Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом китап.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
957 Кб
Скачать
☆

2.1. Тісжегімен зақымданудың белгісін бағалау

Тістің қатты тіндерінің популяциясы жағдайын бағалау белгісі сүт және тұрақты тістерде тісжегінің таралуы және қарқындылығы болып табылады.

Тістерде тісжегінің таралуы — бұл пайыздық өлшемде белгіленген жалпы тексеруден өткен адамдар санының ішінде тістерінде тісжегінің қандай да бір көріну белгісі бар (тісжегі, пломба, жұлынған тіс) адамдар санының қатынасы.

ДДҰ 12 жастағы балалар арасындағы тістерінің тісжегімен зақымдануын бағалау критериі.

12-жасар балалар арасындағы тісжегінің таралу деңгейі (ДДҰ критериі):

төмен 0–30%; орташа 31–80%; жоғары 81–100%.

Тісжегінің қарқандылығы — бұл бір пациентте немесе тексерілген топта тісжегімен зақымданудың ( тісжегі, пломда, жұлынған тіс) клиникалық көрісінің қосындысы.

Уақытша тістерде тісжегінің қарқындылығын бағалау үшін келесі сынаманы (индекс) қолданады:

• тпж (т)—тексеруден өткен бір баланың тісжегімен зақымданған, пломбаланған және жұлынғын тістерінің санының қосындысы,

• тпж (п)— тексеруден өткен бір баланың тістер бетінінің тісжегімен зақымданған, пломбаланған және жұлынған тістер санының қосындысы.

Ескерту. Жұлынған тістердің немесе беттердің санын түбірлердің физиологиялық сорылуына дейін тек қана уақыттан бұрын жұлынған тістерде ғана анықтайды.

Тұрақты тістерде тісжегінің қарқындылығын бағалау үшін төмендегі сынаманы қолданады:

• ТПЖ (т)— тексеруден өткен науқастағы тісжегімен зақымданған, пломбыланған және асқынған тісжегімен жұлынғанімен зақымданған тістер тістер санының қосындысы;

• ТПЖ (п)— тексеруден өткен бір науқастағы тісжегімен зақымданған тістер бетінің, пломбаның және асқынған тісжегімен жұлынғанімен зақымданған тістер тістер санының қосындысы;

Ескерту: Егер алдыңғы тістер тобында тіс жұлынсаТПЖ(п) сынамасын есептеуде4 бетті, ал азу тістер тобында тіс жұлынса 5 бетті есептейді.

Тісжегінің қарқындылық сынамасын анықтау кезінде кіреукедегі минералданудың ошақтана бұзылуының бастапқы түрін есепке алмайды.

Тісжегінің қарқындылығын тістердің ауысуы кезінде бағалау үшін (6 - 12 жас) тістерде және беттерінде ТПЖжәне тп сынамасын қолданады.

Уақытша және тұрақты тістерінің және беттерінің тісжегі қарқындылығын жеке есептейді.

Тексерілген топ арасындағы тісжегінің қарқындылығы-бұл тістердегі тісжегі немесе беттерінің қарқындылығы сынамасының тексерілгендер санына жекедара көрсеткіштерінің қатынас қосындысы.

Тістерде тісжегі қарқындылығы деңгейі (ТПЖ сынамасы бойынша) 12-жастағы балалар және ересек адамдарда (ДДҰ критериі ):

12 жас

Қарқындылық деңгейі

35–44

0–1,1

Өте төмен

0,2–1,5

1,2–2,6

төмен

1,6–6,2

2,7–4,4

орташа

6,3–12,7

4,5–6,5

жоғары

12,8–16,2

6,6 және жоғары

Өте жоғары

16,3 және жоғары

2.2. Халық арасында тістердің тісжегісінің таралуы және қарқындылығы

Бүгінгі таңда тістердің тісжегімен зақымдануы балалар және ересек халық арасында кең тараған стоматолгиялық аурулардың бірі болып отыр.

Россия халықтарының негізгі жас тобын эпидемологиялық стоматологиялық тексеру (2009) мәлімететері бойынша 6-жастағы балалар арасында уақытша тістер тісжегісінің таралуы 84%, уақытша тістерді1ң орташа тісжегі қарқындылығы (т) — 4,83, бұл кезде компонент «т» 2,9 тең болса, ал компонет «п» — 1,55, «ж» — 0,38 тең болды.

Халық арасында тұрақты тістердің тісжегінің таралуы мен қарқындылығының орташа көрсеткіші

 

Жасы, жылы

Таралуы %

ТПЖ

Т

П

Ж

0,23

0,15

0,08

-

2,51

1,17

1,30

0,04

3,81

1,57

2,15

0,09

35-44

13,93

3,13

6,02

4,78

65 және жоғары

22,75

1,72

2,77

18,26

 

РФ 47 аймағында тұрып жатқан эпидемологиялық стоматологиялық тексеруден өткен 55391 адамның ұлттық нәтижесінің мәліметтері келтірілген. Тексеру 2007-2008 жж ДДҰ ұсынған стоматологиялық статусты бағалау критериі мен кодтарын қолдана отырып жүргізілді.

Алынған мәліметтерге сәйкес әртүрлі аймақтарда тісжегінің таралуы бірдей емес. Ауыз суында фторидтердің мөлшері мен уақытша және тұрақты тістердің тісжегі қарқындылығы арасында ең маңызды өзара байланыс бар екені анықталды. Ауыз суында фторидтердің мөлшерлі концентрациясы 0,7 мг/л төмен болғанда тісжегінің таралуы көбейеді, ал 0,7 мг/л болса онда тісжегінің таралуы азаяды. Бұл тәуелділік 6, 12 және 15 жас арасындағы топтарда өте айқын көрінеді. Ересек жастар арасында бұндай тенденция аз дәрежеде көрінетіні көптеген тісжегі туғызушы факторлардың әсеріне байланысты болуы мүмкін. ( 2.2, 2.3сурет).

2.2. Сурет. Аймақтарда ауыз суында фторид мөлшерінің әртүрлі болуына қарай уақытша тістердігі тісжегінің орташа қарқындылығы

 

2.3.Сурет. Аймақтарда ауыз суында фторид мөлшерінің әртүрлі болуына қарай тұрақты тістердігі тісжегінің орташа қарқындылығы.

Қалалық және ауылдық тұрғындар арасында тісжегі қарқындылығының көрсеткіші өзгеріссіз болды. ДДҰ градациясы бойынша тісжегі қарқындылығы 12- жастағы балалар арасында 27 аймақта төмен деңгейде, 19 аймақта орташа, ал бір аймақта жоғары болды. ДДҰ градациясы бойынша көптеген аймақтарының тұрғындары арасында тістердің тісжегі қарқындылығы деңгейі жоғары деп бағаланды.

Ұлттық екіншілік эпидемологиялық стоматологиялық тексеру нәтижесін талдау барысы 10 жыл бұрынғы (1999) мәліметтерімен салыстырғанда балалардың тұрақты тісінің тісжегі қарқындылығының орташа көрсеткішінің төмендегенін анықтаса, ал ересек және егде тартқан тұрғындарда тістердің тісжегі қарқындылығы жоғары деңгейде қалғаны анықталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]