- •Аааааааааааааааааааааааааааааааааааа
- •Ерітінділер. Ерітінділердің концентрацияларын өрнектеу жолдары.
- •1801 Жылы Пруст ашқан Құрам тұрақтылық заңының анықтамасы: * Қандай жолмен алынған болса да, таза химиялық қосылыстың сандық және сапалық құрамдары әрдайым тұрақты болады*.
- •Термодинамиканың іі заңы. Пәк.Энтропия, Гиббс энергиясы.
- •Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
- •Химиялық байланыс. Валенттік байланыс әдісі (вбә).Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары. Химиялық байланыстың түзілу механизмі. Химиялық байланыстың бағытталуы
- •Химиялық байланыс түрлері. Гибридтену. Молекулалық орбиталдар әдісі.
- •Химиялық кинетика. Жылдамдықтың концентра-цияға, температураға тәуелділігі. Жылдамдық конс-тантасының физикалық мағанасы.
- •1811 Жылы Авагадро ашқан заң анықтамасы: кез-келген газдың бірдей көлемінде бірдей жағдайда молекулалар саны тең (бірдей) болады.
- •Авагадро заңы. Мольдік көлем. Газдардың салыстырмалы тығыздығы
- •Электролиз.
- •Фарадей заңдары
Электролиз.
Электролиз процесі кезінде, керісінше, тотығу-тотықсыздану процесі сыртқы ток көмегімен жүреді. Электролиз дегеніміз – электролит арқылы электр тоғы өткенде жүретін тотығу-тотықсыздану процесі.
Электролиз кезінде гальваникалық элементтегі сияқты анодта тотығу, катодта тотықсыздану процесі жүреді.
Электролиз процесі гальваникалық элементтің жұмыс істеу принципіне қарама-қарсы болғандықтан, электролиз кезінде теріс электрод - катодтық, ал оң электрод - анодтық қызмет атқарады.
Электролиз жүруі үшін электролиздер (пішіні кез-келген стакан, колба, көбінесе U-түтік және т.б.) және электродтар керек. Электрод ретінде өздері процеске қатыспайтын, яғни индифферентті тек электрондарды өткізетін престелген графит стержендер бола алады. Сонымен қатар, анодтық еру процесіне қатысатын металл стержендері де электрод болады. Электролит ретінде тұздардың судағы ерітінділері мен балқымалары қызмет атқарады.
Электролит табиғатына және электролит материалына байланысты электролиздің үш түрі бар:
1)судағы ерітіндінің индифферентті электрод арқылы электролизі;
2)балқымалар электролизі;
3)еритін анодпен электролиз, яғни рафинадтау – металдарды тазалау.
Фарадей заңдары
І- заңы. Электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен ток мөлшеріне тура пропорционал: m=I∙
m – граммен алынған масса;
I – ток күші, А;
- секундпен өлшенген уақыт.
II- заңы. Электролиз кезінде тоқтың бірдей мөлшері электродтарда әртүрлі заттардың эквиваленттілік массасын бөліп шығарады:
А – атомдық масса;,
n – «е» саны, яғни оның қосылыстардағы заряды;
F – Фарадей саны=96500Кл.
