- •Билет №19
- •Коммерциялық банктің депозиттік (салымдық) саясаты
- •Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:
- •Банктік несиелердің қолданылуы мен өтелуін (қайтарылуын) бақылау
- •Билет №20
- •Ипотекалық несиелеу, оның қағидалары мен түрлері
- •Билет №21
- •Несиелік тәуекел және оны бағалау әдістері
- •Билет №22
- •Валюталық мәмілелер:
- •Лизинг туралы келісім-шарт және оның мазмұны
- •Банк түрлері және олардың сипаттамалары
- •Билет №23
- •Валюталық тәуекелдерді басқару әдістері
- •Халықаралық есеп айырысулардың нысандары
Валюталық мәмілелер:
1) «спот» валюта мәмілелері:
а) валюта-американдық доллар
б) кросс-курстар
2) фовардтық мәмілелер:
а) «аутрайт»-форвардттар
б) валюталық своптар
Дереу орындалатын валюталық келісімдер.Кассалық келісімдер немесе дереу орындалатын келісімдер спот (spot) ережелеріне сай жүзеге асырылады. Спот бағамы операция жүргізіліп жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты жоғары бағаланатындығын көрсетеді. Спот ережелеріне сай кассалық келісімдер валютаны дереу алу үшін ғана емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-ақ алыпсатарлық операцияларды жүргізу үшін қолданылады. практика жүзінде келісуші тараптардың бір мезетте валютаны алу мүмкіндігін кепілдендіруөте ауыр іс, әсіресе әртүрлі сағат белдеуіндегі елдер арасындағы есеп айырысуларда мұның өзі қиындығы көп жұмыс. Осыған байланысты қажетті төлемін атқарған банк контрагенттің өз міндеттемесін дәл уақытында орындағанына сенімді емес, сондықтан кредиттік тәуекелділік – делькреде пайда болады.
Лизинг туралы келісім-шарт және оның мазмұны
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал- жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа жəне қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік мəмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл жəне қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын жəне мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар: 1.Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады. 2.Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизин корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған. Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.
