- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Тіл және әдебиет
Оқу іс-әрекеті: Сауат ашу (Көркем әдебиет)
Тақырыбы: «Күзде»
Мақсаты:Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту,күз мезгілінің ерекшеліктерін толық айтуға дағдыландыру,өлең жолдарын жатқа айтуға үйрету.
Қостілдік компонент:күз-осень,листья-жапырақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Қайырлы таң,балалар!Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып,өздері білетін өлең жолдарына айтады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Күз мезгілі туралы әңгіме жүргізу.Күз мерекесін қалай тойлағандарын сұрау. -Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар? -Жапырақтардың түстері қандай болады? -Күз мезгілі бізге қандай сый береді?Олай болса балалар өткен сабақта І.Байжұманованың «Күзде» өлеңімен танысып едік гой,сол өлеңді бүгін жаттаймыз. «Күзде» өлеңін 2-3 рет оқып беру. Күзде Алма пісіп,алмұрт түсіп, Күзде бақтар жайнайды. Құстар қайтып, қош айтысып, Қимас үнмен сайрайды. Сұрақ-жауап: -Өлеңде не туралы айтылған? -Құстар қай жаққа ұшып кетеді? -Жемістер қайда өседі? Өлеңді жаттатып, 2-3 баладан сұрау. Сергіту сәті: Алма баққа барайық, Алма теріп алайық. Ең үлкенін дәмдісін , Әжемізге сыйлайық. Дәптермен жұмыс: 1.Жұмбақтар шешу. 2.Сурет бойынша әңгімелеу. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. -Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі,құстар жылы жаққа ұшып кетеді,күн салқындайды т.б. -Сары,қызғылт сары -Жеміс-жидек піседі.
Қайталап, жаттайды.
-Күз мезгілі -Жылы жаққа -Бақта
Балалар қимылдар жасайды.
Дәптердегі тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық- Түзетушілік |
-Жемістің барлығы үлкен еңбектің арқасында келеді.Біз оларды күтіп- баптасақ,жемістер бізге мәуесін береді. Сондықтан біздер оларды аялап,қорғаумыз керек.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі:өлеңді жатқа айтуға үйренеді.
Игереді:күз мезгілінің ерекшеліктерін толық айтуға.
Меңгереді:табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауды.
Күні,айы,жылы:
Технологиялық картаны толтырған:Шетірова Ә.Б
Бекітілді:_______
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Тіл және әдебиет
Оқу іс-әрекеті: Сауат ашу (Тіл дамыту)
Тақырыбы: «З» және «С»дыбыстары
Мақсаты:а)Балаларға «з» және «с»дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету және түсіндіру.
б)Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың анық ,таза, әрі түсінікті дыбыстап айта білу біліктерін дамыту.
ә)Ізгі сөздерді күнделікті айта білуге дағдыландыру, үнемділікке тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Демонастрациялық құралмен жұмыс:Балалардың назарын жыл мезгілдерінің суреттеріне аудару.Оларды ерекшелігіне сай атау.(қыс, көктем,жаз,күз) Қазіргі жыл мезгілін және ай атауларын сұрау. |
Назарларын суретке аударып,оларды атауға әрекеттенеді. Күз мезгілі екенін,ай атауларын атауға атсалысады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Жыл мезгілдерін рет-ретімен атау. Қай сөзде «с»,қай сөзде «з»дыбысы бар екенін айта отырып,сол дыбыстарды дұрыс әрі таза айтылуын қадағалау,сөйлем құрауын ұсыну. -«Ыз-ыз-ыз» деп ызылдап дыбыс шығарайық. -Ненің дыбысына ұқсайды? -«С», «з»дыбыстарын айтқанда ерін езу тартып,күлген кездегідей керіліп,тістер көрінеді.тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді,тіл ортасы сәл дөңестеніп,екі жағы тістерге жанасады. Деміміз тіл ортасынан шығады. «З» дыбысына дыбыстық жаттығу жасату. За-за-за-таза Зу-зу-зу-жазу Зы-зы-зы-қозы Зе-зе-зе-зерек Аз-аз-аз-жаз Ыз-ыз-ыз-қыз Үз-үз-үз-күз Із-із-із-сәбіз Буын ішінде келген «с»дыбысын ажыратқызып үйрету. Са-са-са—сана Су-су-су-суық Се-се-се-кесе Ас-ас-ас-тас «С»және «З» дыбысының ауадан жазылуын көрсету. «З» дыбысының 3 санына ұқсайтынын айту. Топтағы немесе басқа да «З»және «С»дыбысы бар заттарды атау. Тыныштық сақтап сағаттың дыбысын тыңдату.Оның қажеттілігі мен пішіндері туралы әңгіме өрбіту. -Бәріміз сағат болайық:сырт-сырт,сырт-сырт. Сергіту жаттығуы. Күзім-ау,күзім-ау, Мінезің бұзық-ау, Жаңбырың сіркіреп Келгенің қызық –ау. (Қ.Ыдырысов) Дидактикалық ойын: «З және с дыбыстары» Мақсаты:Баланың ойлау қабілетін дамыту және «З» мен «С» дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету. Ойын шарты:Тіл дамыту дәптерімен орындалады. Дәптердегі №1 тапсырма әр жыл мезгілдеріне сәйкес суреттерді қос, ал №2 тапсырма суреттегі заттың атын ата, оны дұрыс айтып үйрен. |
-Күз(з). -Қыс (с). -Жаз(з). Осы сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрайды.
-Ыз-ыз-ыз.
-Араның,масаның дыбы сына ұқсайды.
Буындар мен сөздерді тәрбиешімен бірге қайталап,дұрыс дыбыстап сөйлеуге тырысады.
Тәрбиешімен бірге ауада жазуға талпынады. «З» дыбысын 3 санымен ұқсайтынын біледі. Өздері білетін сөздерді атауға атсалысады. Терезе, есік, сандық,сиыр, сағат, сағыз, сан. Сағаттың дыбысын салып сыртылдайды, сағат туралы әңгімелейді. -Сырт-сырт,сырт-сырт. Қимылын келтіріп жасайды.
Дәптермен жұмысты орындайды.
Дұрыс сөйлеп,дыбыстауға әрекеттенеді.
|
Рефлексиялық- түзетушілік |
Бүгінгі оқу іс-әрекетіндеүйренгендерін сұрай отырып,таңертең және кешкілік айтылатын ізгі сөздерді қайталату: -Сәлеметсіз бе! -Cау болыңыз! |
Ізгі сөздерді қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:жыл мезгілдерінің ерекшеліктері;
Игереді: «З» және «с»дыбыстарын дұрыс айтуды;
Меңгереді:суды үнемдеу керектігін,ізгі сөздерді айта білуді .
Күні,айы,жылы:
Технологиялық картаны толтырған:Шетірова Ә.Б
Бекітілді:________
