Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халыаралы исламды аржы иымдары.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200 Кб
Скачать
☆

Ислам қаржы қызметтері бойынша кеңес

Ислам қаржы қызметттері бойынша кеңес (IFSB) 2002 жылдың 3 қарашасында құрылып, 2003 жылдың наурызында өз қызметін бастады. Кеңес Малайзияда «Ислам қаржы қызметттері бойынша кеңесі туралы» заң аясында құрылу арқасында халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық мақсаттарға берілетін артықшылықтар мен имунитетке ие болды. Бұл ұйым қызметі бойынша келесі халықаралық стандарттарды орналастырушы және алдыңғы теңгейдегі қаржы жүйесін дамытуды көздеген ұйымдарға ұқсайды: халықаралық есеп айырысулар ұрвнымен қызмет көрсететін Базельдік банктік бақылак комитеті, бағалы қағаздар бойынша комиссияның халықаралық ұйымы және халықаралық сақтандыру бақылауларының ассоцияациясы.

Ислам қаржы қызметттері бойынша кеңесінің міндеті: Жүйенің тұрақтылығы мен мызғымастығы үшін, исламдық банк жүйесі бар мемлекеттердің билік органдары мен қаржылық билік органдарын біріктіретін ұйым болу. Яғни, осыдан шығатын қорытынды: ислам қаржы қызметттері бойынша кеңестің басты қызметі исламдық қаржы институттарына арналған техникалық сілтемелер мен басқару ережелерінің стандарттарын қабылдау.

Ислам қаржы қызметттері бойынша кеңесі мүшелігінің үш категориясы бар:

  1. Толыққанды мүшесі;

  2. Біріктірілген мүшесі;

  3. Бақылаушы мүшесі;

Толыққанды мүшелеріне әрбір зайырлы мемлекеттің бақылау органдары жатады. Біріктірілген мүшелеріне: қаржылық бақылау органдары мен ақша-несиелік ұйымдары жатқызылады. Бақылаушы органдарға: бүкіл әлем бойынша барлық исламдық қаржылық институттар кіріктіріледі.

Ислам қаржы қызметттері бойынша кеңестің құрылуған күнінен бастап келесі жеті ислам қаржы қызметтерін басқару ережелері мен пруденциялық нормативтерді құрды:

  1. Сукуктың секьюритизациясы мен жылжымайтын мүлікке қатысты кезде капиталдың толық көлемінің болйын қадағалау;

  2. IFSB-5: исламдық қаржылық қызметтерді көрсететін институттарды бақылаудың негізгі элементтерін басқару;

  3. Исламдық коллективті инвестициялардың схемасын басқару сұрақтарының басқарушы ережелері;

  4. IFSB-4:исламдық қаржылық қызметтерді көрсететін институттарды нарықтық тәртіпті сақтау мақсатында ақпаратты жариялау;

  5. IFSB-3: тек исламдық қаржылық қызметтерді көрсететін институттарды корпаративті басқару ережелері;

  6. IFSB-2: тек исламдық қаржылық қызметті көрсететін институттар капиталының толықтығы стандарты;

  7. IFSB-1: : тек исламдық қаржылық қызметті көрсететін институттардың тәуекелдерді басқару ережелері.

Малайзияның ислам банктік институттарының ассоциациясы

Малайзияның ислам банктік институттарының ассоциациясы (AIBIM) қоғамдық ұйымдар бюросында тіркелген ұйымы. Ассоциациясы 1995 жылы 2 шілде айында негізі қаланып келесі мақсаттарды көздейді: Малайзияда тәжірбие үзінде толыққанды исламдық банк жүйесін нығайту және оны ынталандыру болып табылады. Бұл жұмыстар Малайзияның Орталық банкімен және өзге реттеуші органдардың кеңесі және әріптестігінің негізінде жүзеге асрылады. Малайзияның ислам банктік институттарының ассоцияциясының келесі мақсатының бірі Малайзия заңнамасы негізінде өзінің мүшелерінің мүдделерін қорғайтын ұйым ретінде анықталады.

Ассоциациясы Малайзия мемлекетіндегі исламдық банкинг саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беру мен кәсіби дайындауды жүзеге асырады.

Малайзияның ислам банктік институттарының ассоцияциясымен тағайындалатын марапаттар:

  1. Ислам қаржысындағы сандар;

  2. Үздік қызметі үшін

Ассоциацияға мүшелік екі категориядан тұрады:

  1. Қатардағы мүшелер;

  2. Біріктірілген мүшелер.

Қатардағы мүшелікке Малайзия мемлекетінің Қаржы министірлігімен бекітілген кез-келген исламдық банктік қызметті көрсететін:

  1. исламдық банктер,

  2. коммерциялық банктер,

  3. сауда банктері

  4. қаржылық компаниялар мен өзге қаржылық институттар.

Біріктірілген мүшелікке білікті деп танылған Малайзияның ислам банктік институттарының ассоцияциясының кеңесіне қабылданғандар кіреді.

Таңдалған мүшелер бақарушы қызметтерді, соның ішінде кімның Президент, Вице-Президент, Құрметті Хатшы және Құрметті қазынашы болатыны өзара шешеді. Күнделікті басқару қызметін атқарушы хашы атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]