- •Аааааааааааааааааааааааааааааааааааа
- •Ерітінділер. Ерітінділердің концентрацияларын өрнектеу жолдары.
- •1801 Жылы Пруст ашқан Құрам тұрақтылық заңының анықтамасы: * Қандай жолмен алынған болса да, таза химиялық қосылыстың сандық және сапалық құрамдары әрдайым тұрақты болады*.
- •Термодинамиканың іі заңы. Пәк.Энтропия, Гиббс энергиясы.
- •Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
- •Химиялық байланыс. Валенттік байланыс әдісі (вбә).Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары. Химиялық байланыстың түзілу механизмі. Химиялық байланыстың бағытталуы
- •Химиялық байланыс түрлері. Гибридтену. Молекулалық орбиталдар әдісі.
- •Химиялық кинетика. Жылдамдықтың концентра-цияға, температураға тәуелділігі. Жылдамдық конс-тантасының физикалық мағанасы.
- •1811 Жылы Авагадро ашқан заң анықтамасы: кез-келген газдың бірдей көлемінде бірдей жағдайда молекулалар саны тең (бірдей) болады.
- •Авагадро заңы. Мольдік көлем. Газдардың салыстырмалы тығыздығы
- •Электролиз.
- •Фарадей заңдары
Химиялық байланыс. Валенттік байланыс әдісі (вбә).Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары. Химиялық байланыстың түзілу механизмі. Химиялық байланыстың бағытталуы
Химиялық байланыстың түзілуінің негізгі жағдайы ол жеке атомдардың энергиясымен салыстырғанда көп атомды жүйенің толық энергиясының төмендеуі, яғни А және В атомдарынан АВ заты түзілгенде ЕАВ < Е А+Е В.
Fтебу = Fтарту теңескен кезде потенциалдық энергия өте кіші шамаға ие болады. Потенциалдық энергия ең кіші мәнге сәйкес болғанда, атомдық электрон бұлттары қабаттасып химиялық байланыс орнайды. Электрон бұлттарының қабаттасуы немесе электрондардың жұптасуы олардың спиндері қарама-қарсы болған жағдайда болады.
Электрон жұбы арқылы түзілген химиялық байланысты қарастыратын әдісті валенттік байланыс әдісі (ВБӘ) дейміз. Валентілік – химиялық элемент атомының басқа элемент атомының белгілі санын қосып алу немесе орнын басу қасиеті.
Валенттілік элементтің ең маңызды сипаттамасы болып табылады.Ол элементтің химиялық байланыс түзуінің мүмкіншілігін көрсетеді. Атом туралы кванттық механиканың ілімнің дамуымен валенттілікті химия байланысын түзуге қатысқан жұпталмаған электрон сандарымен анықтайтын болдық. Жалқы электрондармен қатар атомның валенттілігі бос және толық орбиталь сандарына да тәуелді.
Химиялық байланыстың түзілу механизмі.
Жалпы электрон жұбының түзілуі - алмасу механизмі бойынша іске асырылады: әр атом – сыңарына бірден-бір тақ электронын ұсынады (береді) немесе донорлы-акцепторлы механизмі бойынша: бір атом (донор) жұп электронын береді, ал екіншісі (акцептор) валенттік бос орбиталін ұсынады.
Координациялық немесе донорлы-акцепторлық байланыс жұпталған электрондар мен бос орбитальдың әрекеттесуінен пайда болады. Жұпталған электрон беретін А компонент донор, ал В – бос орбиталь акцептор деп аталады.
Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары:
1.Байланыс энергиясы – байланысты үзу үшін қажет энергия мөлшері және оның беріктігінің өлшемі, үлкен байланыс энергиясына қысқа ұзындығы сәйкес келеді
2.Байланыс ұзындығы – химиялық байланысқан атомдар ядроларының ең қысқа аралығы.
3. Байланыс полюстігі – электрон жұбының бір атомға ығысуына негізделген (ковалентті полюсті, ионды). Полюсті байланысты екі атомды молекулалар дипольді болады. Дипольдік сәт =q·l, дебаймен өлшенеді, мұнда q-заряд шамасы, l-ұзындығы. Мына қатарда байланыстың полюстігі кемиді
Металдық байланыс - табиғаты бойынша коваленттік байланысқа жақын, бірақ одан айырмашылығы электрон жұптары екі атомның арасында емес, көп атомдардың арасында орналасады. Металдық байланыс металдарға тән.
Сутектік байланыс – сутек атомымен (қосылыстың құрамына кіретін) электртерістігі күшті элементтің (F,O,N) атомдарының арасындағы байланыс. Ол молекула аралық және молекула ішілік болып жіктеледі. Сутектік байланысты схема түрінде үш нүктемен бейнелейді. Мысалы, молекула аралық су молекулаларында болады
4. Байланыстың қанығуы – белгілі бір шекті химиялық байланыс саны түзілу қабілеттілігі.
5. Байланыстың еселігі.
Химиялық байланысты түзуге бір электрон жұбы қатысса байланыс еселілігі бірге, екі немесе үш электрон жұбы қатысса, осыған сәйкес байланыс еселігі екіге немесе үшке тең болады.
6. Байланыстың бағытталуы, яғни химиялық байланыс түзетін атомдардың кеңістікте өзара орналасуы, бұған молекула формасына тәуелді: сызықтық, бұрышты, үш бұрышты, тетраэдрлік және т.б.
