- •«Қазақстан Республикасының жер ресурстары және жер кадастры» пәні бойынша
- •5B011600 - «География» - мамандығына арналған
- •5B060900- «География» - мамандығына арналған
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2. Пән : «Қазақстан Республикасының жер ресурстары және жер кадастры»,
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •1.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •1.7 «Қазақстан Республикасының жер ресурстары және жер кадастры» пәні бойынша тапсырмалар орындау, тапсыру графигі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі
- •1.9 Бағалау туралы ақпарат
- •Студенттердің білім тексеру рейтинг шкаласы
- •1.10 Курстың саясаты мен жүргізілуі:
- •«Қазақстан Республикасының жер ресурстары және жер кадастры» пәні бойынша оқу - әдістемелік материалдар
- •2.1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •Дәрістік сабақтардың тезистары
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4 Зертханалық жұмыстар оқу жоспары бойынша жоқ.
- •2.5 Студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмыстар аясындағы сабақтар жоспары (соөж).
- •2.6 Сөж негізіндегі сабақтар тақырыбы
- •1 Тақырып Жер қорының құрылымы мен жіктеліну заңдылықтары.
- •2 Тақырып Ауыл шаруашылық жер ресурстары.
- •3 Тақырып Өнеркәсіп, транспорт, байланыс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер.
- •4 Тақырып Елді – мекенге арналған жерлер.
- •5 Тақырып Ерекше қорғалатын жерлер.
- •6 Тақырып Орман және су ресурстарына арналған жерлер.
- •7 Тақырып Жер ресурстарын экономикалық-географиялық бағалау.Топырақ бонитировкасы.
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.7 Сабақтардың бағдарламалық және мультимедиялық қамтылуы
- •Өзін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
- •2.9 Курс бойынша емтхан сұрақтары
- •Мазмұны
- •5B011600 – «География» және 5b060900 – «География» мамандықтарында оқитын студенттерге арналған
- •100012, Қарағанды, Гоголь көшесі, 38
Дәрістік сабақтардың тезистары
Дәріс №1. Кіріспе. Пәннің қалыптасу. Жер ресурстарын оқытудың әдістемелік – теориялық негізі. 1сағат.
1. Топырақты Ресейде бонитеттеу тарихы
2. Топырақты бонитеттеудің Докучаевқа дейіңгі кезеңі
3. Ресей топырағын бонитеттеудiң В.Докучаев кезеңi
1. Топырақты Ресейде бонитеттеу тарихы
Топырақты Ресейде бонитеттеу уақтыларын Ф.Я. Гаврилюк бойынша (1970) екі дәуірге бөлуге болады: 1) қазан төңкерісіне шейін, 2) КСРО кезіндегі. Түсінікті жағдайлармен әр дәуірдегі жүргізілген бұл сааладағы жұмыстар қоғамның даму деңгейлеріне сәйкес әр түрлі деңгейде жүргізілген. Қазан төңкерісіне дейіңгі дәуірді тағы да екі кезеңге бөлуге болады: Докучаевқа дейінгі және Докучаев кезеңі.
2. Топырақты бонитеттеудің Докучаевқа дейіңгі кезеңі
Жерді өнімділігі жөнінен бағалау көне замандардан басталған. Славян диқандары « жерді асыраушым» деп құрмет санап, алғашқы бағалаушылар да солар болды. Ал мемлекет тарапынан жерді бағалап, олардың көлемі мен сапалары туралы түсініктер, мемлекеттік масштабта Иван Грозныйдың патшалық еткен кезінде, 16 ғасырдың ортасында жазу (тіркеу) кітаптарын енгізді. Ол кітаптарда қай губернияларды, уездерде қанша жер қорлары бар, олардың сапалары туралы мәліметтер енгізілді. Жыртылған топырақ сапалары үш топқа бөлінед. Жақсы, орта және нашар. Міне осы мәліметтер негізінде 15-17 ғасырларда Ресей патшалығы жергілікті шаруалардан егіншіліктен алынатын салықты жыртылған жерлердің көлемі мен сапасына байланысты алды.
3. Ресей топырағын бонитеттеудiң В.Докучаев кезеңi Ресейде крепостнойлық право (басыбайлы кұқық) жойылған соң (1861) ауылшаруашылық өндiрiсi жерге жаңа талап қойды. Жердi иеленушi iрi қожалар (помещиктер) ауылшаруашылық ғылымына, топырақтануға ынта бiлдiрiп жердi тиiмдi пайдалану жолдарын қарастырды. Ресейде каптализмнiң дамуы жердi пайдалануда бұрынғы негiзiнен қолмен iстелетiн жұмыстарды механизациялауға жол ашты. Ауылшаруашылығы шын мәнiнде саудаға аяқ басты. Әлемдi негiзгi азық дақылы-бидай қызықтырса, Ресей ғалымдарын негiзгi бидай егiлетiн қаратопырақ қызықтырды. 1877 жылы В.В.Докучаев ерiктi экономикалық қоғам тапсырмасымен Ресейдiң Еуропа бөлiгiнiң қаратопырақты аймақтарында терең ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады. Ол өзiнiц шәкiрттерiмен 1877-1882 жылдар арасында бұл аймақтарды ат арбалармен аралап, топырақ қабаттарын анықтау және олардың үлгiлерiн алып химиялықк талдау үшiн терең топырақ шұңқырларын қазып, мұқият зерттеп шықты. Міне осы зерттеулер нәтижесінде 1883 жылы В.В. Докучаев «Орыстың қара топырағы» атты белгілі монографиясын басып шығарды. Осы еңбегі арқылы ол алғаш рет әлемде «Топырақтану» ғылымының негізін салды.
1882 ж. және 1886 жылдары В.В. Докучаев шәкірттерімен Ресейдің жер шаруашылық министрлігінің тапсырмасымен Нижегородской губерниясының, ал 1888-1894 жылдары Полтава губернияларының жерлерінің бағаларын зерттеп анықтап, ол жерден салық алуды реттеді. Ең басынан бастап-ақ В.В. Докучаев бұл зерттеулерге кешенді мән берді. Бұл жұмыстарға тек топырақ пен топырақ түзуші жағдайлар емес, сонымен қатар оның экономикасы, жердің өнімділігі есепке алынды, яғни топырақты бағалау табиғи-тарихи және агроэкономикалық сипат алды. Экспидиция құрамында топырақтанушылардан басқа климатологтар, ботаниктер, агроэкономистер болды. Бұл зерттеулерге В.В. Докучаевтың жақын шәкірттері К.Д. Глинка, В.И. Вернадский, П.П. Земятченский, Ф.Ю. Левинсон-Лессинк, Н.Н. Сибирцев т.б. қатысты.
Әдебиет:
1,2,3,6,7,9,10.
Дәріс №2. Жер қорының құрылымы мен жіктелінуі. 2 сағат.
1. Жер ресурстары және жер қоры түсінігі.
2.Жер ресурстарының территориялық ауқымдылығына және табиғи жағдайына қарай жіктелінуі.
3..Жер ресурстарының қолданылуына қарай жіктелінуі.
1. Жер ресурстары және жер қоры түсінігі.
Жер ресурстары – дегеніміз белгілі бір территорияның жер қоры. Жер қорына халық шаруашылығы мен халық игілігіне қолданатын жерлермен бірге қолданылмайтын (шөлдер, биік таулы жерлер, батпақтар, мұздықтар) жерлер жатады.
Дүне жүзінің жер қоры 134 млн км. кв. немесе 13,4 млрд. га. Егер бүкіл жер қорын 100% деп алсақ оның, 10 % егістік, 28 % орман, 20% шабындық пен жайылым, 10% мұз жамылғысы, 32% шөлдер, құрлыстар т.б. қолданылмайтын жерлер.
2.Жер ресурстарының территориялық ауқымдылығына және табиғи жағдайына қарай жіктелінуі.
Жер ресурстары территориялық ауқымдылығына қарай келесі топтарға жіктелінеді:
Бұкіл дүние жүзілік жер қоры;
Құрлықтық (материктік) жер қоры;
Аймақтық (Мысалы: Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Оңтүстік Америка т.б.) жер қоры;
Мемлекеттік жер қоры (Мысалы: Қазақстан Республикасының жер қоры 2,7 млн. шаршы шақырым );
Әкімшілік – территорияның жер қоры (Мысалы: облыстың, аймақтың, провинцияның, штаттың, әкімшілік ауданның, жер қорлары);
Елді – мекен жер қорлары (Мысалы: қалалардың, кенттердің, ауылдық елді – мекендердің жерлері);
Кәсіпорындардың, мекемелердің, шаруа қожалықтарының, жекеменшік мекемелер мен кәсіпорындардың т.б. жер қорлары.
Табиғ жағдайына қарай жіктеліну табиғат зоналары (ендік) заңдылықтарына және вертикальдық (биіктік) заңдылықтарына сүйене жүргізіледі.
Мысалы: Қазақстан Республикасының жер қорлары табиғи жағдайына байланысты жіктелінуі:
- орманды дала;
- дала;
- құрғақ дала;
- шөлейт;
- шөл;
- тауалды шөлдері;
- субтропиктік шөлдері;
- субтропиктік тауалды шөлдері;
- ортаазиялық таулар;
- оңтүстіксібірлік таулар.
3..Жер ресурстарының қолданылуына қарай жіктелінуі.
Жер ресурстары қолдануына қарай келесі топтарға жіктелінеді:
ауыл шаруашылығына арналған жерлері;
елді-мекен жерлері ( қалалар, кенттер, ауылдық елді-мекендер);
Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп жерлері, көлік, байланыс, мекемелер т.б. ауыл шаруашылық емес жерлер;
Мемлекеттік қорғаныс жерлері;
Ерекше қорғалатын жерлер;
Орман және су ресурстары алып жатқан жерлер;
Мемлекеттік қор жерлері.
Әдебиет:
1,2,3,6,7,9,10.
Дәріс № 3. Ауыл шаруашылық жер ресурстары.2 сғат.
Ауыл шаруашылығы жерлері туралы түсінік.
Ауыл шаруашылық жерлердің құрылымы.
1. Ауыл шаруашылығы өндірісіне және шаруашылық керегіне арналған жерлерді ауыл шаруашылық жер ресурстары дейиіз. Ауыл шаруашылық жер құрылымына өсімдік және мал шаруашылығына арналған жерлермен қоса, шаруашылық ішілік жолдар, комуникациялар, тұйық сулар, суармалы жүйелер, құрлыстар яғни ауыл шаруашылығының қалыпты қызыметіне арналған жерлер жатады.
Қазақстанның топырақтану саласындағы ғалымдардың көп жылдық зерттеу натижелерiне сүйене отырып, Қазақстан территориясындағы топырақ-табиғат зоналарынын, зонашаларының қысқаша сипаттамасына қоса зоналар мен зонашалардағы топырақтарды ауыл шаруашылығына пайдалану мәселелерiне тоқталайық. Республиканың жалпы територрисының 80%-дан астам жерi құрғақ аймақтарда орналаскан. Сондықтан Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі ТМД елдерінен басқа бөлiктерiне қарағанда қолайсыздау. Жерден мол өнім алу үшін зоналар мен зонашаларда жүргiзiлетiн басты шаралар- құрғақшылықпен күресу, жер суару және мелиорациялау, топырақты эрозиядан коргау. Осы мәселені түбегейлі шешуге республика дихандары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң негiзгi кәсіптер қажет, Казакстан Республикасы Бiлiм министрлiгi Fьшым академиясының Енбек Кызыл Ту ордендi топырақтану институгының көп жылдық жұмыстары нәтижесiнде құнды мәлiметтер жинады0-30см, қабатындағы гумустың құрамы.
Республикамызда күрделi мелиорацияны кажет етпейтін, жыртуға жарамды 61 млн гектардай жер бар екен, онын 27 млн гектары - егicтiктер, тыңайған жерлер, көпжылдық ағаштар мен меншiктi учаскілер. Осы жерлердің көбi - 20 млн гектарға жуығы теріскей, шығыс, теріскей батыс қара топырақты және қара-қоныр топырақты, көптеген жагдайларда табиғи ылғалмен қамтамасыз етiлген аймақтарда. Ал ылғалмен қамтамасыз етiлмеген,топырағы жай және ашық кара-қоныр, құрғақ және шөлейт зонашаларда жыртылган жер келемi соңғы жылдарға шейiн 5,0 млн гектар шамасында едi.
Геологияның социалды - экологиялық тұжырымдамасы практикада экологиялық социалды әдіснама сақтауға қол жеткізеді (социоэкология).
2. Ауыл шаруашылық жерлердің құрылымы келесі түрлерге жіктелінеді:
- егістік алқаптары;
- жыртылған жерлер;
- көп жылдық өсімдіктер мен қамтылған жерлер;
- шабындықтар;
- жайылымдар;
- бау-бақша, саяжайлар.
Табиғат жағдайларымен тығыз байланысты және көбінесе соларға тәуелді дамитын ауыл шаруашылығы өндірісіндей сала кемде-кем. Ауыл шаруашылығы өндірісіне, әсіресе, климат пен топырақ қабаттарының қасиеті үлкен ықпал жасайды.
Ауыл шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген жүйесін ұйымдастыру – экономикалық және техникалық шаралардың бір-бірімен байланысты бір тұтас жиынтығы іспеттес. Бұларды ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарында табиғи және экономикалық жағдайлар мен мемлекеттің товарлы өнімнің белгілі бір түріне деген заказдарын ескере отырып жүзеге асыру жер көлемі өлшеміне еңбек пен қаражатты аз жұмсауымен-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің жоғары дәрежесіне жетуге мүмкіндік береді. Бұл шараларға мыналар жатады: өндірісті мамандандыру, шаруашылық салаларын, егіншілік пен мал шаруашылығы жүйелерін дұрыс үйлестіру, ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық салаларын кешенді механикаландыру және электрдендіру, күрделі қаржыны барынша тиімді бағыттау және пайдалану, жоғары өнімді ауыл шаруашылық өндірістің барлық салаларын тиімді жүргізу жөніндегі ұйымдастыру – экономикалық шаралары. Төменде Қазақстанның ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарында шаруашылықты жүргізу жүйесін жасаудың жалпы схемасы келтірілді.
Жер комитетінің 1 қараша 2010 жылғы мәліметі бойынша Қазақстан территориясының жер қоры жіктеу.
Ауылшаруашылық бағытындағы жерлер
а) егістік алқаптар 23,8 млн. га
б) бау-бақша, саяжайлар 0,01 млн. га
в) жыртылған жерлер - 3,3 млн. га
г) шабындық - 1,3 млн. га
д) жайылым – 57,6 млн. га
Әдебиет:
1,2,3,6,7,9,10.
Қосымша әдебиеттер
1,2,5,6,7.
Дәріс №4. Өнеркәсіптік, мекемелік, транспорттық, байланыс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер. 2 сағат
Өнеркәсіп (өндіруші және өңдеуші), мекемелік, транспорт, байланыс және өзгеде ауыл шаруашылық жерлер келесі тұрғыда жіктелінеді:
1. Өндірістік жерлерге - өндіруші (шахталар, карйерлер т.б.), өңдеуші (зауттар, фабрикалар, кәсіпорындар) және оған қажетті жерлер жатқызылады.
2. Мекемелік жерлерге – бала-бақша, мектеп, орта және жоғары оқу орындары, денсаулық сақтау мекемелері, қызмет көрсету мекемелері, әлеуметтік қызмет мекемелері жатқызылады.
3. Транспорттық жерлерге – автокөлікке, темір жолдарына, әуе жолына, құбыр жолдарына, арналған жерлермен қоса автотүрақтар, вокзалдар, деполар, автопарктер, су вокзалдары, аэропорттар мен аэродромдар алып жатқан жерлер жатқызылады.
4. Байланыс жерлерге жер беті мен жер астында өткізілген жиелер, станциялар, байланыс қондырғылары орналасқан және байланыс мекемелеріне арналған жерлер жатқызылады.
Әдебиет:
1,2,3,6,7,9,10.
Қосымша әдебиеттер
1,2,5,7.
Дәріс №5. Елді-мекенге арналған жерлер.1-сағат
1. Елді – мекен жерлері туралы түсінік және оның жіктелінуі.
1. Қалалардың, кенттердің, аулдық елді-мекендердің және тағы басқа қоныстардың орналасуы мен дамуы үшін бөлінген жерлерді елді-мекендік жерлерге жатады.
Елді-мекен жерлердің аумағы қалалардың, кенттердің, аулдық елді-мекендердің және тағы басқа қоныстардың әкімшілік-территориялық бөлінісімен шектеледі.
Елді-мекен жерлері келісі топтарға бөлінеді:
- тұрғын-үй құрлыстары – оған көп пәтерлі, көпқабатты, жеке тұрғын үйлермен жер телімдері жатқызылады;
- қоғамдық іскерлік құрлыстар – оған денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, коммерциялық, орта және жоғары оқу орындары, әкімшілік, ғылыми-зерттеу мекемелері және тағы басқа іскерлік құрлыстарға арналған жер телімдері жатқызылады;
- Өндірістік құрлыстар – оған өндірістік, коммуналдық жерлер мен қоймалар олардың жұмысын қамтамасыз ететін инженерлік және транспорттық инфрақұрылымға арналған жерлер мен санитарлы зоналар жатқызылады;
- көлік, байланыс, инженерлік коммуникация – темір жол, автомоболь, өзен, теңіз, әуе, құбыр жолдарына және инженерлік инфрақұрылым мен байланысқа арналған жерлер;
- ерекше қорғалатын табиғи территорияларға, емделу мен демалысқа арналған жерлер, рекреациялық және тарихи-мәдени жерлер;
- су айдындары мен акваториялар - өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваторияларға арналған жерлер. Су қоғау зоналары, гидротехникалық және су шаруашылық құрлыстарға арналған жерлер;
- ауыл шаруашылығына қолданылатын жерлер – бақшалар, сая жайлар;
- қоғамдық қолданыстағы жерлер – алаңдар, көшелер, саябақтар, гулзарлар, бульварлар, қоғамдық демалыс орындары, зираттар, коммуналдық инфрақұрылымдар т.б. жерлер жатқызылады;
- арнайы мақсатта қолданылатын жерлерге кремоториялар, тұрмыстық қалдықтар жиналатын арнайы зоналар яғнй арнайы нормативтік сақтау жүйелігіне сүйенетін жерлер;
- мемлекеттік қорғаныс жерлері - әскери бөлімдер, арнайы мемлекеттік қорғаныс объектілері, полигондар жатады.
Әдебиет:
1,2,3,6,7,9,10.
Қосымша әдебиеттер
1,2,5,6.
Дәріс №6. Ерекше қорғалатын жерлер.2 сағат
1. Ерекше қорғалатын, емделу, рекреациялық және мәдени-тарихи жерлердің құрылымы
2. Ерекше қорғалатын, емделу, рекреациялық және мәдени-тарихи жерлердің құқықтық негізі
1. Ерекше қорғалатын, емделу, рекреациялық және мәдени-тарихи жерлердің құрылымы:
- Ерекше қорғалатын табиғи территорияларға мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық парктер, табиғи резервттар, табиғи парктер, мемлекеттік табиғи ескерткіштер, мемлекеттік қорықтық зоналар, мемлекеттік табиғи қорықшалар, зоологиялық парктер, ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендерлік парктер т.б.
- Емделуге арналған жерлерге табиғи емдік қасиеті бар курорттар, сонымен қатар адам ағзасына пайдалы профилактикалық қасиеті бар жерлер жатады;
- Рекреациялық жерлерге халықтың жаппай ұйымдасқан демалыс пен туризмге арналған жерлерді жатқызуға болады;
- Тарихи-мәдени жерлерге тарихи-мәдени қорықтар, мемориалдық парктер, археологиялық ескерткіштер (қоғандар, молалар т.б.), археологиялық-ландшафтық кешендер, тас жазулары мен суреттері, діни құрлыстар жатқызылады.
2. Ерекше қорғалатын жерлер Қазақстан Республикасының заңымен қорғалады. Қазақстан Республикасының Жер туралы заңы. Астана, 2003 ж. 44-45 б.б.
Әдебиет:
1,2,3,6,7,9,10.
Қосымша әдебиеттер
1,2,5,6,7.
Дәріс №7 Орман және су ресурстарына арналған жерлер.2-сағат
1. Орман қоры жерлері
2. Су қоры жерлері
1.Орман қорының жерi ұғымы және оның құрамы
- Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне берiлген жер учаскелерi орман қорының жерi деп танылады.
- Орман қорының жерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерiнен тұрады.
- Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген ормансыз жер мемлекеттiк орман қорының жерiне жатады.
Орман қоры жерiндегi орман шаруашылығының қажеттерiне пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан Республикасының орман заңдарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
2. Су қорының жерi ұғымы және оның құрамы
Су айдындары (өзендер және олармен теңдестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерiнде орналасқан, ағысты реттейтiн су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ көрсетілген су объектілерінің су күзет белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлық күзет аймақтарына бөлiнген жер су қорының жерi деп танылады.
Әдебиет:
1,2,3,6,7,9,10.
Қосымша әдебиеттер
1,2,5,6,7.
Дәріс №8 Мемелекеттік қор (босалқы) жерлері және қорғаныс жерлері 1 сағат
Мемлекеттік қор (босалқы) жерлер
Қорғаныс жерлері
1. Босалқы жер құрамы
- Меншiкке немесе жер пайдалануға берiлмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады.
- Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен босалқы жер құрамына ауыстырылады. Аталған жердiң құқықтық режимi осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалады.
Босалқы жер ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің мұқтажы және өзге де мақсаттар үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда меншікке немесе жер пайдалануға беріледі. Босалқы жерді басқа санаттарға ауыстыру оны меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі.
2. Қорғаныс қажеттерiне арналған жер
1) Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерiн, әскери полигондарын, әскери-оқу орындары мен өзге де ұйымдарын , басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, және қорғаныс пен қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын олардың объектілері мен ғимараттарын орналастыру және тұрақты қызметi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi берген жер учаскелерi қорғаныс қажеттерiне арналған жер деп танылады.
2) Қорғаныс қажеттерiне байланысты жаттығулар мен басқа да iс-шаралар жүргiзу үшiн жердi уақытша пайдалану қажет болған жағдайда жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнен және жердi пайдаланушылардан жер учаскелерi алып қойылмайды.
Осы жердi пайдалану iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн, сондай-ақ ерекше шарттармен пайдаланылатын аймақтар үшiн белгiленген тәртiпке орай жүзеге асырылады.
Жер учаскелерiн аталған мақсаттарда пайдалануға рұқсатты облыстық атқарушы орган бередi.
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғауды және күзетудi қамтамасыз ету мақсатында инженерлiк-техникалық құрылыстар мен қоршауларды, шекара белгiлерiн, шекарадағы орман жолдарын, коммуникацияларды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өту пункттерiн жайғастыру мен күтiп-ұстау үшiн жер учаскелерi берiледi.
4) Аудандық атқарушы органдар әскери бөлiмдермен келiсiм бойынша, қорғаныс қажеттерiне берiлген жерден ауыл шаруашылығына пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғаларға жекелеген жер учаскелерiн уақытша жер пайдалануға бере алады.
Әдебиет:
1,2,3,6,7,9,10.
Қосымша әдебиеттер
1,2,5,6,7.
Дәріс №9 Жер ресурстарын экономикалық бағалау әдістері. Топырақ бонитировкасы.2 сағат
1. Бонитировк, топырақты бағалау әдісі
2. Жерді экономикалық бағалау әдісі
1. Жер кадастры жердi (топырақты) оның сапасына, өнімділігіне қарай бағалап, сипаттап оны әр түрлі топтарға категорияларға бөліп тіркеу деген мағынаны білдіреді. Жалпы кадастр сөзі француздың «cadastre» дегн сөзінен шығып, орысша- реестр, ал қазақша – тіркеу деген мазмұнды береді. Әңгіме жай ғана тіркеу емес, сол тіркелетін жерлерімізді жан-жақты зерттеп, сапасына қарап, әр түрлі деңгейге топтастырып, бағалап тіркеу. Сонымен жер кадастрының негізгі міндеті- бағалауға қажетті жерлерімізді терең зерттеп, олардың көлемі мен сапасын анықтап, әр елдің, облыстың, ауданның және жеке шаруашылықтардың жер қорларының көлемі мен сапасын анықтау.
Жер кадастры – екі бөлімнен тұрады: 1) Топырақ бонитировкасы, яғни топырақты бонитеттеу, 2) Жерді экономикалық бағалау. Топырақты бонитеттеу түсінігі латынның «bonitas» деген сөзінен, орысша доброкачественное, қазақша сапалығы жақсы деген мағынаны білдіреді. Топырақты бонитеттеу нәтижесінде оны сапасы мен өнімділігіне қарай бағалап, бағалау көрсеткішін балл бонитеттері арқылы анықтайды. Топырақты бонитеттеудің негізі болып топырақтың басты табиғи қасиеттері мен сол топырақтан алынған өнім мөлшерлері есепке алынады. Тек осындай қос бақылау арқылы топырақтың балл бонитеті дұрыс анықталады.
2. Ал жерді экономикалық бағалау деген түсінік – оның (жердің) ауыл шаруашылығы өңдірісінің негізгі өндіріс құралы ретіндегі бағалылығы, өнімділігі, түсімділігі. Жерді экономикалық бағалау көрсеткіштері болып негізінен экономикалық көрсеткіштер: ауыл шаруашылық өндірісінің өнімділігі, жалпы өнім мен оның ішіндегі таза кірісі есепке алынады. Жерді экономикалық бағалау кезінде жердің тек сапасы ғана емес, сонымен қатар оның әлеуметтік-экономикалық және экологиялық орналасу жағдайлары да есепке алынады. Өндірген өнімдердің тұтынушыларға алыс-жақындығы, экологиялық тазалығы, ірі жол тораптары мен көліктерді пайдалану жағдайлары.
Топырақты бонитеттеу топырақ зерттеушілердің үлесіне тисе, жерді экономикалық бағалауды экономистер жасайды. Жер кадастрын жасап, оны практикалық өмірде қолдану қазір бүкіл өркениетті елдерде заңдастырылған негізгі өндіріс құралы – жерді тиімді пайдаланудың басты кепілі.
Әдебиет:
1,2,3,6,7,9,10.
Қосымша әдебиеттер
1,2,5,6,7.
