Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халыаралы исламды аржы иымдары.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200 Кб
Скачать
☆

Ислам банкі мен қаржы институттарының халықаралық бас кеңесі

Ислам банкі мен қаржы институттарының халықаралық бас кеңесі (CIBAFI) 2001 жылы мамыр айында Манамда (Бахрейн) ашылып тіркелген. Бүгінгі күні ұйымның үшелерінің көбі: Біріккен Араб Әмірліктерінен, Кувейттен және Малайзиядан. Мүшелік кеңес құрамы 40 мемлекеттен 130 ислам банктері мен қаржылық институттарынан, соның ішінде,коммерциялық банктер, ислам терезелері бар коммерциялық ислам қаржы институттарымен ислам банктерінен, ислам қорлары мен такафул компанияларынан тұрады.

CIBAFI халықаралық коммерциялық емес ұйым ретінде келесі мақсатты көздейді: кәсіби деңгейде тәжірбиеде этикалық инветициялармен жұмыс және өз мүшелерінің беделінің артуына қызмет жасау. Бұл қызмет келесі әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:

  • Ислам этикасына сай келетін банктер мен қаржылық институттарының ақпараттар базасы мен каталогты дайындау;

  • Ислам бинкингісінің дамуына атсалысу және ынталандыру арқылы ғылыми зерттеулерді қолдау және осы саладағы конференцияларды дамытуды ұйымдастыру;

  • Ислам қаржысы және ислам банк ісі ұғымдарының дамуы және жетілуін мен глобады және жергілікті деңгейде таралуын кеңейту;

  • Адам ресурстарының дамуына өз мүшелеріне тренингтік және кеңестік қызметтерді ұсыну және техникалық көмек көрсету арқылы қатысу.

Кеңес: Бас Ассамблеядан, директорлар кеңесінен, Атқару комитетінен және Бас хатшылықтан тұрады.

Бас Ассамблея мүшелері қарапайым мүшелер мен бақылаушы мүшелерден тұрады. Кеңеспен жүзеге асырылатын және ұсталынатын жалпы нұсқаулар мен ұйым саясаты бойынша шешім қабылдау үшін кеңес жиналыстары жылына бір рет өткізіледі.

Директорлар кеңесі кеңеспен қандай шаралар жүзеге асырылатынын шешеді. Бұл шаралардың орындалу барысы өз кезегінде Атқару комитетінің бақылауында болады.

Бас хатшы, жоспарланған барлық іс шаралардың бас менеджері болып табылады.

CIBAFI ақпараттарды дайындау және ұсыну қызметімен айналыстан ұйым ретінде келесі зерттеулердің жарық көруіне белсене қатысуда: «Ислам қаржылары Парсы шығанағы мемлекеттерінің ынтымақстығының кеңесінде», «Ислам қаржылары бойынша анықтама 2007», «Ислам қаржылары бойынша анықтама 2006» «Ислам қаржылары бойынша анықтама 2005», «CIBAFI көрсеткіштерінің тиімділігі», «IFSI бірінші жаһандық баяндамасы».

Халықаралық Ислам қаржы нарығы

Халықаралық ислам қаржы нарығы (IIFM) Малайзияның Орталық Банкі мен Лабуан оффшор қаржы қызметтері бойынша басқарманың ((Labuan Offshore Financial Services Authority – LOFSA),) күші негізінде құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Екі ұйымның басты аргументтерінің бірі ислам қаржы инструменттерінің мобилизациясы үшін ортақ исламдық нарықтың қажеттілігі болатын.

Ұйымның негізгі қызметтеріне:

  • Шариғат принциптеріне негізделген халықаралық қаржы нарықтарының дамуын қолдау және ынталандыру;

  • Екінші нарықта исламдық және исламдық емес қаржы институттарында белсенді қатысу;

  • Халықаралық қаржы нарығында Шариғат бойынша ойлар мен түсіндірмелерді орнықтыру бойынша бірыңғай ортақ ұйым болу;

  • Әлем бойынша барлық исламдық институттардың өз аралық қарым-қатынастарын дкеңейту;

  • Исламдық қаржы нарығына байланысты сапалы стандарттарды ұйымдастыру;

Халықаралық ислам қаржы нарығы мүшелері 43, олар бес топқа бөлінген:

  1. Құрылтайшы – мүшелері;

  2. Әрекет етуші мүшелері;

  3. Мүшелері;

  4. Біріктірілген мүшелер;

  5. Бақылаушы мүшелер

Құрылтайшы – мүшелері жыл сайын 35 000 АҚШ доллары шамасында жарна төлей отырып, директорлар кеңесінің тұрақты мүшесі болады.

Әрекет етуші мүшелеріне: орталық банктер және ақша-несиелік ұйымдарды реттеу ұйымдары жатады; жыл сайынғы толық мүшелікке ену жарнасы 25 000 АҚШ долларын құрайды. Әрекет етуші мүшелерге кеңесте алдын-ала төрт орын бекітіліп қояды. Алайда мүшенің категориясы ислам қарджы институтымен белгіленеді. Олардың жыл сайынғы төлейтін жарнасы 20 000 АҚШ долларын құрайды және мүшелер кеңесте бес орынды иеленуге құқылы.

Біріктірілген мүшелер өзіне өзге ислам қаржы қызметтеріне қызығушылығы бар қаржы институттарын біріктіреді. Оларға шаққандағы бір жылдық жарна 5 000 АҚШ долларын құрайды.

Бақылаушы мүшелерінің жылдық жарналары 2000 АҚШ долларын құрайды.

Біріктірілген мүшелер мен бақылаушы мүшелер жиналыстарда дауыс беру құқығынан айырылған.

Сан түрлі қызметтеріне қарамастан Халықаралық ислам қаржы нарығының қызметінің философиясы төрт категория бағытында қызмет жасауда:

  1. Шариғат рұқсаты;

  2. Стандарттау мен біркелкілендіру;

  3. Листинг және нарықтағы сауда;

  4. Нұсқаларды қабылдау.

Ұйымдық құрылымы бойынша Халықаралық ислам қаржы нарығы келесілерден тұрады:

  1. Директорлар кеңесі (16);

  2. Шариғат бойынша бақылаушы кеңес беруші топ (8);

  3. Атқарушы комитет (7)

  4. Халықаралық ислам қаржы нарығының менеджменті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]