Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
026b9d5e-551e-11e4-bf6e-f6d299da70eeОӘКешен.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
523 Кб
Скачать
☆

Дәріс жоспары

1.Педагогикалық іс-эрекет мазмүны, формасы жэне сипаттамасы. Педагикалық іс-эрекеттің негізгі қызметтері. Жалпы жэне арнайы педагогикалық қабілет туралы түсінік.

2.Педагогикалық іс-әрекет стилі. Жогары мектеп оқытушысының тәрбиелік жэне коммуникативтік қабілеттері.

3.Оқу- тәрбие жагдайларын үйымдастырудагы оқытушының жобалы-конструктивті іс- эрекеті.

Білім беру жүйесінің басты міндеті   – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде  қалыптасуы  мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт   дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту  сияқты құқықтарын іске асыру   болып табылады. Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында  қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыларды тәрбилеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында оқушыларға   құқықтық білім беру  тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында адамгершілік-жыныстық тәрбие беру   тұжырымдамасында, Қазақстан  Республи касында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру үйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.

Жалпы, қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне тәуелді болатыны белгілі. Сондықтан мемлекеттің басым бағыты ретінде, бәсекелестікке қабілеттілікті қалыптастыратын басты құрал ретінде білім берудің орын алуы заңды. Қайта құру кезіндегі өзгерістер, тәуелсіздік алғаннан кейінгі өзгерістер мұғалім профессиограммасына да өзінің ықпалын тигізіп отырды. Қоғамның дамуымен бірге білім беруді ақпараттандыру мәселесінің өзектілігі артып отырғаны соңғы жылдары анықтай байқалды.

Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда «Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының»  жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге – рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани  өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.

Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.

Жобада жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс деп есептелінеді: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.

Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымының теориялық еңбектерде қарастырылу жайы, айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін  жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары,  ақпараттық технологияларды қолдану мазмұны сынды мәселелер өз шешімін табуды көздейді

Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогикалық мамандық түлектері мен жалпы білім беретін мектеп қажеттілігі арасындағы үйлесімнің жеткіліксіз болуы, мұғалімдердің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу үдерісінде ақпараттық және  коммуникациялық технологияларды пайдалануға дайындығының төмен болуы сияқты қайшылықтар білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып отыр.

Педагогикалық білім берудің ең жоғарғы мақсаты - жаңа тұрпатты мұғалімнің жалпы және кәсіби дамуының үздіксіз жүргізілуі деп есептейміз. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезінде маман-адам, азамат пен оның кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары арасындағы үзіліп қалған байланыс қайта жалғасын табуы керек. Болашақ маманның жеке тұлғалық позициясын, оның кәсіби білімі мен іскерліктерін біріктіру жүзеге асуы жөн. Бұл біріктіру жалпы қосынды емес, сапалық жағынан жаңа құрылым болып, тұтастығы мен ішкі құрылымы жаңа типті мұғалім даярлау мен қалыптастыру мақсатын қоюға болады. Педагогикалық білім беру мақсаты, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қызметінің инвариантты, идеалданған көрсеткіштері біліктілік сипаттамасының негізіне қойылатын профессиограммада ашылады. Біліктілік сипаттамасы типтік кәсіби педагогикалық міндеттер жүйесі түрінде құрылып, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қүзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарды құрайды.

Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті мұғалім», «мұғалім идеалы», «шебер мүғалім» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты мүғалім» термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық  технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлығы бар мұғалімдерге қоғам сұранысының өсуі мен мұндай талапқа сай мамандарды даярлауға байланысты жоғары оқу орындарына арналған арнайы тұжырымдаманың жоқтығы арасында;  болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы кәсіби даярлық сапасына талаптардың артуы мен оның  ғылыми-теориялық, әдстемелік негіздерінің жеткіліксіз зерттелуі  және арнайы оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыздандырылмауы арасында қарама-қайшылықтар  бар екендігі анық байқалады.

Демек, болашақ мұғалім оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда, біріншіден,  тұлғаның жеке қасиеттерін ескере отырып,  оқушы тұлғасын сипаттай білуі қажет, екіншіден,  өзі ұйымдастырған шығармашылық әрекеттің оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үдерісі мен оның нәтижесіне әсер ететін мынадай маңызды факторларын білуі және ескеруі қажет:

- шығармашылық белсенділік және шығармашылық іс-әрекетке сұраныс;

-    оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту шарттары;

-    оқушылардың шығармашылық қабілетін ынталандыру көздері;

-    оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері;

-    оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту құралдары;

-    оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары.

Сонымен, осы жоғарыда айтылғанның бәрі, бізге болашақ мұғалімді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби  даярлау -  білім беру үдерісінің аясында студенттердің кәсіби-педагогикалық қызметке бағдарлануына және педагогикалық шығармашылық тәсілдерді меңгеруіне, білім беру барысында ізденіс танытып, жаңа шығармашылық шешімдер қабылдауына, оқушылар тұлғасының өзіндік және шығармашылық дамуына қол жеткізуде ұйымдастырушылық формаларды  құру дағдыларын  меңгерулеріне жағдай жасайтын оқу үдерісінің барлық құрылымдық компоненттерінің өзара ықпалдастық байланысын  құруды көздейтін күрделі  үдеріс деп анықтама беруімізге мүмкіндік береді.

Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Кәсіби біліктілікті меңгерту колледждерде студенттерді мұғалімдік мамандыққа даярлаудағы басты міндеттердің бірі. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол, оның жалпыпедагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты. Мысалы, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби шеберлікке мақсатты даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке даярлау оның кәсіби даярлығымен тікелей астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени (өмірге көзқарас), әдіснамалық(психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруімен қамтамасыз етіледі.

Заманауи ақпараттық қоғамға  өздігінен дербес, сыни тұрғыда ойлайтын, туындаған проблемаларды көре білетін және оларды шығармашылықпен шеше алатын адам қажет. Ол өздігінен белсенді әрекет етуге, шешім қабылдауға, өмірдің өзгермелі жағдайларына икемді бейімделуге қабілетті болуына мүдделі. Сондықтан қазіргі қоғамдағы білім берудің мақсаты  – адамды интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыда дамыту. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін болашақ мұғалімге, мектепте қызмет ететін маман ретінде, білім беру жүйесінің стратегиялық бағыты айқын көрсетілуі тиіс. Оған оқу үдерісінің тиімділігі, сабақтардың жүйелілігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, білімнің тереңдігі және бүкіл оқу-тәрбие жұмысының дұрыс жоспарлануы игі ықпал етеді.Сондай-ақ, болашақ мұғалімнің кәсіби бейімделу аясын да анықтаған жөн.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру- оқытушының кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және  өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Біліктіліктің кейбір түрлері, яғни ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану саласындағы сауаттылық  бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты жаңа технологияларды қолдануда шетел тілін меңгеру бұрынғыға қарағанда маңызды болып отыр. Оқу, өзгерістерге ілесе оқу, ақпараттық ағынға ілесу- бұл әрбір маманның алуға тиіс кәсіби құзіреттілігі.

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, оқытушының  маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процесінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процесінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және окушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

Қазіргі кездегі оқушыларды оқытудағы ең қажетті педагогикалық инновацияның бірі мультимедиялық компьютерлер. Себебі адам көру, есту арқылы тілді тезірек үйренеді. Есту арқылы тілінің шет тіліне дағдылануы тез әрі ешбір акцентсіз болады. Сондықтан қазіргі таңда шет тілін оқытуда мультимедиа, яғни жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылады.

Мультимедиа-дыбыс және көру түріндегі ақпараттар жүзеге асырылатын бағдарламалық аппараттық кұралдар жиынтығы. Мультимедиа жергілікті, аймақтық және әлемдік желілер  бойынша дыбыс, мәліметтер және көріністі беру үшін жоспарланған. Жұмыстың интерактивті режиміндегі графика, анимация, фото, бейне, дыбыс, мәтіндер  ақпараттық орта қалыптастырады. Мұны пайдаланушыда сапалы жаңа мүмкіншіліктер болады.Мәдениетаралық қарым-қатынас білікгілігін дамыту процессінде оқытудың техникалық құралдары оңтайлы қолданылса онда ол оқытушы еңбегінің шарттарын шарықтандырумен қатар оқушының да оқу жағдайын өнімді етеді. Мүғалім оқытудың пәндік ерекшеліктеріне байланысты техникалық құралдар қолданудың негізгі принциптерін жетік меңгерумен қатар өзінің ақпараттық компетенттілігн дамытуы тиіс. Ол ең алдымен оқу-тәрбиелік істе оқытудьң техникалық құралдар колданысының ұтымдылығын түсіне алу; сабақ жоспарын жаңа технологиялық талаптарға сай кұра білу; интегративті түрде сабақ жоспарына кірістіре алу; техникалық құралдарды оқушының танымдық қажеттілігін өтей алатын және мұғалімнің өзіндік кәсіби құлшынысына сай түрлерін іріктей алу; қорыта келе оқытушы аталмыш техниканы пайдалану тетіктерін меңгеруі нәтижеге жетелейді. Тек осындай  алғышарттардың орындалуы оқытудың техникалық құралдарының әдістемелік және дидактикалық мүмкіншіліктерін ашады.

Соңғы жылдары окыту үдерісін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында пайдаланылып жүрген іс-шараларға, соның ішінде  "инновациялық үдеріске", яғни педагогикалық жаңалықтарға жан-жақты сипаттама беріліп келеді, дегенмен әлі де жеткіліксіз.

Білім беру саласындағы жаңалықтарды үш топқа бөліп қарастырамыз: ұйымдастырудағы жаңалықтар;технологиялардағы жаңалықтар; оқулықтар мен бағдарламалардың өзгерістеріндегі жаңалықтар. Аталған  жаңалықтардың аясында болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың да  жаңашылдық бағыттары анықталады. Яғни, бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне аса мән берілмейінше, білім берудің заманауи технологияларын, соның ішінде электрондық оқулық пен бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, бірде-бір әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес

Оқыту үдерісінде студенттердің кәсіби белсенділігін арттыру мәселесі соңғы кезде жалпы бағытта кең мағынада қарастырылып келеді. Арнайы пәндерді бұл әдіспен оқыту, ақпараттық-логикалық ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін ескермей, жалпы белсенділікті қамтамасыз етуді оқыту екендігі белгілі. Сондықтан болашақ мұғалім пәндердің өзіндік ерекшелігін ескере отырып қамтамасыз етілетін белсенді оқыту білігін меңгеруі қажет. Белсенді оқытуды қамтамасыз ету мақсатында оның әдістемесін жасау үшін ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің құрамын, құрылымын анықтау қажет.

№ 11 Оқыту үдерісін басқару

Мақсаты. Магистранттарға оқыту үдерісін басқару туралы психологиялық білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Дәріс жоспары

1.Оқыту үдерісіндегі танымдық іс-эрекетті басқару. Оқыту үдерісіндегі танымдық іс-эрекетті диагностикалау.

2.Студентке педагог қатынасының стилдері: авторитарлы, адамгершілікті-түлгалық, партнерлік, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері жэне қолдану ерекшеліктері.

3.Топтың даму сатылары жэне басқару стилдері

№ 12 Студент - оқу іс-әрекетінің субьектісі ретінде

Мақсаты. Магистранттарға оқу іс-әрекетінің субьектісі туралы психологиялық білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Дәріс жоспары

1.Оқыту - оқу іс-әрекеті субьектісінің маңызды сипаттамасы ретінде.

2.Білім беру жүйесіндегі оқыту субьектісінің жас ерекшеліктік жэне психологиялық сипаттамалары.

3.Оқытудың психологиялық сипаттамасы. Дербес білім алу - болашақ мамандардың ғылыми жэне кәсіби іс-әрекеті тиімділігін жоғарылату кұралы ретінде.

1. Студенттің және мұғалімнің тұлғалық типологиясы.

Студенттің әлеуметтік-психологиялық суретін анықтайтын және де оқудың сәттілігіне әсер ететін факторларды екі категорияға бөлуге болады: студенттің олармен жоғарғы оқу орнына келуі- оларды тек қана назарға алуға болады, және де оқыту процесіне пайда болған олармен басқаруға болады.

Бірінші категория сондай-ақ:дайындық деңгейі,бағалықтар жүиесі,оқуға қатынасы,кәсіби болашақ туралы болжамдары жатады.

Бірінші топтың факторларының психологиялық әсер етуі әлсірейді де шешуші ролді екінші топтың факторлары ойнай бастайды. Оларға: оқу процесінің ұжымын, білім беру деңгейін, мұғаліммен студенттердің қарым-қатынас түрін жатқызуға болады.

Бұл қатынаста студенттік жастардың анализі,олардың тандаған мамандықтарына байланысты өте қызықты. Қазіргі заман студенттерінің барлық жиынтығы үш топқа бөлінеді:

Бірінші бөлімді мамандыққа бағытталған студенттер құрайды. Бұл топта студент болашақ жұмысқа деген қызығушылығы, онда өзін жүзеге асыру арманы-ең маңызды болып келеді.

Екінші топты бизнеске бағдарланған студенттер құрайды.

Үшінші топты бір жағынан «анықталмаған» студенттер деп атауға болады, ал екінші жағынан-әр түрлі проблемаларға жүктелген студенттерді айтуға болады.

Қазіргі заман студенттерінің бірнеше типтерін көрсетуге болады:

Бірінші типті шартты түрде «тұтынушы» деп атауға болады. Бұл студент бизнес саласында жетістікке жетуге ұмтылады, тұтынушының теориясын және практикасын меңгеру үшін жоғары білімді алады және т.б.

Екінші типті «эмигрант» деп атайды. Жоғары білімді «эмигранттар» көбінесе шет ел тілдерін еркін меңгеру үшін, оқу мүмкіндіктерін алу үшін,шет елде жұмыс істеу үшін алады.

Осы екі типке «дәстүршіл» қарсы болып келеді. Ол жақсы білімді, кәсіби даярлықты бағалайды, диплом алу үшін, ғылыми зернттеулер жүргізу үшін жоғары білімді алады.

Оқу және тану аумағында студенттердің үш негізгі іс-әрекет және мінез-қылық түрлерін ерекшелеуге болады:

Тұлғаның бірінші түрі жоғарғы оқу орнында оқытулардың міндеттерімен мақсаттарынан комплекстік жағынан ерекшелейді. Іс-әрекеттін осы түрі кең мамандарға жан-жақты кәсіби дайындыққа бағытталған.

Тұлғаның екінші түрі тар мамандыққа нақты бағыттармен ерекшеленеді. Бұнда студенттің танымдық іс-әрекеттері оқу бағдарламасының шегінен шығады.

Танымдық іс-әрекеттің үшінші түрі білімді меңгеруді және тәжірибеге ие болуды тек қана оқу бағдарламасының шегінде ғана болуды болжайды.

Оқуға байланысты бірнеше зерттеушілер бес топты көрсетеді:

Бірінші топқа білімді игеруге, өзіндік жұмыс істеу әдістемелеріне, кәсіби білімге ие болуға ұмтылатын студенттер жатады.

Екінші топқа оқу іс-әрекетінің барлық салаларында білім алуға ұмтылатын студенттер жатады.

Үшінші топқа, тек қана өзінің мамандығына ғана қызығушылық болатын студенттер жатады.

Төртінші топқа, жақсы оқитын, бірақ оқу бағдарламасына тандамалы қарайтын, тек қана өзіне ұнайтын пәндерге ғана қызығушылығы туындайтын студенттер жатады.

Бесінші топқа жалқау және еріншектер жатады.

Үздіктердің арасынан тек қана үш түрді ерекшеліктер болады: «жан-жақты», «маман», «универсал». Үздіктердің арасында ең кең тарағаны бірінші түрі. Бұл студенттер білуге құмар,ынталы,кең көзқарасты.

Мамандыққа бағытталатын үздіктер,ең алдымен өз назарларын профилактикалық нәндерге бағыттайды.

«Үздік-әмбебап» категориясына «жан-жақтылардың» және «мамандардың» жағымды жақтары жатады.

«Жақсы оқитындылардың» арасында екі топшаны көрсетуге болады: 1) жақсы қабілетті студенттер, бірақ жеткілікті еңбекқор емес. Көп жағдайларда олар ашушан оқиды, бірақ профилактикалық пәндерден оларда үздік бағалар болуы мүмкін, ал жалпы білім беретін пәндерден кейде «үште» болуы мүмкін; 2) орта қабілетті, бірақ үлкен еңбекқор студенттер жатады. Негізінен олар барлық пәндерден бірдей оқиды.

Үлгеріміне байланысты қанағаттанарлық оқитындардын арасынан бірнеше топшаларды көрсетуге болады: 1) жоғарғы оқу орнындағы спецификалық оқыту шарттарына бейімделмеген бірінші курс; 2) берілген ақпараттың айтылу ойын немесе сапасын қабылдай алмайтын; 3) мамандықты тандауда қателескендер; 4) оқуға қалай болса, солай қарайтындар.

Практикалық іс-әрекеттің басталған нүктелерінің анализін алып, сапалардың 4 тобы тандаған ьолатын, В.Г.Лисовскидің ойынша олар тұтас студентті сипаттауы керек, ең алдымен бағдарлануларын:

  1. сабаққа, ғылымға, мамандыққа;

  2. жалпы саяси іс-әрекетке;

  3. мәдениетке (жоғары рухани);

  4. ұжымға (ұжымдағы қарым-қатынасқа).

В.Т.Лисовскимен жасалған студенттердің типологиясы келесідей болады:

  1. «Үилесімді». Өз мамандығын саналы түрде тандады. Жақсы оқиды, ғылыми және қоғамдық жұмысқа белсенді қатысады. Мәдениетті, тіл табысқыш, әдебиетпен терең және байсалды қызығушылық танытады. Ұжымда беделге ие.

  2. «Маман». Өзінің мамандығын саналы түрде тандаған. Жақсы оқиды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сирек қатысады.

  3. «Академик». Өз мамандығын саналы тандаған. Тек қана «үздік» оқиды. Асперантурада оқуға бағдарланған. Сондықтан көп уақытты ғылыми-зерттеу жұмыстарына жібереді.

  4. «Қоғамшыл». Оған қоғамдық іс-әрекетке жарқын түрде икемділік тән. Әдебиетпен және өнермен қызығады.

  5. «Өнерсүигіш». Жақсы оқиды, бірақта ғылыми жұмысқа сирек қатысады, өйткені оның қызығушылықтары көбінесе әдебиет және өнер әлеміне бағытталған. Оған дамыған эстетикалық талғам, кең көзқарас, терең шығармашылық эрудиция тән.

  6. «Ынталы». Мамандығын шын ниетпен тандамаған, бірақ шын ниетпен,максимум күш жұмсап оқиды. Ұжымда көп қарым-қатынасқа түспейді. Сабақпен көп айналасатындықтан, әдебиетпен және өнермен көп айналыспайды.

  7. «Орташа». Сабақты қалай шамасы келеді солай оқиды, көп күш жұмсамайды. Сондай-ақ онымен мақтан етеді. Оның принципі: «Диплом алып басқалардан кеш жұмыс істемеймін». Мамандықты тандау кезінде көп ойланбайды. Сабақтан ләззат алмаса да, жақсы оқуға тырысады.

  8. «Көңілі қалған». Шындығында адам қабілетті, бірақ тандаған мамандығы оған қызықты емес. Бірақта жоғарғы оқу орнына түскен соң оны оқу керек деген ойда.

  9. «Жалқау». Сабақты нашар оқиды, аз күш жұмсайды. Бірақта өзіне толықтай риза. Өзінің кәсібі жайлы ойламайды. Ғылыми-зерттеушілік және қоғамдық жұмысқа қатыспайды.

  10. «Шығармашыл». Оған кез-келген сабаққа немесе қоғамдық жұмысқа деген шығармашылық жағы тән. Бірақта, бір жерде отыратын,жинақылықты талап ететін сабақтар оны қызықтырмайды.

  11. «Богемалық». Әйгілі факультеттерде жақсы оқиды, бірнеше мамандықтарда оқитын студенттерге жоғары қарайды. Өзі сыйақтылардың компаниясында лидерлікке ұмтылады, ал қалған студенттерге жаман көзқараста қарайды.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының түрлері

Оқу үрдісінен тыс студенттердің өздігінен орындайтын шығармашылық жұмыстарының түрлері

Аудиториялық оқу үрдісіндегі СМӨЖ-ның репродуктивтік және шығармашылық түрлері

Ғылыми мақала, эссе жазу

Ғылыми баяндама жазу, пікір жазу

Практикалық сабақтағы СМӨЖ

Лабораториялық сабақтағы СМӨЖ

Реферат, аннотация, тезис, конспект жазу

Курстық жұмыс жазу және ғылыми проект жасау

Семинар-пікірталас, СМӨЖ

Конференция сабақтары СМӨЖ

Әдістемелік кабинеттердегі СМӨЖ, СӨЖ

Комьпютерлік кабинеттердегі СМӨЖ,СӨЖ

Дипломдық жұмыс орындау

Оқулықпен және әдебиеттермен жұмыс жасау

Ақпараттық технологиялық кабинеттердегі СМӨЖ

Ғылыми үйірмеге арнайы курстар мен семинарларға қатысу

Арнайы секцияларға қатысу

Ақпараттық технологиялар мен жұмыс жасау

Педагогикалық және өндірістік практикаға қатысу

Кредиттік оқыту жағдайындағы студенттердің өзідігінен орындайтын жұмыстарының педагогикалық жүйесі

№ 13 Психологиялық және педагогикалық қарым-қатынас

Мақсаты. Магистранттарға психологиялық және педагогикалық қарым-қатынас оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]