Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерек баг. тил дам. кормке.техн. дурысы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63 Кб
Скачать
☆

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Тіл және әдебиет

Оқу іс – әрекеті: Сауат ашу (Көркем әдебиет)

Тақырыбы: «Адал дос»

Мақсаты: а)Адал дос туралы түсінік беру;

ә)Адалдық қасиеттерін дамыту;

б)Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу; сөздік қорын байыту.

Көрнекіліктер: суреттер, жұмыс дәптері.

Әдіс -тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Билингвальді компонент: адал-верный,дос-друг.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотивация – лық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Дос болайық бәріміз,

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз,

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз,

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз.

Шеңбер бойына тұрып, орындайды.

Ұйымдасты – рушылық ізденістік

-Бұл өлең не туралы айтылған?

-Ендеше, бүгін біз оқу іс-әрекетімізде М.Төреженовтың «Адал дос» әңгімесімен танысамыз.

Сұрақ- жауап:

-Екі баланың достығын неге шынайы, адал дос деп атаймыз?

-Сендер достарыңа достық көмекті қалай көрсетесіңдер?

-Әңгіме қалай аталады?

Дәптермен жұмыс:

Сурет бойынша әңгімелеу.

Досыңның суретін сал.

«Менің досым» ойыны.

Ойынның мақсаты: достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: балаларға допты лақтырып, «Сенің досың қандай?» -деп сұраймын, ал балалар досының қандай екенін айтады.

Достық туралы

Балалардың жауабы.

«Адал дос»

Тапсырманы орындайды.

Ойын ойнайды.

Рефлекстік түзетушілік

-Балалар, бүгін біз адал достық жайлы әңгімелестік.Достар әрқашан бір-біріне қолдау жасап, қамқорлық көрсетеді.

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да, қайда да,

Достар бір-біріне,

Сенімді боламыз!

Балалар қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:шығарманың мазмұнын.

Игереді: бір-біріне деген адалдық сезімін.

Меңгереді: достық қарым-қатынас жасасуды.

Технологиялық картаны толтырған: Шетірова Ә.Б

Күні:

Бекітілді:_______

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Тіл және әдебиет

Оқу іс-әрекеті: Сауат ашу (Көркем әдебиет)

Тақырыбы: «Атасының ақылы»

Мақсаты:а)Әңгімені тыңдай білуге үйрету;үлкен адамның айтқан нақыл сөздеріне көңіл бөлуге баулу;

ә) Қазақтың мақал-мәтелдеріндегі ұлағатты сөздерді меңгерту;

б) Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Қостілдік компонент:ата-дедушка

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,сұрақ-жауап,дәптермен жұмыс.

Көрнекіліктері:суреттер.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір, екі, үш, демімізді алайық.

Шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын қайталап, қимыл жасайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде С.Сейтеновтың «Атасының ақылы» атты әңгімесімен танысамыз.Әңгімені оқып беремін.

Сұрақ –жауап арқылы әңгімелесу:

-Әңгімеде не жайлы айтылған?

-«Дос» дегенді қалай түсінесің?

-Дос қандай болуы керек?

-Еркін мен Төкен достықты қалай түсінді?

Сергіту сәті:

Кім үлкенді тыңдаса,

Күм үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Дәптермен жұмыс.

1.Өлеңді оқу.

2.Қазақтың киелі домбырасымен таныстыру.

Балалардың жауаптары.

Өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.

Тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай әңгімемен таныстық?

-Авторы кім?

«Атасының ақылы»

С.Сейтенов.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әңгіменің мазмұнын дұрыс түсіне біледі.

Игереді: суретке қарап әңгіме құрауды,сұрақтарға жауап беруді.

Меңгереді: жақсы қасиеттерді меңгереді.

Күні,айы,жылы:

Технологиялық картаны толтырған: Шетірова Ә.Б

Бекітілді:________