8 Билет
Сұрақ 1.Аяқкиім бөлшектерінің кептіру әдістеріне сипаттама беріңіз
Кептіру әдістері. Жылу беру механизміне, жылу тасығыштың түріне байланысты мынадай кептірудің түрлерін ажыратады:
Конвективті – материалға жылу қыздырылған жылу тасығыштың ауа ағынымен беріледі;
Түйістіру – материалға жылу қыздырылған бетпен тікелей түйісу арқылы беріледі;
Терморадиациялық /инфрақызыл сәулелермен/ - материал жылуды тікелей түйістірусіз қыздырылған дененің сәуле шығаруынан алады /мысалы, қыздырылған шамнан, шиыршық сымнан, т.б./;
Диэлетрлік – жылу материалдың бүкіл қалыңдығына, оған жоғары жиілікті токтың /ЖЖТ/ айнымалы алаңы әсер еткенде біркелкі таралады. Жылу материалдың полярланған молекулаларының өзгеруші өріс бағытына көп дүркін бейімделуінен түзіледі;
Вакуумдық – ылғал будың, материалдың сыртқы және ішкі газ қоспасының қысымдарының әртүрлі болуынан ұшады;
Сублимациялық – материалдағы ылғал мұздатылады, сосын жылу /түйістіру, түйістірүсіз ЖЖТ әсерімен, инфрақызыл сәулелену арқылы/ беріледі, одан кейін мұз сұйық күйіне өтпей буланады.
Қайыстырылған – конвективті-радиациялық, конвективті-түйістіру, радиациялы-вакуумды және басқа.
Кептірудің осы тәсілдерін қарастырайық. Конвективті тәсіл кезінде бұйым жылу тасығышпен қыздырылады, материалдың ылғалдылығы төмендейді. Жеткілікті кептіру кезінде, материалмен ортаның ылғалдылығы теңеседі.
Сұрақ 2.Ылғалмен материалдырдың байланысу түрлерін атаңыз
Дымқылдандыру кезінде аяқкиім материалдары қасиеттерінің өзгеруіне, ылғалдың материалмен байланысу түрлері ерекше ықпал етеді. Барлық дымқыл материалдарды коллоидты-физикалық қасиеттеріне қарай үш түрге бөледі /13/:
1. Колоидты денелер. Олар сұйық немесе газды дисперсиялық ортасы бар икемді геледисперсиялық жүйе тәрізді болады және қатты денелерге тән бірқатар қасиеттері бар, атап айтқанда, қалпын сақтау қабілеті, беріктік, серпімділік және әсемділік қасиеттері. Бұл қасиеттер дисперсті фазаның кішкене бөліктерінен құралған құрылымдық тормен /қаңқамен/ түсіндіріледі, олар табиғатты әртүрлі молекулалық күштермен өзара байланысқан. Ылғалды сіңіру және буландырып ұшыру кезінде гельдер өзінің көлемін ерекше өзгертеді, бірақ иілімді қасиетін сақтайды. Колоидті денелерге желатин, агар-агар, ұнның қамыры жатады.
2. Капиллярлы-ұсақ саңылаулы денелер немесе морт гельдер. Дымқылдандыру кезінде өзінің көлемін өзгертпейтін, ал ылғал ұшып кеткен соң, морт келетін және ұнтаққа айналатын заттар. Оларға ағаш көмірі, кварц құм, әлсіз күйдірілген керамикалық материалдар жатады.
3. Алғашқы екі денелердің қасиеттері бар колоидті – ұсақ саңылаулы денелер. Капиллярларының қабырғалары икемді және ылғалды сіңіргенде түрлері мен көлемі өзгереді. Бұл денелерге шым тезектен, дәннен, наннан басқа тағы былғары жатады. Кептіру кезінде ылғал ұшып кеткен соң, оның материалмен байланыс ыдырайды, бұған белгілі мөлшерде энергия жұмсалады.
Сұрақ 3. Жинақ бөлшектерінің орта өлшемді ауданының әдістерін анықтаймыз
Жинақ бөлшектерінің орта өлшемді ауданын екі әдіс бойынша анықтауға болады:
1) өлшемдік ассортиментті есепке алып аяқкиім моделі және фасоны,жыныс тобы, түрі және әр өлшемге тұрақтанған аудандары бойынша;
2) бастапқы және орта өлшемділер арасындағы айырманы ескерге отырып бұл аяқкиім тобының бастапқы (шартты түрде қабылданған) ауданы бойынша.
Бірінші әдіс дәлірек, бірақ екіншісі қарапайымдылау, себебі барлық өлшемдік ассортименттің бөлшектерінің аудандарын білу қажет емес. Екінші әдісті фабрикаға, бірлестікке, республикаға және өндірістің бәріне материал қажеттілігін есептеуге ұсынады.
Бірінші әдіс бойынша өлшемдік ассортиментті есепке алып әйелдердің жазғы туфлиінің үстінің бөлшектерінің орта өлшемді аудандарының есептеу нәтижелері 2.4 кестеде келтірілген.
2.4. кесте. Әйелдердің жазғы туфлилерінің үстінің бөлшектерінің орта өлшемді аудандарының есептеу нәтижелері.
-
Аяқ киім өлшемі, мм
Бір жұп аяқ киім бөлшектерінің таза ауданы,дм2
Ассортименттегі аяқ киім өлшемдерінің үлестік мәні
Ассортименттің бөлшектерінің таза ауданы,дм2
Аяқ киім өлшемінің үлестік мәніне көбейтіндісі
215
220
225
230
235
240
245
250
255
260
265
270
275
Барлығы
8,86
9,15
9,45
9,69
9,98
10,28
10,60
10,85
11,24
11,37
11,62
11,83
12,04
0,5
0,5
1
12
15
16
18
24
10
1
1
0,5
0,5
100
4,43
4,575
9,450
116,280
149,280
164,700
190,480
260,800
112,400
11,370
11,620
5,915
6,020
1047,44
10,75
11
22,5
276
352,5
384
441
600
255
26
26,5
13,5
13,75
2432,5
Екінші әдіс бойынша бөлшектердің орта өлшемді ауданын анықтау үшін орта өлшемді мөлшерді анықтайды 2432,5/100 = 24,3 демек, ол 240-245 өлшемдер арасында жатады.
Онда 243 аяқ киімнің бөлшектерінің орта өлшемді ауданы 1047,44 дм2 тең. Дәл осындай нәтижелерді бастапқы өлшемді жинақ бөлшектерінің аудандарын ак.и (мысалы 240) және жинақ бөлшектерінің орта өлшемді мөлшерін біле отырып, Ю.П. Зыбин ұсынған аяқ киімнің шектес өлшемдерінің бөлшектерінің аудандарын байланыстыратын заңдылықты қолданып шабуға болады:
, (2.42)
мұндағы
n
– сериядағы өлшемдер саны, γ,
,
- аяқ киімнің ұзындығы және енінің
салыстырмалы өсіру коэффициенттері
(аяқ киім жыныс-тық тобына тәуелді, 2.5
кесте).
