6 Билет
Сұрақ 1.Материалдарды тілу, кесіп өңдеу технологиясын сипаттаңыз
Кесіп өңдеу үрдістерді аяқкиiм және былғары-галантерея өнеркәсiбiнде материалдарды бөлшектерге пiшуде, оларға белгiлi бiр пiшiн, қалыңдық беруде, бөлшектер бетiн бекiтуге дайындауда кең қолданылады. Бұл операциялардың барлығы арнайы машиналарда әртүрлi кесуге арналған құралдарымен орындалады.
Өңдеу әдiсi бойынша кесіп өңдеу параллель, бір ізді және параллель-бір ізді болып түрленедi.
Материал деформациялану түрiне байланысты, тiлу операцияларын шартты түрде үш негiзгi топқа бөлуге болады: пышақ тәсiлi \3.1 а-сурет\ - тiлушi қүрал немесе материалды тiлу бағытына қарай жылжиды \шабу, қалындықты тегiстеу, фрезерлеу, т.б\, ара тәсiлi \3.1 б-сурет\ - тiлушi құрал ара тәрiздi қозғалыс жасайды \пiшу, екi бөлiкке бөлу, бөлшектер шетiн сыдыру\; қайшы тәсiлi \3.1 в-сурет\ - тiлу бiр-бiрiне қарсы жылжитын кесу құралдарымен орындалады.
Сұрақ 2.Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді пайдалануды нормаландыру
технологиясын түсіндіріңіз
Қазіргі кезде шамалы қалдықты және қалдықсыз технологияларды жасау, өндірісте материалдардың қорларды үнемді пайдалану, өнім шығару көлемін ұлғайтудың қосымша көздерін іздестіру және оның өзіндік құнын төмендету қажеттілігі туындап отыр.
Аяқкиімнің өзіндік құндылығы негізгі бөлігін материалдар шығыны құрайды. Қазіргі күні олар 42-87% тең. Егер, аяқкиім үстінің бөлшектерінің әр жұбын пішу кезінде үнемдеу 1% немесе 0,15-0,25 дм2 тең болса, онда 5 млн. жұбына тең қуатты аяқкиім өнеркәсібінде бұл үстінің материалдарының шығынысыз қосымша 50 мың жұп аяқ киім шығаруына тең болады.
Осыған орай, пішу кезіндегі материалдарды үнемдеу өнеркәсіптің материал сиымдылығын төмендетудің ең маңызды жолдарының бірі болып табылады. Яғни, аяқкиім өндірісінде негізгі материалдарды үнемді пайдаланудың маңыздылығы өсіп келеді, әсіресі, олардың кейбіреулерін өңдеуге қажетті қорлардың көлемдерінің шектелуін есепке алса. Бұл, ең алдымен таза былғарыға қажетті, себебі күннен күнге синтетикалық және жасанды материалдарды пайдалануы өскеніне қарамастан, ол аяқ киім өнеркәсібінде негізгі конструкциондық материал болып қалып келеді. Жоғарыдағыларға байланысты былғарыны жұмсау ақыйқат шығынының нормаларын, оның қасиеттерінің көрсеткіштеріне сүйене отырып ғылыми негіздеу өте маңызды орын алады.
Сұрақ 3.Ерітінді желімдерінің технологиялық қасиеттері
7 Билет
Сұрақ 1.Ылғалмен материалдырдың байланысу түрлерін атаңыз
Дымқылдандыру кезінде аяқкиім материалдары қасиеттерінің өзгеруіне, ылғалдың материалмен байланысу түрлері ерекше ықпал етеді. Барлық дымқыл материалдарды коллоидты-физикалық қасиеттеріне қарай үш түрге бөледі /13/:
1. Колоидты денелер. Олар сұйық немесе газды дисперсиялық ортасы бар икемді геледисперсиялық жүйе тәрізді болады және қатты денелерге тән бірқатар қасиеттері бар, атап айтқанда, қалпын сақтау қабілеті, беріктік, серпімділік және әсемділік қасиеттері. Бұл қасиеттер дисперсті фазаның кішкене бөліктерінен құралған құрылымдық тормен /қаңқамен/ түсіндіріледі, олар табиғатты әртүрлі молекулалық күштермен өзара байланысқан. Ылғалды сіңіру және буландырып ұшыру кезінде гельдер өзінің көлемін ерекше өзгертеді, бірақ иілімді қасиетін сақтайды. Колоидті денелерге желатин, агар-агар, ұнның қамыры жатады.
2. Капиллярлы-ұсақ саңылаулы денелер немесе морт гельдер. Дымқылдандыру кезінде өзінің көлемін өзгертпейтін, ал ылғал ұшып кеткен соң, морт келетін және ұнтаққа айналатын заттар. Оларға ағаш көмірі, кварц құм, әлсіз күйдірілген керамикалық материалдар жатады.
3. Алғашқы екі денелердің қасиеттері бар колоидті – ұсақ саңылаулы денелер. Капиллярларының қабырғалары икемді және ылғалды сіңіргенде түрлері мен көлемі өзгереді. Бұл денелерге шым тезектен, дәннен, наннан басқа тағы былғары жатады. Кептіру кезінде ылғал ұшып кеткен соң, оның материалмен байланыс ыдырайды, бұған белгілі мөлшерде энергия жұмсалады.
Сұрақ 2.Аяқкиім бөлшектерінің кептіру әдістеріне сипаттама беріңіз
Кептіру әдістері. Жылу беру механизміне, жылу тасығыштың түріне байланысты мынадай кептірудің түрлерін ажыратады:
Конвективті – материалға жылу қыздырылған жылу тасығыштың ауа ағынымен беріледі;
Түйістіру – материалға жылу қыздырылған бетпен тікелей түйісу арқылы беріледі;
Терморадиациялық /инфрақызыл сәулелермен/ - материал жылуды тікелей түйістірусіз қыздырылған дененің сәуле шығаруынан алады /мысалы, қыздырылған шамнан, шиыршық сымнан, т.б./;
Диэлетрлік – жылу материалдың бүкіл қалыңдығына, оған жоғары жиілікті токтың /ЖЖТ/ айнымалы алаңы әсер еткенде біркелкі таралады. Жылу материалдың полярланған молекулаларының өзгеруші өріс бағытына көп дүркін бейімделуінен түзіледі;
Вакуумдық – ылғал будың, материалдың сыртқы және ішкі газ қоспасының қысымдарының әртүрлі болуынан ұшады;
Сублимациялық – материалдағы ылғал мұздатылады, сосын жылу /түйістіру, түйістірүсіз ЖЖТ әсерімен, инфрақызыл сәулелену арқылы/ беріледі, одан кейін мұз сұйық күйіне өтпей буланады.
Қайыстырылған – конвективті-радиациялық, конвективті-түйістіру, радиациялы-вакуумды және басқа.
Кептірудің осы тәсілдерін қарастырайық. Конвективті тәсіл кезінде бұйым жылу тасығышпен қыздырылады, материалдың ылғалдылығы төмендейді. Жеткілікті кептіру кезінде, материалмен ортаның ылғалдылығы теңеседі.
Сұрақ 3.Аяқкиім асты бөлшектері үшін былғарының қажеттілік санын анықтау
