- •100 Μ мен 0,1 µ аралығындағы бөлшектер үшін жүргізеді. Радиусы 100 µ үлкен
- •Асылма қабат гидродинамикасы, сұйықтың үлбірлі ағымы мен бармотаж.
- •Гидродинамика мен оның жалпы анықтамалары.
- •Гидродинамиканың сырт мәселелері
- •Дайындық үдерісі
- •Капилярлы-кеуекті денедегі ылғалдың орынауысуы
- •Құрылыс материалын өндірудегі ұсату үдерісі. Ұсатуды жіктеу
- •Құрылыс материалдарын жылумен өңдейтін құрылғыларды жіктеу
- •Құрылыс материалын өндірудегі материалдарды сұйық және ауа ортасында жіктеу
- •Құрылыс материалдарын өндірудегі компоненттерді араластыру және массаны гомогендендірудің жалпы заңдылықтары.
- •Материалдың теориялық және нақты беріктігі
- •Массаалмасу үдерісін жіктеу
- •Массаберілістің негізгі заңдары
- •Ппппппп
- •Ссссссс
- •Сұйықтың ламинарлы және турбулентті қозғалыстары.
Материалдың теориялық және нақты беріктігі
Теориялық беріктік депқайталанбайтын диссоциацияланған материал алу үшін қажетті деген ең төменгі температурада ақаусыз идеалды материалға бәсеңдетіп беттестіру арқылы алынады. Қатты дененің беріктігі денені құрайтын атомдар мен иондар арасындағы байланысқан күштерге байланысты. Қатты дене дұрыс геометриялық форманы құрайтын кристалды решеткаларда орналасқан атомдар, молекулалар, иондардан құралған, кристалды құрылымға ие. Кристалды емес құрылымдағы қатты денелер тек жақын жинақылыққа тән. Күштердің табиғатына байланысты центрдағы тепе-теңдікті ұстап тұратын атомдар, молекулалар, иондар кристалды тордың 4 түрін қарастырады: атомды, молекулалы, иондық және металдық. Атомдық байланыс силикатты материалдарға тән. Кристал торларындағы ақаулар нақты, бірөлшемді және екіөлшемді деп бөлінеді. Нақты ақаулар эенергетикалық, электрондық және атомдық деп бөлінеді. Энергетикалық ақаулар жылулық қозғалыспен байланысты. Әр түрлі радиациялармен-жарықтық, рентгендік және т.б. Электронды ақауларға электрондар жетіспеуі және қос ақаулар жатады. Атомдыққа атомдар араласқан ақаулар жатады. Біөлшемді ақауларға дислокация жатады. Дислокация (орналасу, жылжу)- кристалдардағы ақаулар. Екіөлшемді ақауларға кристал түйіршіктер арақашықтығының ақаулары жатады. Гриффитс теориялық пен нақты беріктік арасындағы айырмашылық кристалдардағы ұсақ трещиналардың пайда болуында деп түсіндіреді.
Массаалмасу үдерісін жіктеу
Массаалмасу-заттың бір күйінен екінші күйіне өтуін сипаттайтын үдеріс. Келесідей түрлерге жіктеледі:
1. Кептіру-қатты материалдардан ылғалды буландыру арқылы жою
2. Кристалдану- ерітінділер не құймалардан қатты фазаның кристалл түрінде шығуы
3. Адсорбция- қатты дене бетінің газдарды не буларды таңдамалы түрде жұтуы.
4. Экстракциялау- еріткіштің көмегімен қатты не сұйық заттардан компоненттерді алу
5. Абсорбция- сұйық жұтқыштардың газдарды немесе буларды жұтып алуын айтамыз.
6. Ректификация- гомогенді сұйық қоспалардың сұйықты көпретті буландырып, кейіннен пайда болған булардың конденсациясы арқылы бөлінуі.
Массаберілістің негізгі заңдары
Массаберіліс дегеніміз- заттың (немесе бірнеше заттың) бір фазадан екіншісіне тепе-теңдікке жеткенге дейін ауысуын атайды. Ол екі жағдайда өтеді: біріншісі, сұйықтар ағысы кезіндегі ауысуы. Екіншісі, сұйықтар мен қатты денелердің ауысуы.
Жылуберілістің негізгі заңы: заңдары Фик заңдары - сыртқы әсерлер болмаған кездегі идеал ерітінділердегі диффузияның заңдары. , диффузия өз-дігінен жүретін процесс ретінде барлық дисперсті системалар үшін, газдарға арналған Фик заңына бағынады. Фиктің бірінші заңына байланысты диффузия жылдамдығы өзі диффузияланатын аудан мен концентрациялық градиентке тура пропорционалды: мұндағы dm — диффузияланған зат массасы; dt — шексіз аз уа-қыт; S — берілген зат диффузияланған аудан; dCdх — концентра-ция градиенті немесе концентрация кемуі; dС — концентрация; dх — концентрациясы кеміген бөлік; D — диффузия коэффициенті, ол әрбір дисперсті системаның диффузиялану қабілетін сипаттайды. Бұл коэффициент концентрация градиенті 1-ге тең болғанда бір шаршы сантиметр ауданнан 1 сек-та диффузияланып өткен масса мөлшерін көрсетеді. Егер диффузия процесі кезінде диффузия коэффициенті өзгеретін болса, онда оған орай концентрация градиенті де өзгереді. Олай болса уақытқа байланысты концентрация өзгерісінің жылдамдығын, яғни dCdt туындысын анықтау керек. Ол Фиктің екінші заңын өрнектейтін теңдеумен анықталады: Фиктін, екі заңын қолдану кезіндегі негізгі қиындық көп уақыт-қа дейін диффузия коэффициентінің мәнін табу болып келеді. Алайда бұл коэффициентті аныктау қиындығы Эйнштейн броун-дық қозғалысты зерттегенде оны (186) теңдеудегі орташа жылжу-мен байланыстырғалы жеңілденді.
