Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111111111111111111111.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆
  • Электржабдықтарының, негізгі және көмекші механизмдердің жұмыстарын бақылау

Электржабдықтары мен электраппаратураларының күйлерін зерттеу келесі кезеңдерден тұрады:

- электржабдықтары мен электраппаратураларын сырттай қарау және жұмыс қауіпсіздігі үшін қажетті тексерулерді (өлшеулерді) жүргізу;

- электржабдықтары мен электраппаратураларының фукциональдық жұмыс қабілеттерін тексеру;

- электржабдықтары мен электраппаратураларын қалыпты пайдалану мүмкіндігін мақұлдау үшін электрлік және механикалық өлшеулерді жүргізе бөлшектеу (қажет болса).

Электржабдықтары мен күтімжасаушы мамандардың жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқшаулаудың кедергісінің шамасы, электрқозғалтқыштардың сәйкес сипаттамаларын қамтамасыз ету мақсатында резисторлардың кедергілерін өлшенеді.

Негізгі және көмекші механизмдердің жұмысын бақылауларға мына тексерулер кіреді:

- механизмдердің жұмысқабілетін;

- механизмдердің келтіру (отырғызу) жылдамдықтарын қамтамасыз етуін;

- жеңіл жүктерді көтеру мен түсірудің жоғарылатылған жылдамдығын;

- сатылы және автоматты екпін алу мен тежеуді қамтамасыз етуін;

- электрқозғалтқыштарын реверстеуді;

- жүккөтергіштікті шектеушінің жұмысын.

Бақылау және реттеу жұмыстары бұрғылау қондырғысының механизмдерін пайдалану бойынша нұсқауға сәйкес жүргізіледі.

Электраппаратураларын реттеуге және күйін келтіруге максимальдық және жылулық релелердің, уақыт релесінің және т.б. жұмысқа қосылу параметрлерінің шамасын тексеру кіреді. Олар принциптік электр сұлбаларында келтірілген мәліметтермен сәйкес болулары керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]