- •1.1. Ақша қаражаттарын есепке алудың міндеттері
- •1.2. Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі
- •1.3. Ақшалай баламалардың есебі, банктік овердрафт, овернайд
- •2.1. Шетелдік валютамен жасалатын операциялар
- •2.2. Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі
- •3.1. Бағамдық айырма түсінігі және оны есепте көрсету
- •3.2. Хеджерлеу
- •Қорытынды
3.1. Бағамдық айырма түсінігі және оны есепте көрсету
Валюталық бағамның ауытқуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына себепші. Бағамдық айырмалар – валюталық активтер мен пассивтерді бухгалтерлік есепте оларды тіркеу кезіндегі бағам бойынша және есеп айырысулар жүзінде атқарылған уақыттағы бағалаулар арасындағы сомалық айырмалар. «Шетелдік валютамен жасалған операциялар есебі» №9 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шетелдік валютамен жасалған операциялар болып, субъект шетелдік валютаға мүлік сатып алатын немесе сататын шетелдік валютамен кредиттер алатын не болмаса беретін, шетелдік валютаға активтерді ауыстырып, активтерде сататын мәмілелер табылады. Валютамен операциялар бойынша бухгалтерлік есептегі жазбалар атқарылған операциялар кезіндегі нарықтық бағам бойынша саналған, Қазақстан Республикасынын валютасымен шоттарда көрсетуі тиіс.
ҚР валютасына қатысты шетел валютасының бағамы - ол басқа ұлттық немесе халықаралық валюта бағасын теңгемен көрсету болып табылады. Ол биржадағы. банкаралық нарықта сұраныс пен ұсыныстар негізінде, коммерциялық банктер мен басқа заңды тұлғалар мен азаматтардың, яғни валюталық ішкі нарықта валютаны сату-сатып алуда қалыптасады.
Коммерциялық банктерде валютаны сатып алу-сату бағамдары, аукциондық және биржалық бағамдар шетелдік валютаны нақты коммерциялық банктерде, айырбас пункттерінде, валюталық аукциондар мен биржаларда сатып алу мен сату бойынша операциялар жасау үшін арналған.
Бағамдык айырмалар нарықтық бағамдардың шаруашылық операциясын жасау мен есеп айырысу кезі арасындағы, яғни дебиторлық немесе кредиторлық берешекті толык немесе жарым-жартылай өтеу кезеңінде болған өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Бағамның жағымды дамыған кезінде жағымды, ал жағымсыз болғанында теріс бағамдык айырмалар пайда болады.
Бағамдық айырмалар мынандай жағдайда пайда болады:
а) импорттық операцияларда ұлттық валютадағы тауардың мәмілелік құнды баламасының шот-фактурада (инвойсте) көрсетілген уақыты, ақшалай қаражатты, оны бағалауға дейінгі немесе жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу бойынша пайда болған дебиторлык немесе кредиторлық берешекті кеміту жолымен аудару ай-күні. жылы арасында.
Мысал:
Кәсіпорын есеп құжаттарьш жазған күніндегі 1 долларга 153,5 теңгелік нарык бағамы бойьшша 2000 долл. материал сатып алды.
Материалдарды кіріске алғанда мынандай бухгалтерлік жазбалар жасау қажет:
1310 «Материалдар» шот дебеті 4110 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті 307 000 теңге (2000 долл.-153,5).
I нұсқа:
Төлем 1 долл. 154,2 теңге болған доллар бағамы кезінде 20 күннен соң жасалды.
4110 «Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті 1050 «Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша» шот кредиті 308 400 теңге (2000 долл.-154,2).
Теріс бағамдық айырма пайда болды (шетелдік жабдыктаушы алдындағы кредиторлық берешек 307 000 теңге, бағам өзгеруі салдарынан 308 400 теңге нақтылай төленеді), бұл бухгалтерлік жазбада былайша көрсетіледі:
844 «Бағам айырмасы бойынша шығындар» шот дебеті 4110 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті 1400 тен:ге (308 400-307 000= 1 400)
II нұсқа:
Егер төлем күнінде доллар бағамы 1 долл. 153 теңге болса.
4110 «Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті 1050 «Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша» шот кредиті 306 000 теңге (2000 долл. 153).
Бағамдық айырма он (шетелдік жабдықтаушы алдындағы кредиторлық берешек 307 000 теңге бағам өзгеруі салдарынан 306 000 тенге нақтылай төленеді) бухгалтерлік жазбада былайша көрсетіледі:
4110 «Төленуге тиісті тоттар» шот дебеті 725 «Бағамдар айырмашылығынан алынатын кіріс» шот кредиті 1000 теңге
(307 000 - 306 000 = 1000).
ә) экспорт операциялары бойынша өткізілген уақытымен ұлттық валютадағы келісім-шарттык құн баламасы мен акшалай қаражаттың түсуі арасында.
Мысалы:
Шетелдік сатып алушыға 5 000 долл. өнім 1 долларға 153,5 теңге бағамы бойынша есептік-ақшалай құжаттар жазу уақытымен.
Тауар құны 765 500 теңге.
Өнімнің өзіндік құны 405 000 тенге.
Тиелген өнімнің нақты өзіндік құнына.
801 «Сатылған дайын онімнің өзіндік құны» шот дебеті 221 «Дайын өнім» шот кредиті 405 000 теңге.
Тиелген өнімнің келісім-шарттык құнымен жабдыктаушыға шот қойылды:
301 «Алуға арналған есептеулер» шот дебеті 701 «Дайын өнімді сатудан алынатын кіріс» шот кредиті 765 500 (5 000 долл.-153.5).
I нұсқа:
Төлем 15 күннн соң аткарылды. Валюталық шотқа қаражатты қосып есептелген күні 1 долл. бағамы 153,7 теңге құрады.
1050 «Ел ішіндегі валлюталық шоттағы ақша» шот дебеті 301 «Алуға арналған есептеулер» шот кредиті 768 500 (5000 долл.-153,7).
Оң бағамдық айырма пайда болды (шетелдік сатып алушының дебиторлық берешегі 765 500, бағам өзгеруі салымдарынан ұйымның шотына 768 500 нақтылай түсті).
301 «Алуға арналған есептеулер» шот дебеті 725 «Бағамдар айырмашылығынан алынатын кіріс» шоты кредиті 3 000 (765 500 - 768 500).
II нұсқа:
Егер доллар бағамы түссе және валюталық шотқа қаражат қосып есептелген күні 1 долл. бағам 153.2 теңгені құрады.
431 «Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша» шот дебеті 301 «Алуға арналған есептеулер» шот кредиті 766 000 (5000 долл.-153,2).
Теріс бағамдық айырма пайда болды (шетелдік сатып алушының дебиторлық берешегі 768 500, бағам өзгеруі салдарынан ұйьм шотына нақты 766 000 түсті);
844 «Бағам айырмасы бойынша шығындар» шот дебеті 301 «Алуға арналған есептеулер» шот кредиті 2 500 (768 500 -- 766 000).
б) экспортталатын өнімді тиеу уақытындағы ұлттық, валютамен мәмілелік құн баламасы мен айырбасқа алынатын импорттық өнімді өзара есептесулердің теңдігіне жету үшін алынған кредиторлық берешекті немесе тиелген тауарлар бойынша дебиторлық берешекті алдын-ала бағалау мен баға кеміту жолымен кедендік рәсімдеу уақыты арасында бартерлік негізбен жүргізілетіи экспорт-импорт операцияларында.
в) кредиттік мекемелерден немесе қарыз берушілерден алынған валюталық қаражат бойынша берешектің бар болуы, бағамдық айырманы анықтау бұл. Борышты түпкілікті өтеу сәтіне дейін жүргізіледі.
г) шетелдік валютадағы ақшалай қаражат қалдыктары (ақша қаражаттары да кіреді). Мыналарды қайта бағалауға болмайды:
а) бағам өзгеруіне байланысты тауарлық-материалдық қорлар мен үйымның валютаға алынған басқа да мүлкінің қалдықтары. Бұл қаражат бухгалтерлік есепте есептеледі және бастапқы баға уақытындағы шетелдік. валютаны теңгемен қайта есептеу жолымен анықталатын сома баланста келтіріледі.
ә) сондай-ақ кәсіпорының жарғылық капиталын қайта бағалауға болмайды салымшылар үлесінің ара қатынасы қайта каралмайды.
Валюта бағамының тербелісі бағам айырмасының туындауына себепші болады. №9 БЕС-ына сәйкес бағамдық айырма - бұл шетелдік валютаның бір ғана бірлігін бағам өзгерісі кезінде бухгалтерлік есептің жүйесі мен қаржылык, есептемеде көрсету нәтижесінде туындайтын айырма.
Бағамдық айырма туындайтын жағдайлар:
а) импорттық операциялар кезінде тауарларды кедендік ресімдеу мен жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі дебиторлық немесе кредиторлық берешектерді қосымша бағалау немесе бағасын кеміту жолымен олар үшін ақша қаражаттарын аудару күндерінің арасында келісімшарттық құнның ұлттық валютадағы баламасы. Субъект 2 000 АКДІ доларына шикізат сатып алған, кедендік ресімдеу кұнындағы бағам 1 доллар үшін 75,3 теңге болған кезде сомасы 150 600 теңге құраған Д-т 1310 К-т 3310 -150 600 теңге. Төлем күніндегі төлем бағамы - 75,7 теңге Д-т 3310 К-т 1050 -151 400 теңге (2 000 х 75,7). Бағамдық айырма (теріс) Д-т 7430 К-т3310-800теңге.
Егер төлем күні доллар бағамы 75,15 теңге болса, онда Д-т 3310 К-т 1050 - 150 000 (2 000 х 75,15). Оң бағамдық айырма болады Д-т 3310 К~т 6250 - 00 теңге.
э) экспорттық операциялар кезінде келісімшарттық кұнның сату күні мен ақша қаражаттарының келіп түсуі күндерінің арасындағы ұлттық валютаның баламасы.
Шетелдік сатып алушыға 5 000 АҚШ долларының өнімі жөнелтілді. Кедендік ресімдеудің есеп айырысу ~ ақша құжаттарын жазу күнінде бағам 1 доллар үшін 75,3 теңге болған. Тауардьщ құны 3 76500 теңге құрап, жөнелтілген өнімнің өзіндік құны 305000 теңге болды.
Жөнелтілген өнімнің нақты өзіндік құнына Д-т 7010 К-т 1320-305000.
Жөнелтілген өнімнің келісімді құнына Д-т 1210 К-т 6010 -376500.
Бағам 75,6 теңге болған кезде төлем жасалды, яғни Д-т 1050 К-т 1210-378000 (5 000 х 75,6).
Оң бағамдық айырма Д-т 1210 К-т 6250 - 1 500.
Егер телем күні доллар бағамы 75,05 теңге болса, Д-т 1050 К-т 1210 - 375250 (5 000 х 75,05).
Теріс бағамдык айырма Д-т 7430 К-т 1210 — 1250.
Валютаны сатқан және сатып алған (субъектінің мәлімдеуі бойынша) кезде ¥лттық банктің бағамы мен биржалық бағамның (немесе банк бағамы) арасында айырма пайда болады. Бұл айырма бағамдық қайшылык болып саналып, кезеңнің шығысы немесе кірісі ретінде танылады. Салық есебінде жиынтық жылдық табысты анықтаған кезде оң бағамдық айырма шегерімге жатады, ал терісі жылдық жиынтык табысты арттырады.
