Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭМТҚ дәрістер.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

Балаларда сан туралы ұғымның қалыптасуы.

Мақсаты: Студенттерге баланың санды қабылдау ерекшеліктері туралы ұғым беру. Сан туралы ұғымдарын қалыптастыруға бағытталған шаралармен таныстыру. Сан ұғымдарын қалыптастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдермен таныстыру.

  Студентерді ойландыратын сұрақтар:

Сан туралы ұғымдарын қалыптастырудың қандай маңызы бар? Балалардың санды үйренуі үшін қандай әдістер қолданылады? Дидактикалық құралдар не үшін керек?

  Лекцияның жоспары:

1. Балалардың сан туралы ұғымын қалыптастырудың маңызы және міндеттері.

2. Сан ұғымдарын қалыптастырудың жолдары мен мазмұны.

3. Бағдарламалық талаптар.

4. Балаларда сан ұғымын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.

Лекцияның барысы:

Мамандардың психологиялық және педагогикалық зерттеулері мен балаларды үйде, балабақшада және мектепте бақылаулары мектеп жасына дейінгі балаларда және төменгі сынып оқушыларында сан туралы түсінік заттарды қолдану барысында қалыптасады деп көрсетті: Мысалы, таяқшалар жиынтығы, геометриялық пішіндер (дөңгелектер, шаршылар, төртбұрыштар), тұрмыстық заттар (2 орындық), ойыншықтар (үш қуыршақ), тағамдар (2 сәбіз). Мектеп жасына дейін-ақ балаларда сан және сандардың қатысы туралы түсінік сөздің көмегімен, айналадағы ересектердің іс-әрекетінің көмегімен қалыптасады.

Бала көлемі пішіні, түсі, саны жағынан әртүрлі заттардың қоршауында өседі. Үлкендердің көмегімен балалар осы заттарды атауды, бір-бірінен айыруды, оларды қолдануды үйренеді. Бала өскен сайын қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі, жаңа түсініктер пайда болады.

Кішкене күнінен балаларда сан туралы алғашқы қарапайым түсінік қалыптасады. Ересектер балаларды заттарды қолдануға көмектеседі, сөздік қорын көбейтеді. А.М.Леушинаның зерттеулері балаларды алдымен санауға емес, салыстыруға, содан соң барып сан есімдерді қолданып санауға үйрету керек екенін көрсетті. Ол балалардың заттарды әртүрлі қолдану қабілетін, заттарды салыстырып, әртүрлі сөздермен атау қабілетін жоғары бағалады.

Санауды ерте үйренген балада сан туралы түсінік пайда болады. Баланы қоршаған ортада көптеген заттар бар. Оларды санауға болады, кейбіреулері өлшенеді. Осыған байланысты 2 ұғым қалыптасқан: «сан» және «көлем».

Мектептегі математика пәнінде сан туралы екі түсінік бар: «сандық» және «реттік».

Санау ұғымы адамның ойлау қабілетінің бірден бір жемісі.

Сан туралы ұғым, санау балаларда көрнекіліктердің көмегімен, күнделікті заттарды қолдану барысында қалыптасады.

Бала ойын кезінде және басқа да іс-әрекет үстінде нақты заттардың санымен жолығады, көп заттың ішінен өзіне керектісін бөліп алады.

Түрлі өлшемдерді (сұйық, сусымалы) және ұзындықты өлшеуді үйрету әдістері

Мақсаты: Студенттерге түрлі өлшемдерді өлшеуге үйрету жайында теориялық ұғым беру. Өлшей білуге жаттықтыру. Өлшеу түрлерімен таныстыру. Өлшеуге үйрету.

Студенттерді ойландыратын сұрақтар:

Түрлі заттарды өлшеуге үйретудің маңызы қандай? Өлшеудің қандай түрін білесіңдер? Өлшеуде қандай әдістер қолданылады?

Лекияның жоспары:

1. Өлшеу жайында жалпы түсінік.

2. Түрлі зат өлшемдерін шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеуге үйрету әдістері.

3. Заттың массасы, физикалық күйі, сұйық және сусымалы заттардың қасиеті туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Лекцияның барысы:

Сенсорлық дамуды түрлі жолдармен дамытуға болады. Балаларда «салмақ сезімін», яғни «өлшеу» сезімін дамыту маңызды. Бұл әсіресе балаларға сұйық және сусымалы заттар туралы түсінік бергенде маңызды. Сусымалы заттарды бір–бірінен ажыратып, өлшей білуге тәрбиелеу, сусымалы заттардың ерекшелігі – төккенде, яғни бір ыдыстан екінші ыдысқа аударып салғанда төбе, үйінді сияқты болып қалатынын дәлелдеп түсіндіру. Сусымалы заттарды шартты өлшеуіштің көмегімен өлшей білуге дағдыландыру.

Балалардан қандай сусымалы заттар білетіндігін сұрау (құм, топырақ, ұн, бидай, күріш, тары, жарма, құмшекер т.б.). Сусымалы заттарды ыдысқа төккенде не пайда болатынын мысал арқылы түсіндіру қанттың, ұнның, күріштің үйінділері пайда болды.

Сұйық заттың физикалық қасиеттерімен таныстыру қажет. Сұйық заттар температураға байланысты бір күйден екінші күйге ауысады, көлемі өзгереді. Сұйық заттарды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда беті тегіс болады.

Балаларға сұйық заттарға мысал ретінде су, сусын, сүт, айран, шырын, қымыз, шұбат, сұйық май, жанар май, тосап, шәй, сұйық дәрі, сұйық тамақ т.б. ұғындыру, мысал келтіру. Сұйық заттар ыдыстарда құйылып, сақталады. Сұйық зат құятын және өлшейтін ыдыстар – бөшке, түрлі шыны банкілер, шелек, күбі, торсық, тостаған, цистерна т.б. Сұйық заттарды шартты өлшеуішпен үй жағдайында да өлшеуге болады. Сұйық заттар құятын ыдыстардың сыйымдылығын басқа кішілеу ыдыстар арқылы анықтауға болады.

Мысалы: 1 литрлік банкіде 5 стақан сүт бар, 20 литрлік бөшкеде 2 шелек жанар май бар, бір шелекке 10 литр сұйық зат сияды т.б.

Осы мазмұнда балалардың ойлау қабілетін тереңдететін, сезімталдық қасиеттерін дамытатын қызықты тапсырмалар беруге болады.

Балалардың сенсорлық жағынан даму мазмұны мен міндеттері, ең алдымен, балалардың логикалық ой–өрістерінің жетілуіне, олардың сезімдері мен ұғымдарының дамуына негізделді. Әсіресе мектепке дейінгі кезеңде «салмақ сезіну», «өлшеу» дағдыларын қалыптастыру баланың қабылдау сияқты психологиялық қабілеті қалыптасып дамуы үшін зор мәнге ие.

Кішкентайлар тобында салмақты сезіну дағдыларын қалыптастыру мақсатында түрлі (ең ауыр, ең жеңіл) салмақтар мысалға алынса, ересектер тобында «салмақ» айырымы өте елеусіз, өте жақын салмақтар алынады. Барған сайын бұл салмақтар айырыла (300 грамнан 50 грамға дейін азайтылса бала қабылдауы, түйсінуі дамитындығы сөзсіз. «Салмақ сезімдерін дамыту үшін тегі, өлшемі, материалы әр түрлі заттарды қолдануға болады.