Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПиЯ алфавит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

Құрылыс материалдарын өндірудегі компоненттерді араластыру және массаны гомогендендірудің жалпы заңдылықтары.

Компоненттерді араластыру құрылыс материалын өндірудегі негізгі үрдістердің бірі болып табылады.Компоненттерді араластырудың негізгі масаты ол кұрамның максималды біркелкілігі болып табылады.Компоненттердің біркелкілігі материалдың сапасына әсер ететін фактор.Араластырудың нәтижесі мен жылдамдығы компоненттердің формасы мен бөлшектердің ұсақтғымен,араластырылатын компоненттердің санымен және олардың арақатынасымен,компоненттердің тығыздығымен және үйкеліс коэффицентімен анықталады.Егер де бір компоненттің көп мөлшерін екінші бір компоненттің аз мөлшерімен араластыратын болсақ,онда компоненттердің біркелкілігі қоспа құрамында азаяды.Араласу үдерісі арнайы аппараттарда жүзеге асады:смесительдерде,қоспаның табиғаты байланысты және қажетті өндіріске байланысты конструкцияларда.

Егер де араластыру процесін бөлшектердің диффузиясы ретінде қарастырсақ,онда Фиктің 1-ші заңына сәцкес диффузия жылдамдығы келесі теңдеумен анықталады: dm=-D*(dc/dx)dAdt.

Жалпы кинетика теңдеуінің талдауы мен бірқатар эксперименттер нәтижесінде мынандай қорытынды жасауға болады:компоненттерді араластырудың уақытын ұзарту араластыру сапасын жақсартпайды,кей жағдайда ол кері әсер етеді,себебі компоненттер тым ұсақ болып олардың арасында жаымсыз реакциялар орнауы мүмкін.Араластыру сапасы компоненттердің диаметрлерінің тым әр түрлі болуынан да төмендейді.

Араластырылатын заттардың физикалық күйіне байланысты араластыруға арналған машиналарды жіктейді:1)сұйық қоспаларды араластыруға арналған машиналар (шлам,бояғыштар); 2)ірі құрамды суспензияларды араластыруға арналған машианалар;3)құрғақ ұнтақтәпіздес материалдарды араластыруға арналған машиналар.

Құрылыс материалдарын жылумен өңдеу. Жылумен өңдеу жылудың таралу тәсілдері туралы ғылым-жылу беріліс заңдарымен сипатталады. Жылумен өңдеу кезінде материалда физика-химиялық процестер орын алады,кұрылымы қалыптасады,масса және жылутасымал процестері жүзеге асады.Жылумен өңдеудің басты мақсаты-материалдың температура арқылы және әр түрлі шарттарда қасиеттерін жақсарту болып табылады.Материалдың кептіру процесі кезінде физика-механикалақ қасиеттерінің өзгеруі материалдың құрамындағы ылғалмен,кептіру режимімен анықталады.Реббиндер тұжырымы бойынша ылғал материалмен химиялық байланыста болады және дәл сандық қатынаста молекула құрамына кіреді;физика-химиялық байланыста болғанда ылғалды адсорбциялық күшпен ұстап тұрады;физика-механикалық байланыста ылғал капилярлық ылғал есебімен материал құрамында болады. Материалдың құрамындағы ылғалды сипаттайтын көрсеткіштерге салыстырмалы( ) және абсолют ылғалдылық () немесе ылғалдылық мөлшері(U) жатады:

*100; *100; U=

Кептіру ұзақтығы:t=( )VR/(KiA), мұндағы -орташа ылғал мөлшері, V-материал көлемі,А-буланатын бет ауданы,Кі-Кирпичев критериі.

Құрылыс материалын өндірудегі технологиялық шешімді оңтайландыру. Өндірісті ұйымдастыру-бұл өндірістің барлық элементтерін жұмыс күшін машиналарын,жабдықтарын,еңбек құралдарын уақыт бойынша тиімді және оңтайлы үйлестіруге бағытталған іс-шаралар жүйесі.,Осы анықтамаға байланысты технологиялық процестерді ұйымдастыру тәсілдері бойынша мерзімдік,үздіксіз,аралас деп бөлінеді.Мерзімдік процестерді аппаратта жүргізеді,онда белгілі бір уақыт аралығынан кейін бастапқы материалдар немесе жартылай дайындалған өнімдер тиіледі:сосын аппаратты жұмыс режиміне қосады,режимнен шығарады:содан кейін аппараттан ақырғы өнім тиеледі.Мысалы:керамикалық бұйымдар,гипс пісіретін қазандық үшін камералық кептіру,силикатты кірпіш үшін автокклав,бетон және темірбетон бұйымдар үшін булау камерасы.Үздіксіз процестер үздіксіз аппараттарда жүзеге асады(химиялық терминологияға сәйкес ағынды аппараттарда).Материалдың аппаратқа түсуі және ақырғы өнімдерді түсіруі бір уақытты және үздіксіз аппараттың қарама-қарсы екі жағынан жүргізіледі.Оның жұмыс істеуі ұзақ уақыт бойы өзгермейді.мысалы:әктасты күйдіруге арнлған шахта пеші,цементті клинкер күйдіруге арналған айналмалы пеш,керамикалық пешке арналған тунельді пеш,темірбетон бұйымдарының қатаюына арналған тунельді булау пеші.Сонымен қатар барлық технологиялар қатарында аралас процестерді жиі қарастырамыз,жалпы мерзімділігі кезінде жекеленген сатылар кезінде мерзімдік жүзеге асырылады,мұндай үйлесімдер техникалық экономикалық түсініктер бойынша делелденген.

Құрылыс материалын өндірудегі басқарудың автоматтандырылған жүйесі.

Технологиялық процесті басқарудың жоғарғы түріне технологиялық процесті басқарудың оңтайлы режимін өзі таңдауға қабілетті технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесін пайдалануға қол жеткізіп отыр.Басқару модельдерін сәйкестендірудің күрделі процесінде әртүрлі мамандық иесі қатысуы тиіс,соның ішінде-математиктер,технологиялық процесті автоматтандыру жүйесіне қосылатын параметрлер,олардың өзгеруі мүмкін шектері бөлігінде жетекші рөльде болуы тиіс

ММММММ

.Моделдеу ғылыми зерттеудің әдісі.Моделдеуің негізгі үрдістері

Модельдеу әдісі-ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігін, материалдық процесстер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ойтүрткілерге, ссебептерге тб байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді ьәсілмен зерртеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жаткан объектінің субъект баса көіәл аударып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар, процесстерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сонд моделдеу танымнын формасы, әдісі әрі категориясы болвп саналады. Модельдеу екі түрлі болады; 1) Пәндік моделдеу зерртеу объектісінің белгілі бір физ, геом-қ, динамикалық н/е функционалдық сипаттамаларын табылады. Түрлері: 1. Материалдық 2. Идеалдық (оймен танылатын)