Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aiko dil.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
218 Кб
Скачать
☆

1.3. Ақшалай баламалардың есебі, банктік овердрафт, овернайд

Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыноктарының үлкен қиыншылықтарына байланысты күннен күнге маңызды болып келе жатыр. Бәсекеге қабілеттілік шаруашылық жүргізуші субъект жаңа енгізулер мен одан әрі даму үшін қаражат барлық жағдайда болуды талап етеді. Ақшалай қаражатты және оның баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау кормпанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.

Ақшалай қаражатқа міндеттемені жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы ғана кіреді. Оларға қаржылық мекемелердегі ағымдағы шоттағы қалдықтар, қолма-қол қаражат, монеталар валюта мен субъект кассасына нақты берілетін ақшалай құжаттар жай чектер, кассалық оредерлкр, клиенттердің чектері, ақшалай аударымдар және басқа есеп айрысу құралдары жатады.

«Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есептер» 7 қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары ақшалай қаражаттың баламалары деп қысқа мерзімдік, ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салатын жоғарғы өтемді салымдарды белгілеген. Олар инвестиция немесе басқа мақсаттар үшін емес, қысқа мерзімдік міндеттермелерді қанағаттандыруға арналған. Инвестиция ақшалай қаражаттың баламасы деп санатталса, ол ақшалай қаражаттың белгілі сомасына тез айналуы тиіс және құн өзгеру тәуекеліне аздап ұшырайды, яғни өтеуге деген қысқа мерзімі бар.

Ақшалай баламалар – ақшалай қаражатқа ұқсас, бірақ басқаша сыныпталады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады.

Қазыналық вексельдер үкіметтің айналымға шыққан кезінен бастағанда кемінде бір жылдан соң өтелетін мерзімі бар проценетсіз міндеттемелері. Олар жеңілдікпен сатылады және мерзімінде өтеледі. Өтеу құны мен шығарылатын құны арасындағы айырмашылық сатып алушының проценттік табысы болып саналады.

Коммерциялық қағаздар – қысқа мерзімдік ақшалай қажеттіліктерді қаржыландыру құралы ретінде корпорациялар шығарады.

Депозиттік сертификаттар немесе банттік депозиттер – тез талап етуге болмайтын депозиттер, дегенмен олар өтемеді және алу жолымен санкцияға ұшырайды.

Кідірістер немесе айып санкциялары ақшалай баламалардың ақшалай қаражатқа айырбастауына әсер етуі мүмкін. Сондықтан баламалар ақшалай қаражат есептерінен шығарылады. Олар әдетте қысқа мерзімді инвестициялар шотына жатқызылады.

Ақщалай қаражат ағыны – ақшалай қаражат пен олардың баламалары ағынының келуі мен кетуі.

Қосымша ақшалай қаражат тарту үшін кәсіпорын қарыздарға сүйенеді. Кейбір елдерде олар кәсіпорынның ақшалай қаражатын басқарудың ажырағысыз бөлігін құрайды. Мұндай жағдайларда олар ақшалай қаражатпен оның баламаларының құралы ретінде кіреді. «Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп» 7 қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының айқындауына сәйкес банк овердрафты – төем атқаруға пайда болған, оң сальдодан асатын және қысқа мерзімдік міндеттеме ретінде есептелетін клиенттің банктік шотындағы теріс қалдық.

Овердрафт егер банк төоеген сома клиент шотындағы қалдықтан асқан жағдайда орын алады. Алайда, егер салымшы шот овердрафтын жасаса, бірақ соынмен бірге ол банктегі басқа шоттарда оң қалдығы болса, онда дебеттік және кредиттік қалдықтарды қоса есептеген жөн. Мұндай жағдайда банк дебитор және кридитор рөлін атқарады. Әр түрлі қаржылық мекемелердегі шоттар өзара есепке қосылмайды.

Банктік овернайд – субъектіні бір түнге қысқа мерзімдік кредиттеу.

2-тарау. Валюталық шот бойынша операциялардың есебі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]