Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Algoritmy_k_IGA.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
988 Кб
Скачать
☆

17.Резенке қолғапты шешіп, кбсу –ға сал.

7.Төменгі жақтың сынығында, бекітуші «Ноқта» таңғышының байлау әрекетін фантомда көрсету.

Мақсаты: Астынғы жақтың транспорттық бекітуі.

Көрсеткіші: Бетпен астыңғы жақтың зақымдануы.

Ресурстар: Жалпақтығы 10 см бинт, қайшы.

Әрекет алгоритмы:

1.Науқасты отырғызып, тыныштандыр, манипуляция барысын түсіндір.

2.Бинттің басын оң, ал құйрығын сол қолға ал.

3.Басты айландыра, маңдаймен шүйдені жауып, циркулярды тур орында – 1 тур.

4.Бинттің басын шүйдеден иекке апарып, бір самайдан төбеге апарып, екінші самайдан қайтадан иекке қарай ора – 2 тур.

5.Екінші турды 3 рет қайтала.

6.Бинтті сол жақтаң шүйдеге апарып, бекіту турларын орында.

7.Таңғышты маңдайда аяқта.

8.Фантомда тобық буынына бекіту таңғышының (8-тәрізді таңғышын) байлау техникасын көрсету.Бұл таңғышты қандай жағдайда пайдаланады?

Мақсаты: Тобық буынын бекіту.

Көрсеткіші: Тобық буынының байламдарының созылуы және буыннның орнынан таюы.

Ресурстар: Бинт, қайшы.

Әрекет алгоритмы:

1.Тобық буынының жоғарғы жанынан 2-3 фиксациялық тур жаса.

2.Бинтті табанның үстінен жылжыт.

3.Табанды айландыра ора.

4.Бинтті табанның үстімен тобыққа қарай апар.

5.Тобық буынын ора.

6.Тобық буыны толық жабылғанша, жоғарыдағы турларды қайтала.

7.Таңғышты тобықта аяқта.

9.Бүйрек шаншуында науқасқа бмк көрсету.

Мақсаты: Бүйрек шаншуында бірінші медициналық көмек көрсету.

Көрсеткіші:Уролитиаз, бүйрек шаншуы.

Ресурстар:Жылытқыш (грелка), тері антисептигі, шприцтер, залалсыз мақта домалақтары, 70% этил спирті, спазмолитиктер (но-шпа, дротаверин), анальгетиктер (кетонал, трамадол), залалсыз резеңке қолғаптары, КБСУ.

Әрекет алгоритмы:

1.Науқасты тыныштандыр, манипуляция барысын түсіндір.

2.Қолды тері антисептигімен өңдеп, резенке қолғапты ки.

3.Жылытқышты температурасы 500 жылы суға толтырып, науқастын бел тұсына қой.

4.Бұлшық етке но-шпа -2 мл, трамадол -2мл енгіз.

5. .Резенке қолғапты шешіп, кбсу –ға сал.

Ескерту: Егер 20-30 минуттан кейін науқастың жағдайы оң алмаса, стационарға тасымалда!!!

  1. Иық буыны тайғанда бмк көрсету.

Мақсаты: БМК көрсету. Асқынулардың алдын алу.

Көрсеткіші: Иық буынының орнынан таюы..

Ресурстар: Резеңке қолғап, анальгетиктер - кетотоп 100мг -3мл, трамадол 4мг; Крамер жақтауы, жалпақ бинттер, шприцтер, залалсыз мақта домалақтары, жастықшалар, қол өңдейтін антисептик, 700 спирті, үшкіл орамал, метр, КБСУ.

Әрекет алгоритмы:

  1. Науқасты өзіңе қаратып отырғыз, тыныштандыр.

  2. Резенке қолғапты ки.

  3. Ауру сезімін басу үшін кетотоп 100мг -3мл, трамадол 4мг б/е еңгіз.

  4. Буын таюдың белгілерін анықта.

  5. Зақымдалған қолға физиологиялық қалып бер. Қолды шынтақта бүгіп, қол басын денеге тақап қой.

  6. Саусақтан шынтақ буынына дейінгі қашықтықты өлшеп алып, соған сәйкес жақтауды тіке бұрштап бугіп, майыстыр.

  7. Шынтақ буынынан иық буынына дейінгі қашықтықты өлшеп алып, соған сәйкес жақтауды тіке бұрштап бугіп, майыстыр.

  8. Жақтауды сау қолына өлшеп тиісті тузетулерді енгіз.

  9. Жақтауды киімнің сыртына салу қажет.

  10. Жақтауды зақымдалған қолына сал.Алақан астына валик қой.

  11. Оны бинтпен ораудың ережесін қолдана отырып бекіт.

  12. Резенке қолғапты шешіп КБСУ-ға сал.

  13. Жәбірленушінің зақымдан қолын үшкіл ормалға асып қойып, стационарға тасымалда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]