- •Аааааааааааааааааааааааааааааааааааа
- •Ерітінділер. Ерітінділердің концентрацияларын өрнектеу жолдары.
- •1801 Жылы Пруст ашқан Құрам тұрақтылық заңының анықтамасы: * Қандай жолмен алынған болса да, таза химиялық қосылыстың сандық және сапалық құрамдары әрдайым тұрақты болады*.
- •Термодинамиканың іі заңы. Пәк.Энтропия, Гиббс энергиясы.
- •Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
- •Химиялық байланыс. Валенттік байланыс әдісі (вбә).Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары. Химиялық байланыстың түзілу механизмі. Химиялық байланыстың бағытталуы
- •Химиялық байланыс түрлері. Гибридтену. Молекулалық орбиталдар әдісі.
- •Химиялық кинетика. Жылдамдықтың концентра-цияға, температураға тәуелділігі. Жылдамдық конс-тантасының физикалық мағанасы.
- •1811 Жылы Авагадро ашқан заң анықтамасы: кез-келген газдың бірдей көлемінде бірдей жағдайда молекулалар саны тең (бірдей) болады.
- •Авагадро заңы. Мольдік көлем. Газдардың салыстырмалы тығыздығы
- •Электролиз.
- •Фарадей заңдары
Химиялық байланыс түрлері. Гибридтену. Молекулалық орбиталдар әдісі.
1) Коваленттік байлныс: 1916 жылы Американ ғалымы Льюис химиялық байланыстың электрондық теориясын ұсынды. Бұл теория бойнша екі атом бір бірімен екеуіне де ортақ элетрон жұбы (қосағы) арқылы байланысады.
Бір не болмаса бірнеше электрон жұптары арқылы түзілетін химиялық байланыс коваленттік деп ат.
2) Иондық баайланыстың бірінші теориясын 1916 жылы неміс ғалымы Коссель ұсынды. Коссель теориясы бойынша иондық байланыс қарама қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысуынан болады
3) Металдық байланыс деп электостатикалық тартылу нәтижесінде металдар иондарының және жалпыланған электрондар арасындағы түзілетін химиялық байланысты айтады. Металл атомының электрондық құрылысына назар аударатын болсақ, сыртқы қабатындағы электрондардың саны салыстырмалы түрде көп екенін көреміз. Оның үстіне сыртықы электрондары атом ядросына әлсіз тартылатындықтан металдырадың иондану энергиясы төмен болады. Сондықтан металл атомдары бір бірімен қосылғанда сыртқы электрондары атомнанбөлініп бос электрон газын түзеді. Пайда болған металл иондары кристал тордың оң зарядты металл иондарымен берік тартылып тұрады. Металл атомдарының осылай байланысуын металдық байланыс деп атайды.
Гибридтену — пішіндері әр түрлі, энергиялары шамалас орбитальдардың араласып, пішіні, энергиясы, байланыс бұрышы, т.б. сипаттамалары бірдей гибридтенген жаңа орбитальдар түзілуі.
Атомдық орбитальдардың гибридтенуі атомдар арасында коваленттік байланыс түзілген кезде жүреді. Гибридтенуге жұмсалған энергияның орны химиялық берік байланыс түзілгенде бөлінетін энергиямен толтырылады. Гибридтенуге қанша орбиталь қатысса, гибридтенген орбитальдардың сандары да сонша болады. Гибридтенген орбитальдардың электрон тығыздығы ядроның бір жағына қарай көбірек ауысып, электрон бұлты екінші жағына қарағанда тығызырақ болады. Химиялық байланыс түзілгенде гибридтенген орбитальдардың байланыс түзетін басқа атомдардың орбитальдарымен бүркесу аймағы жеке (таза) s-немесе p-орбитальдармен салыстырғанда үлкенірек болады. Сондықтан гибридтенген орбитальдар түзетін химиялық байланыстар гибридтенбеген орбитальдар түзетін байланыстардан берік болады.
Молекулалық орбитальдар әдісі. Молекулалық орбитальдар әдісінің негізгі ережелері. М.О. энергетикалық диаграммасы. Байланыстырушы, байланыстырушы емес және босаң орбитальдар. Екі атомды молекуладағы МО толтыру реті, МО әдісі бойынша екі атомды молекуладағы байланыс ұзындығы және энергиясының өзгеру заңдылығын түсіндіру. Электронның спинінің заттың магнитті қасиетіне әсері. МО әдісі бойынша молекуланың және ионның магнитті қасиетін түсіндіру.
2.4. Иондық байланыс. Иондық байланыстың қанықпауы және бағытталмауы. Иондардың электростатикалық әсерлеуі. Иондардың поляризациясының электрондық структураға, зарядқа және ионның радиусына байланыстылығы. Иондардың поляризациясының заттардың қасиетіне балқу температурасына тұрақтылыққа байланыстылығы.
2.5. Молекулааралық әсерлесу.
Молекулааралық күштердің табиғаты. Молекулааралық әсерлесудің энергиясы. Сутектік байланыс. Молекулааралық және молекулаішіндік, симметриялық және ассиметриялық сутектік байланыс. Байланыс энергиясы және ұзындығы.
2.6. Конденсациялық жағдайдағы заттың құрылысы. Қатты, сұйық, газ тәріздес, плазмалық күйде олардың ерекшеліктері. Кристалдық күй. Изоморфизм, полиморфизм. Кристалдық тордың түрлері (атомдық, молекулалық, иондық, металдық). Әртүрлі кристалдық тордағы бөлшектердің арасындағы байланыстың табиғаты. Сұйық және аморфты күй, олардың ерекшеліктері.
