- •1 Курс студенті Бақытжан ә.С.
- •Мазмұны
- •1.1. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде........................4 1.2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні......................................................7
- •І бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуының теориялық негіздері
- •1.1. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде
- •1.2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні
- •2.Пішіндерді боя
- •3.Дәл осындай пішінді тап
- •2.2. Ойын әрекетінің қалыптасуында ауытқуы бар балаларға арналған тренингтер.
- •2. «Бір сөзбен ата»
- •3. «Мен жеңімпазбын»
- •5.«Шапалақты тыңда»
- •6. «Қанша дыбыс естідіңдер»
- •7. «Айна»
- •9. «Төрт құбылыс»
- •1 1. «Орныңды тап»
- •12.«Менің көңіл-күйім қандай»
- •13.«Теңіз жағасындағы түс»
- •15. «Әріптер»
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
13.«Теңіз жағасындағы түс»
Балалар теңіздің шуын тыңдап жатады. (аудиожазба). Осылай жатып олар түс көреді. Балалар тұрған соң түсінде көргенін айтып береді. Ол су, теңіз жағасындағы адамдар, қайық, кеме, құстар, балықшылар су асты тіршілігі болуы мүмкін.
14. «Қиял жалғасы»
Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек, т.б.)
М
енің
қиялым бойынша осы сызықтардың алуан
түрлі заттар жасауға болады. Қане кім
менің қиялымды жалғастырып өз ойларынан
толық сурет салып береде екен деп өз
алдыларындағы парақ қағазға сызықты
сызып суретке айналдырып, не салғаны
жайында әңгімелеп беруді өтінеді.
Балалар жұмысты бірге талдайды.
15. «Әріптер»
Мақсаты: қиялын дамыту
Ойынның түрі:топтық
Құрал-жабдықтар: қағаздар,түрлі түсті қарандаштар.
Ойын барысы: балалардан алфавиттегі әріптерді неге ұқсайтының сұрайды. Барлық әріптер қандай да бір нәрсеге ұқсайды.Мыс: «Г» әріпі кранға «О»-құтқару шенберіне ұқсайтынын айтады.содан кейін балалар әріпке ұқсас суретті салады.
Қорытынды
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан саладрында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге «Әрекетіміз дұрыс болу үшін, -дейді Әл-Фараби, - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз». Адамды іс-әрекетк е итермелейтін оның түрлі қажеттері. Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдармен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені бұның бірінішісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет - іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-әрекетінің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.
Адам іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару – оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындығы жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Дидактиклық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.
Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезімәрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.
Көрнекті нидерланд оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дәлелдемесіне кең тараған еңбегінде: «ойын адамзат әрекетінің Жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің универсал категориясы» Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді.
Атақты француз ғалымы Луи де Брайль «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі» Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу-қуаныш. Міне, сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді.
