- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Тіл және әдебиет
Оқу іс – әрекеті: Сауат ашу (Тіл дамыту)
Тақырыбы: Әңгімеле......
Мақсаты: а)Балалардың екі ойыншық жайлы шағын әңгімелерді бейнелеп айта білуге, жай және күрделі сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құрауға үйретуді жалғастыру.
ә)Балалардың тіл байлығын дамыту.
б) Балаларды отбасын сыйлауға, достыққа, туған жерін, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдіс -тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Блингвальді компонент: отбасы-семья, ата-дедушка,әже- бабушка,әке-папа, ана-мама, аға-брат,әпке- сестра.
Көрнекілігі:суреттер
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Баланың іс – әрекеті |
Мотивация – лық қозғаушылық |
Ғажайып сәт:қонаққа екі қуыршақтың келгенін хабарлау. |
Балалар қызыға қарайды.
|
Ұйымдасты – рушылық ізденістік |
-Балалар, ең алдымен бізге қонақ келсе не дейміз? -Балалар, амандасудың да көптеген түрлері бар? -Ендеше, біз екі қонағымызды төрге шығарайық. -Балалар, екі қыз апалы-сіңлі екен.Яғни екеуі де бір үйдің қызы екен. Енді осы екі қызға отырып, шағын әңгіме құрайық. Әңгіменің тақырыбы: «Айгөлек пен Айгүл» -Ия,яғни Айгүл қазақтың ұлттық киімін киіп алыпты.Қараңдаршы қандай әдемі?Сендерде қазақтың ұлттық киімін кигенді ұнатасыңдар ма? -Біздің ұлтымыз қалай аталушы еді? -Иә, біздің Республикамыздың аты? -Біздің жеріміз қандай? -Біз туған жерімізді, Отанымызды жақсы көреміз бе? -Біздің жерімізде басқа ұлт өкілдері тұрады.Олар қандай ұлт өкілдері? -Дегенмен біз барлық ұлт өкілдерімен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. -Ал, енді, балалар, бізге келген екі қуыршақ қызды әңгімелейік.Айгүлдің шашы қандай екен? Балалар сендер халық әні: «Айгөлек» әнін білесіңдер ме? Сергіту жаттығуы: «Айгөлек» Айгөлек- ау, айгөлек Айдың жүзі дөңгелек. Айдай туған кезімде, Би, билейміз дөңгелеп. (Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау). -Балалар, енді сендер айгөлек пен Айгүлдің ауылына барғыларың келеді ме? -Ендеше барлығымыз көз жұмамыз. Көз жұму әдісі:Қысқы ауыл бейнесін елестету. -Боран дауысы қалай шығушы еді? -Иә, уілдейді. Айгөлек пен Айгүлдің отбасында атасы, әжесі,ағасы,жеңгесі, әпкелері, інілері бар екен.Сонда олар үлкен отбасылы ма?Әлде кіші отбасылы ма? Дәптермен жұмыс:Тіл дамыту дәптеріндегі «Отбасы мүшелерін сызық арқылы және ретімен орналастыр, орналастыру себебін түсіндір» тапсырмасын орындату. «Отбасы» өлеңін оқып, Анаң-күнің, жүрегің, Әкең- өмір тірегің. Әжең-асыл ардағың, Атаң –дана қорғаның. Ағаң-қамқор асқарың, Інің- мөлдір аспаның. (М.Қуанышбеков) Сурет арқылы тақпақты жаттату. |
-Амандасамыз. -Сәлеметсіз бе? -Аман-есенсіз бе? -Сәлем!Ер адамдарға кіші ұлдар:
«Ассаламағалейкум!!» -деп амандасады. -Қош келдіңіздер!
-Әрине ұнатамыз.
-Біздің ұлтымыз қазақ. -Біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады. -Біздің жеріміз үлкен, байтақ. -Әрине, жақсы көреміз. Себебі біз осы жерде туылғанбыз. -Орыс, татар, кәріс, ұйғыр, өзбек, қырғыз т.б. -Айгүлдің шашы қара, бұрымды, қолаң және ұзын болып өріліпті.Көздері дөңгеленген, қиғаш қасы , қыр мұрынды, әдемі аузы бар.Ол үнемі өзінің қасынан сіңлісін тастамайтын қыз екен.Оның сіңілісінің аты-Айгөлек. Сергіту жаттығуын орындайды. Әрине, барғымыз келеді.
Балалар көз жұмып, көз алдарына қысқы ауылды елестетеді. -Уууууууууууууууууу
-Олар үлкен отбасылы екен. Дәптермен жұмыс жасау.
Тақпақты қайталау арқылы жаттайды. |
Рефлекстік түзетушілік |
Екі ойыншыққа сипаттама береді.Балаларды мадақтау, оқу іс-әрекетін аяқтау. |
Сипаттамада ең әдемі сөздермен жеткізе білу керек. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Мақал-мәтелді білу;
Игереді: Әңгімелеуді игерді;
Меңгереді: сурет арқылы тақпақты жылдам жаттап алуды біледі.
Күні:
Технологиялық картаны толтырған: Шетірова Ә.Б
Бекітілді: _________
