Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭМТҚ дәрістер.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

Ф.М.Блехердің «Балалар бақшасы мен даярлық топтағы математика» (1934) атты кітабы – ең алғашқы оқу бағдарламасы ретінде.

Мақсаты: Студенттерге бағдарламаның маңыз туралы ұғым беру. Еңбектің мазмұнымен таныстыру. Еңбек мақсатын хабарлау.

Студенттерді ойландыратын сұрақтар:

Бағдарлама не үшін керек?

Бағдарлама мақсаты неде?

Ф.Н.Блехердің қандай еңбектерін білесің?

Лекцияның жоспары:

1. Ф.М.Блехердің еңбектеріне қысқаша сипаттама.

2. «Балалар бақшасы мен даярлық топтағы математика» (1934) атты кітабының маңызы мен мазмұны.

3. сабақ барысындағы ойындардың маңызы.

Лекцияның барысы:

Ф.Н.Блехердің «Балалар бақшасы мен даярлық топтағы математика» атты кітабында ең басты әрекет ретінде мектепке дейінгі жастағы балалардың сан ұғымдары мен санау әрекеттерін дамытуға ерекше мән берді. Санауғ үйретуге арналған бағдарламаның негізін жасады. Балаларды 1-ден 10-ға дейінгі сандар мен сандық фигураларды дәйекті түрде меңгеруге, қосу мен азайту амалдарына құрылған қарпайым есептерді шығаруға ықыластарын көрнекі құралдар көмегін қолдана отырып, арттыруға ден қойды. Ол әсіресе күнделікті оқу-тәрбие процесі барысындағы жағдайлар мен құбылыстарға мән беріп, оларды кеңінен қолданудың, таныс болмыс пішіндері болғандықтан, меңгеруге оңтайлы екені туралы пікірлерін айтты.

Математикалық түсініктерді қалыптастыру сабақтарында көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдарды кеңінен қолдануды ұсынады. Әсіресе әрбір балаға жеке дара берілетін үлестірмелі көрнекіліктерге ерекше мән берді.

Ф.Н.Блехер әдістемесінде сан ұғымымен қатар шама, пішін, кеңістік, уақыт туралы ұғымдарын қалыптастыруға да мән берілді.

Ф.Н.Блехер ұсынған есептеуге, санауға үйрету бағдарламасында шетел психологтарының ұсыныстары баса айтылды. 3-4 жастан бастап балаларға «көп», «аз» ұғымдарын ажырата білуге үйрету, оларда 1,2,3 сандары туралы ұғымдарын қалыптастыру айтылды және осы сан есім сөздері анық, ретімен айтуға үйретуге көңіл бөлінді. Ойын барысында балалрдың заттардың пішіндерімен таныстыру, геометриялық пішіндермен таныстыру, кеңістік бағыттарымен таныстыру, уақыт ұзақтығын мөлшерлеуге үйрету ескерілді.

Ф.Н.Блехер мақсаттарын жүзеге асыру үшін 2 сюжет ұсынды: балаларда сандық ұғымдар қалыптастыру. Балалар тәжірибелік өмірлік жағдайларда талдауға белсене қалыптасытрылуы тиіс (мысалы, жаңадан сатып алынған қуыршақтарға қанша керует керек? Мейрамға қанша күн қалғанын санау т.б.) Ойын, сабақ кезінде көрнекіліктерді пайдалана отырып, заттар жиынын түзу, оларды өзара салыстыру, аз сандардан құралған жиын жасау, көрсете отырып жиын санын айту.

Ф.Н.Блехер балалардағы сан ұғымын қалыптастыру заттар жиындарын салыстыруға айрықша нәтиже беретіндігін айтты. Ол жасаған оқыту әдістемесінде монографиялық әдіс сарыны да байқалатын: үйретуге заттар жиынын тұтас қабылдауды ескеру, соның фигураларына мән беру т.б.

Ф.Н.Блехер заттар жиынын бір сызық бойымен орналастырып санату әрі қолайлы, әрі жеңіл деп айтты. Бұл сандардың орналасу ретін жаттауға мүмкіндік берді.

А.М.Леушинаның мектеп жасына дейінгілердің математикалық ұғымдарын дамыту мәселелеріне қосқан үлесі.

 

Мақсаты: Студенттерге А.М.Леушинаның өмірі мен педагогикалық қызметі туралы ұғым беру. Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесінің негізін қалаушы ретіндегі еңбегін жан-жақты түсіндіру, А.М.Леушина еңбектерін талдауға баулу.

Студенттерді ойландыратын сұрақтар:

1. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің негізін салушы?

2. А.М.Леушинаның басты әдістемелік тұжырымдамасы қандай?

3. Сандар туралы ұғымдарын қалыптастыруда қандай көрнекті құралдар қолданылады?

4. Леушинаның қандай еңбектерін білесіңдер?

  Лекцияның жоспары:

1. А.М.Леушина әдістеменің ғылыми, теориялық және психология-педагогикалық негізін салушы.

2. 3, 4, 5 және 6 жастағы балалармен жүргізілетін әдістемесінің басты бағыттары, ерекшеліктері.

3. А.М.Леушинаның әдістемелік тұжырымдамалары.

4. А.М.Леушинаның ғылыми еңбектерін талдау.

Лекцияның барысы: А.М.Леушина мектеп жасына дейінгі балалардың сандық ұғымдарын дамыту мәселелерін 40-шы жылдардан бастап қолға ала бастады. Оның әдістемесін басшылыққа ала отырып әдістеме теориялық, ғылыми және психологиялық-педагогикалық негізге ие болды. Балабақшадағы мақсатты оқыту негізінде балалардың сандық ұғымдарын дамыту заңдылықтары жолға қойыла бастады. Автордың әдістемелік тұжырымдамасы көп жылғы тәжірибе және ғылыми-теориялық жұмыстары нәтижесінде қалыптасты.

А.М.Леушина қарапайым математика ұғымдарды қалыптастырудың дидактикалық жүйесінің негіздерін қалап, 3, 4, 5 және 6 жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің, бағдарламасын, мазмұнын, әдісі мен тәсілдерін жолға қойды.

А.М.Леушина тұжырымдамасының басты қағидалары мыналар: заттар жиындарын қабылдауда ондағы жекелеген элементтерді ажыратуға үйрету, оларды салыстыруға дағдыландыру («қанша болса сонша, өзара тең, үлкен кіші, аз, көп т.б. ұғымдарымен таныстыру, 2 жиынды салыстыра отырып санау дағдыларын қалыптастыру. Бала көрнекі құралдар негізінде салыстыра отырып сандардың реттілігін ұғына бастайды. Қарапайым арифметикалық амалдарды қолдана білуге дағдылана бастайды. Балалардың сан туралы ұғымдары бірнеше зат жиындарын өзара салыстыру барысында қалыптасады. Осының нәтижесінде олар реттік және топтау сандарын меңгере бастайды.

А.М.Леушина әдістемесіне бойынша қарапайым есептеу амалдарымен таныстыру барысында сандар, амалдар қолдану, сандық фигуралармен таныстыру, есептеу (топтамаларды үлестіру, сан құрамын зерттеу), сандармен амалдар орындауға үйрету, 1-ге көбейту және 1-ге азайту, сан – санау әрекеті туралы ұғымдарын бекітуге болады.

А.М.Леушина іргетасын қалаған сандық ұғымдардың қалыптастыру тұжырымдамасы 60-70 жылдардан бастап дамудың жаңа сатысына көтерілді. Ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеу мәселелеріне орай әсіресе мектепке дейінгі балалардың кеңістік, уақыт туралы ұғымдарын қалыптастыру мәселелері қолға алына бастады.

А.М.Леушинаның ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері оның докторлық ғылыми жұмысында баяндалды. Балаларды мектептегі арифметикалық материалдарды меңгеруге даярлау (1961), тақырыбы бойынша ғылыми мақалалар жариялады. Мәселен, «Балабақшада баланы санауға үйрету» (М, 1959, 1961) «Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру (1974) т.б.

«Балабақша тәрбиешілері» еңбегін де А.М.Леушина құрастырған. «Балабақшадағы санауға үйрету сабақтары» (М., 1963, 1965) атты оқу-әдістемелік құралдарды кеңінен қолданды. А.М.Леушина көптеген көрнекі дидактикалық материалдар да жинақтап шығарды.