- •Кіріспе. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсат, міндеттері, мазмұны
- •Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі және басқа ғылым салалары
- •Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы. Әдістеменің дамуындағы ең алғашқы бастамалар (хvіі-хіх ғғ.)
- •Көрнекті қоғам қайраткері, әдіскер-педагаог е.И.Тихееваның (1865-1941) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру туралы зерттеу жұмыстары.
- •Ф.М.Блехердің «Балалар бақшасы мен даярлық топтағы математика» (1934) атты кітабы – ең алғашқы оқу бағдарламасы ретінде.
- •А.М.Леушинаның мектеп жасына дейінгілердің математикалық ұғымдарын дамыту мәселелеріне қосқан үлесі.
- •Балаларда сан туралы ұғымның қалыптасуы.
- •Түрлі өлшемдерді (сұйық, сусымалы) және ұзындықты өлшеуді үйрету әдістері
- •Балаларда заттың формасы және геометриялық фигуралар туралы түсінік қалыптастыру.
- •Балалардың заттың массасы туралы түсініктерін қалыптастыру
- •Балаларда кеңістікті бағдарлау түсініктерін қалыптастыру
- •Уақытты бағдарлау түсініктерін қалыптастыру әдістемесі
Балалардың заттың массасы туралы түсініктерін қалыптастыру
Мақсаты: Студенттерге заттың массасы туралы ұғым беру. Ауыр-жеңіл, масса ұғымдарымен таныстыру.
Студенттерді ойландыратын сұрақтар:
Заттың массасы туралы ұғым не үшін керек? Заттың массасын қалай анықтауға болады? Қандай негізгі ұғымдарды білесіңдер?
Лекцияның жоспары:
1. Заттың массасын сенсорлық негізде қабылдау ерекшеліктері
2. Заттың массасын өлшеу әдістері.
3. Түрлі күйдегі заттардың массасын анықтау.
Лекцияның барысы:
Масса туралы түсінікті қалыптастыру, онымен байланысты қабілетті дамыту сабақ барысында да, күнделікті өмірде де іске асырылады. Сабақтар балалар тексеру әдіс тәсілдермен, сұрақ-жауаптарды тұжырымдаумен, сөздің анықтамалармен таныстыру үшін мақсатты қолдану қажет. Білімді, қабілетті бекіту ойындар, жаттығулар барысында сабақтан бос уақытта балалармен әңгімелесу арқылы іске асыру қажет.
Балаларды оқытуды ұйымдастыра отырып, тексеру тапсырмаларын практикалық және танымдық жұмысқа қосып өткізу керек. Бұл ойын тапсырмалары болуы мүмкін: салмақтары әртүрлі немесе тең болатын заттарды табу қуыршаққа сәйкес келетін ойыншықты табу теңін табу. Заттардың ұқсастығын терең танысудың оны зерттеудің қажеттілігін түсінуге көмектеседі. Сабақтарда әрбір баланың заттармен белсенді жұмыс жасауын, тәрбиешінің немесе баланың зерттеудің әдіс-тәсілімен жолдарын көрсетуді, балалардың зерттеу барысында жаттығуын қамтамасыз ету керек.
Сабақтағы тапсырмалар мен жаттығулар басқа бағдарламалық тапсырмалармен үйлестіріп жүргізіледі. Жаңа тәсілдермен таныстыруды сабақтың басында жүргізген дұрыс. «Алынған білім мен дағдыларды бекіту сабақ соңында жүргізіледі. Тапсырмалар ойын түрінде өткені дұрыс салыстыру үшін әртүрлі жұмыс түрінде қолдана алатын заттар алынады (көкөністер, жемістер, қораптар, ойыншықтар т.б) көрсетілетін материалдар біртіндеп қиындатылады.
Салыстырмалы заттар түрінің көбеюі, олардың массаларының қатынасының азаюы, балалардың олардағы өзгерістерді тез қабылдауын дамытады. Заттардың бұл қасиетін атап көрсетуге қызықтырады. Алынған біліммен қабілетті басқа жұмыс түрлерінде (ойын, жұмыс, тұрмыс) қолдануға мүмкіндік береді. 1-ші кезекте заттардың массасын олардың арасындағы қатынасты салыстыру арқылы ашып, ажыратуды, нәтижені сөзбен айта білуді оқыту керек. Салмақтық өлшеу шамасы ретіндегі (өлшеу шамасы ретіндегі) жалпы қасиетін ашуға әр түрлі денелермен заттардың массасын өлшеу әдістерімен шамалары туралы білімді дамытатын өлшеу жұмысы көмектеседі. Бұл негізгі бағыттар бойынша жұмыстар барлық топтар да ұйымдастырылады. 4 жасар балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілер алдында төмендегідей міндеттерді шешеді:
Салмақты заттың қасиеті ретінде түсінік қалыптастыру, оны басқа қасиеттерімен ажырата білу;
Заттардың арасында анықталған қатынас орната отырып, қарама-қарсы және бірдей массалы заттарды салыстыру;
Салыстыру нәтижесін жеңілдету – ауырлау, жеңіл-ауыр, бірдей, тең деген сын есімдерді қолдана отырып, баланың тіліне енгізу;
Балаларда заттың формасы және геометриялық фигуралар туралы түсінік қалыптастыру.
Мақсаты: Геометриялық фигураларды қабылдау ерекшеліктері мен заттың формасы туралы ұғым қалыптастыру. Геометриялық фиуралардың құрылымы, қасиеттері туралы түсініктерін жетілдіру.
Студенттерді ойландыратын жұмыстар:
Қандай басты геометриялық фигуралармен таныстыру қажет? Заттың формасын түсіндіргенде неге басты көңіл аударылуы тиіс? Заттың формасын ажырату ерекшеліктері.
Лекцияның жоспары:
1. Заттардың формасы туралы ұғымдарын қалыптастыру.
2. Геометриялық фигуралардың түрлерін таныстыру мақсаты.
3. Геометриялық фигураларды таныстырудағы басты міндеттер.
Лекцияның барысы:
Қоршаған ортадағы заттардың ең негізгі қасиеттерінің бірі – оның формасы болып табылады. Заттардың формасы геометриялық фигуралар арқылы өзінің жалпыланған бейнесін тапты.
Мектепалды даярлық кезеңінде геометриялық және математикалық ұғымдарын қалыптастырудағы ең қызғылықты бағыттарының бірінен саналады. Мектепалды даярлық кезеңінде оның мазмұны өте шектеулі, өйткені «үшбұрыш» және «төртбұрыш» ұғымдарын бала І сыныпта ал «квадрат» , «тік төртбұрыш» ұғымдарын жан–жақты ІІ сыныпта ғана үйренеді. Атақты итальян педагог М.Монтессори балаларға жаңаны үйрету әдістемесінде ең басты екі нәрсеге көңіл бөлу керек нақтылық (қысқалық) әрі қарапайымдылық деген болатын.
Педагог баланың алдына екі тік бұрышты қойып, баланың оны қолдарымен ұстап көріп, танысуларына жағдай жасайды, әрі айтып түсіндіреді. Осылайша үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстырып баланың көзін үйрете бастайды. Үйрету барысында осы фигуралардың ағаштан істелген түрлі пайдаланған дұрыс.
Балаға алдымен үшбұрышты көрсетіп оны ататып, қолына ұстатып көрсету қажет. Әрбір жаңа фигурамен таныстырғанда бұрыннан балаға таныс фигураны алып тастауға болмайды. Олардың қатар жатқаны дұрыс, әрі бала олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қоса қабылдайды. Дөңгелектің ең басты ерекшелігі ол сырғанайды, домалайды, оның бұрыштары мен қырлары жоқ екендігін түсіндіру керек, ал шаршы пен үшбұрыш домалай алмайды, өйткені оларға бұрыштары кедергі келтіреді.
Келесі кезеңде бала педагог атын айтқан фигураны алып беруі қажет. «Маған шаршыны бер, енді маған үшбұрышты бер». Осы тапсырмалар арқылы, бала пассивті түрдегі терминдерді ғана меңгереді. Тәжірибе көрсеткендей, шамалы жаттықтырудан соң, балалар өте ұқсас көп фигуралардың ішінен өзіне аталған фигураны бірден табатыны анықталған.
Ал, үшінші кезеңде бала көрсетілуі бойынша фигураның атын өзі атай білуі қажет. Бұл жағдайда «үшбұрыш», «төртбұрыш», «шаршы» сөздері баланың белсенді сөздік қорына ене бастайды.
Егер құр көру қабылдауымен шектелмей, балада сипап сезу дағдылары да қалыптасса, баланың фигураларды меңгеруі де тиянақты болары сөзсіз. Ол үшін баланың көзін таңып, фигураларды іздетуге болады, не оның қолдарының үстін орамалмен жауып қойып, фигураларды іздетуге болады. Орамалдың астынан қолымен сипалап, бір геометриялық фигураны тауып, бала оның қалай аталатыны туралы айтады.
Осыдан кейін геометриялық фигураларда басты белгі болып саналатын тапсырмалар беріледі.
