- •1 Жұмыс ауданының географо- экономикалық сипаттамасы
- •1.1.2 Жер бедері (рельф)
- •1.1.3 Гидрожүйе
- •1.2.2 Экономикалық дамуы
- •2.2 Стратиграфия
- •2.3 Тектоника
- •2.6 Кен орнының гидрогеологиялық жағдайы
- •3 Жобаланған жұмыс көлемі және барлау әдістері
- •4.14 Керн шығымын жоғарлату шаралары
- •4.17 Ұңғыманы жою
- •5 Еңбекті қорғау шаралары мен техникалық қауіпсіздік ережелері
- •4.8 Станоктың қозғалтқышының қуатын тексеріп есептеу
- •4.11 Діңгекті тексеріп есептеу
- •7 Керекті құрал жабдық, құралдарға, материалдарға тапсырыс жасау
5 Еңбекті қорғау шаралары мен техникалық қауіпсіздік ережелері
I . Жалпы жағдай.
1. Бұрғылау жұмыстары кезінде және қосымша жұмыстар кезінде барлық жүмысшылар техникалық қауіпсіздік ережелерін жақсы біліп және қатаң түрде сақтауы керек.
2. Жұмысқа қабылданушылар техникалық қауіпсіздік ережелерінің жалпы инструктажын өткеннен кейін барып жұмысқа қабылдануы мүмкін.
3. Жұмыс шарттары және жұмыс ауысқанда жұмысшылар жұмыс жүргізудегі қауіпсіздік туралы қосымша мәліметтер алу керек.
4. Әрбір жұмысшы инструктаж өткен және өзіне жүктелген жұмысты орындау керек.
5. Әрбір жарты жыл сайын барлық жұмысшылар техникалық қауіпсіздік бойынша мәліметтендіру өтіп, аттестационды квалификационды комиссия басқармасына емтихан тапсырады.
6. Барлық қозғалатын және айналатын механизмдер мен берілістер бөліктері және шығып тұрған шпонкалар мен білік үштары берік тұлғалар және шектеулермен жабылуы керек.
7. Жоғарыда жұмыс істегенде құрал жабдықтарды сенімді орнатылған жәшіктерде сақтау және сөмкелерде тасу керек.
8. Барлық жұмысшылар бекітілген арнайы киімде артылған жұмысты орындау керек.
9. Қолмен ауырланған жүкті тасымалдағанда бір адамға арналған жүк салмағы ерлерге 50 кг, әйелдерге 20 кг аспауы керек.
10. Бұрғылау үйінің ішінде темекі тартуға және бүрғылау маңында от жағуға тиым салынады.
II көтеріп түсіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Ұңғыма жасау тәжірибесінде көтеріп-түсіру операциясында 3 схема қолданылады:
1. Ұңғыма құбырлары
2. Бағандарды шлам ыдысына орнату
3. Жартылай автоматтандырылған элеваторларды қолданып
бағандарды көтеріп түсіру арқылы ыдысқа орнату.
Бағытталған бұрғылау кезінде көтеріп- түсіру жұмыстары жоғарғы сақтықты қажет етеді.
Жүргізуші құбырды көтерер алдында станок шпинделін ең жоғарғы қақпаққа қояды. Шпиндель айналып тұрған кезде жүргізуші құбырды көтеріп-түсіруге немесе бұрауға болмайды. Жүргізуші құбырды шешер алдында бұрғылау сорғышын тоқтатып қысымды азайту керек. Жүргізуші құбырды шпиндельден шрупқа кіргізеді. Элеватордың жылжымалы штогынан немесе сырғасынан ұстауға болмайды.
Құбырларды шығарған кезде немесе апаттық жағдайда көтеріп түсіру жұмыстары вертлюг пробканың көмегімен жүзегө асырылады. Жүк көтеруші саймандар тазалықты ұсталып байланып отыруы керек. Элеватормен жүмыс істер алдында келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:
1. Бұрғылау құбырының жылжыуы кезінде элеватордың затворы жабылып, защелкамен бекітілуі керек.
2. Бағанды орнатқан кезде тальдік қанатты болсату.
3. Баған муфтасының ноголовнигін сенімді бекіту.
Ill Монтаж және демонтаждау
1. Бұрғылау мұнарасын демонтаж, монтаж және өңдеу жұмыстарын жуапты жетекшілер басшылығымен орындау керек.
2. 5 Балдық, жел, найзағай, жауын және көктайғақ кезінде мүнара жинауға, көтеруге және құрастыруға тиым салынады.
3. Мұнараны қондырғыда бар арнайы қосымша құрылғылар арқылы ақырын көтеру керек.
4. Мұнараны түсіру кезінде механизммен орындау керек, бұл операцияны соққылар мен бұзылыстардан сақтау үшін төмен жылдамдықпен орындау керек.
5. Мұнараны көтеру кезінде бүрғылау қондырғысын жылжып кетуден сақтау үшін автокөліктердің артқы дөңгелегінің астына брусалар немесе бөренелер қою керек.
IV. Ұңғыманы бұрғылау
1.Бұрғы шебері периодты түрде әрбір ауысым сайын бұрғылау қондырғысын тексеру керек. Бұзылыс табылған жағдайда міндетті түрде жою керек.
2.Көтеруге арналған құралдар дұрыс жұмыс істейтін құлыптар мен защөлкалар болу керек.
3. Строптарды дөңгелек болаттан жасау керек.
4. Тальдік қанат максималды жүктеме кезінде 5 есе мықты болуы керек.
5. Қанаттардың дұрыстығын тексеру үшін систематикалық бақылау орнату керек, ауысым алдында бұрғы шебері арқандардың дұрыстығын тексеру керек.
6. Шығыр барабанында жұмыс кезінде кем дегенде үш орма болуы керек.
7. Келесі арқандарды пайдалануға тиым салынады: а) бір орамда 5 % үзілген сымдары бар; ә) бір тоқымасы үзілген болса
8. Мұнараның жұмыс орнында құралдарды және тағы басқа заттарды қалдырып кетуге тиым салынады.
9. Тиым салады:
а) қисық квадратпен немесе сынық вертлюгпен және де автокөліктің ресоры сынған кезде;
ә) жұмыс істеп тұрған қондырғыны аз уақытқа болсын қараусыз тастауға болмайды;
б) аусымның құрамы толық болмаған жағдайда бұрғылауды жүргізуге;
в) жүріс кезінде жылдамдықты ауыстыруға;
г) дроссельдің жабдық күйінде май сорғышты қосуға;
д) вертлюгті шешу үшін роторға немесе шығырға тұруға болмайды.
Кілттермен жұмыс істеген кезде бақылап, егерде кілтттердің сынған жері болса оны жөндеп немесе жөндеуге келмесе оны ауыстыруы керек және оны бұрғы шеберіне ескерту керек.
6 ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
Қоршаған орта адамның жер бетінде өмір сүруінің маңызды факторы. Адам ағзасының әміршендігі табығаттың барлық компонеттерінің, күн сәулесінің, жердің, судың, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әсеріне негізделеді. Бірақта адам тек қоршаған ортаға ғана бағынышты емес, оған қзіде белсенді әсер етеді. Әсіресе оның биосфера деп аталатын бөлігіне бұл оң ғана емес, сондай ақ теріс әсерінде тигізеді. Қазіргі уақытта геологиялық үйымның қызметін реттейтін маңызды құжат бұл жер қойнауы туралы заңдамалық негіздер, су негіздері, жер заңдамаларының негіздері, орман заңдамаларының негіздері, сондау ақ атмосфералық ауа мен жануарлар әлемін қорғауға арналған заңдар.
Бұрғылау жабдықтарын орнатқан немесе бүрғылаған кезде сонымен қоса қабат, алдын ала белгіленген шаралардың жүйесі бойынша, табиғатты және айналадағы ортаны қорғау жүмыстарын жүргізіп отырмаса, бұрғылау процесінің сәтсіздікке үшырауы, ортаның ластануы, кейде жан жануарлар мен өсімдіктердің, тіпті адам баласыныңтіршілігіне зиян келтірілуі мүмкін.
Бұрғылау кезінде табиғатты және айналадағы ортаны қорғау мәселелерінің дүрыс шешілуін бүрғылаушы мекеменің басшылары, инженерлер мен геологтар және бүрғы шеберлері қадағалап, тексеріп отырады.
КПСС Орталық комитеті мен СССР Министрлер Советінің табиғатты жәнө айналадағы ортаны қорғау жөніндегі шешімінде қандай жұмыста болсын табиғатқа және қоршаушы ортаға ешбір зиян келтірілмеуді көзделініп, ондай жағдайға үзілді кесілді тыйым салу жолдары туралы егжей тегжейлі айтылған оны жүзеге асыру және бұлжытпай орындау әрбір мекеменің және жеке азаматтардың міндеті. Ұңғыманыңқабырғасын дұрыс бекітпесе жер астындағы тұщы су, керексіз ащы су немесе мұнай пластары өзараараласып кетуі ықтимал, сондықтан бұл жұмысты өте мүқият бақылаған жөн.
Сөйтіп, бүрғылау жұмысын немқұрайлы атқару айналадағы ортаға, табиғатқа зиянын тигізеді немесе апатқа ұшыратады. Ал оның зардабын жою үшін көп уақыт және қыруар қаржы жұмсалатыны ақиқат.
Жер қойнауы туралы ҚР заңдамаларының негізінде пайдалы қазбаны іздеп, барлау және өңдеуге арналған барлық мәселелер, сонымен' қатар пайдалы қазбаны өңдеумен байланысты жоқ, оның ішінде әртүрлі мақсаттағы жерасты ғимаратының құрылысы мен пайдалануы мақсатында жер қойнауын пайдалану мәселелері қарастырылған.Геологиялық мекемелердің қазіргі кездегі ең негізгі қүжаты жоғарыда аталып өткендей, оларды қорғау керек.
Жер қойнауын қорғау 2 түрге бөлінеді.
1)Жер қойнауын қорғау;
2) Консервативті қорғау
3) Жер қойнауын қорғау- жер қойнауын рационалды пайдалануды қарастырады, соның ішінде мыналар:
-Жер қойнауын толық және комплексті геологиялық үйретуді қамтамасыз ету;
-Жер қойнауын пайдалану кезінде бекітілген шараларды сақтау керөк және өзіндік қолдануға болмайды.
-Жер қойнауын пайдалануына байланысты жұмысқа зиян заттарға тиым салынады.
-Пайдалы қазбаны пайдалану кезінде аймаққа өз еркімен қүрылыс салуға ескерту жасайды және аймақты пайдалану кезінде бекітілген шараларды сақтау керек және тағыда басқа.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылау инженерінің сұрау кітапшасы» 1 том, Е.А. Козловский
2. «Геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылау инженерінің сурау кітапшасы» 2 том, Е.А. Козловский
3. «Ұңғыманы бұрғылау», CM. Башлык
4. «Суға ұңғыма бұрғылау туралы кітапшасы», Д.Н. Башкатов
5. «Тау кен және бұрғылау қондырғылары», Н.С. Родионов
6. «Суға ұңғыма бұрғылау қондырғыларының сұрау кітапшасы», В.В.Дубровский
7. «Геологиялық барлау жұмыстарындағыеңбекті қорғау», А.И. Кабанцев
8. «Бұрғылау қондырғысының машинисі», А.С. Волков
4 БҰРҒЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЕСЕПТЕУ
4.1 Бұрғылаудың түрі мен негізгі әдісін таңдау
Ауданда колонкалық бұрғылаумен алдан-ала барлау жұмыстары жүргізілөді.
Колонкалық бұрғылау:
1) Жыныстардың үлгілерін алу (керн)
Кернді зерттеу және геологиялық құрылым колонкалық бұрғылаудың қорытындысы бойынша орындалады.
2) Әртүрлі жынысталқындаушы аспаптармен әр түрлі бағыттағы қатты жыныстарды бұрғылау.
3) Кіші диаметрлі жынысталқандаушы аспаптармен терең ұңғымаларды бұрғылау энергияны аз кетіреді.
Жобалық қима 2,4,7 санатты жыныстармен ерекшеленеді. Бұрғылау келесі жыныстарға байланысты бұрғыланады.
4-7 Санатты жыныстарды өзі қайралатын коронкамен өтеміз, яғни 2 жыныстарды қатты қорытпалы каронкамен өтеміз.
4.2 Ұңғыманың конструкциясын таңдау және негіздеу
Шегендеуші колоннаның саны диаметрлі, құбырларының қалын-дығы және түсірілу тереңдігі, оған қоса құнарлы горизонттың ашылу тәсілі, ұңғыманың әр бөліктерін бұрғылайтын қашаулардың диаметрлері және колонна құбырларының қай аралықтары цементтелетіні туралы толық түсінік беретін мағлұматтар жиынтығын ұңғыманың констуркциясы дейді.
Ұңғыма конструкциясы келесілерге байланысты таңдалады:
1) Ұңғыманың тереңдігіне
2) Тау жыныстарының физика-механикалық қасиетіне
3) Бұрғылау тәртібіне және бұрғылау қондырғысының параметріне байланысты.
Ұңғыманың тереңдігі пайдалы қазбаның тереңдігіне байланысты таңдалады. Ұңғыманың жобалық тереңдігі 50 метр бұрғылаудың соңғы диаметрі бұрғылау қондырғысының энергетикалық мүмкіншілігіне байланысты және сынама алу массасына байланысты.
Ұңғыма конструкциясы негізінен: 1)Шахталы бағыт; 2) кондуктор; 3)аралық колонна; 4)пайдалану колоннасынан тұрады.
Шахталы бағыт ұңғыманың сағасын шайылудан сақтайды және жуу сұйығының ағысын науа жүйесіне бағыттайды. Оның тереңдігі 2-40 м. арасында өзгереді.
Кондуктор ұңғыманың жоғарғы жақтағы қабырғасын бекітіп, оған орнықтылық туғызады, тереңдігі 220-230 метр .
ВИТР құрастырған және кең орынның генетикалық типіне, геофизикалық құралдарға байланысты 76мм бұрғылаудың соңғы диаметрін таңдаймыз.
93 мм қатты қорытпалы жыныс талқандаушы коронкамен 10 метр тереңдікке дейін бұрғылаймыз, және бұл интервал диаметрі 89 мм болатын бағыттаушы құбырмен бекітіледі.
4.3 Бұрғылау қондырғысын таңдау және негіздеу
Бұрғылау қондырғысы негізінен ұңғыманың тереңдігіне, бұрғылаудың бастапқы және соңғы диаметрі, жыныстың физико-механикалық қасиетіне, ұңғыманың құлау бұрышына, жер бедеріне, ауданның электр энергиясымен жабдықталуына байланысты таңдалады.
Ұңғыманың тереңдігі 230 м бастапқы диаметрі 93мм, соңғы диаметрі 76 мм, аудан электр энергиясымен жақсы жабдықталғандықтан УКБ -4П бұрғылау қондырғысын таңдаймыз.
УКБ-4 П техникалық сипаттамасы
Бұрғылау тереңдігі, м
Ұңғыманың диаметрі
93 мм болғанда..................................................300
59 мм болғанда..................................................500
Бұрғылау құбырының.........................................50; 55;
Диаметрі мм........................................................42.50.54.55
Шпиндельдің айналу жиілігі...............................155.280.390.435
Айн мин...............................................................640.710.1100.1600
Төмен қарай берілетін күш, кн........................60
Шығырдың жүк көтерілімдігі,
Кг.........................................................................3500
Қанатты орау жылдамдығы, мс........................0,9,1,75,2,75,4,0
Қуаттылық, квт
Станоктың электр қозғалтқышы.......................22
Діңгектің ұзындығы, м........................................13,7
Бұрғылау сорғышының түрі...............................НБ-4 160/63
Сорғыштар саны................................................1
Құбыр ұзындығы, м............................................9,5
Қондырғы салмағы, кг........................................14000
Мачта түрі.............................................................БМТ-4
Электр қозғалтқыш түрі......................................А02-71-4
4.4 Снаряд құрамы мен жыныс талқандаушы аспаты таңдау
Снарядтың құрамына: коронка, колонкалық құбыр,өзгерткіш,бұрғылау құбырлары және оның қосындылары.
Жұмсақ жыныстарды қатты қорытпалы бұрғылаумен бұрғыланған кезде снарядтың құрамына қатты қорытпалы коронка, керн жұлғыш, колонкалық құбыр, өзгерткіш, бұрғылау қүбырлары және олардың қосындылары, бағыттағыш құбыр.
Жыныстарды бурғылау үшін арналған М5-93 коранкасын қолданамыз,ішкі диаметрі 54мм кескіштер саны m=16.Колонкалық қубырдың узындығын Зм-ден кем етіп жасайды.Себебі құбыр қысқарған сайын ұңғыманың қиаюы да өседі.Қолайлы жағдайда снарядтың колонкалық құбырдың ұзындығын ұзарта түсуі шарт.Ол үшін колонкалық құбырларды бір-біріне нипель арқылы Жалғастыруға болады. Колон калы қубырлар кернді қабылдау үшін арналған.
Диаметрі 89 мм, үзындығы 0,7-1 м болатын колонкалық құбырды қолданамыз,бүл бұрғылауды бастағанда, яғни бастапқы бұрғылау кезінде қолданылады.
93 мм бұрғылау кезінде 73 мм ұзындығы 4-6м болатын колонкалы құбырды пайдаланамыз. 76 мм бұрғылау кезінде диаметрі 73мм ұзындығы 4-6м болатын колонкалы құбырды пайдаланамыз.
Бұрғылау құбырлары негізгі саймандар қатарына жатады.Олар бұрғылау кезінде өте қиын және күрделі кернулерге төтеп береді. Бұрғылау құбырлары арқылы бұрғы снарядын көтеріп-түсіреді,айналдырады, забойға жуу сүйығы жіберіледі және осьтік қысым беріледі.Оларды балқыған ыстық кезде созып жасайды және оларды өте берік 36Г2С және Д маркалы болаттардан жасайды.Сондықтан да муфталы-құлыпты қосылған болатты бұрғылау құбырларын қолданамыз. Диаметрі 50мм материялы 40Х болады.
4.5 Қосалқы аспаптарды таңдау
Бұрғылау снарядын көтеріп-түсіргенде қолданылатын қосалқы аспаптар мыналардан тұрады:
І.Бұғылау қүбырына арналған кілт,диаметрі 50мм;
2.Шегендеуші құбырларға арналған (колонкалы) шарнирлі кілттер.Кілт өлшемі
З.ККтипті кілттер,диаметрі 76;93мм
4.Нипельді және құлыпты кілттер МЗ-50.
5.Бұрғылау құбырларын қысуға арналған шарнирлі хамуттар НГ-13-57 типті, диаметрі 50мм.
б.Диаметрі 50мм болатын НГ-10-53 вилка (подкладная).
7.Шегендеуші құбырға арналған хамуттар,диаметрі 73/89мм.
8.Көтеріп-түсіру операциясын орындау үшін РТ-1200М құбырағытқышын және МЗ-50-80-1 жартылай автоматты элеваторын таңдаймыз.
Максималды айналу моменті,
н/м..............................................................3500
Айналу жиілігі
водиланың,айн/мин.............................................
Электроқозғалтқышының
қуаты, кВт............................................................3
Өту кеңістігінің диаметрі,мм...............................205
Бұрғылау құбырларының диаметрі,мм..............42;50;63;5
Ауырланған бұрғылау құбырлары,мм................57;73;89;108
4.6 Жуу сұйықтығын таңдау
Жуу сұйықтығы ұңғыма оқпанынан шламды алу үшін және бурғылау кезінде коронканың айналымында суытып отырады.
Қатты қорытпалы коронкамен бұрғылағанда мынадай қасиеті бар жуу сүйықтығы қолданылады:
=1200кг/м3
Т =20-25 сек
ЛП
4%
қум мөлшері
30 минут ішінде 25см3 су беруі.
Балшық ерітіндісінің дайындалуы: ерітіндіні балшық араластырғыш машиналармен дайындайды және олар әртүрлі болады. Балшық ерітіндісін кесек балшықтан жасағанда, кәсібіне механикалық балшық араластырғыш машиналарды пайдаланады. Балшық ерітіндісін дайындау үшін люк арқылы араластырғыштын ішіне су құяды. Судың көлемі бірліктік деңгейінен аспауы керек. Судың үстіне химиялық реагент қүйып 5-10мин, оның үстіне кесек балшық толтырылып 40-бОмин араластырылады. Бұдан кейін балшықараластырғыш толғанша су құйып 20-30 минут араластырылады. Осы жумыстан кейін араластырғышты тоқтатып, дайындалған балшық ерітіндісін астындағы шүмегі арқылы қамбаға қүяды. Араластырғышқа салынған кесек балшықтың өлшемдері 5см аспауы керек. Балшық пен реагент көлемі белгілі ыдыспөн өлшеп салады. Балшықты кальцилендірілген сода құйылған суға салып бір тәулік бойы жібітіп қойса, ерітінді жылдам ериді. Балшық ерітіндісі кей уақытта елеуіштентен өткізілген балшықтың парошогынан жасайды. Балшық ерітіндісі науа жүйесімен жылдам ақса, яғни ағын жылдамдығы секундына 14-18см болса, науа жүйесінде ұнтақтар жақсы тұнады,мұның себебі:жылдам аққанда ерітіндісінің құрылымы жақсы бұзылады және оның ұнтақтарды көтеріп әкету қабілеті азаяды.
4.7 Бұрғылау тәртібінің технологиясы
Айналдыра бұрғылау кезінде бұрғылаудың тәртібінің непзгі параметрлері мыналар:
1) жынысталқандаушы аспапқа берілетін осьтік жүктеме
2) Айналу жиілігі
3) Жуу сұйықтығының шығыны
Қатты қорытпалы коронкаға арналған жынысталқандаушы аспапқа берілетін осьтік жүктеме мына формуламен анықталады:
р = р0 *т, кН.
Мұндағы, Р0 -кескішке берілетін жүктеме
m - негізгі кескіштер саны
айналу жиілігі мына формуламен анықталады
мұндағы, V - коронканың айналу жылдамдығы, м/с
D ср -коронканың орташа диаметрі, мм
,
м
Мұндағы, DH және DB -коронканың ішкі және сыртқы диаметрі.
Жуу сұйықтығының шығыны мына формуламен анықталады:
Q=q*D, л/мин. Мұндағы, q-жуу сұйықтығының шығыны.
№ |
Коронка өлшемі |
Жыныс санаты |
Осьтік жүктеме |
Айналу жиілігі |
Жуу сұиықтығының шығыны |
|||
|
|
|
1 кескішке |
коронкаға |
жылдам дық |
Айналу жиілігі |
Коронк аның мм диаме тріне |
Корон каға, л/мин |
1 |
М5-93 |
III |
0,4:0,6 |
9,6 |
1,8 |
471 |
1,2-1,6 |
111,6 |
2 |
СА-4-76 |
VI-VII |
0,7:0,8 |
11,2:12,8 |
0,6:1,2 |
171:343 |
0,6:0,8 |
45,6:6 0,8 |
1. М5-93 коронкасымен бұрғыланған кезде V жылдамдықты, станоктың жылдамдығын таңдаймыз. п=539айн/мин. Осьтік жүктеме-4,8 км, сорғыш жылдамдығы -III жылдамдық
2. СА-4-76 коронкасымен бүрғыланады п= 340 айн/мин болатын IV жылдамдықты таңдаймыз, сорғыш п= 95 айн/мі/n-UV жылдамдық.
