- •Мазмұны
- •1 Глоссарий
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •2. Студенттің жеке тұлғалығын психологиялық-педагогикалық зерттеу.
- •Дәріс жоспары
- •2. Кәсіби өзіндік анықталу – еңбек субъектісінің даму процесі деп қарастырады.
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •Қарым-қатынастың кезеңдері:
- •Педагогикалық қарым-қатынас барысында кездесетін қиындықтар:
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
Дәріс жоспары
1. Жоғары оқу орны - кәсіби өзіндік сана қалыптасуының жүйесі ретінде. Кәсіби өзіндік сана қүрылымы: өзінің кәсіби адамгершілігін саналай алу - кәсіби іс-әрекет субьектісі ретінде. 2. Кәсіби өзіндік сананың функционалды жэне құрылымдық компоненттері: когнитивті, мотивациялық, эмоциялық жэне операциялық. Өзін-өзі жүзеге асыру жэне басқару мәселелері.
3. Кәсіби шеберлік және «Мен-концепциясы».
1. Кәсіби білім берудің психологиясы педагогикалық психологияның тармағы бола түра, оқудың психологиялық механизіммен және оны кәсіби білім жүйесімен тәрбиелеуін зерттейді.
«Кәсіп»- деген сөз адамның өмір сүруіне қажетті материалдың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін – еңбек етіп табыс табу көзі болып табылады.
Кәсіп білімнің жүйесі ретінде және белгілі бір адамға тән икемділік, дағды ретінде қарастырылады.
«Кәсіби білім» арнайы біліммен бағаланады және ол кәсіби техникалық, орта жоғары оқу орындарында қолданылады. Кәсіби білім арнайы білім алумен тығыз байланысты және нақты кәсіп немесе мамандық алумен байланысты. Сонымен кәсіби білім беру- білім мекемелерінде бастауыш,орта және жоғарғы кәсіби білім алуға арналған мамандарды дайындайды. Сонымен қатар курстық дайындауға және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімдерге жүйелі білім беруге дайындайды.
Кәсіби білім-мамандықты алуға тура бағытталу керек,өйткені кәсіби дайындауда кездесетін мәселелерді зерттеуді қажет етеді, және де кәсіби өзіндік- анықталу немесе мамандықты таңдау, кәсіби өзіндік сана- сезім, субъектінің кәсіби даму этаптарының талдауы және сонымен байланысқан кәсіби іс -әрекеттер мен байланысты психологиялық мәселелерді зерттеуді қажет етеді.
Кәсіби білім беру мекемесі келесідей принцптерге бағыну тиіс:
1.Кәсіби білім беру-қазіргі заманауи арнайы білім беру беталысымен сәйкес болуы керек.
2.Кәсіби білім берудің принципі-оған қатысты білім алудағы психологиялық процесті қажет етеді.
3.Белгілі бір мамандықтың иесіне қажетті аса маңызды қасиеттерде кездесетін мәселелерді кәсіби білімнің жекеше принципі қарастырады.
Осы жағдайлардан шыға отырып, кәсіби психологтың пәнді жақтарына қатысты:
кәсіби білім жүйесіндегі тұлғаның жас ерекшелік және индивидуалды ерекшелігін зерттеу.
Адамды кәсіби іс әрекеттегі субъект ретінде зерттеу.
Кәсіби оқыту мен кәсіби тәрбиелеудің психологиялық негізін зерттеу.
Кәсіби іс әрекеттегі психологиялық аспектілерді зерттеу.
Кәсіби оқыту мен кәсіби тәрбиелеу процесінің заңдылығымен қасиеттерін кәсіби білім берудің психологиясы- өзінің арсеналында сол әдістерді қолданады.Сондай -ақ осы әдістерді басқарады.
Психологиялық ғылымдарда: бақылау, эксперимент, әңгімелесу әдісі, анкета іс -әрекетті зерттеуді қолданады.
Адамның еңбектік іс -әрекетін зерттеуге бағытталған. Әдістердің ішінде-профессиография әдісі кең қолданылады.
Бұл әдіс- біріктіруге бейнелеуге және талдауға бағытталған.
Профиссиограммированиенің нәтижесінде профессиограмма құрылады және ол туралы бүкіл мәліметтер ( техникалық, санитарлы-гигиеналық, технологиялық, психологиялық, психофизикалық жақтарды құрайды. Профессиограммалар өзін кәсіптің «портреті» ретінде көрсетеді.
Кәсіптік дайындық құрылымын атқарушы кәсіби білім берудің «арнайы білім» сөзімен мағыналас, осы 2-ұғым 2 жолды қарастырады: өзіндік білім және кәсіби білім беру мекемелерінде білім алу психологиялық маңызды кәсіби білімнің жетістігін анықтайтын сәт болып - өзіндік белгілі бір мамандықты игеруге дайын болу (эмоционалды ,материалды).
Адамның ішкі ресурстарды талдау нәтижелерде және мамандықтың талабымен сәйкес келетін жағдайға адамның қоршаған ортада өзінің мойындалуының негізі болып табылады және ол адамның өмірінде ең маңызды сәт. Мамандықты таңдау психологиялық тұрғыда 2 аспектіні көрсетеді: бір жағынан таңдаушы адам (субъектінің таңдауы), екінші жағынан нені таңдауы (таңдау объектісі).
Көптеген мінездемеге ие бола тура, субъектінің де объектінің де мамандықты таңдау бір келкі емес. Мамандықты таңдау бұл сәттік акт емес, бұл процесс көптеген этаптардан тұрады.
Кәсіби өзіндік анықтаудың туындауы жоғарғы сынып кезеңі болып табылады, бірақ оған келесі этаптар кездеседі:
-мамандықпен алғаш рет танысуы. Бұл этап төменгі мектеп оқушыларына сәйкес келеді, өйткені ол әлі жұмыстардың барысын, кәсіпті толық білмейді. Кейде бұл деңгейде жасөспірімдерде тұрақтап қалады.
-кәсіби білім алу- мектептік білім алғанан кейін ғана жүзеге асады.
-кәсіби бейімделу іс- әрекеттің индивидуалды стилі және өнімділік пен әлеуметтік қатынас ретінде қалыптасады.
-еңбекте өзіндік шындалу (толық немесе жартылай).
Сонымен кәсіби өзіндік анықталу – тұлғаның бүкіл кәсіби әрекеттің кезеңін алатын процесс ретінде қарастырылады. Ол адамның бүкіл өмірін алады.
Психологиялық әдебиетте –мамандықты таңдау шешімін қабылдағанда көптеген психологиялық факторларды анықтауға әр түрлі жағдайда туындайды. Зерттеушілер қатары мамандықтарды таңдауды - әрекетті таңдау мен бірдей деп көреді.
