- •Билет №19
- •Коммерциялық банктің депозиттік (салымдық) саясаты
- •Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:
- •Банктік несиелердің қолданылуы мен өтелуін (қайтарылуын) бақылау
- •Билет №20
- •Ипотекалық несиелеу, оның қағидалары мен түрлері
- •Билет №21
- •Несиелік тәуекел және оны бағалау әдістері
- •Билет №22
- •Валюталық мәмілелер:
- •Лизинг туралы келісім-шарт және оның мазмұны
- •Банк түрлері және олардың сипаттамалары
- •Билет №23
- •Валюталық тәуекелдерді басқару әдістері
- •Халықаралық есеп айырысулардың нысандары
Халықаралық есеп айырысулардың нысандары
Қазіргі таңдағы нарықтық қатынастардың мәнісі артып, мемлекеттің саясатына үлкен ықпал тигезетін болғандықтан, халықаралық есеп айырысу мәселесі өзекті болып отыр. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы, тауар өндірудің интернационализациялануы халықаралық есеп айырысу қатынастарынсыз мүмкін емес.
Халықаралық есеп айырысу, халықаралық есептесу — әр түрлі елдер мен фирмалардың өкілдері арасындағы есеп айырысу.
Ол экономика, саяси және мәдени байланыстар негізінде туындайды. Халықаралық есеп айырысу да тәжірибеде қалыптасқан, ұлттық заңдармен, халықаралық құжаттармен, ережелермен және ғұрыптармен тиянақталған, төлем шарттары мен тәртібі, сондай ақ оларды жүзеге асыру жөніндегі күнделікті банк операциялары қамтылады.
Халықаралық есеп айырысу құқықтық қатынастарының қатысушылар тізімі тек сатушы және сатып алушымен шектеліп қоймайды. Халықаралық есеп айырысуды жүзеге асыру барысында басты рольдердің бірін банктер атқарады.
Халықаралық есеп айырысуды несие беретін, кепілдік жасайтын банкілер қолма қол ақшасыз нысанда жүргізеді. Банкілер өздерінің шетелдік бөлімшелерін және шетелдік банкілермен корреспонденттік қатынастарын пайдаланады. Халықаралық есеп айырысу валюталық және несиелік операциялармен, сыртқы саудамен, несиемен, инвестициямен, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен, теникалық көмекпен, сақтандырумен, байланыс қызметтерімен, сондай-ақ өкілдіктер мен делегацияларды ұстаумен, туризммен, тағы басқа өзара байланысты.
