуметтік ойдың даму кезеңі негіз болды. Социологиялық ой қоғам, оның өзара байланыстарының, әлеуметтік қатынастардың, әлеуметтік шынайылықтың теориялық конструкциясының құрылымы туралы көзқарастардың, ұғымдардың жиынтығын білдіреді, ол белгілі бір тарихи уақыт ішінде белгілі бір әлеуметтік-саяси және экономикалық шарттармен қалыптасады. Ол заңдардың, механизмдердің, зерттеу амалдарының айқын ресмиленген және қатаң жүйесінің қалыптасуының негізі болып табылады.
Батыстың социологиялық тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуы ерекшелігі тұтас бірқатар теорияларда көрініс табатын өнеркәсіптік капиталистік қоғам дамуының тарихи кезеңдерімен байланысты. Ресейде социология "ұлттық өзіндік сана нысанына, "ресейтануға" айналды.
Социологиялық ойдың тарихшылары жазғанындай, орыс социологы (әлеуметтік философы) "жалпы алынған қоғамды", "жалпы алынған әлеуметтікті" және т.б. сирек зерделеген, ол Ресейді зерделеген, тіпті абстрактілі ұғымдарды қолданған кезде де, бұл оның тарапынан "таза ғылымға" жасалған саналы немесе еріксіз құрмет болатын, ал іс жүзінде ол не Ресейді, не жалпы әлемді тұтасымен қарастырған болатын. Орыстың социологиялық ойы "өзіндік зерделеумен", "өзіндік рефлексиямен" сипатталады – бұл оны идеялық және рухани жағынан қазақ ағартушылығымен және қазақстандық ойшылдардың әлеуметтік-саяси ілімдерімен жақындастыра түседі.
Қазақстанның әлеуметтік ойының қалыптасуы қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүфелерінің ерекшелік нысандарымен байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие.
ХIХ ғасырдағы – ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдердің қалыптасуының объективті шарттары мыналар болып табылды: 1. рухани көтерілу – мәдениет, тарих, жаратылыс тану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2. әлеуметтік-саяси даму – Қазақстандағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының трансформациялануына әкеп соқты.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ Ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904 жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы қазақстандық ғылымда кеңінен зерделенген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:
Классикалық, бастауын Ш. Уәлихановтан, А. Құнанбаевтан және Ы. Алтынсариннен алады;
Дамыған ағарту ісі, Оның өкілдері М. Сералин, С. Торайғыров (1883-1920 жж.), С.Дөнентаев [
Белгілі ғалым С.З. Зиманов ағарту ісінің даму процесі кезең-кезеңімен өтеді: білім беруді насихаттаудан бастап саяси бостандықты талап етуге және оған қол жеткізу үшін күресуді талап етуге дейін деп жазады. Сонымен қатар, ағарту ісіне баға бере отырып, зерттеушілер қандай да бір ұлттық "негізде" пайда болған кез келген ағарту идеологиясын өзінің мәнісі бойынша интернационалдық болып табылады, себебі ең алдымен өзіндік ұлттық емес, әлеуметтік және осы мағынасында ұлттықтан жоғары проблемаларды, яғни буржуазиялық қоғамдық қатынастардың қалыптасу дәуіріндегі кардиналдық әлеуметтік проблемаларды қояды деп жазады. ХІХ ғасырдағы қазақ ойшылдарының қызметі жалпы ағарту, әлеуметтік проблемаларды өз елінің экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани шарттары призмасы арқылы шешуге бағытталды
Ағарту философиясына тән белгі бұқара халықты білімге, білім беруге, мәдениетке, озат идеяларды қабылдауға және т.б. жұмылдыру болып табылады. Сол кездегі қоғамдық ой алдындағы тұрған басты мәселе қоғамның әлеуметтік прогресі мен оны дамыту проблемалары болды. Ағартудың әлеуметтік философиясында қоғамдық қатынастардың дамуы деңгейі, меншік нысандары, қоғамның әлеуметтік құрылымы, таптар және қоғамның таптық дифференциациясы, әлеуметтік теңсіздіктер және оны жоюдың жолдары, мемлекет және мемлекеттік басқару нысандары, отбасы және қоғам, қоғам және жеке тұлға туралы мәселелер, сондай-ақ оқыту, тәрбие және педагогика мәселелері қамтылған Сонымен қатар, билік пен басқарудың айрықша құзіреттерін, қоғамның саяси ұйымын және ондағы режимді талқылай отырып ағарту ісі қоғамның сезімтал тұстарын қозғамай тұра алмайды және сөзсіз мемлекеттік билікке қарсы келеді. Егер де ол мемлекеттік биліктің қызметіне ықпал етуге ұмтылса, онда ол оған оппозицияға тұрады
Қазақстандағы социологиялық көзқарастардың қалыптасу процесі Батыс Еуропадағы социологияның ғылым ретінде қалыптасуымен параллель жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай Алтынсариннің, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың (1873-1938 жж.) білім (білім беру) социологиясы саласындағы еңбектерімен және қызметімен байланысты. Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды өз мақсаттары етіп қойды. Ыбрай Алтынсарин бұл проблемаға адам жасы психологиясы мен әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады.
Шәкәрімнің философиялық, социологиялық, психологиялық көзқарастары оның "Үш анық" атты еңбегінде көрсетілген, онда үш сәтті бөліп қарауға болады: 1. Шәкәрім Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін сын көзбен зерделеп, Спенсердің, Конттің жұмыстарын талдайды, олардың көзқарастарына қатысты өзінің позициясын білдіреді; 2. дамыған халықтардың білімдерін өз халықына жекізуге әрекеттенеді; 3. ақиқат ғылымды іздеу – бұл басқа жат проблемалардан бас тарту деп есептейді. Ғылыммен еркін, жалтақтамай шұғылдану қажет.
Екінші бағыт таныммен, танымдық қызметпен, танымдық белсенділікпен және олардың дамуының белгілі бір әлеуметтік институттардың нақты қызметімен байланысуымен байланысты. Бұл кезеңде қазақ даласының мектептері ашыла бастады, қоғамда Ыбырай Алтинсариннің есімімен тікелей байланысты білім беру жүйесінің институттану процесі басталды. Оның ағартушылық қызметінің ерекшелігі оның мектеп ашумен шектеліп қоймай, оқытудың дидактикалық принциптерін жасағанында, инспекторлық бақылаудың негізін қалап, мұғалімдер даярлау жүйесін енгізгенінде.
Үшінші бағыт "Адам дүниені қалай танып біледі" атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды. Білім беру социологиясы бұл проблеманың кейбір аспектілерін өз зерттеулерінің пәні ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда Шәкәрімнің "Үш анық" атты жұмысы аталмыш проблеманы зерттеудің аспабы болып табылады.
Қазақ ойшылдарының әлемдік қоғамдық ойға қосылғыштығы және қоғам мен прогресс идеяларын қазақ ойшылдарының айрықша қабылдауы Қазақстандағы социологиялық көзқарастардың қалыптасуының негізі болды. Бұл қағидалар социологияның пайда болуының қажетті шарттары болды. Теориялық социология өзінің бастауын спенсерлік және конттік ұғымдарындағы Прогрестен алады. Прогрестің өзін О.Конт адам Ақылының имманенттік ұмтылысы, өзіндік қозғаушы күші ретінде түсіндіреді. Конттің әлеуметтік динамикасы қоғамның күйреуге, жойылуға жетелейтін емес, керісінше оның жалпы ілгерілемелі қозғалысын қамтамасыз ететін өз бетінше өзгеруіне негізделеді, адам қоғамын жануарлардан, биологиялық бірліктен ажырататын да осы. Прогресс деген осы – жоғары бағыттағы ілгерілемелі қозғалыс – эволюция.
Спенсер "үлкен эволюцияның" үш фазасын бөледі: бейорганикалық, органикалық және органикаүстілік. Әлеуметтік эволюция – көптеген особьтардың өзара әрекеттестігін, өзінің салдарлары бойынша кез келген жеке әрекеттердің мүмкіндіктерінен асып түсетін үйлестірілген ұжымдық қызметті білдіретін органикаүстілік эволюцияның бір бөлігі.
Орыс ғалымы М.М. Ковалевский "прогресс" ұғымын ілгерілемелі қозғалыс және оның барысындағы адамның көп ғасырдан бері жасап келе жатқан құндылықтарының дамуы деп түсінді, және бұл қозғалыс сырттан болатын күрт секірулер мен дүмпілерге жол бермейді: ол қоғамның өзінің игілігі үшін экономикалық өмірдің шарттары мен саяси санасын басшылыққа ала отырып әлеуметтік үдеткіштерсіз (төңкерістер, революциялар) жүзеге асуға тиіс. Ілгерілемелі, прогрессивті қозғалысқа әлемнің барлық халықтары атсалысады, тарихи даму барысында олар барлық өркениеттің игілігі және прогрессивтік дамудың көрінісі болып табылатын құндылықтарды жасайды. Прогрестің алдыңғы шебіндегі халықтар – бұлар өздерінің құндылықтарын да, басқа халықтар мен ұлттардың жасаған құндылықтарын да игере, олардың өздеріне пайдалы екендігін көре және бұл әлеуетті пайданы экономикалық, мәдени және саяси өмірдің нақты көрінісіне айналдыра білгендер.
Абай ілімінде қоғам мен адамның даму процесі үш сатыға бөлінеді. Біріншісі – төменгі саты, онда белгілі бір әлеуметтік тәртіп, өмірлік бағдарлар жоқ. Бұл "жартылай адамның" ауыр, ұзақ, бақыстыз өмірі, оо адамды Абай жануарға теңейді. Екінші кезеңде қоғам белгілі бір тәртіпке ие олады, оны нығайтады, материалдық жеткіліктілікті қол жетеді, ақыл-оймен рухани болмыс ретіндегі жалпы адамзаттың негізі танылады. Бұл деңгейде Абай жеке адамды "адам" деп атайды. Үшінші деңгейде адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуге тиіс. Бұл ақиқат білімге және мәңгілік қанағаттандыруға апар жол, оған "толық адам" қол жеткізеді. Алайда бұл деңгейге жалпы қоғам түгел қол жеткізе бермейді, оған тек жекелеген адамдар қол жеткізе алады, сондықтан да ол ұмтылар мақсат болып қала береді. Қоғамдық прогестің қозғаушы күші жеке тұлға болып табылады. Қазақ ойшылы үшін прогресс – қоғамның алға қозғалуы, оның жоғары сатысы өзіне әлеуметтік тәртіп пен жоғары парасатты тұлғаны қоса қамтиды. Төменгі саты – бұл бей-берекеттік пен жартылай адам.
Қазақтың классикалық ағарту ісінде проблемалар мына блоктарға бөлінеді:
адам, оның әлеуметтік мәні;
білім, білім беру, ғылым;
әлеуметтік мәдени құндылықтар жүйесі;
қоғамның әлеуеттік мүмкіндіктерінің көрінісі ретіндегі жеке адамның әлеуметтік-экономикалық және саяси қызметі, адам тыныс-тіршілігінің механизмдері, тәсілдері мен әдістері.
Зерттеулердің орталық фигурасы адам, оның табиғаты болып келген, ол солай бола береді де. Қазақ ағартушылары жеке дара адамды ғана емес, қоғамды, әлеуметтік шынайылықты да адам табиғатын басшылыққа ала отырып бағалаған. Қоғамдық құрылыстың артықшылықтары мен кемшіліктері берілген әлеуметтік организмнің адамның негізгі қасиеттеріне, оның табиғатына сәйкес келуімен немесе сәйкес келмеуімен анықталған. Мәні адамның мәніне қарама-қайшы келетін қоғам ақылмен түрлеуге тиіс. Қоғамдық прогрестің басым идеясы әлеуметтік тіршілік иесі және рухани бастау ретіндегі адам болып табылады.
Адам табиғатын, оның әлеуметтік мәнін түсінуге іс жүзінде Абайдың барлық шығармашылығы арналған. . Ол былай дейді: “Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгенi”. Жалғыз қалуды тұлғаның өліміне теңей отырып адам мәнінің әлеуметтілігін көрсетеді.
“Адам баласына адам баласының бәрi – дос, адам баласы адам баласынан әдiл, ғылым, ар, мiнез, деген нәрселерден озады”. Бұл жерде Абай ойлары А.Тойнбидің пікірімен үндеседі, ол таза жеке бастық "менді", немесе жеке адамды жалаң абстракция деп есептейді. Өйткені "мен" жалғыздықта, жеке оқшау қалғанда және тұйықтықта емес, қоғамда, өзінің араласып, өзара әрекеттесетін басқа адамдарының ортасында жүзеге асады және түсініледі. Абай бойынша жеке тұлға – бұл қоғамның және қоғамдық қатынастардың айнасы. Ол былай дейді: "Адам баласын замана өстіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват".
Абай афоризмдерінде тұлғаның, оның құрылымының және маңыздылығының әлеуметтену процесі көрсетіледі және сипатталады. “Нәресте дүниеге келгеннен кейiн оның келешек жетiлу дәрежесi үш себепке байланысты екенiн бiлдiрген. Олар баланың ата тегi, дүниеге келу ортасы, және келешек тәрбиесi”.
Әлеуметтену процесінің оңдылығын ол жақсы айналада деп білді: "Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады". Жетінші сөзінде былай дейді: "Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді; қуат таппайды. Біреуі білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, "ол немене?", "бұл немене?" деп, "ол неге үйтеді?" деп, "бұл неге бүйтеді?" деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген". Абай адамдағы биологиялық пен әлеуметтікті айқын бөліп қарайды, олардың табиғи бастауы мен әлеуметтік дамуын талдайды: "Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
Әлеуметтік құндылықтардағы басты орынға білім мен еңбекті қоя отырып, Абай олардың әлеуметтік бағыттылығын атап өтеді. Мысалға, өзінің игілігі үшен еткен еңбекті ойшыл әлеуметтік мағынасы жоқ еңбек деп қарастырады.
Басқаның игілігі үшін еңбек ету – бұл адамдық борыш: "Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың". Еңбек – қоғамдық, жалпы адамзаттық құндылық. Адал еңбек құндылықтар шкаласында қарияның сақалынан жоғары тұрады: "Алдау қоспай, адал еңбегiн сатқан өнершi – қазақтың әулиесi", "Сақалын сатқан кәрiден еңбегiн сатқан бала артық".
Өз халқының әлеуметтік сорының түбірін Абай қазақтардың өздерінен көрді, оларды надан, менмен, ақымақ және еріншек деп айыптады. "... Надан ел қуанбасқа қуанады. Һәм қуанғңанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмейді, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды".
Абайдың қалыптастырған жалпы адамзаттық құндылықтардың маңыздылығы, бірыңғай қазақ қоғамының тұтастығы туралы қағидасы негіз қалаушы сәт болып табылады… Өзінің философиясын Батыс пен Шығыстың дүниетанымы негізінде құрған Абай Қазақстанның қоғамдық ойында тұңғыш рет әлеуметтік өзгерістердің даму идеяларының, қозғалысының және тұжырымдамасының маңыздылығын таныған.
Осы көзқарас тұрғысынан ол өз халқының тағдыры мен болашағын, қазақтардың шаруашылық-мәдени типтерін өзгерту мүмкіндіктерін, ондағы көшпенділік, отырықшылық және жартылай көшпенділік шаруашылық тәсілдерін оймен таныды, қоғамдағы экономикалық және рухани өмірдегі бар істің жай-күйін конструктивті сынға алды. Абай кең байтақ ұлы далада әрқашан әлеуметтік өмірді ұйымдастырудың уақыт пен кеңістікте үлкен тұрақтылыққа ие және жеке адамдардың материалдық және рухани аспектілердегі жалпыға ортақ байланыстарына негізделген ірімасштабты нысаны болғанын көрсете білді. Бұл ретте қоғамдық өзара байланыстардың жалпыға бірдей маңыздылыққа ие рухани нысандары ерекше мәнге ие болады және қажетті құрылымдық компоненттерде жүзеге асады. Бұл өркениеттің әлеуметтік тасымалдаушылары оның ол рухани құндылықтардың, идеялардың, бағдарлардың, нормалар мен символдардың бірлігі түріндегі толықтығын қамтамасыз етеді. Бұл жалпы өтімді қауымдастық қоғам дамуындағы сабақтастықты, оның болашақпен байланысын қамтамасыз етеді, қоғамды өзінің динамикасына бағындырады, бұл әртүрлі қалыптасу, гүлдену, тоқырау және т.с.с. кезеңдерінде көрінеді.
Абайдың рухани мұрагері – Шәкәрім қоғам және қоғамдық қатынастар ұғымына ғылымилықты енгізді, яғни Батыс пен Шығыстың білімі мен тәжірибесіне негізделе отырып тұлға мен қоғамның прогресі мен дамуы идеясын дамыта түседі. Шәкірімнің шығармашылығының терең көркемділігі, идеялылығы, мәдениеті, оның өзі түсіндіргеніндей, "туған жерден, ана тілден" және шығыс, орыс, батыс мәденитінен келе жатқан нәрсе". "Мен шығыспен ерте қауышқаннан дүниені айнадан өзімді көргендей көрдім; білімсіздіктің кірінен тырысуымның және орыс тілі мен әдебиетін оқып-үйренуімнің арқасында тазардым" деп жазды ол. Оған орыстың революциялық-демократиялық философиясы, батыстық-еуропалық қоғамдық ой, ағартушылық барлық көріністері мен бағыттарында жақсы таныс болатын.
Адамдағы әлеуметтік пен биологиялықтарды Шәкәрім біріне бірін қосып қарайды. Бұл жерде ол Чернышевскийдің «Антропологический принцип в философии» ("Философиядағы антропологиялық принцип") жұмысында баяндалған идеяларына жақын және жоғарыда өзіміз қарастырған Абайдың идеяларын жалғастырады. Адамда екі қажеттілік бар, – деп жазады ол, – тән мен жан қажеттіліктері". Үнемі өз қамын ойлау, өзін-өзі жақсы көру, маңғаздық – бұл тәннің қажетітіліктері. Ар-ұяттылық, адал еңбекке ұмтылу – жанның қажетітілігі. Кімді бірінші қажеттілік жеңсе, ол баю үшін, пайда табу мен даңққа жету үшін кез келген зұлымдыққа баруға дайын тұрады. Екінші адам адал еңбек пен ізгі әрекеттен танбайды.
Оған білім және еңбек сияқты әлеуметтік құндылықтар да маңызды. Алайда, батыс қоғамдарының тарихи дамуын көре отырып және жатырқау, шеттету проблемаларымен бетпе-бет келе отырып, Шәкәрім адамзат қоғамын игілікке жетелер жалғыз құндылық "білім" деген ұғымнан қайтады. Ол мәселені М. Вебердің ұғымындағы әлеуметтік еңбек пен әлеуметтік мінез-құлыққа ұқсас білімнің әлеуметтілігі тұрғысынан қарастырады. Білім еңбекпен келеді, тиісінше еңбек – адам үшін бастапқы әлеуметтік құндылық. Бұл жерде ар-ұят, атаққұмарлық, әділеттілік сияқты адамның негізгі мінездемелері маңызды. "Оларға еңбек өнерін үйрету керек, онымен қат оқу-білімге жетілдіру қажет. Жоғарғы айтылған жаман әдетті жоюға бұлар жеткіліксіз...".
Шәкәрім адамды тәрбиелеу процесіне ар білімін енгізуді ұсынады. "Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгесі оңай...".
Шәкірім үнемі қоғамның одан әрі дамуының жолдарын ізденуде болды. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адамды әлемді жаратушыны тани, құдайға құлшылық жолына беріле отырып тазара және жетіле алады деп сендіреді. Басқалары адам қоғамының үйлесімділігіне үкіметті болдырмау арқылы қол жеткізуді ойлайды. Ал енді біреулері әрбір адам өз қалауынша өмір сүруі үшін жаппай бостандықты жақтайды. Егер біреулер адамзатты құтқаруды жалпыға ортақ ағартуда деп білсе, басқалары байлар мен кедейлердің құқықтарын теңестіруге тырысқан, ал үшіншілері адамды тәрбиемен өзгертуге болады деп есептеген. Жер бетіндегі тіршілік – тіршілік үшін үздіксіз, аяусыз күрес болғандықтан, адамдар сол заңмен өмір сүруге тиіс деп есептейтіндер де табылған. Шәкірімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды. Жақсы өмірдің негізін ол "адал еңбек, ар-ұятты ақыл-ой, шыншыл жүрек" деп анықтайды. Жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқы осы мінездемелердің болуымен анықталады, ол жеке адамдардың мінез-құлық нысандарын механикалық түрде ұдайы өндіруді болдырмайды. Кез келген әлеуметтік әрекет әлеуметтік мәнділігін ұғынумен және басқаға ұстаным берумен қатар жүреді. Қазақ қоғамындағы жеке адамның социумда өмір сүруі мен мәртебелік позициялары социумның интеракциялаушы элементтері арасындағы айқын әлеуметтік ара-қашықтықты қажет етеді. "Бай мен кедейді теңеу, байдың малын кедейге бөліп беру – кедейді еріншектік, еңбексіз мал табуға дағдыландырып жіберетін жол
Шәкәрім қазақ қоғамының әлеуметтік және саяси дамуының бірнеше жолдарын көреді: біріншіден, партияларға, олардың әдемі үндеулері мен ұрандарына көзсіз ере бермеу, олардың мүдделері үшін дау-дамай мен жік-жікке бөлінуге ұрынбау, ондағы ұтылатын тек қара халық. Халық өзінің адал еңбегіне сүйене отырып, партияның жаршыларына қарайламай, сенімді де түзу жолмен алға басуға тиіс. Екіншіден, қазақ халқы дауласуды, мал ұрлауды, жікке бөлінуді және басқа да теріс қасиеттерді артқа тастап, басқа өркениетті халықтар сияқты білім алуға, ғылымға ұмтылуға тиіс, мұнда байлардан үміт жоқ, олардың ойындағысы тек баии түсу, сонан соң көңілі марқайып, елге мақтану – бұл олардың өмірлік мақсаты. Үшіншіден, оқуға, еңбекке жағдай туғызылған қалалар, елді мекендер салу, осынсың бәріне балаларды жасынан тәрбиелеу қажет, бұларсыз қазақтарда қазір, - деп жазады Шәкәрім, - күш жоқ, ысырапшылдық бар, өткен ұрпақ құндылықтарын дамытуда мақсатқа ұмтылу жоқ, демек қазақтар әлі өзін әлемде басқа халықтар арасында белгілі бір мәдениеті мен тарихы бар халық, ұлт ретінде өзін бекіте алған жоқ.
Шәкәрім өзі діни адам болған, ол оның дін мен адамның өзара әрекетін, оның қоғамдық қатынастарға ықпалын талдауға кедергі болған жоқ. Ол қазақтардың заңнамалық жиыны "Ескі жолын" шариғат заңымен салыстыра талдайды. Шәкәрім шариғатты қатып қалған қасаң қағида емес, қоғамдық реттеудің бейімделген құралы дейді. Қасаң қағида болуы молдалардың арқасында. Қуыну даулары туралы мақалдарды салыстыра отырып, Шәкәрім тарихи процесс барысындағы қоғамдық нормалардың орнықтылығы мен өзгергіштігін көрсетеді. Шығыс ғалымдарының қоғам туралы ілімінің дәстүрлерін жалғастыра отырып, Шәкәрім қоғамның сәтті болуы әділ басқару арқылы жүзеге асады деп есептейді. «Әкімшілік басына арлы, ақылды адамдарды қойып, сол адамдардың бұйрығы, ақылы бойынша туған, туашақ адамдарды, жастарды қазына қарауына алуға заң шығаруға керек те, ол заңды бұзғандарды жазалау керек»
Қоғам мен оның даму жолдары Ш. Уәлихановтың жұмыстарында көрініс тапқан. Прогрессивтік идеяларды алып жүрішулер болған ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының шоқ жұлдызы бастауларын осы Шоқаннан алады. Сол кезеңнің ойшылдары мен қоғам қайраткерлерінің айрықша белгілері олардың Ресейдің ғылыми орталықтарында алған зайырлы білімдерімен қоса өз халқына терең берілгендігінде. Ш.Уәлиханов ағартудың философиялық принциптерін әлеуметтік қатынастар саласына жүйелі таратқан ойшылдардың бірі. Бұл оған әлеуметтік дамудың бірқатар проблемаларының өзіндік, аса айрықша шешімдерін беруге, өзінің социологиялық тұжырымдамасын жасауына мүмкіндік берді.
Ш. Уәлихановтың социологиялық тұжырымдамасы адамзат табиғаттың бір бөлшегі болып табылатындығын, жалпы объективті сыртқы әлем сияқты заңдылықтармен дамитынын түсінуге құрылған. Бұл тұрғыдан алғанда табиғат пен қоғам арасында принципті айырмашылық жоқ және болмақ та емес. Өсімдіктер әлемінің қолайлы жағдайды талап ететіні сияқты қоғам да өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды ьалап етеді. Алайда ғалым табиғат заңдары мен қоғам арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсетеді. Табиғаттың дамуы физикалық заңдарға негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік заңдардың күшімен, яғни қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарымен, тайпалық организм өмірінің шарттарымен толығады.
Ш. Уәлиханов Орта Азияның дәстүрлі қауымдастықтарының тұрмысын, экономикалық құрылысын, мәдени нормативтерін зерделейді.
Қоғамдық даму туралы сөз ете отырып, ол "табиғи-тарихи" дамуға аяқ тірейді, адам мен адамның қоғамын табиғат дамуының нәтижесі ретінде қарастырады, тарихтан тыс және жалпыға ортақ этникалық нормалар мен идеалдарды теріске шығарады. Адамдардың түсінігі мен көзқарастары тікелей тайпалық организм шарттарымен және орта мен стихияның басқа да шарттарымен анықталады. Ағарту идеяларының таратушы Ш.Уәлиханов әлеуметтік құндылықтар проблемаларына олардың әлеуметтік маңыздылығы мен тарихи ақталуы тұрғысынан қарайды.
Ш. Уәлиханов өзінің "Қазақтар туралы жазбалар" ("Записки о киргизах") атты еңбегінде қазақтардың тыныс-тіршілігінің жан-жақты қырларын тәптіштеп зерттейді. Этникалық өз атауынан бастап соттық-қуыным нормалары мен құндылықтарына дейін. Қырғыздың генеалогиялық тамырын ғалым алғаш рет құрылымдық тәртіппен сипаттайды, мәртебелік-рольдік позицияларын ашып береді. "Генеалогиялық естеліктері бойынша қазақтар (киргиз-кайсаки) әртүрлі екі бастамаға жатады: ақсүйектер – күн нұрынан жаралған тектілер және қаралар – ешқандай артық тылсым қасиеті жоқ қарапайым құл. Уәлиханов стратификациялық құрлымның анықтамасына "каста" ұғымын қолданады. "Халық сословияларға бөлінген сияқты екі кастаға бөлінеді: манаптар мен қара бұқаралар". Билік пен бағыну қатынастары ежелгі орда негізін салушының ұрпағы ретіндегі манаптың патриархалдық құқығына құрылған. Бұл билік біртіндеп "өсіп, ақыр-соңында құл иеленушілер мен құлдардың рақымсыз қатынастарына айналды". Биліктің сінездемесі шектелусіз: манап қара халықтың толық қожайыны, оларды сата да, өлтіре де алады. Билік қатынастары үрей мен қаталдыққа құрылған, манаптың жоғары тектілігі қарапайым халықты (demos) бағынауға, қорқып өмір сүруге мәжбүр етуге негіз болып табылады. "Барлық түрік текті көшпенді халықтар анағұрлым патриархалдық бастау алатын бағыныштылық нысанға ие болып келген және қазір де солай, ал моңғол немесе моңғолдық қол астында болған орда халықтары өз құрамына соңғы екі элементті қамтиды – ақ және қара сүйек " Уәлихановтың еңбектерінде қазақ қоғамы тарихи ретроспективада және нағыз шынайылықта зерделенеді. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы трансформациялық процестер жан-жақты талданған.
Қоғамдағы әлеуметтік қарама-қайшылықтардың негізгі көзі материалдық өндіріс тәсілдері мен соның негізіндегі таптарға бөліну емес, үкіметтің негізделмеген саясаты, оның қате қадамдары мен әрекеттері. "Сот реформасы туралы жазбаларында" Уәлиханов ақталған реформаларды енгізуді жақтайды. Экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар халыққа қызмет етуі тиіс, "өйткені әрбір адам жеке немесе жалпы адамзат ұжымдасып өз дамуында түпкілікті бір мақсатқа – өзінің материалдық әл-аухатын жақсартуға тырысады, прогресс дегеннің мәнісі осында жатыр". "Реформалар дұрыс болғанда ғана, яғни олар қоғамдық организмнің салауатты дамуы мүмкін болатын сөзсіз болатын прогресс заңдарына негізделгенде сәтті болады".
Ш. Уәлиханов саяси үстемдікті меншіктен жоғары қояды. Ол Азия жағдайында рақымсыз нысанға ие, ешкім де, ештеңе де шектей алмайтын билікті пайдалана отырып, оның иелері халықты тонайды және оның есебінен аса баииды деп есептейді.
Ағарту идеялары Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізін қалаушы Ы. Алтынсариннің қызметінде нақты іске асты. Білімді тек құндылық қана емес, әлеуметтік прогресс құралы деп те түсінген ол білім беру жүйесін балаларды да, ересектерді де оқытудың өзіндік әдістемесімен және құрылымымен институттандыра білді. Ғалым және педагогтің нақты әлеуметтік қызметі білімді қоғам қалыптастыруға, жаңа салауатты өмір салтын құруға бағытталды. Бұл ретте Ы. Алтынсарин оның жолдары мен әдістерін өз заманындағы көшпенді халықтың қоғамдық байланыстарын, қарым-қатынастарын, дәстүрлі басқару институттарын және мәдениетін ғылыми-әдістемелік талдау негізінде таңдап алды. "Қазақтың соры" (“Горе киргиза”) (1882) атты жазбасында Ы. Алтынсарин патшалықтың әкімшілік реформалары мен оны жүзеге асырудың әлеуметтік базасының сәйкес келмейтіндігін көрсетеді. Мәселен, жер мәселелерін шешуде халықтың жерді пайдалану әдет-ғұрыптарымен санаспайды. Патшалық Ресей заңдарына сәйкес анықталған сайлау тәртібі одан да өткен болды. Ы. Алтынсарин сайлаудың Қазақстанда одан бұрын да болғанын көрсете отырып, бұрын хандарды мұндай іске алдын ала белгіленген сайлағыштар (выборщики) емес, әрбір ру мен бөлімшедегі жасы мен орны үлкен ақсақалдар сайлаған, олардың ақсақалдығы қандай да бір сайлаумен емес, басқалармен салыстырғандағы артық қабілеттерімен өзінен-өзі мойындалған.
Ы. Алтынсарин өзінің жазбасында патша үкіметінен 1868 жылғы Уақытша ережені қазақтардың халықтық салт-дәстүрін, тұрмыс жағдайын және көзқарастарын ескере отырып, "жеке билейтін орыс немесе қазақ бастықтардың билікқұмарлығын болдырмау үшін халықтың өзі лайықты сот пен өкіметті сайлап алуы үшін" қайта қарауды сұрайды.
Қазақстардың әлеуметтік жағдайын қарастыра отырып, Ы. Алтынсарин қоғамды кедйлік пен байлықтың мәртебесін анықтайтын, меншіктің негізі болып табылатын малға ие болу белгілері бойынша құрылымдайды. Ғалымның мүлік иеленудің төрт мүлік малдың санымен өрнектелетін жоғарғы және төменгі шекараларын зерделегенін ерекше атап өткен жөн. Қазіргі тілмен айтқанда бұл кедейлік пен байлықтың деңгейін ақшаға шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейімен салыстырылған кірістері бойынша зерделеу деп аталар еді.
Мұндай зерттеулерді патшалық, кейінен кеңстік басшылардың елемеуі коллективтендіру жылдарында орта шаруашылықтың негізгі массасының кулактар деп жойылуына әкеп соқты. Алтынсариннің айтуы бойынша қазақтардың орта шаруашылығы 300-400 бас жылқыны, 400-500 қойды, 20-40 түйені және 50-60 сиырды құрайды, бұл меншік нысандары мен шаруашылық жүргізу әдістерімен таныс емес жаңа басқарушылардың көзіне орасан көп боп көрінді. Бұл орайда Ы. Алтынсариннің зерттеулері өз заманы үшін әлеуметтік реформалардың дұрыс саясатын жасау және жүзеге асыруға арналған мәлімет ретінде маңызды болды.
Өндірістің көшпенділік тәсілі, оның әлеуметтік ұйымы қандай да бір натурализмді, механицизмді, эволюционизмді қалыптастырды. Мысалға, Уәлиханов қоғам мен оның дамуы үшін, біріншіден, геоорграфиялық ортаға; екіншіден "тайпалық оранизм шарттарына" шешуші мән береді.
Белгілі қазақ ақыны С. Торайғыров Батыстың білімін меңгеру қазақтарға қысқа тарихи кезеңде материалдық және рухани дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді деп есептеген. Әлеуметтік-саяси көзқарас тұрғысынан ол социализмді болашақтың қоғамы және оны құру үшін қазақтар Еуропаның оқу-білім бар жұрттарымен теңесу қажет деп жариялады. С.Торайғыровтың ұсынысы бойынша мұндай мәдени өрлеу үшін мың ежл емес, бар-жоғы жиырма-отыз жыл қажет. Бастысы – еуропа елдері салған жолмен, олардың қателіктерін қайталамай, тек жетістіктерін пайдалана отырып жүру. Қазақ социологиялық ойы үшін тән нәрсе, билік туралы, адамдардың өзара қарым-қатынастары туралы, туыстық пен мемлекет туралы ұғымдар мен түсініктер адам тыныс-тіршілігінің нақты әлеуметтік шынайылықтарынан бастау алады. Абстрактілі ойлар адам болмысына барынша жақын, заттардың мәнісі адамзат қауымдастығына келтірер пайдасы мен зияны тұрғысынан түсіндіріледі. Бұл орайда қазақтың әлеуметтік дәстүрі нақты (қазақ) қоғамының шынайы мүмкіндіктерімен және әлеуетті күштерімен қоян-қолтық астарласып жатыр.
Осылайша, Қазақстанның социологиялық ойы қалыптасуының іргелі негіздері болып табылатындар мына факторлар. Бірінші қатта өз дәуірінің дарабоз ойшылдары ретіндегі Абай мен Шәкәрімнің мұралары. Олардың дүниетанымында шығыс философиясының, адам мен қоғамды тану теориясының үздік дәстүрлері көрініс тапқан. Олар қазақ қоғамының дамуына рухани және ізгілік бастауларын, жалпы адамзат құндылықтарына үндеу салған. Олардың ілімінің, көзқарастарының маңызы және шығармашылық мұрасы қоғамдық сананың орнықты принциптері сипатына ие, олар қазақстандық қоғам дамуының қазіргі кезеңінде ерекше өзекті.
Екінші мәдени және ғылыми қат (пласт) ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының өкілдері болып табылады. Ш.Уәлиханов пен Ы. Алтынсаринен бастап қазақтың ұлттық зиялыларының шоқ жұлдызы жасақталады, оның айрықша белгілері қазақтардың дүниетанымының ұлттық нысандары мен зайырлы білімдерінің нәтижесінде алған демократиялық көзқарастарын ұштастыруы болып табылады. Батыстың классикалық білімдерін, патшалық режим жағдайындағы ресейлік еркін ой иелерінің демократиялық идеяларын, Шығыс ілімдерінің дәстүрлік негіздерін және көшпенді мәдениеттің синтезделуі дүниені қабылдаудың ерекше нысандары мен қоғамды зерделеудің белгілерін қалыптастырды.
Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның кеңестік қоғам дәуірінде дамуымен байланысты. Социологиялық ғылымның осы кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атап өтеміз.
ХХ ғасырдың басында Ресейдегі социологияның дамуы өрлеу үстінде болды. 1917 жылғы революцияға дейін мұндай айтарлықтай жоғары интеллектуалдық әлеует қалыптасты. Ол мыналардан танылды:
а) академиялық социологияның теориялық зерттеулері басым маркстік емес дәстүрінен - Н.И. Кареев, П.А. Сорокин, К.М. Тахтарев және басқалар;
б) саяси күресте социологияны радикалдандыру басым марксистік дәстүрмен - А.А. Богданов, В.И. Ленин, Е.А. Энгель және басқалар. [21, 72-б.].
Ресейде ХХ ғасырдың басында басталған социологияның институттану процесі 1922 жылы Лениннің "Күресуші материализмнің маңызы туралы" (“О значении воинствующего материализма”) мақаласы жарық көргеннен кейін тоқтап қалады, онда оқыту процесіне коммунистік бақылау туралы мәселе қойылады. 1918-1920 жылдары құрылған социология кафедралары қудалауға ұшырады. Нәтижесінде П.А.Сорокин, Г.Д.Гурвич және т.б. сияқты қоғамтанушы көрнекті ғалымдар елден көшіп кетті, бұл социологияның ғылым ретінде дамуын мемлекеттік жүйенің қадағалауында өмір сүру және ғылыми дәстүрлерін үзу қатерін төндірді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы социология белгілі бір дәрежеде жемісті болды. Саяси өкіметтің жаңа түрі орнағаннан кейін өтпелі кезеңдегі революциялық түрленулер нәтижесінде тапсыз социалистік қоғам (буржуазиясыз тарих) – коммунизмнің қарсаңын құру үшін қажеттің бәрі деп есептелді. Бұл тұрғыдан да кеңестік социология пинерлік сипатқа ие болды: оның объекті қоғамдық меншік негізінде құрылатын қоғам болды [21, 73-б.].
Әлеуметтік жұмыстар мен социологиялық зерттеулерді қатаң ұстау, ал кейіннен тыйым салу сталиндік саясат тарапынан практика жүзінде ғана емес, теориялық жағынан да жүрді. "Бүкілодақтық коммунистік партияның (большевиктердің) тарихының" қысқаша курсына (1938) арнап И.В. Сталиннің жазған "Диалектикалық және тарихи материализм туралы" бөлімінде әлеуметтік білімнің тұтас бір саласы- тарихи материализм – философиялық білімнің аясына "қайтарылды". Н.Н. Бухариннің тарихи материализм теориясына сәйкес қоғамдық ғылымдар арасында қоғамдық өмірдің жеке саласын емес, барлық күрделілігімен бірге жалпы қоғамдық өмірді қарастыратын екі аса маңызды ғылым бар. Ондай ғылым, бірінші жағынан, тарих болып табылады, екінші жағынан – социология… Тарих қандай да бір орындағы қандай да бір уақыттағы қоғамдық өмір ағыны қалай өтетінін баяндайды… Социология жалпы мәселелер қояды: қоғам деген не? Оның дамуы немесе күйреуі неден болады? Қоғамдық құбылыстардың әртүрлі қатарлары (шаруашылық, құқық, ғылым және т.б.)бір-біріне қандай қатынаста болады? Олардың дамуы немен түсіндіріледі? Қоғамның тарихи нысандары қандай? Олардың алмауы немен түсіндіріледі? және т.с.с. Социология қоғамдық ғылымдар ішіндегі анағұрлым жалпысы (абстрактілісі)… тарих социологиялық қорытындылар мен жалпылаулар үшін материал береді… Социология өз кезегінде … тарих үшін зерттеу тәсілдерін немесе әдісін көрсетеді" [22].
Осы теориялық тұжырымдар негізінде социологияның маңызды құрамдас бөліктері – оның теориясы мен ұғымдық аппараты- тек қана философиялық деңгейде қарастырылатын болды. Қоғамды нақты зерттеудің социологиялық әдістері айналымнан шығарылып тасталды. Әлеуметтік өмірдің процестерін, құбылыстарын нақтылай зерттеуге қатаң тыйым салынды. Социология көп жылдар бойы қоғамдық таным нысаны ретіндегі өз тіршілігін тоқтатты.
Социологияның аздап бой көтеруі ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында "хрущевтік жылы леп" кезеңінде ғана атап өтілді. 1962 жылы Кеңестік социологиялық ассоциация құрылады, ол социологияның ресми институттануын білдіретін еді. Мәскеу және Ленинград университеттерінің философия факультеттерінде социологиялық лабораториялар құрыла бастады (Ю.В. Арутюнян және В.А. Ядов), 1960 жылы КСРО ҒА Философия институтында социология бөлімі ашылады, оны басқарған Г.В. Осипов. 1968 жылы Нақты әлеуметтік зерттеулер институты және оның басқа қалалардағы бөлімдері жұмысын бастады [21, 336-б.]. Қазақстанда 1964 жылы ҚазКСР ҒА Құқық философиясы институтының жанындағы қылмыстың әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерделеу жөніндегі топ ұйымдастырылды, оны заң ғылымдарының кандидаты У.Жекенбаев басқарды. Топ қылмыс социологиясы саласындағы проблемалармен шұғылданды. Ғылыми өмірдегі маңызды оқиға КСРО-ға Батыстың көрнекті ғалымдары Р.Аронның, Р.Мертонның, Т.Парсонстің келуі болды (1958 - 1964).
1970-ші жылдары Қазақстанда мына бағыттар бойынша бірнеше социологиялық топтар құрылып, жұмыс істеді:
ұлттық қатынастардың дамуын басқару проблемаларын зерделеу жөніндегі (1970), жетекшісі – Сужиков М.М.;
ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) рухани-идеологиялық салдарларын зерделеу жөніндегі (1974), жетекшісі – Черняк В.А.;
Қазақ политехникалық институтының жанындағы өнеркәсіптік социология лабораториясы (1975), жетекшісі – Батырбеков М.Б. [23, 140-б.].
Осы даму кезеңінде социология марксистік әдістеме шеңберінде белгілі бір тәжірибе жинақтады. Осы жылдарда қазақстандық авторлардың – С.Н. Соскин, А.А. Рогачев, У.М. Ысқақов, А.Ш. Алтаев, Н.А. Аитов сияқты ғалымдардың социологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша алғашқы ғылыми еңбектері, социалистік қоғамның, еңбек ұжымының, қала мен ауылдың әлеуметтік құрылымы проблемаларын зерделеуге социологиялық зерттеулер әдістерін қолдану жөніндегі әртүрлі әдістемелік ұсынымдары жарыққа шықты. Л.А. Байдельдиновтің., У.К. Шеденовтің, Д.А. Доржтің және т.б. еңбектерінде социологиялық ғылымның қолданбалы аспектілері қаастырылды. Социологиядағы жеке тұлғаның проблемалары Ғ.Ғ. Ақмамбетовтің, Т.М. Дәуітовтің [24] және т.б. еңбектерінде қаралған.
Қаз КСР Ғылым Академиясының жанындағы социология секциясының жұмыс істеген қысқа мерзімінде социологиялық зерттеулердің тұтас сериялары жүргізілді, олардың нәтижелері В.А. Сапрыкиннің, В.А. Черняктің, Т.С. Сәрсенбаевтің [25] және т.б. монографияларында көрсетілген. Бұл жұмыстардың құндылығы социологиялық зерттеулерді жасағанында. Зерттеушілер бірмезгілде социологиялық зерттеулердің бірнеше әдістерін қолданған. В.А. Черняк өзінің социологиялық зерттеулерінің материалдары негізінде атеизм социологиясының негізін салушы болды, оның зерттеулерінің әдістемесі мыналарды қамтыды: 1) халықтың мәдениеті мен тұрмысын іріктеп тексеру; 2) құдайға мінәжат ету орындарына еніп бақылау; 3) әлеуметтік ақпаратты айқындау, белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені, оның ішінде, біздің көзқарасымызша, фокус топтық зерттеу; 4) құжаттарды – қолжазба материалдарды, мұрағат көздерін, мерзімді баспасөзді зерделеу; 5) қоғамдық пікірді зерделеу [26]. Аталмыш зерттеулер көпфакторлы сапалық және сандық сипаттамаларымен ерекшеленді, бұл қазіргі заманғы жаппай қолданылатын сауалнама жүргізу әдістерімен салыстырғанда өзіне назар аудартады. Алайда әлемдік социологиялық практикадан, атап айтқанда американдық зерттеу әдістерінен бойды аулақ ұстау ғалымдарды зерттеулерге өте сақтықпен қарауға және өткізетін зерттеулеріне марксистік дәйектеме келтіруге мәжбүр етті, бұл зерттеулердің сандық әдістерін, олардың инструментарийлерін жасауға және мәліметтерді өңдеуге қиындық туғызды.
Бұл кезеңде қазақстандық ғылымда қоғамның әлеуметтік құрылымын зерделеудің әдістемелік негіздері қаланды, ол 90-шы жылдары социологиялық ғылым шеңберінде одан әрі дами түсті.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдары социология қоғамға саяси және экономикалық дағдарыстан шығуға көмектесетін ғылымға айналды. Партия ұйымы кәсіпорындар мен ұйымдарда социологтарды тарту, социологиялық зерттеулерді қолдану жөніндегі нұсқаулар жасады және т.с.с. 1988 жылы "Қоғамдағы түйінді әлеуметтік проблемаларды шешудегі маркстік-лениндік социологияның ролін көтеру туралы" қаулы шығып, ол социологтарды практикаға кеңінен тартудың ресми бастамасы болды. 1988-1989 жылдары Одақ бойынша 13 жоғары оқу орнында халық шаруашылығы мамандарын дайындайтын, қайта дайындайтын және біліктілігін көтеретін социологиялық факультеттер мен бөлімшелер ұйымдастырылды. 1988-1989 оқу жылында социологиялық мамандықтар бойынша елімізде барлығы 1000 шақты студент пен 85 аспирант білім алды [27, 6-б.].
1987 жылдың жазында Кеңес социологиялық Ассоциациясының Қазақ бөлімшесі құрылды. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философиялық-экономикалық факультеттің базасында социологиялық бөлімшесінің ашылуы қазақстандық социологиялық ғылымның қалыптасуында шешуші болды және мамандар даярлауда базалық болды. 1988 жылдың екінші жартысында екі ғылыми орталық ашылды: Қоғамдық пікірді зерделеудің республикалық орталығы (ҚПЗРО) – Бүкілодақтық орталықтың филиалы (ВЦИОМ) және Қаз КСР ҒА Экономика институтының жанындағы социологиялық орталық. 1988 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың БКИ жанында Ю.Дуберманның төрағалығымен "Социолог" кооперативі ұйымдастырылып, ол екі бағыт бойынша қазмет көрсетті: жеке ұйымдардың тапсырыстары бойынша социологиялық зерттеулер жүргізу және халықө шаруашылығы мамандарының социологиялық біліктілігін көтеру.
Қазақстандағы социологияның институттану мәртебесін ҚР Ғылым Академиясының департаменті профилі бойынша ғылыми кадрлар дайындауға, докторлық және кандидаттық ғылыми дәрежелер ізденуге болатын ғылым ретінде бекітті. 1991 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың жанында социология ғылымдарының кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін іздену үшін диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Аспирантура мен докторантурада мамандарды даярлау әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер мамандықтары бойынша жүреді. Қорғауға шығарылатын диссертациялардың ғылыми тақырыптары әр алуан, жалпы алғанда қазіргі заманғы қазақстандық социумның проблемалары көрініс тапқан. Диссертациялық кеңестің жұмыс істеген кезеңінде қырықтан аса ғылыми зерттеулер қорғауға ұсынылған.
Жоғары оқу орындарындағы социологияның қалыптасуы мен дамуына 1996 жылы социологиялық ғылымдардың докторы, профессор К. Ғабдуллинаның жетекшілігімен құрылған "Социологтар академиясы" социологиялық орталығы үлкен роль атқарды.
Қазақстандық социологияның дамуы мен қалыптасуына Нариман Әбдірахманұлы Аитов ерекше үлес қосты. Ол ондаған ғылыми еңбектер, алғашқы жаңа буын оқулықтарын жазған. А.Ә. Аитовтың соңғы жұмыстарының бірі "Тең емес адамдардың теңдігі" марксиситік және қазіргі заманғы әдістемелердің өзіндік ажыратушысы болды.
Ғылымның дамуы ғылыми қауымдастықтың, мектептердің және бағыттардың бар екендігін білдіретін тұжырымдамалардың, ғылыми бағыттар мен парадигмалардың бекуінен көрінеді.
Қазақстандық кәсіптік-ғылыми социологиялық қауымдастықьың жасақталу ерекшелігі бұл ғылымның өзінің қалыптасуы кезеңінде әртүрлі салалардың зерттеушілері мен ғалымдарын біріктіргенінде, олар: тарихшылар, философтар, экономистер, психологтар, филологтар, саясат танушылар, инженерлер, математиктер және т.с.с. Ғылымның өзегі ғылыми ізденіс, зерттеу жобалары, іргелі және қолданбалы зерттеулер процесінде, әдістемелер мен теорияларды жасауда қалыптасады. Ғылымның кәсіптенуі мен сциентификациясының көрсеткіші – бұл мамандардың, ғалымдардың және практиктердің бар болуы.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу – бұл социологияның негізгі мәселелерінің бірі. Социологиялық ғылымның дәл осы бағыты кеңестік дәуірде белсенді жасалған болатын. Ғылымда осы мәселе бойынша бұл бағыттың іргелі теориялық базасы туралы сөз етуге мүмкіндік беретін белгілі бір әдістеме қалыптасты. Сонымен қатар, қазіргі заманғы жағдайлар бірінші кезекте әлеуметтік құрылым проблемаларын қозғайды: ол мәселенің марксистік қойылымында болмаған түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Сондықтан зерттеушілер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерделеудің жаңа әдістемелерін қарқынды іздестіру үстінде.
Қарастырылып отырған блокта қоғамдық қатынастар мен қоғамның даму жүйесіндегі әлеуметтік процестер, сондай-ақ жеке әлеуметтік топтар – зиялы қауым (интеллигенция), оның ішінде мұғалімдер де бар, және кәсіпкерлер келтірілген. Экономикалық базистің, өндірістік қатынастардың жалпы жүйесінің сапалық өзгерістері сөзсіз әлеуметтік құрылымдардың терең өзгерістеріне әкеп соғатындығы туралы теориялық ұйғарым нақты эмпирикалық дәлелін тапқан.
Әлемдік және отандық социологиялық әдебиеттерді талдау және жүйелендіру негізінде социологтар зиялы қауымның әлеуметтік-кәсіптік мобильділігі, кәсіпкерліктің қазақстандық түрін қалыптастыру, қалалану процесі мен оның салдарлары, ірі қаланың әлеуметтік құрылымы, қазақстандық қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының қазіргі заманғы үрдістері проблемаларын зерттеудің жаңа әдістемесін жасаған. Ғылыми-санаттық аппарат нақтыланған және жасалған, "әлеуметтік мобильділік", "зиялы қауым", "қалалану", "кәсіпкерлік", "кәсіпкер", "еңбекке қатынас" атты шешуші анықтамалар тұжырымдалған.
Социологияның негізгі санаты ретіндегі жеке тұлға ұғымы әлеуметтік ғылымдардың бірқатарында кеңінен баяндалған. Социологияда бұл ұғым жеке тұлғаның қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы әлеуметтік қызметі мен әлеуметтік мінез-құлқы арқылы қарастырылады. Отандық ғылымда жеке тұлға көбінесе еңбек және саяси қатынастар жүйесінде қарастырылады. Қоғамдық қатынастар мен мінез-құлық нысандарының ерекше сипаттамаларына ие ретіндегі жеке тұлға мен басшы тұлғаның саяси мәдениетінің мәселелері көбірек зерделенген.
Жеке тұлғаның саяси әлеуметтену процестерін, жеке тұлғаның саяси мәдениетін, саяси басқаруды, саяси мінез-құлықты, саяси сананы, азаматтық сананы, басқару мәдениетін және т.с.с. талдаған кезде пайдаланылатын бірқатар концептілерді түсініктемелеу жеке тұлға проблемаларын социологиялық талдаудың ауқымын едәуір ұлғайтты.
Жеке тұлғаның саяси мәдениетінің мазмұны негізгі құрылымдық элементтерге тіреледі, жеке тұлғаның мәдениетінің демократия мәдениетімен, саяси позициясымен, саяси бағалануымен және саяси мінез-құлықпен байланысы қарастырылады.
Басқару қызметінің тұжырымдамасында қазақстандық ұйым басшысының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқының моделіне, беделді басшы мен қарамағындағының жаңа тұлғааралық қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінген. Жалпы ғылыми жұмыстарда ұйымдардағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды қалыптастыру механизмдерін социологиялық диагностикалауға негізделген қазақстандық ұйымдарды басқарудың жаңа парадигмаларын қалыптастыруға бастама қаланған.
Жастар ғылымда қоғамның әлеуметтік құрылымында белгілі бір орынды иеленетін әлеуметтік топ ретінде өзіне ерекше назар аудартады. Бұл назар аударту осы әлеуметтік топтың әлеуметтік белсенді әрекет ету нысандарына, жоғары мобильділік дәрежесіне және белгілі бір тұтастыққа ие екендігіне де байланысты. Бұл блоктың зерттеулерінде аталмыш әлеуметтік топтың жасының, білімінің белгілері, әлеуметтік-кәсіптік бағдары, жұмыспен қамтылуы бойынша ішкі құрылымдалуы мәселелері қарастырылған. Жастарды әлеуметтендірудің әр алуан түрлеріне көп көңіл бөлінген – саяси, құқықтық, әлеуметтік мәдени. Зерттеу объектісі көбінесе студент жастар болып келеді. Бұрын қаралмай келген қазақ жастарының әлеуметтену проблемаларына едәуір көңіл бөлінген.
Базалық "әлеуметтену" санаты қазіргі заманғы жағдай аясында жаңа анықтамаға ие болды. Әлеуметтену деп зерттеушілер қоғамдық ұдайы өндірісті ұғынады, оның барысында жеке адам өзінің тыныс-тіршілігі мен өмірлік шығармашылығының субъектісі ретінде өзін бөліп көрсету қабілетіне ие болады, ол сол арқылы әлеуметтік жүйені ұстап тұруға, сақтауға және ұдайы өндіруге жәдемдесіп қана қоймай, оның өзгеруіне де жағдай жасайды. Осылайша жеке адам әлеуметтік өрістің акторы ретінде қарастырылады, яғни әлеуметтені процесі берілген процесс болып табылмайды. Бұл жағдайда әлеуметтену өзара бағытталған процесс ретінде ұғынылады. Әлеуметтену фазаларын қарастыруда әлеуметтенудің авторлық үшінші жоғары фазасы ұсынылған, бұл – жеке адамның белсенді, пәндік-түрлендіруші, инновациялық қызметі. Бір-біріне жақын "жеке тұлғаның дамуы", "тәрбиелеу", "жеке тұлғаны қалыптастыру" ұғымдары қарастырылады.
Саяси және құқықтық әлеуметтену мәселесі ғалымдардың ықыласын ерекше аударады. "Саяси мәдениет", "құқықтық мәдениет", "саяси әлеуметтену", "құқықтық әлеуметтену" ұғымдарын азаматтық қоғамды қалыптастыру принциптері аясындағы нақтылануы республикамыздың жастар саясатының негізгі бағыттарын тұжырымдауға мүмкіндік берді, бұл қазақстандық социумнің маңызды проблемасы болып табылады.
Социологиялық зерттеулердегі бұл бағыт өзінің жаңашылдығымен және қазіргі заманғы теориялық базасымен ерекшеленеді. Әлеуметтік статистиканың, әлеуметтік болжамның, әлеуметтік саясаттың, демографиялық саясаттың дәстүрлі ұғымдары қазіргі заман тұрғысынан түсіндірілілген және тұжырымдалған. Әлеуметтік статистика деп статистиканың қоғам дамуының нақты тарихи жағдайларындағы әлеуметтік шарттарды, қоғамдық жай-жапсарды және адамдардың өмір салтын кешенді зерделейтін саласын түсіну ұсынылады. Әлеуметтік процестерді талдаудың ғылыми әдістері жүйесіндегі әлеуметтік статистиканың функциясы қандай да бір процестердің әлеуметтік индикаторларын айқындау, олардың тұрақтылығы мен өзгергіштігін, олардың белгілі бір уақытқа, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне жатуын бағалау мүмкіндіктерімен белгіленген.
Әлеуметтік болжаудың, әлеуметтік статистиканың құрылу және қызмет ету принциптері, әлеуметтік индикаторлар жүйесін құру әдістемелері жасалған - өмір сапасын, тіршілік деңгейін өлшеу индикаторларының жүйелері жасалған. Кедейлік деңгейі көрсеткішінің анықтамасына өзгерістер енгізілген. Маңызды сипаттамалар – бұл шығыстар мен кіріс немесе шығыс бабы өлшенетін уақыт, ол экономиканың қазіргі дамуына тән тұрақсыз жалақымен, инфляциямен және жұмыспен қамтылудың тұрақсыздығымен түсіндіріледі.
Қоғамдық қатынастардың әлеуметтік-демографиялық аспектілерін зерттеуде әлеуметтік саланың жай-күйінің демографиялық ахуалға әсері талданған, халықтың әртүрлі қабаттарының нарықтық шарттарға әлеуметтік бейімделуінің ерекшеліктері ашып көрсетілген. Бұл жұмыстардың маңыздылығы олардың ғылыми-практикалық қажеттілігімен анықталған. Әлеуметтік, демографиялық, гендерлік саясат жасау жөніндегі республика басшылығына нақты ұсынымдар социологиялық ғылымның қоғамды реформалау процесіне назар аударуы мен үлес қосуының көрсеткіші болып табылады.
Ауыл шаруашылығы проблемаларын зерттеудің өзектілігі дау туғызбайды. Алайда бұл бағытта қандай да бір айқын жандану байқалмайтынын айта кету керек. Керісінше, алдындағы кезеңмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы проблемалары жөніндегі жұмыстар едәуір азайды. Мысалға, отандық ғалымдарымыз Н.А. Аитовтың, Қ.Ғ. Ғабдуллинаның, С.Н. Соскиннің, А.А. Рогачевтың және т.б. бірқатар жұмыстары зерттеудің белгілі бір ғылыми-теориялық базасының бар екенін көрсетеді. Дәстүрлік көзқарастың әдістемелік ерекшеліктерін толық көлемде қарастыру мүмкіндігі жоқ болғандықтан қазіргі заманғы кейбір маңызды сипаттамаларға тоқталамыз.
Біріншіден, шаруалықты екінші дәрежедегі тап деп тануды қазіргі заманғы зерттеушілер толығымен тіреске шығарды. "Біз шаруа табын "гегемон" таптың, жұмысшы табының көлеңкесінен шығарамыз: оны ешкімнің гегемониясын қажет етпейтін айрықша, дербес, өзіндік дара күш деп қарастырамыз " [33, 18-б.]. Екіншіден, аграрлық жұмыспен қамтудың мәселелері, ауылдық көші-қонның әлеуметтік салдарлары көтеріледі, ауылдық еңбек ресурстарын жасақтаудың әлеуметтік-демографиялық факторларына кешенді баға берілген, фермер қожалықтарының дамуын тежейтін әлеуметтік, психологиялық, экономикалық факторлар бөліп көрсетілген.
Қазіргі заманғы ғылымда әлеуметтік отбасы елеулі орынға ие. Отбасы мен әйелдер проблемасы жөніндегі зерттеулердің іргелі негіздерінің шетелдік және отандық социологияда ертеден келе жатқан дәстүрі бар. Сонымен қатар, бұл жұмыстардың маңыздылығы олардың қазіргі заманғы және өз уақтысында болуымен анықталады.
Зерттеулердегі өзіндік көзқарасты қалыптастыруға тырысу ғылыми-санаттық аппаратты едәуір жаңартты, зерттеулердің тәсілдері мен әдістемесін, оларды талдауды қалыптастырды.
Отбасы қоғамның даму процесінде тұтас әлеуметтік құрылым ретінде елеулі өзгерістерге ұшырағанын авторлар атап өтеді. Қазіргі заманғы отбасын социологиялық талдау адам өмірінің осы маңызды саласындағы проблемалардың толық кешенін айқындады. Отбасындағы өзара қарым-қатынастарға, демографиялық ахуал мен балалар тәрбиесіне әсер ететін экономикалық, саяси, мәдени факторлар қарастырылған. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастар процесінде жеке тұлғаның қалыптасуының генезисі мен механизміне, олардың арасындағы эмоциональдық байланыстар, отбасының өмір салты деңгейіне және ата-аналарының мінез-құлықтарына ерекше көңіл бөлінген.
Қазіргі заманғы зерттеугілердің әйелдер проблемаларына ерекше ықылас қоюы азаматтық қоғам принциптері мен құқықтық мемлекет құндылықтарын қалыптастырумен анықталады. Қазіргі кезде әйел проблематикасы социология, экономика, философия, демография, саясат тану және т.б. сияқты әлеуметтік ғылымдардың қолданбалы зерттеулері аясынан өзінің пәні мен мазмұны бар мәнділік, іргелі зерттеулер аясына ауысуда. Әйелдердің әлеуметтік жағдайын зерделеудің жаңа кезеңі әлеуметтік процестерді түсінудің базалық аналитикалық құралы ретіндегі гендердің тұжырымдамасына негізделген. Бұл тұжырымдама әлеуметтік феминология мен гендерлік зерттеулердің әдістемелерінде қаланған. Гендерлік талдау ерлер мен әйелдердің қоғамдық өмірдің жеке салалары мен бөліктеріндегі (атап айтқанда экономикалық және еңбек салаларындағы) айырмашылығы мен ұқсастығының шеңберін, қызметіндегі, күтулеріндегі, қабілеттеріндегі және мүмкіндіктеріндегі ортақтықтар мен ерекшеліктерді айқындауға мүмкіндік береді.
Әйелдердің жаңа әлеуметтік шарттарға әлеуметтік бейімделу проблемалары, жұмыспен қамтылуы, отбасындағы орны мен ролі әйел еңбегінің сипаты, қоғамдағы әйелдер мен ерлердің рольдері туралы ұғымдардың стереотиптері, қоғамдық өсу мүмкіндіктері тұрғысынан қарастырылады. Жұмыстарда өлшеудің берілген параметрлерінің өзгеру динамикасы, олардың қазіргі замандағы басқаша түсіндірілуі келтірілген. Зерттеушілер әйелдердің жұмыспен қамтылуының әлеуметтік саясатының бұрынғы негізқалаушы принциптерінен меншік нысандары мен әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес келетін тең мүмкіндіктер стратегиясына көшу, әйелдерді әлеуметтік қорғау жүйесіне өзін-өзі қорғау принципін енгізу қажеттігі бар деп есептейді.
Девианттік мінез-құлықтың әлеуметтік аспектілерін зерттеу отандық ғылымдағы салыстырмалы алғандағы жаңа бағыт. Зерттеушілер девианттік мінез-құлық социологиясының зерттеу объектісін, пәні айқындап, тұжырымдаған. Девианттік мінез-құлық социологиясының объектісі – бұл санада жазылатын білімнің, ұстанымдардың, құндылық бағдарлардың, қажеттіліктер мен мүдделердің пәндік жүзеге асуы (нысаны мен мазмұны бойынша) ретіндегі адамдардың шынайы қызметі, шын мінез-құлқы.
Ауытқушы мінез-құлықтың мәнісін, нысандарын және пайда болу себептерін қарастыра отырып Жаманбалаева Ш.Е. талдаудың әлеуметтік белгілерін басшылыққа алады: жеке тұлғаның, әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның қызмет етуі мен дамуы көзқарасы тұрғысындағы мінез-құлықтың әлеуметтік бағыттылығы мен қоғамдық нәтижелері; мінез-құлықтың әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сәйкестігі; қоғам және әлеуметтік санкцияларға баға беру. Д. Қазымбетова әлеуметтік факторлар жүйесіне тұлғалық мінездемелерді (парасаттылық, тәрбие) енгізеді. "Девианттік мінез-құлықтың негізіне жеке бастық және қоғамдық мүдделердің үйлесуі принципі салынған".
"Девианттік мінез-құлық", "делинквенттік мінез-құлық" дейтін базалық санаттар қазіргі заманғы түсініктерге ие болды, олардың ара-қатынасы анықталды. Бұл бағытта осы әлеуметтік құблыс туралы ұғымдарды кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік беретін оқу пәні аралық байланыстар кеңінен қолданылады.
Қоғамды саяси реформалау процестері социологияның алдына теориялық та, практикалық та міндеттерді қойып отыр. Саяси социология социологиялық білімнің саяси биліктің, саяси институттардың және саяси сайлаудың қызметі проблемаларымен айналысатын салаларының бірі болып табылады.
Саяси кеңістіктің құрылымдалуы саяси партиялардың, құралымдардың және саяси элитаның қалыптасуы процесін зерттеулерде келтірілген. Бұл бағыттағы зерттеулердің теоориялық-әдістемелік базасы батыстық социология дәстүрімен жасақталған. Саяси плюрализм батыстың саяси құрылымдарының құбылысы ретінде отандық ғылымда қарастырылмаған.
Әлеуметтік-саяси құбылыс ретіндегі Қазақстандағы көппартиялылықтың қалыптасуы проблемалары жөніндегі зерттеулерде көппартиялылықтың қалыптасуының типологиясы мен қалыптасу кезеңдері, партиялар мен қозғалыстардың бағдарламалық ұстанымдарының жіктемесі, көппартиялылықтың дамуына кедергі жасайтын объективтік жағдайлар қарастырылады, сондай-ақ саяси плюрализмнің жеке түрлері мен модельдерін қарстырудағы теориялық көзқарастар жасалған, саяси құралымдардың ерекшеленген этникалық әлеуметтік құрылымдарының қалыптасу себептері талданады.
Билеуші саяси элитаның мәнісі мен қалыптастыру механизмдерін зерттеулердің бастапқы қағидасы қоғам әрқашан да билікке ие азшылыққа және қолында билігі жоқ саяси тәуелді көпшілікке бөлінгенін және бөліне беретінін түсінуде. Бұл позиция отандық ғылымда әлемдік классикалық дәстүрлерді қайта ұғынудың және қазіргі заманғы әлеуметтік шынайылықтың негізінде салыстырмалы түрде жақында тұжырымдалған. Билік туралы тұжырымдамалық қағидалар да қазіргі заман аясында қайта қаралуда. Әлеуметтік стратификацияда жоғары позицияны иеленген әлеуметтік бір топтарға өз қалауларын басқаларға таңуға және қоғамдық мүдделерге сәйкес әрекет ету мүмкіндігін беретін биліктің саяси институттардың жиынтығы ретіндегі классикалық түсінігі қазіргі заманғы билікті баяндаудан едәуір өзгеше. Қазіргі заманғы қоғамда билік барлық әлеуметтік кеңістік бойынша таралған, ол қазіргі кезде экономикалық, мәдени және саяси кеңістіктердің өзара әрекеттестігін білдіреді (П.Бурдье тұжырымдамасы).
Саяси социологияның ғылыми-санаттық аппараты жасалған: "көппартиялылық", "саяси қозғалыстар", "саяси элиталар" және т.б. Саяси социологияның оқу пәні аралық сипаты социологиялық зерттеулердің нәтижелерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, бұл ғылыми ізденістің өзінше верификациясы, теориялық-әдістемелік амалдардың дәлелденуі болып табылады.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік базасы Р.Дарендорфтың және социологияның осы бағытындағы басқа да батыстық мамандардың жұмыстарының негізінде қалыптасқан. Әлеуметтік қақтығыс тұжырымдамасы бұл құбылысты әлеуметтік жүйенің ілгерілемелі эволюциялық дамуын қамтамасыз ететін маңызды элемент ретінде ұғынуға негізделген. Қақтығыстың қазіргі заманғы тұжырымдамасы мынандай белгілерге ие: қақтығысты кез келген әлеуметтік жүйенің нормасы деп тану; "әлеуметтік қақтығыстың" және оны тудыратын факторлардың кең қамтылған түсініктері; қақтығыстарды институттандырудың маңыздылығы мен қажеттілігін мойындау; өнеркәсіптік қақтығыстың ұғымына жаңаша түсінік беру. Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамда өнеркәсіптік қақтығыстар, атап айтқанда Ресей мен Қазақстанда, ғылыми социологиялық бағасын алды, Қазақстандағы өтпелі кезеңдегі өнеркәсіптік қақтығыстардың себептері, өту механизмдері және ерекшеліктері көрсетілген. Салыстырмалы, факторлық талдаудың негізінде өтпелі кезеңдегі өнеркәсіптік қақтығыстардың институттануының негізгі тәсілдері мен механизмдері анықталған, ұсынымдар беріліп, болждамдар жасалған.
Осыған ұқсас сипаттағы жұмыс қазірге жалғыз және проблеманы теориялық қоюдың жалпыламалығы туралы сөз қозғау қиын екендігін айта кеткен жөн. Сірә осы әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласындағы жағдайдың тұрақтануы жаңа зерттеулердің пайда болуын кішкене тежеген болуы керек, жалпы бұл қазіргі заманғы отандық социологияға тән құбылыс. Алайда қоғамдағы өнеркәсіптік, индустриалдық қатынастар жүйесінде әлі де шешілмеген проблемалар баршылық, оларды жүріп жатқан реформалар процесінде зерттеу қажет.
Этникалық социология социологялық ғылымның дербес бөлімі ретінде енді ғана бөлініп келеді, зерттеулер объектісі, пәні, әдістемесі айқындалуда, ғылыми-ұғымдық аппараты жасалуда. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның полиэтникалылығын осы саладағы зерттеулер ерекше талдайды. Біздің бөліп қараған жұмыстарымыз саяси түрленулердің этникалық құрылымына, жеке тұлғаның этникалық өзіндік ерекшеліктеріне, өндірістік ұжымдардағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардң этникалық аспектілеріне қатысты. А. Есенғалиеваның жұмысында этникалық топ социологиялық зерттеудің нақты объектісі ретінде бөліп қараған.
Этникалылық мәселесі отандық социологиялық ойда қаралған жоқ деп айтуға болмайды. М.С. Әженов, И.А. Әйтімбет, С.К. Өтешов, Н. Бәйтенова, Р.Б. Әбсаттаров және т.б. сияқты ғалымдар бұл бағыттағы белгілі бір дәстүрді қалыптастырған. Социологияда дәл осы бағыт қазақстандық социумның этникалық бірегейлігін зерттейтін қазақстандық ғылымның бет-бейнесін анықтайды.
«Этнос», «этникалық топ», «этникалық өзіндік сана», «этникааралық қатынастар» базалық санаттарын авторлар дәстүрлі түрде және қазіргі заманғы қойылымында қарастырады, бұл ұғымдарға толық және көлемді түсінік беруге негіз болады. Этнос деп қазіргі заманғы қойылымында біртұтастығы генетикалық анықталған биологиялық популяцияны ғана түсінбейді. Этностың компоненттері ретінде мыналар бөлінеді: әлеуметтік-демографиялық ахуал, экономикалық сипаттама, аумақтық орналасу, рухани және материалдық мәдениет. Этникалық өзіндік ерекшелік жеке тұлғаның құрлымдық құндылығының құрамдас мінездемесі ретінде қарастырылады. Осылайша, ұлттық айырмашылықтардың нивелирленуі және олардың толық жойылуы идеясы қабылданған жоқ.
Проблеманың бұлай қойылуы қоғамдық қатынастар жүйесі элементтерінің бірі ретіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени процестердегі этникалық факторды зерттеуге мүмкіндік береді, қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру үшін оған күш салу қажет.
Бұл мәселе маңыздылардың бірі, өйткені социологиялық қауымдастықтың өзіндік рефлексиясын көрсетеді, социологияның ғылым және оқу пәні ретінде қалыптасуын әлеуметтік және когнитивтік институттану тұрғысынан қарастырады, бұл ғылымның ішкі және сыртқы қалыптасуы мен дамуының тұтас процесін көрсетуге мүмкіндік берген. Бұл бағыт теориялық социологияға көбірек келеді, социологиялық зерттеулерді, жасалымдарды, еңбектерді олардың тууын, нығаюын, дамуын және қазақстандық социологтарының ғылыми ізденістерін бақылай жүре жүйелендіреді және байытады.
Социологияның ғылым ретіндегі дамуының соңғы жылдары ғылыми басылымдардың, отандық ғалымдарымыздың монографияларының, тұжырымдамалық ғылыми еңбектерінің өсуімен ерекшеленеді. Мысалға, 2000-2003 жылдары мынандай басылымдар жарыққа шықты:
Казахстанская молодежь на рубеже веков /А.С. Сарсенбаев, Г.Т. Телебаев, Д.А. Калетаев, А.Т. Шайкенова.- Астана: Елорда, 2000. 220с.
Казахстан как политическая реальность / Байдельдинов Л.А. Алматы: Институт развития Казахстана, 2000. 169 с.
Национальные процессы в Республике Казахстан. Коновалов А.П. Семипалатинск: СГУ им. Шакарима, 2000 – 252 с.
Казахстан и современный мир/ Габдуллина К.Г.– Алматы: КагосИНТИ, 2001. – 108 с.
Общество: прогресс и регресс / Габдуллина К. –Алматы, 2002. – 167 с.
Казахстанская культура сегодня: ценности, потребности, институты /Телебаев Г.Т., Шайкенова А.Т., Омирсеитова А.К., Шукенова А.А., Куцик Л.В. – Астана: Елорда, 2002. 232 с.
Этническое взаимодействие в Казахстане / Сейдуманов С.Т., Калмыков С.К., Шаукенова З.К. Астана: Парламент Республики Казахстан, 2002 – 95 с.
Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе. Шаукенова З.К. Астана, 2002, 128 с.
Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведения / Джаманбалаева Ш.Е. – Алматы: Қазақ университетi, 2002. – 278 с.
Наркотизм: методика исследования, анализ состояния, предупреждение и противодействие / Н.А. Сартаева – Астана, 2002. – 224 с.
Социологиялық ғылымның қолданбалылық маңызы социологиялық зерттеулер нәтижелерінің мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда пайдаланылуында көрінді. Мемлекеттік органдардың жанынан социологиялық зерттеулерге мамандандырылған орталықтар құрылған және жұмыс істеуде. Мысалға, бұл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер инстиутты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет теориялары мен практикасының ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпараттық-талдау қызметі, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрілігінің Талдау және мониторинг орталығы, бұларда нақты-әлеуметтік зерттеулер, кең масштабты жобалар, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдар мониторингі жүруде.
Социологиялық қызмет көрсету рыногының дамуы қазақстандық саяси және маркетингтік кеңістікте шынайы сипаттамаларға ие болды. Мемлекеттік орталықтармен қатар аналитикалық ақпарат беру және қоғамдық сауал салу мен маркетингтік зертеулер жүргізу жөніндегі қызметтер көрсететін бірқатар жеке меншік орталықтар бар: BRIF Research Group, ЦИОМ, ЦЕССИ–Қазақстан Салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты, БИСАМ-ЦЕНТРАЛ ЭЙЖА, Алматы тәуелсіз социологтар мен саясат танушылар Ассоциациясы, КИСЭИП, КОМКОН 2-Еуразия және т.б. Бұл ұйымдардың аймақтық менеджерлер мен интервьюерлер желісі түріндегі құрылымдары, ғылыми-әдістемелік зерттеу базасы, ақпаратты өңдеудің жаңа компьютерлік технологиялары бар. Жеке меншік компаниялардың коммерциялық негізде қызмет ететіндігінен қымбат тұратын жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.
Қазақстанның социологиялық ғылымының қалыптасу процесіне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ социология кафедрасының бастамасымен 1996 жылы өткен "Қоғамды жаңғыртудағы социологияның ролі" атты Бірінші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 1997 жылы Дүниежүзілік банктің қолдауымен өткен "Қолданбалы социологиялық зерттеулер: тәжірибесі, мүмкіндіктері, болашағы" атты халықаралық семинар жаңа импульстер берді.
2002 жылғы 17-18 мамырда Алматы қаласында өткен "Қазақстандық қоғам және социология: жаңа шынайылықтар мен жаңа идеялар" атты Қазақстан социологтарының Бірінші Конгресі Қазақстан социологиясының жаңа кезеңі болды. Бұл конгресте әлеуметтік-ғылыми проблемаларды шешу үшін елдің әлеуметшіл ғалымдарының біріктіру мақсатында тәуелсіз кәсіптік бірлестік ретіндегі Қазақстан социологтарының Ассоциациясын құру туралы шешім қабылданды. Қазақстан социологтарының Ассоциациясы елдің социологиялық қауымдастығының интеллектуалдық және ғылыми-ұйымдық әлеуетін ашуды өзінің стратегиялық мақсаты етіп қояды. Қазақстан социологтары Ассоциациясының Президенті болып социологиялық ғылымдардың докторы, профессор М.М. Тәжин сайланды.
2003 жылдың қаңтарында Ассоциация қазақстандық талантты жас социолог ғалымдарға арналған Қазақстан социологтары Ассоциациясының сыйлығын ізденуге арналған конкурс ұйымдастрды. Конкурстың алғашқы жеңімпаздары мен лауреаттары Жаманбалаева Ш.Е., Қожамқұлова Л.Т., Әбдірайымова Г., Нұрбекова Ж.А., Шеденова Н.У., Валитова З.Х., Сәдуақасова А.К. болды.
Осылайша, Қазақстанның социологиялық ғылымы шынайы социумның міндеттерін шешуге тырыса отырып, қарқынды дамып келеді.
Қайталауға арналған сұрақтар:
1. Ресейдегі әлеуметтік теориялардың ерекшеліктері
2. Қазақ ағартушыларының әлеуметтік теориялары
Негізгі әдебиеттер:
1. Социология (жауапты ред. Ә.Нысанбаев). – Алматы: 2002 ж
2. А.И.Кравченко Социология. Учебник для вузов. – М., 2003 г.
3. Социология: курс лекций. Ростов-на-Дону, 1999 г. - 132-153 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Осипов Г.В., Ю.П.Коваленко, Н.И.Щипанов Социология. – М., 1990 г.
2. Маркович Д. Общая социология. – Ростов-на-Дону, 1993 г.
№4 Дәріс тақырыбы: Әлеуметтанулық теориялар әдіснамасы
