Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инвар тех отв.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100 Кб
Скачать
☆

10 Билет

Сұрақ 1.Технология терминіне сипаттама беріңіз

Технология - деп өнеркәсiптiң әр түрлi салаларында жүзеге асырылатын шикiзаттарды, материалдарды алу және бұйымдарды өңдеу жиынтығы түсінеді. Сонымен қатар, технология немесе технологиялық үрдіс деп - өндірістік үрдістің негізгі бөлігі болып табылатын өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жинау, сақтау операцияларының өздерін атайды.

Өндірістік операция өндірістік үрдістің құрама бөлігі болып табылады және атқарушы – жұмысшылар еңбегінің, қолданылатын жабдықтардың тұрақтылығымен сипатталады. Оларды негізгі – технологиялық, көмекші және жай атқарушы өндірістік операциялар деп бөледі.

Сұрақ 2. Ылғалмен материалдырдың байланысу түрлерін атаңыз

Дымқылдандыру кезінде аяқкиім материалдары қасиеттерінің өзгеруіне, ылғалдың материалмен байланысу түрлері ерекше ықпал етеді. Барлық дымқыл материалдарды коллоидты-физикалық қасиеттеріне қарай үш түрге бөледі /13/:

1. Колоидты денелер. Олар сұйық немесе газды дисперсиялық ортасы бар икемді геледисперсиялық жүйе тәрізді болады және қатты денелерге тән бірқатар қасиеттері бар, атап айтқанда, қалпын сақтау қабілеті, беріктік, серпімділік және әсемділік қасиеттері. Бұл қасиеттер дисперсті фазаның кішкене бөліктерінен құралған құрылымдық тормен /қаңқамен/ түсіндіріледі, олар табиғатты әртүрлі молекулалық күштермен өзара байланысқан. Ылғалды сіңіру және буландырып ұшыру кезінде гельдер өзінің көлемін ерекше өзгертеді, бірақ иілімді қасиетін сақтайды. Колоидті денелерге желатин, агар-агар, ұнның қамыры жатады.

2. Капиллярлы-ұсақ саңылаулы денелер немесе морт гельдер. Дымқылдандыру кезінде өзінің көлемін өзгертпейтін, ал ылғал ұшып кеткен соң, морт келетін және ұнтаққа айналатын заттар. Оларға ағаш көмірі, кварц құм, әлсіз күйдірілген керамикалық материалдар жатады.

3. Алғашқы екі денелердің қасиеттері бар колоидті – ұсақ саңылаулы денелер. Капиллярларының қабырғалары икемді және ылғалды сіңіргенде түрлері мен көлемі өзгереді. Бұл денелерге шым тезектен, дәннен, наннан басқа тағы былғары жатады. Кептіру кезінде ылғал ұшып кеткен соң, оның материалмен байланыс ыдырайды, бұған белгілі мөлшерде энергия жұмсалады.

Сұрақ 3. Аяқкиім бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру

операцияларын сипаттаңыз

Аяқкиім материалдардың қасиетіне ылғалдың әсер етуі. Ылғалдың материалдын қасиетін өзгертетін қабілеті аяқкиімді өндіру технологиясында кең қолданылады, онда бөлшектерді дымқыл-дандыру үшін қажет 30-ға жуық операциялардың түрлері бар.

Дымқылдандырудың негізгі мақсаты – деформация кезінде мате-риалдардың тырысуын кеміту және бұйымның қалып тұрақтылығын арттыру. Қаптап-керу операциясының алдында аяқ киім үстінің дайындамасын дымқылдандыру – материалдың созылу кезіндегі көлденең қысқару коэффициентін ұлғайтады. Ю.П.Зыбиннің еңбектеріне жүгінсек, хроммен иленген былғарының көлденең қысқаруы салыстырмалы ылғалдылық 22-24 пайыз болғанша, құрғақ ауа күйімен салыстырсақ 2-3 есе артады. Бұл аяқкиім үстін қалыпқа кигізіп, қалыптауға қажет материалдың керілу күшін 10-30 пайызға кемітуге мүмкіндік береді.

Дымқылдандыру күш түскенде, былғарының созылу қабілетін арттырады. Н.Ш.Шапован және М.П.Куприяновтың мәліметтері бойынша хроммен иленген жарты былғарының және жылуға төзімді юфттің абсолют ылғалдылығын 25-30 пайызға арттырғанда, ұзару коэффициентінің артқанын, қалдық деформациясының максимал өсуін және қарқындылық бойынша кернеудің максимал кемуі байқайлады. Созылу кезінде ұзарудың артуы үсті дайындамасының керме жиегіне қажетті әдіпті кемітуге мүмкіндік береді.

Құрғақ ауа былғарыдағы кернеуді релаксациялау үрдісі өте баяу жүреді: 7 сағат ішінде кернеу не бары 17,4 пайызға ғана кемиді. Н.А.Шестакованың мәліметтері бойынша былғары ылғалдылығын 50 пайызға арттырған кезде релаксациялау үрдісі өте қарқынды жүреді.

Дымқылданған үлгідегі кернеу үш сағаттан соң 35-40 пайызға кемиді, ал қалдық деформациясы М.А.Фаибишенко мәліметтері бойынша 75% пайызға дейін жетеді. Қалдық деформациясының осы шамасы дайын аяқкиімнің қалыптұрақтылығын қамтамасыз етеді. Демек, былғарының ылғалдылығын арттыру қалдық деформациясын 2,5 есе арттырады.