Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Капсула.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103 Кб
Скачать
☆

14.2.1.4. Оба қоздырғышы

Оба (лат. резііз) - Үегзіпіа резііз тудыратын ауыр интоксикациямен, жоғары қызбамен, тері, өкпе, не де лимфа жүйесінің зақымдалуымен, септицемиямен сипатталатын жоғары деңгейде олім туғызатын 0-75%) жүқпалы ауру. Ауру аса қауіпті инфекция тобына кіреді, халықаралық ережелерімен бақыланады, ндықтан конвенциялық (карантинді) инфекцияларға жатады.

Микробиологиялық диагноз қою. Барлық зертгеулер арнайы зертханаларда, қорғаныш киімдерімен жүргізіледі. Зерттеу материалы бубон пунктаты, қақырық, қан, нәжіс, мәйіттер мен олген жануарлар агзаларының бөлшектері болып табылады.

Зерттеудің бірінші күні. Әкелінген материалдан жағынды дайындайды, оны ауада кептіреді, Никифоров ерітіндісінде 20-30 минут фиксациялайды. Жағындыны Грам әдісімен және метилен көгімен бояйды. Жағындыларды микроскопта қараған кезде, алдын-ала болжамдау диағноз қоюға мүмкінд' беретін, биполярлы боялған грамтеріс сопақша таяқшалар анықталады. Люминесцентті сары суым" боялған жағындыда арнайы жарқыраған оба микробтары көрінген болса алдын-ала болжамд диагнозының дүрыстығын көрсетеді.

Нативті материалда оба микробының 1 - фракциясын анықтау үшін иммуноглобулинді жә антиденені антигендік диагностикуммен немесе обаға қарсы люминесцентті сары суымен өндейді, кейінгі кезде ПГАР және антигенді бейтараптау реакциясы иммундыглобулинді диагностикуммен микробына қарсы Ғ1 антиденелерді ауру қанынан анықтау үшін қолданады.

Басқа микробтан таза зерттеу материалдарын осіргіш заттар қосылған (қан, натрии сульфиті жән т.б.) Хоттингер немесе Мартен агарларына және сорпаларына себеді. Қүрамында басқа микрофлора б материалдарды 1:200 - 1:800 концентрациялы генцианфиолет бар Туманский ортасына себеді. Орта" 28°С температурада, оба микробының 1 - фракциясын анықтау үшін 37°С инкубациялайды.

Зерттеудің бірінші күні фагпен сынама қоюға болады - жедел әдіс. Зерттеу материалын Туманский орталарына: бір табақшаға бір тамшы зертгеу материалын сеуіп оған бір тамшы оба фаг тамзады, келесі табақшаға материал себіледі, сосын табақша шетіне фаг тамызып оны «жол» сия ағызады; үшінші табақшаға (бақылау) материал енгізіп себеді.

Теңіз шошқасы мен ақ тышқанға биологиялыц сынама қояды. Қақырықты, көмейден алынғы шайындыны, ашық абсцесс іріңін тері ішіне жағу арқылы енгізеді (алдын-ала тері жүнін қырып тастайд стерильді изотоникалық натрий хлориді ерітіндісін жағып скарификациялайды). Скарификацияланғ аймаққа зерттеу материалын, скальпелдің жалпақ бөлігімен (аймақ бетін стерильді Петри табақшасыме қалқалап) жағады. Ластанбаған материалды (қан, жабық бубон ішіндегісі және т.б.) жануарлардың те астына немесе іш қуысына енгізеді. Жануарлар 3-9 күнде өледі. Диагноз қоюды жеделдету үшін біртеңі шошқасына және ақ тышқанға жүқтыруға 2 сағат қалғанда гидрокортизонның 5 мг-ын аяқ тері астын енгізеді. Жедел диагноз қою үшін гидрокортизон егілген ақ тыщқанды 1-ші тәуліктен кейін сояды, 3-п тәулікте гидрокортизон егілген теңіз шошқасын сояды, қалғанын 6-ші тәулікте сояды.

Зерттеудің екінші күні (18-24 сағаттан кейін). Тығыз және сүйық қоректік орталардағы микрс өсуін зерттейді. Сүйық ортада қалыпты өскен колониялардан жағынды дайындап Грам әдісімен жән метилен көгімен бояп микроскопта қарайды. Тығыз қоректік ортада өскен қалыпты колонияларды таза дақыл бөліп алу және идентификациялау үшін іріктейді.

Оба қоздырғышына күмәнді екі-үш колонияларға оба бактериофагтарын тамызады. 10-12 сағат инкубациядан кейін оба бактериофагтарымен қойылған сынамаларды талдайды. Оба бактериофагтарының әсерінен лизистенген колониялардың диагностикалық маңызы бар. Зерттеу материалында оба микробы болған жағдайда анықталады: 1-ші табақшада - стерильді таңба, 2-де - фаг енгізілген жерде стерильді жолақ, 3-де - қалыпты оба микробы.

Зерттеудіц үшінші күні (36-48 сағат). Бөліп алынған дақыл келесі негізгі белгілері бойынша идентифи кациял анады:

микробтың морфологиялық (нативті материал мен таза дақыл микропрепараттары), Хоттингер сорпасы мен агарындағы колониялар сипаттары; оба бактериофагына сезімталдығы; таза дақылдың люминесцентті микроскопта арнайы жарық шығаруы; ПГАР мен АгБР анықтаган оба микробына сәйкес арнайы Аг Ғ1 фракциясы болуы.

ферментативті белсенділігі - глицеринді, мочевинаны, рамнозаны, сахарозаны, глюкозаны және т.б. ыдырату.

Идентификациямен қатар сериялық сүйылту және дискілеу әдістерімен антибиотиктерге сезімталдығы анықталады.

Зерттеудің төртінші күні (60-72 сагат). Идентификация қорытындысы келесі сынамалармен қойылады:

оба бактериофагына және антибиотиктерге сезімталдығы; 1 - фракцияны ИФР, ПГАР немесе АдБР рқылы анықтау; ферменттік белсенділігін анықтау.

Қорытынды диагноз дақылды бөліп алып идентификациялау, зерттеу материалын жұқтырған теңіз иошқалары мен ақ тышқандардың өлімі негізінде қойылады. Зерттеу материалында Ғ1 антигенді анықтау ІФР) және серологиялық әдістер (ИФТ, ПГАР, АгБР-антигенді бейтараптау реакциясы және АдБР- ценені бейтараптау реакциясы) қолданылады.