- •1 Жұмыс ауданының географо- экономикалық сипаттамасы
- •1.1.2 Жер бедері (рельф)
- •1.1.3 Гидрожүйе
- •1.2.2 Экономикалық дамуы
- •2.2 Стратиграфия
- •2.3 Тектоника
- •2.6 Кен орнының гидрогеологиялық жағдайы
- •3 Жобаланған жұмыс көлемі және барлау әдістері
- •4.14 Керн шығымын жоғарлату шаралары
- •4.17 Ұңғыманы жою
- •5 Еңбекті қорғау шаралары мен техникалық қауіпсіздік ережелері
- •4.8 Станоктың қозғалтқышының қуатын тексеріп есептеу
- •4.11 Діңгекті тексеріп есептеу
- •7 Керекті құрал жабдық, құралдарға, материалдарға тапсырыс жасау
2.2 Стратиграфия
Қамқор кенді ауданының аумағында терригенді қалыңдық және 80% неоген мен төрттік жүйелерінің борпылдақ түзілімдерінен жабындалып қалыптасқан жыныстардан құралған.Қамқор аумағында таскөмір жүйесінің ылғалды жыныстары кеңінен дамығын.Аркалық свитасы ірі биогрем мен биостромдар түзетін органогенді әктастардан құрылған.Алевролитті-құмтасты қалыңдық теңіздік молосаидты формациялы терригенді түзілімдерден құрылған.Свита құрамында екі қабаттасты қалыңдық бөлініп көрсетіледі.Төмеңгі негізінен құмдауытты,жоғарғы көбіне алевролитті.Жалпы барлық Бүкен свитасының қалыңдығы кенді дене аумағында 1100м құрайды.Бүкен свитасы алевролитті-құмтасты қалыңдықты жыныстарға бұрыштық келісімсіздікпен қабаттасады. Қамқор кен орнында Бүкен свитасы 4-5-6-7-пачкалармен көрсетілген.
2.3 Тектоника
Қамқор кен орнының құрылымы герцин жиынының пликативті және үзілмелі дислокацияларына негізделген.Дизъюнктивті дислокация кенді қабаттас жиынын едәуір қиындатады және оның кеңеңюінбұзады.Кенді дененің пликативті құрылысын солтүстік-батыс бағытты қанат созылымы мен ірі синклиналды жиын құрайды.Синклиналды қабат серпілімі 4-4,5км.Жиын асиметриялық.Үзілмелі бұзылымдардың ішіндегі басымдырағы солтүстік-батыс созылымының дизъюнктиві болып табылады.Кенді дене және кен орнының қабаттас жиынтығын немесе блок тәріздес құрылымын кең мөлшерлі үзілмелі бұзылымдар қалыптастырған.
2.4 Кенді дененің пішіні мен көлемі
Қамқор кен орнында 43 рудалы ірілі, 42 ұсақ қазба белгіленген. Негізгі көп мөлшерде кездесетін; барит, базальтті-пирит, кварц-барит, пирит және халькопирит.Пайдалы қазба орналасқан кенорын аймағы <49-24°болатын солтүстік батыс жазықтығына негізделген.
2.5 Пайдалы қазбаның сипаттамасы
Пайдалы қазба гидротермалды метаморфизммен, әсіресе кварц, серицит карбонатты жыныстармен, олардың жоғалу құрылымымен және толық жыныстардың гидротермалды құрылымен сипатталады. Сирицит пен карбонаттың мөлшері кең қолданылады. Ол артық жыныстардың құрамымен байланысты.Қорғасын мен мырыш мөлшері кең қолданылады.
2.6 Кен орнының гидрогеологиялық жағдайы
Кен орын ауданның гидрогиологиялық жағдайы тереңдікте су деңгейінің болуымен сипатталады.Аймақта Нұра,Байқожа өзендері ағып өтеді. Кіші тереңдікте бұрғыланған ұнғымаларда сулы горизонттық жыныстар кездескен. Бұл бөлікте инженерлі геологиялық жұмыстар жүргізілді. Шурфты өту кезінде басқа тау жыныстары белгіленген жоқ және тау қазындысы болған жоқ.Жер асты суларының кездесуі 0.6м–ден 15м–дейінгі аймақтарда кездеседі.
2.7 Кен орнының тау-техникалық жағдайы
Қамқор кен орнының кенді денелері тектоникалық жарықшақтарға негізделген олар әр түрлі созылымды күйде екені белгіленді.Сыйдырушы жыныстар көбіне көлбеу бүйірлі көптеген жарықшақтарымен жабылып,көмкерілген.Ол жағдай сыйдырушы жыныстардың аумақтық тұрақсыздығы мен қабаттасу мүмкіндігімен.Кенді денелер мен сыйдырушы жыныстар конгломераттар құмтастар алевролиттер мен олардың қабаттасуымен көрсетілген.
