Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПиЯ алфавит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

Капилярлы-кеуекті денедегі ылғалдың орынауысуы

Массаөткізгіштік деп- заттардың қатты фазада орын ауыстыруын айтамыз. Көптеген құрылыс материалдары капиллярлы-кеуекті дене болады және олардың оздерін қоршаған ортамен массаалмасуы тек қана материалдың беттік қабатының озін қоршаған ортамен массаберіліс үдерісі ғана өтпейді, сонымен қатар материалдың ішкі қабатыменде массаберіліс үдерісі өтеді. Массаөткізгіштік материалдың ортамен массаалмасу жылдамдығын анықтайды, сонымен қатар материалды өндіру кезінде оның физико-техникалық қасиеттеріне әсер етеді. Ғылыми әдебиеттерде массаөткізгіштікті сипаттау үшін «қысылған диффузия» термині қолданылады. Бұл терминді түсіну үшін Кади мен Вильямс қатты денедегі ерітіндінің қысылған диффузияның формуласын ұсынды:

ҚҚҚҚҚ

Құрылыс материалын өндірудегі ұсату үдерісі. Ұсатуды жіктеу

Ұсату — материалды, онын ірі кесектерін белгілі мөлшерге дейін (сепкілдігіне байланысты) ұсату үшін жүргізіледі. Егер кен ұсақ сепкілді болса, тиісінше ұнтақтау алдында ұсату 8— 10 мм-ге дейін жеткізіледі. Ірілігіне қарай ірілеп ұсату, орташа ұсату және ұсақ ұсату сатыларына бөлінеді. Ұсату арнаулы аппараттарда — ұсатқыштарда соғу, жару және жаншу жолдарымен жүргізіледі. Ұсатқыш- кен кесектерін ұсататын арнаулы аппараттар негізінде ол төрт түрге бөлінеді: жақты, конусты, валкалы және балғалы. Оларды таңдау кен кесектерінің іріліктеріне, физика-механикалық қасиеттеріне және фабрика өнімділігіне байланысты. Валкалы ұсатқыш- бұл ұсатқыш көбінде ұсақ ұсату сатысында және төмен өнімді фабрикаларда қолданылады. Кен цилиндрлі жазық не бұдыр тісті екі бет арасында жаншылып ұсақталады. Екі цилиндрлі валкалар біріне бірі қарсы айналып ортасына түскен кен кесегін қапсыра тартып жаншиды. Бұларда өндірістік жағдайда 5мм-ге ал лабораторияда 2мм-ге дейін ұсатуға болады. Валкалы ұсатқыштарда кен біріне бірі қарсы айналатын параллель орнатылған екі валканын ортасына түседі де жаншылып ұсатылады. Жалпы олардың бір валокты және төртвалокты түрлері де бар. Олар тегіс бетті (ВДГ) және тісті бұдыр бетті (ВДЗ) валкты ұсатқыштар болып бөлінеді. Турлері: материалдық және идеалдық (оймен танылатын) Ұсатқыш-кен қозғалмайтын және қозғалатын екі жазық бет аралығында жаншу арқылы ұсақталады. Көбіне орташа және төмен өнімді фабрикаларда ірілеп ұсату сатысында қолданады. Конструкциясы жағынан екіге бөлінеді: қарапайым қозғалмалы жақты және күрделі қозғалмалы жақты.

Қалыптасқан ағымның тұтастығының дифференциалдық теңдігі

Құбырлардағы гидравликалық кедергілер

Сұйыққа толтырылған құбыр бөлігін қарастырамыз. Егер сұйық тыныштық күйінде болса, онда оның құбыр қабырғаларымен әрекеттесуі төмен қарай бағытталған күшпен анықталады. Сұйықтың қабырға мен ағын арасында қозғалысында кедергі күштер туындайды, шеткі қабаттардың қабырғамен тежелуі (үйкеліс күші) .Сұйықтың тұтқырлығына байланысты тежелу келесі қабаттарға беріледі. Энергия н/е ағын, үйкеліс күшін жою үшін қажетті. Оны үйкеліске кеткен ағын шығыны деп атайды.

Ағын шығынының өзгеруін желілік шығын н/е желілік кедергіге кеткен ағын деп атайды.

Өлшемді талдау әдісін, құбырдағы ағынның бір қалыпты қозғалуынан түзілген, үйкеліске кеткен ағын шығының анықтауда қолданамыз.Тәжірибелер көрсетеді, үйкеліске кеткен ағын шығыны диаметрге d ж/е құбыр ұзындығына l , сұйықтың физикалық қасиеттері- тұтқырлығына ж/е тығыздығына , сұйық қозғалысының орташа жылдамдығына , құбыр қабырғаларының кедір-бұдырлығына байланысты. Бізді қызықтыратын функциональді байланысты мына түрде ұсынуға болады:

Мұндағы үйкеліске кеткен ағын шығыны, ол тең.

Ағынның желілік шығынының негізгі түрлерін келесі топқа бөлуге болады:

  1. Шығын, тартылымды арна қимасының өзгеруімен б/ты-құбырдың (трубопровдтың) тосын ж/е ақырын-ақырын(постепенно) аумақталуы, тарылуы;

  2. Шығын, бағыт өзгертуге б/ты-бұрыштық, құбырдың бұрмалары;

  3. Шығын, әртүрлі арматураның кедергісіне б/ты-қақпақтардың,шүмектердің;

  4. Шығын, ағынның қосылуы н/е алшақтауына б/ты-үштармақтар,крестовиналар.

Желілік шығынның барлық түрлері құбыр тартылымның арнасында сұйықтықтың тасқын қимасының өзгерісімен байланысты.