- •1 Курс студенті Бақытжан ә.С.
- •Мазмұны
- •1.1. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде........................4 1.2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні......................................................7
- •І бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуының теориялық негіздері
- •1.1. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде
- •1.2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні
- •2.Пішіндерді боя
- •3.Дәл осындай пішінді тап
- •2.2. Ойын әрекетінің қалыптасуында ауытқуы бар балаларға арналған тренингтер.
- •2. «Бір сөзбен ата»
- •3. «Мен жеңімпазбын»
- •5.«Шапалақты тыңда»
- •6. «Қанша дыбыс естідіңдер»
- •7. «Айна»
- •9. «Төрт құбылыс»
- •1 1. «Орныңды тап»
- •12.«Менің көңіл-күйім қандай»
- •13.«Теңіз жағасындағы түс»
- •15. «Әріптер»
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2. «Бір сөзбен ата»
Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынады.Балалар әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.
3. «Мен жеңімпазбын»
Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны қатысушылардың санынан, 1 санға кем болу керек. Ойын тоқталып кеткенде балалар орын табуға тырысады, орынсыз қалған бала ойыннан шығады. Ең сонында қалған бала орындықтың үстіне шығып – «Мен жеңімпазбын» деп айту керек.
4.«Құлақ - мұрын»
Балалар шеңбер тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын дегенде құлағын ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын – дегенде мұрындарын көрсету керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.
Қ
орытынды:
осы ойынды ойнау мақсатында балалардың
бойында зейінін тұрақтылығын, ұжымшылдық
қасиетін дамыттым.
5.«Шапалақты тыңда»
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар ләйлік (аист) сияқты бір аяғын көтеріп, қолдарын екі жаққа созып тұрады, екі рет соққанда бақа сияқты отырып секіреді, үш рет соққанда жүруін жалғастырады.
6. «Қанша дыбыс естідіңдер»
Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады, ал балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетіп немесе ауызша айтады.
7. «Айна»
Балалар екі-екіден бөлінеді: біреуі – жүргізуші, екіншісі бала. Жүргізуші белгілі бір қимыл қозғалыстарды көрсетіп және бет әлпет қозғалыстарын тура көргендей қайталап беруге тиісті. Содан соң екеуі орындарымен ауысады.
8
.
«Зейінді бол!»
Мақсаты: Ырықты зейінің дамыту.
Ойынның түрі: топтық
Ойынның жүргізілуі: Балалар шеңбер бойымен жүреді.Содан кейін жүргізуші қандай да бір сөзді айтады,ал балалар әрекетпен жауап береді.Мыс: қоян- секіреді, «жылқы», аяқтарымен еденді ұрады. «аист» бір аяғымен тұрады.
9. «Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» - дегенде жоғары көтереді, «от» - дегенде екі қолын айналдырады, «жер» - дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.
10. «Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады, бір біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған бір баладан сұрайды: «Айнұрдың сол жағында кім отыр, ал оң жағында». Немесе шеңбердегі тек бір бала ғана көзін жұмады, сол кезде жүргізуші бір екі немесе үш баланың жаймен орындарын ауыстыруға ұсынады. Көзін жұмған балаға көзін ашуға рұхсат берілген кезде өзгерістерді табуға тырысады.
1 1. «Орныңды тап»
Балалар шеңберге тұрады. Әр баланың өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан жағына тарап кетеді. Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайда шеңбер түзеді. Өз орнын тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.
12.«Менің көңіл-күйім қандай»
Балалар өз көңілдеріне сәйкес келетін суретті тайып айтады (көңілді-көңілсіз, қорқынышты, ренжулі,...т.б.). сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.
