Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Algoritmy_k_IGA.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
988 Кб
Скачать
☆

17. Білектің II дәрежедегі термиялық күйігі бар жәбірленушіге бірінші медициналық көмек көрсету.

Мақсаты: Шұғыл көмек көрсету

Көрсеткіші: Термиялық күйік.

Ресурстар: залалсыз резеңке қолғап, қолды өңдейтін антисептик (акмасепт) 70% этил спирті, залалсыз дәкелер, бинт, 2% промедол ерітіндісі, трамадол,кетотоп 100мг, мұзды мүйіқ, пинцет, Крамер жақтауы, КБСУ.

Әрекет алгоритмы:

1.Зақымдаушы фактордың әсерін тоқтату. (Қауіпсіздік техникасын сақтап, отты өшіру, ыстық су аққан кранды жабу т.б).

2. Киімді кесіп, жара бетін ашу.

3.Күйіктің дәрежесін, көлемін анықтау.

4. Ауырсыну сезімін басу –б/е 2% промедол ерітіндісі, стадол, трамадол, кетотоп 100мг (жәбірленушінің жағдайына, күйік аланының көлеміне қарап, жәй анальгетиктерді немесе наркотиктерді таңда).

5.Күйік айналасын спиртке малынған дәкемен, күйікке тигізіп алмай өңде.

6.Күйік бетін үлкен дәкемен жап, үстінен бинтпен циркулярды турларды орындап, ора.

7.Зақымданған қолды Крамер жақтауымен бекіт.

8.Мұзды мүйықты күйік тұсына қой.

9.Жәбірленушіні зембілге жатқызып, стационарға тасымалда.

18.Оң жақ иық сүйегінің жабық сынығында, жәбірленушіге бірінші медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға тасымалдауға дайындау.

Мақсаты: БМК көрсету. Асқынулардың алдын алу.

Көрсеткіші: Оң жақ иық сүйегінің жабық сынығы.

Ресурстар: Резеңке қолғап, анальгетиктер - кетотоп 100мг -3мл, трамадол 4мг; Крамер жақтауы, жалпақ бинттер, шприцтер, залалсыз мақта домалақтары, жастықшалар, қол өңдейтін антисептик, 700 спирті, үшкіл орамал, метр, КБСУ.

Әрекет алгоритмы:

  1. Науқасты өзіңе қаратып отырғызыңыс тыныштандыр.

  2. Резенке қолғапты ки.

  3. Ауру сезімін басу үшін кетотоп 100мг -3мл, трамадол 4мг б/е еңгіз.

  4. Сынық белгілерін анықта.

  5. Зақымдалған қолға физиологиялық қалып бер. Қолды шынтақта бүгіп, қол басын денеге тақап қой.

  6. Саусақтан шынтақ буынына дейінгі қашықтықты өлшеп алып, соған сәйкес жақтауды тіке бұрштап бугіп, майыстыр.

  7. Шынтақ буынынан иық буынына дейінгі қашықтықты өлшеп алып, соған сәйкес жақтауды тіке бұрштап бугіп, майыстыр.

  8. Жақтауды сау қолына өлшеп тиісті тузетулерді енгіз.

  9. Жақтауды киімнің сыртына салу қажет.

  10. Жақтауды зақымдалған қолына сал.Алақан астына валик қой.

  11. Оны бинтпен ораудың ережесін қолдана отырып бекіт.

  12. Резенке қолғапты шешіп КБСУ-ға сал.

  13. Жәбірленушінің зақымдан қолын үшкіл ормалға асып қойып, стационарға тасымалда.

19.Сол жақ балтыр сүйектері ашық түрде сынғанда, жәбірленушіге бірінші көмек көрсету, ауруханаға тасымалдауға дайындау.

Мақсаты: БМК көрсету. Асқынулардың алдын алу. Балтыр сүйектеріінің 3 жақтаумен транспортық бекітуі.

Көрсеткіші: Сол жақ балтыр сүйегінің ашық сынығы.

Ресурстар: Резеңке қолғап, Эсмарх тарпасы, йодповидон, анальгетиктер - кетотоп 100мг -3мл, трамадол 4мг, 2%промедол; Крамер жақтауы -3 дана немесе пневможақтау, жалпақ бинттер, шприцтер, залалсыз мақта домалақтары,дәкелер, жастықшалар, қол өңдейтін антисептик, 700 спирті, үшкіл орамал, метр, КБСУ, қайшы.

Әрекет алгоритмы:

1.Науқасты шалқасынан жатқызып, тыныштаңдыр.

2.Манипуляция барысын түсіндір.

3.Қолды антисептикпен өңдеп, резенке қолғапты ки.

4.Санның төменгі бөлігінен, уақытша қан тоқтату мақсатымен, Эсмарх тартпасын байла.

5. Ауру сезімін басу үшін кетотоп 100мг -3мл,жағдайы ауыр болған жағдайда- трамадол 4мг, 2%промедол, б/е еңгіз.

6.Зақымды тексер.

7. Сынық белгілерін анықта.

8.Аяққа физиологиялық қалып бер.

9.Крамер жақтауларын ал, 1- 120см ұзындығымен, 2- 80см ұзындығымен.

10. Бармақтардан өкшеге дейінгі орталықты өлшеп алып, жақтауды соған сәйкес тік бұрыштап бүгіп, майыстыр.

11. Жақтауды өкшеден санның ортасына дейін өлше.

12. Әзірлеген жақтауларды сан ортанғы бөлігі мен балтырдың сыртқы және ішкі жағынан салып тізе және балтыр- табан буынын бекіт.

13. Жақтауларды бинтпен ораудың ережесін қолдана отырып бекіт.

14.Резенке қолғапты шешіп КБСУ-ға сал.

15. Жәбірленушіні зембілге шалқасынан жатқызып, тасымалда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]