- •«Қазақстан Республикасының жер ресурстары және жер кадастры» пәні бойынша
- •5B011600 - «География» - мамандығына арналған
- •5B060900- «География» - мамандығына арналған
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2. Пән : «Қазақстан Республикасының жер ресурстары және жер кадастры»,
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •1.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •1.7 «Қазақстан Республикасының жер ресурстары және жер кадастры» пәні бойынша тапсырмалар орындау, тапсыру графигі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі
- •1.9 Бағалау туралы ақпарат
- •Студенттердің білім тексеру рейтинг шкаласы
- •1.10 Курстың саясаты мен жүргізілуі:
- •«Қазақстан Республикасының жер ресурстары және жер кадастры» пәні бойынша оқу - әдістемелік материалдар
- •2.1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •Дәрістік сабақтардың тезистары
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4 Зертханалық жұмыстар оқу жоспары бойынша жоқ.
- •2.5 Студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмыстар аясындағы сабақтар жоспары (соөж).
- •2.6 Сөж негізіндегі сабақтар тақырыбы
- •1 Тақырып Жер қорының құрылымы мен жіктеліну заңдылықтары.
- •2 Тақырып Ауыл шаруашылық жер ресурстары.
- •3 Тақырып Өнеркәсіп, транспорт, байланыс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер.
- •4 Тақырып Елді – мекенге арналған жерлер.
- •5 Тақырып Ерекше қорғалатын жерлер.
- •6 Тақырып Орман және су ресурстарына арналған жерлер.
- •7 Тақырып Жер ресурстарын экономикалық-географиялық бағалау.Топырақ бонитировкасы.
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.7 Сабақтардың бағдарламалық және мультимедиялық қамтылуы
- •Өзін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
- •2.9 Курс бойынша емтхан сұрақтары
- •Мазмұны
- •5B011600 – «География» және 5b060900 – «География» мамандықтарында оқитын студенттерге арналған
- •100012, Қарағанды, Гоголь көшесі, 38
2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
Тақырып 2 Жер қорының құрылымы мен жіктелінуі 2 сағат
Сұрақтар:
1.Жер ресурстары дегеніміз не?
2.Жер қорына түсініктеме беріңіз?
3.Жер қорының ауқымдылығына қарай жіктелінуі?
4.Жер қорының қолдануына қарай жіктелінуі?
Тапсырмалар:
Дүние жүзі жер қорын ауқымдылығына және қолданылуына қарай жіктеңіз.
Қазақстан Республикасы жер қорының қолдануына қарай жіктелінуі.
Әдістемелік нұсқаулар: ҚР жер туралы заңы, Статистикалық мәліметттер, дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси картасы. Қазақстанның саяси – экономикалық және әлеуметтік атласы.
Әдебиет:
1,2,3,6,7,9,10.
Тақырып 3. Ауыл шаруашылық жер ресурстары 2 сағат
Сұрақтар: 1.Ауыл шаруашылық жер ресурстарының құрылымы?
2.Ауыл шаруашылық жер ресурстарының табиғи факторларға байланысты жіктелінуі.
Тапсырма:
Кескін картаға Қазақстанның ауыл шаруашылық жерлерін түсіріңіз.
ҚР ауыл жаруашылық жерлерінің құрылымдық сызбасын жасаңыз. Статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып ауыл шаруашылық жерлердің үлес салмағына сараптама жасаңыз.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақстан Республикасы статистикалық мәліметттері, Қазақстанның экономикалық атласы 2 - том.
Әдебиет:
1,2,3,7.
Тақырып 4. Өнеркәсіп, транспорт, байланыс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер (2 сағ.)
Сұрақтар: 1.Өндіріс жер ресурстарының құрылымы.
2. Транспортық жер ресурстарының жіктелінуі.
3. Байланыс жер қорына қандай жерлер жатқызылады.
Тапсырма: Дүние жүзі өнеркәсіп, транспорт, байланыс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлеріне сараптама жасаңыз, кескін картаға түсіріңіз.
Әдістемелік нұсқаулар: Электрондық атлас. Статистикалық және сараптамалық жұмыстарды сабақ үрдісінде пайдаланудың тиімді жолдарымен танысу.
Әдебиет:
1,4,7,8,10.
Тақырып 5. Елді – мекенге арналған жерлер (1 сағ.)
Сұрақтар: 1.Елді – мекендік жердердің құрылымы.
Тапсырма: 1. Елі – мекендік жерлердің жіктеліну заңдылықтары? Қазақстан бойынша талдау жасау.
2. Белгілі бір Қазақстан қаласының құрылымына жіктеу жасаңыз (таңдау бойынша).
Әдістемелік нұсқаулар: Электрондық атлас. Үлкен масштабтағы электрондық карта.
Әдебиет:
1,2,3,4,5.
Тақырып 6. Ерекше қорғалатын жерлер 2 сағат
Сұрақтар:
Қорық дегеніміз не?.
Ұлттық парк дегеніміз не?
Тапсырма: Қазақстанның табиғи қорықтарын, ұлттық парктерін, табиғи резервттарын, табиғи парктерін, мемлекеттік табиғи ескерткіштерін, мемлекеттік қорықтық зоналарын, мемлекеттік табиғи қорықшаларын, зоологиялық парктерін, ботаникалық бақтарын, мемлекеттік дендерлік парктерін кескін картаға түсіріңіз.
Әдістемелік нұсқаулар: ҚР жер туралы заңы, Статистикалық мәліметттер, дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси картасы. Қазақстанның Ұлттық атласы 1,2,3 – том, Қазақстанның саяси – экономикалық және әлеуметтік атласы.
Әдебиет:
4,5,7,9,10.
Тақырып 7. Орман және су ресурстарына арналған жерлер (2 сағат)
Сұрақтар: 1.Орман қорына жататын жерлер.
2.Су қорына жататын жерлер.
Тапсырма: Қазақстанның орман және су ресурстарын кескін картаға түсіру, құрылымына сипаттама беріп, аймақтық таралуына сараптама жасаңыз.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақстанның Ұлттық атласы 1,2,3 – том, Қазақстанның саяси – экономикалық және әлеуметтік атласы.
Әдебиет:
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Тақырып 8. Мемлекеттік қор жерлері және қорғаныс жерлер (2 сағат)
Сұрақтар: 1.Мемлекеттік қор жерлерге қарайтын жерлер.
2.Қорғаныс жерлер дегеніміз не?.
Тапсырма: Дүние жүзі бойынша қалыптасқан әскери және ядролық сынақ полигондарын картаға түсіріңіз.
Әдістемелік нұсқаулар: дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси картасы. Қазақстанның саяси – экономикалық және әлеуметтік атласы.
Әдебиет:
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Тақырып 9. Жер ресурстарын экономикалық бағалау әдістері. Топырақ бонитировкасы.2 сағат
Сұрақтар:
Топырақты бағалау, бонитировка туралы түсінік?
Жер ресурстарын экономикалық бағалау түсінігі?
Тапсырма: Қазақстанның таңдауыңыз бойынша бір облысының немесе аймағының жер ресурсына экономикалық – географиялық және бонитировкалық бағалау жасау.
Әдістемелік нұсқаулар: ҚР жер туралы заңы, Статистикалық мәліметттер, дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси картасы. Қазақстанның Ұлттық атласы 1,2,3 – том, Қазақстанның саяси – экономикалық және әлеуметтік атласы.
