Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
поур алг 11кл 1-68.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып Сабақ № 1 Мерзімі

Сабақтың тақырыбы: Туынды тақырыбын қайталау

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушының туындыға қатысты білімін, туынды ережелерін қолдану шеберлігін, дағдыларын бақылау, тексеру.Туынды ұғымы бойынша оқушылардың ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағытталған;

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, математикалық дүниетанымын кеңейту;

Тәрбиелік: Оқушылардың бір-біріне көмектесу адамгершілігін,өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, слайд, семантикалық карта, үлестірме қағаздар т.б

Пәнаралық байланыс: Физика, тарих

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин.

  2. Қайталау (флипчартпен жұмыс) 5 мин.

  3. Оқулықпен жұмыс. 15мин.

  4. Тарихи мәлімет 3мин.

  5. Кестемен жұмыс 5мин.

  6. Электронды оқулықпен жұмыс (тест) 6 мин.

  7. Сабақты қорытындылау 3 мин.

  8. Бағалау 3мин.

  9. Үй тапсырмасын беру 2мин.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім»

М.Әуезов

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.Назарларын сабаққа аудару.

II. Қайталау сұрақтары:

а) Туынды дегеніміз не? ә) Туындының белгіленуі

б) у'(х) белгілеулерін енгізген кім? в) с;х; (хп)' – неге тең?

г) Туындының қолданылуы? д) Дифференциалдау ережелері

Функциялардың туындыларының формулаларын интерактивті тақтада сәйкестендіру (флипчартпен жұмыс)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс

№144, №147, №154, №155

IV. Тарихи мәлімет.

Дифференциалдық есептеудің негізгі ұғымы – туынды ұғымы – физика, механика және математика есептерін, атап айтсақ,түзусызықты бірқалыпсыз қозғалыстың жылдамдығы мен кез келген қисыққа жанама жүргізуге байланысты есептерді шешу кезінде XVII ғасырда пайда болды. XV-XVII ғасырларда математиктердің алдында кез келген нүктеге жанама жүргізудің жалпы әдісін табу мәселесі тұрды. Есептерді шешудің кейбір дербес жағдайлары ежелден-ақ белгілі болатын. Мысалы, Евлид бастамаларында шеңберге жанама жүргізу әдісі берілген, Архимед өз атымен аталатын шиыршыққа (спиралға) жанма жүргізсе, ал Аполоний – эллипс,гипербола және параболаға жүргізген. Алайда ежелгі грек ғалымдары есепті аяғына дейін шешкен жоқ, яғни қандай да бір қисықтың кез келген нүктесіне жанама жүргізудің тиімді жалпы әдісін таппады.

V. Кестемен жұмыс.

№

Функция

Туындысы

1

2

3

4

5

6