- •Ислам Даму Банкі
- •1973 Жылы желтоқсанда Джидде қаласында (Сауд Аравиясы Әмірлігі) мұсылман мемлекеттері қаржы министрлерінің конференциясында Ислам даму банкін (идб) құру туралы Декларациясына қол қойылды.
- •Ислам қаржы институттарына арналған бухгалтерлік және аудиторлық ұйымы (aaoifi)
- •Ислам банкі мен қаржы институттарының халықаралық бас кеңесі
- •Халықаралық Ислам қаржы нарығы
- •Ислам қаржы қызметтері бойынша кеңес
- •Малайзияның ислам банктік институттарының ассоциациясы
- •Ислам банкінің халықаралық ассоциациясы
1973 Жылы желтоқсанда Джидде қаласында (Сауд Аравиясы Әмірлігі) мұсылман мемлекеттері қаржы министрлерінің конференциясында Ислам даму банкін (идб) құру туралы Декларациясына қол қойылды.
Жаңа қаржы институтының ресми ашылуы 1975 жылы 20 қазанда өтті. Ислам даму банкі БҰҰ Бас ассамблеясында қадағалаушы мәртебесіне ие. Бүгінде Ислам даму банкі тобы құрылған: оның құрамына келесі ұйымдар енеді:
* жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясы;
* Инвестицияларды сақтандыру және экспорттық несиелер жөніндегі Ислам корпорациясы;
* Исламдық зерттеу және оқу институты;
* Халықаралық исламдық сауда-қаржы корпорациясы.
ИДБ тобының функциялары оған мүше-елдердің экономикалық және әлеуметтік даму жобаларын қаржыландыру жолымен қатысудан тұрады. Банк өз қызметін шариғат заңдары мен қағидаларына негіздеп жүзеге асырады. Банктің ақша бірлігі болып бір АҚҚ
(арнаулы қарыздар қаражаттары) тең ислам динары табылады. Ресми тілі араб тілі, әйтсе де ағылшын және француз тілдері жұмыс тілдері ретінде қолданылады. Банктің меншік капиталы 15 млрд ислам динарын құрайды.
Бүгінде банк мүшелері болып 56 мемлекет табылады. Банк мүшелілігіне қабылдаудың негізгі талаптары Ислам конференциясы ұйымына қатысу, банк капиталына мүшелік жарна төлеу және банк директорлары кеңесінің қабылдаған ережелерін, тәртіптерін, терминдерін сақтау болып табылады.
Қазақстан, аймақтың басқа мемлекеттері сияқты, Ислам Даму Банкіне КСРО тараған соң – 1995 жылдың қарашасында енді.
2000 жылдан бастап Қазақстанда Алматы-Гүлшат және Қарағанды-Астана жолдарының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру басталды.
Шағын және орта бизнесті қолдау негізінен Ислам Даму Банкімен аймақ елдерінің коммерциялық банктерінің қарыздары арқылы жүзеге асырылды. Мысалы, 2000 жылы қазақстандық банктер – «Қазкоммерцбанк», «ТұранӘлемБанк» және «Халық банкі» Ислам банкінен шағын және орта бизнесті қолдау үшін қарыздар алды. Қазақстандағы ИДБ заимдар портфелінің 31 пайызға жуығын коммерциялық банктердің жобаларын қаржыландыру құрайды.
Қазақстандағы ИДБ заимдар портфелінің 15 пайызға жуығын денсаулық сақтау аясындағы жобалар құрайды. Мысалы, Алматыда Сызғанов атындағы хирургия Орталығы жобасы аяқталды.
2003 жылы наурызда Ислам Даму Банкі Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етудің жаңа жобасын Азия Даму Банкімен бірлесіп қаржыландыру келісілген болатын.
Бұрынырақта Ислам даму банкімен қол қойылған келісімдерді жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Қазірде ИДБ желісі бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылды немесе аяқталу кезеңінде. Ислам даму банкімен 2003-2006 жылдарда халық шаруашылығына маңызды, олардың басым көпшілігі инфрақұрылымдыққа жататын түрлі жобалар енген бағдарламалар дайындалды, атап айтсақ:
- Сызғанов атындағы институт – 10 млн АҚШ доллары;
- Қарағанды - Гүлшат автокөлік жолы – 10 млн АҚШ доллары;
- Осакаровка – Вишневка автокөлік жолдарының бір бөлігінің құрылысы – 20 млн АҚШ доллары.
- шағын және орта бизнесті қолдау – 15 млн АҚШ доллары.
Бүгінгі күні ИДБ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ арасында 30 млн АҚШ доллары сомасында қаржыландыру желісімен несие беру жөнінде келісімге қол қойылды. Отандық «ҚазАгроҚаржы» лизингтік компаниясы осы тартылған қаражат есебінен таяу және алыс шетелдерде жасалған түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге жеткізуді қаржыландыруды жүзеге асыруды көздеп отыр. ИДБ қаражаттары 10 жыл мерзімге 3 жылдық кезеңмен жеңілдікті жабумен ұсынылады. Қаржыландыру Исламдық Шариғат қағидаларына сәйкес «мурабах» кестесі бойынша жүзеге асырылады, яғни, ИДБ жеткізушіден тауарды сатып алып, «ҚазАгроҚаржы» Акционерлік қоғамына тауар үшін төлемді бөліп сатады. Осының барлығы компанияның клиенттері елдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін техниканың қымбыттауына жол берулуге бағытталған.
2010 жылы қаңтарда Қазақстанда алғашқы исламдық банк тіркелген. «Al Hilal Bank Исламдық Банкі» Акционерлік қоғамы - Абу-Даби (БАӘ) қаласында орналасқан мемлекеттік еншілес ұйымы. Бұл қаржы институты ҚР үкіметі мен БАӘ үкіметі арасында келісімге қол қою нәтижесінде құрылған болатын. Оның қызметі корпаративтік сектор ды қамтиды. Исламдық қаржы құралдарын жүзеге асыру үшін Азаматтық және Салық Кодекстеріне, сондай-ақ Қазақстанның банктік қызмет көрсету сферасын реттейтін нормативтіік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.
2011 жылы малазиялық «Amanah Raya Berhard» трасттық компаниясы Қазақстандық Даму Банкімен Серіктестікте, ҚР екінші Исламдық Банкті Ашуды жоспарлауда. Қолда бар мәліметтер бойынша, бұл ұйымның 55% - үлесін Amanah Raya, ал 40% ҚДБ алады, қалған акцияның пайызына Fattah Finance қазақстандық брокерлік компаниясы тиесілі. Жаңа исламдық қаржы институты бөлек және бизнес қаржыландыру секторында қызмет көрсетуді ұсынады деп күтілуде.
Сонымен қатар, қызметі шариғат қағидаларына негізделген банктен басқа Қазақстанда басқа да исламдық қаржы ұйымдары да әрекет етеді. 2010 жылы құрылған «Такафул Халалдық сақтандыру» ОВС қайшы келмейтін сақтандыру қызметтерін ұсынады.
Сараптамашылардың пікірі бойынша, бүгінгі күні Қазақстанда исламдық банкинг және жалпы исламдық қаржыны дамытудың үлкен қажеттілігі туды. «Біріншіден, соңғы жүргізілген халық санағы нәтижесі көрсеткендей, республика тұрғындарының 70 пайыздан көпшілігі өздерін мұсылмандармыз деп есептейді. Екіншіден, исламдық қаржының дамуы Қазақстанның жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруды, банктер және басқа да исламдық ұйымдардың бағдарламасы жобаларына қатысу жолымен жеделдетуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, исламдық сақтандыру компанияларының мамандары исламдық облигацияларды (сукук) енгізу есебінен қаржы құралдарының аясын кеңейту мүмкіндігі ел экономикасына қолайлы ықпал етеді»,- деп есептейді.
2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасында исламдық қаржыны дамыту бойынша Жол картасы қабылданды. Жол картасы ҚР-да исламдық қаржы институттарын жұмыс жасауға жағдай жасауға және исламдық қаржы құралдарын енгізу және дамытуды үйлестіруге мүмкінідіік береді. Қазақстанда бүгінде Al Hilal ислам банкі, исламдық инвестициялық қоры. Такафул-компания, сондай-ақ шариғат бойынша әрекет ететін консалтингтік және брокерлік компаниялар жұмыс жасауда.
Стамбулда ИКҰ экономикалық және сауда ынтымақтастығы бойынша тұрақты комитетінің отырысының нәтижесі бойынша бас ассамбля бюросы таңдап алынды. Бұл дегеніміз, Қазақстан бюро аясында қаржы ресурстары үшін, о.і, араб елдерін қоса, есік ашатын исламдық қаржыландыру және банк жүйесі туралы айта алады. Бұл елдің аумағына, сол сияқты біріңғай экономикалық кеңістік аясында барлық кедендік одақ кеңістігінде қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Әлемдік тәртіпті жарандық қайта орнықтыру аясында инвестициялар мен ұзақ мерзімді инновациялық технологияларға маңызды мән беріледі. Қазақстан 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдағаны белгілі, оның құрамына инновациялық шешімдер негізінде әлеуметтік-экономикалық жандандыруды, экономиканы индустриализациялау бағытында әртараптандыру, кезең-кезеңмен өткізуді кіріктіреді. Қазақстанның дағдарыстан қазіргі кезеңдегі дамуы экономияның барлық секторларын жеделдетілген индустриалдық- инновациялық дамуына бағытталған.
