Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19-20.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43 Кб
Скачать
☆
  1. Банк түрлері және олардың сипаттамалары

Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Атқаратын қызметі мен сипатына қарай:

  • орталық эмиссиялық (Ұлттық банк, оның жергілікті филиалдары), 

  • коммерциялық,

  • инвестициялық,

  • салалық,

Ал меншік түріне қарай :

  • мемл.,

  • акцион.,

  • корпоративтік,

  • аралас,

  • мемлекетаралық Банктер болып бөлінеді.

Орталық банк - төлем қаражатын жеке-дара шығару, ақша айналысын, несиені, валюта бағамын реттеу, ресми алтын-валютаның сақтық қорларын сақтау үшін үкімет құратын банк.

Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.

Инвестициялық банктер орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады

Билет №23

  1. Валюталық тәуекелдерді басқару әдістері

Тар мағынасында валюталық тəуекел бұл валюта бағамның өзгеруі нəтижесінде зиян шегу қауіпін білдіреді.

Кең мағынасында, валюталық тəуекел бұл банктің несиелік, валюталық жəне өзге банктік операцияларды жүргізу барысында ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының өзгеруінен туындайтын валюталық шығын.

Валюталық тəуекел негізінен банктің шетел валютасымен қаражаттарды тартып, оларды орналастыру нəтижесінде туындайды.

Банктік тəжірибеде валюталық тəуекелдің бірнеше түрлері қолданылады атап айтсақ:

- айырбас бағамының өзгеру тəуекелі;

- конверсионды операциялар тəуекелі;

- трансляциялық тəуекелдер;

- форфейтинг тəуекелі.

Валюталық тəуекелді төмендетудің мынадай негізі əдістері болады:

- валюталық тəуекелдерді сақтандыру;

- хеджирлеу;

- диверсификациялау.

Валюталық тəуекелдерді сақтандыру валюталық тəуекелдерді басқарудың негізгі əдістерінің біріне жатады.

Халықаралық банктік тəжірибеде валюталық тəуекелдерді сақтандырудың төмендегідей үш тəсілі қолданылады:

1) контрагенттерінің бірінің біржақты ісəрекеті;

2) банктік жəне үкіметтік кепіл-хаттар;

3) мəмілеге қатысушылардың өзара келісімдері.

  1. Несиелік құжаттама және оның мазмұны

Несие берушінің борышқорға (заемшыға) ақшаны, не тауарды қайта-рып беру шартымен немесе белгілі бір ақы төлегенде жеделдетіп қарыз (несиені қолданғаны үшін төлейтін үстемесі) беру барысында туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі.

Қарыз алушы ссуда алу үшін негізгі жазбаша түрдегі өтінішпен банкке жүгінеді, онда ссуданың мақстты бағыты, оның сомасы, қайтару мерзімдері, сондай ақ несие берілетін шараның қысқаша сипаттамасы атап көрсетіледі. 

Өтініш үш дана етіп толтырылады: бірінші және екінші дана (проводка)үшін негіз болып қызмет етеді, үшінші данасы несие қызметкерінің ісінде қалады. Ссудалық есеп шоты банкте, негізінен, банктің есеп шоты ашылған жерде ашылады. Клиентке басқа банк қызмет көрсететін болған жағдайда, соңғы банк несие берушінің сұратқан бүкіл қажетті құжаттарын тапсыруға міндетті.

Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді. Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының. олардың негізгі кызметтерінің яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады. Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мүндагы тауар түрінде берілетін несиені — коммериялық ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]