Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом китап.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
957 Кб
Скачать
☆

1.4.4. Үлкен азу тістер тобы

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.18 сурет)

 

Тіс сауыты

Ең үлкен және ірі тіс. Шайнау беті бұрыштары тегістелген ромб тәріздес. Төрт төмпешігі бар. Екі тілдік және ұрттық. Төмпешіктерді бһліп тұратын сызаттар Н әріпіне ұқсас. Ұрт жақ төмпешіктері конус тәріздес, ал таңдай төмпешіктері жатыңқы аздап тегістелген. Алдыңғы төмпешіктері артқы төмпешіктерге қарағанда үлкен. Сауыттың ұрттық беті таңдай бетінен үлкен.

Тіс қуысы

Негізінен сауыт пішінін қайталайды. Қуыстың күмбезі дөңестеу және төмпешік аймақтарында 4 тереңділі сайлар бар. Тіс қуысының табанында түбір өзегі сағалары орналасқан.

Нұсқалар

Алдыңғы таңдай төмпешігінде әр түрлі дәрежеде бейнеленген, бірақ шайнау бетіне дейін жетпейтін қосалқы төмпешік орналасқан. (Ауытқулы Карабелли төмпешігі).

Тіс түбірі

Жақсы дамыған — конус пішінді, тік қатты таңдайға қарай иілген екіұрттық және бір таңдайлық үш түбірі бар. Ұрттық түбірі алдыңғыартқы бағытта жалпақтанған және алдыңғы, артқы деп бөлінеді. Артқы түбір ең қысқа.

Тіс түбірінің өзегі

Түбір өзегінің сағалары тіс қуысының табанында үшбұрыш тәріздене орналасқан. Ең кең өзегі таңдайлық, алең тар өзегк ұрттық

Нұсқалар

  Алдыңғы ұрттық түбірінде қосымша медиобуккальді түбір өзегі болады.

1.18. Сурет.Үстіңгі жақтың бірінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — көлденең кесінді; д — окклюзиялық беті; е, ж, з — өзектердің тігінен кесіндісіндегі құрылым нұсқалары;

 

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.19 сурет)

Тіс сауыты

4 нұсқалы құрылымы бар : — 1 нұсқа— тіс сауыты бірінші үлкен азу тіс сияқты, бірақ көлемі жағынан кішілеу. Бұл нұсқаға тән қасиет Карабелли төмпешіктерінің болмауы; — 2 нұсқа— тіс сауыты ромб пішінді болып келеді. Алдыңғы таңдайлық және артқы ұрттық төмпешіктердің жақынауы көрінеді; — 3нұсқа — алдыңғы таңдайлық және артқы ұрттық төмпешіктердің бірігуіне байланысты сауыт үш төмпешікті болып келеді; — 4 нұсқа — сауыт үшбұрыш пішіндес. Шайнау бетінде үш төмпешік бар. Біреуі таңдайлық , екеуі ұрттық.

Тіс қуысы

Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды.

Нұсқалар

Ең көп кездесетіні 1 және 4 нұсқа

Тіс түбірі

Тіс үш түбірден тұрады — бір таңдайлық екі ұрттық

Тіс түбірінің өзегі

Таңдай түбір өзегінің диаметрі ең үлкен. Өзектер алдыңғы артқы бағытта қысылған.

Нұсқалар

Түбірлердің бір түбір болып қосылуы мүмкін. Кейде тек қана ұрт жақ түбірлер ғана бірігеді.

1.19. Сурет.Үстіңгі жақтың екінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е — тігінен кесінді; ж, з,и — өзектердің көлденең кесіндісіндегітүбір өзектерінің сағасының орналасу нұсқалары;

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ҮШІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.20 сурет)

 

Тіс сауыты

Үстіңгі жақ үшінші азу тіс азу тістер ішіндегі ең көлемі кіші тіс. Тіс сауытының пішіні әр түрде бейнеленеді. Көбіне көп окклюзиялық бетінде 3-4 төмпешік орналасады. Кешігіп шығуына байланысты (20–21 жаста) ақыл тіс деп аталады.

Тіс қуысы

Тіс қуысының пішіні де саут сияқты әр түрде болады және сауыт пішінін қайталайды.

Нұсқалар

Кейде сауыт көлемі бірінші азу тіс тің көлемі сияқты және 6-8 төмпешігі болуы мүмкін. Көбіне –көп тіс қуысы сауыт пішініне сәйкес келмейді.

Тіс түбірі

Тісте басқа азу тістер сияқты үш түбір болады. Түбірлері бірігіп кетуі мүмкін. Көбіне –көп артқы ұрт және таңдай түбірлері бірігіп кетеді.

Тіс түбірінің өзегі

Өзек сағалары үшбұрыш тәріздене орналасқан. Таңдай өзегі ең кең өзек.

Нұсқалар

Түбірлер саны 1 ден 5 ке дейін болуы мүмкін. Түбірлердің әр түрлі бірігіп кетуі байқалады.

1.20.Сурет.Үстіңгі жақтың үшінші үлкен азу тісі: а — вестибулярлы беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — көлденең кесінді; д - окклюзиялық беті; е — тігінен кесінді;

 

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ ( 1.21сурет)

 

Тіс сауыты

Астыңғы жақтағы азу тістердің ең үлкені. Тіс сауытының пішіні куб тәріздес. Вестибулооральді бағытта біршама ұзарған. Тістің окклюзиялық бетінде 5 төмпешік орналасады. Екеуі оральді, екеуі вестибулярлы, біреуі дистальді. Шайнау бетінде төмпешіктер арасымен өтетін екі сай бар: біреуі медиодистальді, ал басқасы вестибулооральді бағытта өтеді.  

Тіс қуысы

Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. Тіс қуысы күмбезі төмпешіктер проекциясы аймағында тереңдеу келеді. Тіс қуысының табаны окклюзиялық жағында дөңестеу. Қуыстың табанында үш түбір өзегінің сағасы орналасқан.  

Нұсқалар

Өте аз жағдайда шайнау бетінде 6 төмпешік болады: үш вестибулярлық және үш оральді.

Тіс түбірі

Ережеге сәйкес екі түбір — медиальді және дистальді түбір  

Тіс түбірінің өзегі

Дистальді түбірде кең бір өзек болады, медиальді түбірді –екі өзек, ұрттық және тілдік.

Нұсқалар

Кейде дистальді түбірдің екіге бөлінген нұсқасы кездеседі. Бұл жағдайда түбір өзегі 4-еу болады. Түбірлердің бірігіп қосылуы өте сирек (2,3–5,0%) кездеседі. Сирек екі түбір өзегі болуы мүмкін.  

 

1.21. Сурет.Астыңғы жақтың бірінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е — өзектердің көлденең кесіндісіндегі түбір өзектерінің сағасының орналасу нұсқалары;

ж — тігінен кесінді;

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ ( 1.22сурет)

 

Тіс сауыты

Негізінен екінші үлкен азу тістің пішіні бірінші азу тіске ұқсас. Көп жағдайда окклюзиялық бетінде 4 төмпешік орналасады: екі оральді және екі вестибулярлы. Вестибулооральді және медиодистальді бағытта төмпешіктер арасынан сайлар өтеді. Сайлар крест тәріздене орналасады.  

Тіс қуысы

Тіс қуысының табаны окклюзиялық жағынан дөңестеу және тіс мойынынан төмен орналасады. Тіс қуысы табанында өзектердің үш сағасы орналасады.

Нұсқалар

Кейде 3 тен 6 ға дейін төмпешіктер болуы мүмкін. Үштөмпешікті нұсқа кезінде сайлар Y әріпі секілді, ал 4 төмпешікті нұсқа кезінде сайлар Х тәрізді.

Тіс түбірі

Тіс екі түбірлі- алдыңғы және артқы. Дистальді түбір медиальді түбірге қарағанда қысқа және тарлау.

Тіс түбірінің өзегі

Көп жағдайда үш өзек болады. Бір дистальді екі медиальді. Соның ішінде дистальді өзек ең кең өзек болып келеді.

Нұсқалар

Түбірлер көп дәрежеде толықтай қосылып кетуі мүмкін. Ең жақсы дистальді түбір бейнеленеді. Өте аз екі өзектің қосылуы байқалады.

 

1.22. Сурет.Астыңғы жақтың екінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; д — окклюзиялық беті; г — көлденең кесінді;

е — тігінен кесінді;

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ҮШІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ ( 1.23 сурет)

 

Тіс сауыты

Тіс астыңғы жақтың ақыл тісі деп аталады. Тіс сауыты бірінші және екінші азу тістергі қарағанда аздап кішілеу. Сауыт пішіні куб тәріздес. Окклюзиялық бетінде 4-5 төмпешік орналасады.

Тіс қуысы

Тіс қуысы толықтай сауыт пішінін қайталайды. Қуыс табанында өзек сағалары орналасады.

Нұсқалар

Окклюзиялық бетінде 3 тен 6 ға дейін және одон көп төмпешіктер орналасуы мүмкін. Тіс қуысы пішін және көлемі жағынан сауыт параметріне сәйкес келмеуі мүмкін.

Тіс түбірі

Түбірі екеу. Сауыты үлкен бола тұра түбірлері қысқа, бір- біріне жақын орналасады.

Тіс түбірінің өзегі

Үш өзегі болады— екеуі алдыңғы түбірде ал біреуі артқы түбірде орналасады.  

Нұсқалар

Түбірлері кейде бірігіп кетеді. Екі өзек болуы мүмкін.

 

 

1.23.Сурет.Астыңғы жақтың үшінші үлкен азу тіс: а — вестибулярлы беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е —тігінен кесінді; ж — көлденең кесінді;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]