- •1.1. Ақша қаражаттарын есепке алудың міндеттері
- •1.2. Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі
- •1.3. Ақшалай баламалардың есебі, банктік овердрафт, овернайд
- •2.1. Шетелдік валютамен жасалатын операциялар
- •2.2. Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі
- •3.1. Бағамдық айырма түсінігі және оны есепте көрсету
- •3.2. Хеджерлеу
- •Қорытынды
2.1. Шетелдік валютамен жасалатын операциялар
Шетелдік валютамен жасалатын операция есебі Қазақстан Республикасы территориясында операция жасалған кездегі нарық белгілеген бағамды қолданып, қазақстандық теңгемен есептелуге тиісті ақшалай қаражатқа байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының 24.12.2001 ж. №178-11 «Салық және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексті қабылдауға байланысты «ҚР–ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен, Қазақстан Республиксы Азаматтық Кодексінің 282 бабымен, Қазақстан Республикасының 2002 ж. 24 маусымдағы №329-П «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 ж. 6 маусымдағы № ДМ -1-2-18/5689 «БВБ-да қолданылатын тенге бағамына қатысты» Хатымен реттеледі.
Осы құжаттарға сай ішкі қарыз сомасын немесе төлемді шетел валютасының сәйкес баламасымен көрсетуге тыйым салынған, өйткені ұлттық валюта бағамы тұрақтанды, ал инфляция болжанатын болды және онша көп емес (жылына 12-18 %), сондай-ақ ұлттық валютаны нығайту мақсаты бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 127 б. І тармағына сәйкес Республикадағы ақшалай бірлік болып тек қана тенге саналады, ал барлық міндеттемелер, есептеулер, төлемдер қандай да болсын шетелдік валютаға әбден берілмей, ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетіледі және жүргізіледі. Тек қана ұзақ мерзімдік міндеттемеде ғана тараптармен келісілген (ҚР АК 282 б. 3 т) шарттарда төлемді индекстеу қарастырылуы мүмкін.
Сонымен қатар ҚР-ның «Валюталық реттеу туралы» Заңыеың 7 б. 5- тарауында жалғыз-ақ, егер резидент пен бейрезидент мәміленің тораптары болса, операциялар бойынша шетелдік валютамен төлем жүргізуге болады.
Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және мынадай әр түрлі валюталарда:
а) ұлттық;
б) еркін айырбасталатын (шетелдік басқа валюталарға еркін және шектеусіз айырбасталатын);
в) тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы елдердің ұлттық валюталары);
г) клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алу негізінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қатысушылар келіскен валютада) операциялар жасайды.
ҚР ¥лтгық банкі Басқармасының 1997 жылғы 2 мамырдағы №206 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізудің ережесіне" сәйкес валюталық операцияларды жасау үшін занды және жеке тұлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталық шот ашады. Шотты ашу үшін заңды тұлғалардың тапсыратыны:
1) Валюталық шотты ашу туралы өтініш;
2)Құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмесі.
3)Өкілетті тұлғалардың қойған қолдары мен мөртабан белгісінің үлгілері;
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Салық төлеуші ретінде есепке қойғаны туралы салық органының анықтамасы.
Резидент заңды тұлғалардың валюталық шотты ашуы, жүргізуі және жабуы «Клиенттердің екінші деңгейдегі банктерде банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» 1997 жылғы 4 наурыздағы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен жүргізіледі.
"Шетелдік валютадағы операциялардың есебі" 9 БЕС-ына сәйкес валютада жасалатын мәмілелер шетелдік валютадағы опе-рациялар болып табылады. Мұндай кезде субъект:
Мүлікті (тауарлы-материалдық қорларды, негізгі құралдарды және т.б. айналым активтерін) шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады.
Төленуге немесе алынуға тиіс сомасы шетелдік валютада белгіленген несиелерді алады немесе береді.
Өзгедей жолмен активтерді шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады, шетелдік валютамен өзіне міндеттеме алады немесе сол міндеттемелер бойынша валютамен есептеседі.
Валютамен операциялар жөніндегі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған күнгі ¥лтгық банктің бағамына қайта есептелген ҚР-ның валютасында көрсетілуге тиіс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар бойышна талдамалы шоттағы жазулар, сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жүргізілуге тиісті.
Шетелдік валютамен есеп айырысу, әдетте, мынадай нысандарда жүргізіледі:
1) Банктік аударым - бұл бір банктің төлем тапсырмасының басқа банкке пошта немесе телеграф бойынша салып жіберуімен жүргізілетін есеп айырысу операциясы.
2) Құжаттамалық инкассо - бүл импортшыдан (төлеушіден) ақша сомасын немесе тауар құжаттарына қарсы белгілі бір мерзімде төленетіндігін растауды алуға экспортшының (кредитордың) өз банкіне берген тапсырмасы.
3) Құкаттамалық аккредитив - бүл импортшы-клиентінің тапсырмасы негізінде экспортшының пайдасьша берілген банктік ақшалай міндеттеме.
Валюталық шоттар бойынша операциялар мынадай құжаттармен ресімделеді:
а) қолма-қол валютаның (түсім, пайдаланылмаған сома, есеп беретін сомалар жэне басқалар) келіп түсуі валюталық кіріс ордерімен ресімделеді;
ә) қолма-қол валютаның берілуі (шығысы) - валюталық шығыс касса ордерімен (тапсырмамен);
б) шетелде жүрген бенефициарға (алушыга) валюта қаражатын аудару аударым өтінішімен ресімделеді. Валютаның шоттар бойынша операциялардың есебі активтік 1050 — "Ағымдағы корреспонденттік шоттағы шетел валютасы " шотында жүргізіледі. Мұндай шотты ашу және сол бойынша операциялар жасау ҚР ¥лттық банкі берген алдын ала рұқсаттың болуын талап етеді. Бұл орайда шаруашылық субъектісі аталған шоттардағы қаражаттардың қалдығы бойынша және басқа да мәліметтер бойынша есептемені ҚР Ұлттық банкі белгілеген нысанда және мерзімде тапсыруға міндетті. 1050-шоттың дебеті бойынша бастапқы қалдық, ақша қаражаттарының түсуі және соңғы қалдық көрсетіледі. 1050-шоттың кредиті бойынша субъектінің валюталық шотынан қаражаттардың есептен шығарылуы (аударылуы, берілуі) көрініс табады. 1050-шоттың кредиті бойынша операциялар банк көшірмесінің негізінде №2 журнал-ордерге, 1050-шоттың дебеті бойынша №2 ведомоске жазылады. Жиынтық айналым мен сальдо ай соңында бас кітапқа көшіріледі.
1050 - шот бойынша шаруашылық операциялары.
Экспортқа жөнелтілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер үшін шетелдік сатып алушылардан түсім түсті Д-т 1050 К-т 1210.
Әр түрлі шетелдік дебиторлардан берешектің келіп түсуі Д-т 1050 К-т 1280.
Бұрын берілген аванстардың түсуі (қайтарылуы) Д-т 1050 К-т 1610.
Шетелдік валютадағы шоттан ел ішіндегі валюталық шотқа келіп түскені Д-т 1050 К-т 1060.
Құрылтайшылардың жарғылық капиталға салымы шетелдік валютамен түсті Д-т 1050 К-т 5020.
Шетелдік валютамен несие, займ алу Д-т 1050 К-т 3010- 3540.
ІДетелдік валютамен аванс алынғанда Д-т 1050 К-т 3510, 4410.
Шетелдік валютадағы акша қаражаттары валюталық шотқа өткізілді Д-т 1050 К-т 1020.
Оң бағамдық айырма Д-т 1050 К-т 6250.
ТМҚ жеткізуге, жұмыс және қызмет үшін шетелдік валю- тамен берілген аванс (алдын ала төлем) Д-т 1610, 2910 К-т 1050.
Шетелдік валюта аккредитивке есептелді Д-т 1070, К-т 1050;
Банктерден қолма-қол шетел валютасын алу Д-т 1020, К-т 1050.
Несиелер, займдар берешек өтелді (қайтарылды) Д-т 3010- 3540 К-т 1050.
Шетелдік жеткізушілердің шотын төлеу Д-тЗЗЮК-т 1050.
Өзге кредиторларға берешектерді өтеу Д-т 3390 К-т 1050.
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға берешектерді өтеу Д-т 3330-3320 К-т 1050.
Теріс бағамдық айырма Д-т 7430 К-т 1050.
