- •1. Резус- факторды цоликлон анти-д көмегімен анықтау.
- •2.Мойын тамырлары зақымданған кезде бірінші медициналық көмек көрсету.
- •3.Білек қызыл тамырынан қан кеткен жағдайда, барлық уақытша қан тоқтату тәсілдерінің фантомнан көрсету.
- •3.Науқасқа манипуляция барысын түсіндіріп бер.
- •3.Науқасқа манипуляция барысын түсіндіріп бер.
- •4.Муляжға -балтырға гипстік лонгетаны салу іс-әрекеті.
- •5. Қан тобын цоликлон көмегімен анықтау.
- •Резенке қолғапты шешіп, кбсу –ға сал.
- •6.Бастың төбе сүйегінің жұмсақ ұлпаларының ашық жарақатында жараны өңдеп, «Чепец» таңғышын салу іс-әрекетін фантомда көрсету.
- •17.Резенке қолғапты шешіп, кбсу –ға сал.
- •7.Төменгі жақтың сынығында, бекітуші «Ноқта» таңғышының байлау әрекетін фантомда көрсету.
- •8.Фантомда тобық буынына бекіту таңғышының (8-тәрізді таңғышын) байлау техникасын көрсету.Бұл таңғышты қандай жағдайда пайдаланады?
- •9.Бүйрек шаншуында науқасқа бмк көрсету.
- •5. .Резенке қолғапты шешіп, кбсу –ға сал.
- •Иық буыны тайғанда бмк көрсету.
- •Дезо» таңғышын орау іс-әрекеті.
- •11. Бір сүт безіне байланатын таңғыштың іс-әрекеті.
- •12.Омыртқа зақымданғанда транспорттық бекіту (иммобилизация) орындау.
- •13.Муляжда білекке гипстік лонгетаны салу техникасын көрсету.
- •14.Сафардың үштік әдісін фантомнан көрсету, ауа өткізгіштігін енгізу.
- •15.Түйінді тігісті салу және алу әрекетің муляжда көрсету.
- •2.Залалсыз қолғапты ки.
- •Түйінді тігісті шешу техникасы
- •2.Залалсыз қолғапты ки.
- •16. Білектің іріңді жарасына туалет жасау, антисептикалық таңғыш орау.
- •2.Залалсыз қолғапты ки.
- •17. Білектің II дәрежедегі термиялық күйігі бар жәбірленушіге бірінші медициналық көмек көрсету.
- •18.Оң жақ иық сүйегінің жабық сынығында, жәбірленушіге бірінші медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға тасымалдауға дайындау.
- •19.Сол жақ балтыр сүйектері ашық түрде сынғанда, жәбірленушіге бірінші көмек көрсету, ауруханаға тасымалдауға дайындау.
- •20.Сол жақ сан сүйегінің жабық сынығында, жәбірленушіге бірінші көмек көрсету, ауруханаға тасымалдауға дайындау.
- •21. Электрожарақат салдарынан клиникалық өлім жағдайына енген жәбірленушіге көрсетілетін шұғыл көмек.
- •22.Фантомда жүрек-өкпе реанимациясын орындау.
- •23. Жүректі сырттай уқалау іс-әрекеті.
- •24. Білек пен балтырға пневматиқалық жақтауды салу іс-әрекетін көрсету.
- •25. Тыныс жолдарының бөгде заты бар жәбірленушіге бірінші медициналық көмек көрсету. Геймлихтің әдісінің техникасы (тыныс жолдарын бөгде заттан босату)
- •26. Бұғана сүйегінің жабық сынығында, жәбірленушіге көрсетілетін бірінші медициналық көмек.
- •Қолға үшкіл орамалдың байлау іс-әрекеті.
- •Дезо» таңғышын орау іс-әрекеті.
- •27. Кеуде торының өтпелі жарақаты бар жәбірленушіге (ашық пневмоторакста) бірінші медициналық көмек көрсету.
- •28. Құрсақ құысының өтпелі жарақатында(ішектер сыртқа шығып кеткенде) жәбірленушіге көрсетілетін шұғыл көмек.
- •29.Жамбас сүйегі зақымданғанда транспорттық бекіту (иммобилизация) орындау.
- •30. Сол жақ балтырдың «Ұзақ жаншылу синдромында» (Краш-синдром) бмк көрсету.
13.Муляжда білекке гипстік лонгетаны салу техникасын көрсету.
Мақсаты: Қол зақымы кезінде емдік иммобилизация.
Көрсеткіші: Сынық, буыннан таю, байламдардың созылуы.
Ресурстар: бинт, қайшы, гипс ұнтағы, вазелин немесе балалар кремы, резеңке қолғаптар, жылы су, леген, анальгетик, шприц, 70% этил спирті, залалсыз мақта домалақтары.
Әрекет алгоритмы:
1.Науқасты отырғызып, тыныштандыр.
2.Манипуляция барысын түсіндір.
3.Резенке қолғапты ки.
5.Ауырсыну сезімін жою үшін б/е 2мл -кетотоп ерітіндісін енгіз.
6.Сынық немесе буыннан таюдың белгілерін анықта.
7.Зақымдалған қолға физиологиялық қалып бер. Қолды шынтақта бүгіп, қол басын денеге тақап қой.
8.Лонгетаның ұзындығын сау қолда өлше: саусақ ұшынан иықтың ортасына дейін.
9.Белгілеген ұзындық бойынша, 8-9 қабатты лонгетаны әзірле.
10.Зақымдалған қолға вазелин немесе балалар кремін абайлап жақ, сүйегі жақын жерге мақта сал.
11.Дайын лонгетаны су қүйылған легеннің түбіне салып, ауа көпіршіктердің әбден шығуын тос, лонгетаны судан алып, ақырын сығып артық суын кетір
12.Лонгетаны үстелге қойып тегісте.
13.Лонгетаны зақымдалған қолға жабыстырып, үстінен жай бинтпен ора.
14.Гипс қатқан соң, жай бинтті тарқатып лонгетаны тексер.
15.Лонгетаның шеттерін тартып, сәл босат (қан айналымын бұзбау үшін).
16.Лонгетаны бинтпен орап, мойынға асып қой.
Ескерту: Гипс сапасын алдын ала тексер. Зақымдалған қолдың саусақтарының ұштарын ашып қою керек.
14.Сафардың үштік әдісін фантомнан көрсету, ауа өткізгіштігін енгізу.
Мақсаты: Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамассыз ету.
Көрсеткіші: Клиникалық өлім, асфиксия.
Әрекет алгоритмы:
Адамды тегіс, қатты жерге шалқасынан жатқызу.
Басын барынша шалқайту ( бас ми жарақатында орындалмайды).
Ауыз, мұрын қуыстарын сілекейден, құсық соқтасынан, қан ұйықтардан тазалау, астынғы жақты бері шығару, керек болса тілді тіл ұстағышпен бері тартып қою.
Ауа өткізгіштігін енгізу әрекеті.
Мақсаты: Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамассыз ету.
Көрсеткіші:Кома кезіндегі жіті тыныс жетіспеушілігі (жөтелу және құсу рефлекстері жоғалғанда) Ресурстар: Өлшемі сәйкес келетін ауа өткізгіштер.
Әрекет алгоритмы:
1.Сол қолдың 1 және 2 саусақтардың көмегімен ауызды ашып, тексеру.
2.Оң қолға сәйкес келетін ауа өткізгіштігін алып, иілген жағын тілге қаратып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына жеткенше енгізу.
3.Ауа өткізгішінің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына жеткенде, түтікшені 1800 бұру керек, сонда ауа өткізгіші тілдің түбін басып, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамассыз етеді.
Ауа өткізгішінің дұрыс салу критериі ол спонтанды тыныстың пайда болуы.
Асқынуы: түтікшенің орнынан тайып кетуі, асфиксия, құсу, ларингоспазм.
15.Түйінді тігісті салу және алу әрекетің муляжда көрсету.
Мақсаты: Жара шетін біріктіру.
Көрсеткіші: Жараның болуы.
Ресурстар: 1% йодонат ерітіндісі (балаларға жасыл бриллиант ерітіндісі),залалсыздандырылған таңу материалы,клеол, жібек № 3 және № 4,ине ұстағыш,тері кесетін ине, хирургиялық пинцет, корнцанг, қайшы, залалсыздандырылған лоток,залалсыз резеңке қолғап, КБСУ.
Әрекет алгоритмы:
1.Қолдың гигиеникалық деңгейде деконтоминациясын орында.
