Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АМОР МЫС КЕН ОРНЫ АРУСОВ.Б.Е.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229 Кб
Скачать
☆

4.17 Ұңғыманы жою

Ұңғыма оқпаны жобаланған тереңдікке дейін жеткесін,арнайы тәртіппен оны жояды. Жою алдында ұңғыманың тереңдігін өлшейді, оның қисаю мөлшерін (азимутын және зенит бұрышын) анықтайды және гидрогеологиялық геофизикалық зерттеулер жүргізеді. Егер ұңғыма жер асты суын кесіп өтсе, яғни құрғақ болса, оны жою қиынға түспейді. Ол үшін ұңғымадағы шегендеуші құбырлар калоннасын көтереді де, ұңғыманың ішін қою балшық ерітіндісімен және суға жібітілген балшықтан жасалған шаралармен толтырады. Содан кейін ұңғыманың ауызын бекітіп, үстіне ағаш немесе металдан жасалған тығын, яғни таңбалы белгі орнатады. Белгіге бұрғылаған мекеменің аты жөні, ұңғыманың нөмірі, тереңдігі және ұңғыманы бұрғылап біткен күннің датасы жазылады.

Сулы горизонтттары кен пластарынан жоғарғы орналасқан кен орындарының ұңғымаларын жою әжептәуір қиындау. Егер мұндай ұңғыма дұрыс жойылмаса, ол арқылы келешекте кен алу мақсатымен қазылатын шахтаны су алып кету қаупі туады. Пайдалы кен суға еритін болса, яғни тұз түрінде болған жағдайда, ұңғымадан жоғарыда келген сулар, барлық кенді ерітіп өзімен бірге шайып алу кетуі мүмкін. Ұңғыма бірнеше сулы горизонттарды кесіп өтсе, ол горизонттардың біреуіне ащы, ал екіншісінде тұщы сулар ұшырасса, бұрғыланған ұңғыма бойымен осы сулар араласып кетеді. Сол себепті горизонттардан өтетін ұңғымаларды дұрыстап жою керек.

Ұңғыманы жою - бұл комплексті шара болып табылады. Ұңғыманы жоюдан бұрын мына жұмыстар орындалады: тереңдіктің бақылау өлшемі, құлау бұрышы, кейде азимуты, комплекті каротаж, қорытынды гидрогиологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Ұңғыма мынады жағдайларда жойылады:

1. Егерде эксплуатационды ұңғыманы қолдану үшін оған шегендеуші құбыр салынады. Шегендеуші құбырды аз қолдану бұрғылау жұмысын арзандатады.

2. Шегендеуші құбырды алып шығу ұңғыма оқпанын кеңейтеді, яғни сулы горизонт бір бірімен хабарланады және пайдалы қазба қабатымен. Ұңғыма тампонажды жою үшін сазбалшық ертіндісі және саз терең емес ұңғымаларды жою кезінде қолданылады.

4.18 Геолого техникалық құжаттау

Ұңғыманы бұрғылардан алдын мынадай құжаттар толтырылады.

1. Ұңғыманы орнату актісі

2. Тау- кен техникалық инспекциясының немесе қабылдаушы комиссияның рұқсаты

3. Геологиялық техникалық өкім (ГТӨ)

Бұрғылаудың негізгі, яғни бірінші құжаттары мыналар:

1. Ұңғыма орнату техникалық жобасы

2. Гелого-техникалық өкім (ГТӨ)

3. Нормалаушы карта технологиялық тәртіп картасы. Ұңғыманы орнатудың техникалық жобасы ұңғыманы орнатудың технологиясы мен ұйымдастыруын қамтамасыз етеді.

Геолого-техникалық өкім әрбір ұңғымаға жеке жасалады. Ол бұрғылау бригадасының негізгі басқарушы құжаты. Оның нұсқауымен ұңғыма қазудың барлық технологиялық операциялары орындалады. Бұрғылау журналы – геологиялық барлау мекемесінің мұрағатында сақталынатын ең бірінші негізгі құжат. Бұрғылау журналына бұрғышы тәулік сайын мыналарда жазып отырады: жүргізілген жұмыстар уақыт мөлшері (әр бір операцияға және жұмысқа кеткен), бұрғылау интервалы және керн шығымы, бүрғылау калоннасының құрамы мен өлшемі, тау жынысының сипаттамасын және бұрғылану бойынша санатын, бұрғылау тәртібін, жуу сұйықтығының параметрін. Бұрғылаудың қорытындысы әр рейс сайын бөлек жазылып отырады. Бұрғышы бұрғылау журналына техникалық қауіпсіздіктің сақталуын және бұрғылау қондырғысын тексеріп (тапсырарда және қабылдағанда) қорытындысын жазып отырады.

Керн шығымы, жыныстардың сипаттамасы және санаттары геологтың көмегімен бұрғылау журналына жазылып отырады. Бұрғылау шебері және басқада жетекшілер бұрғылау журналына бұрғылаудың технологиясын және өнеркәсіптің жұмысын жазып отырады. Бұрғылау журналының негізіне бұрғы шебері (жұмыс жеткешісі) рапорт толтырады, (айлық және тәулік бойынша), бұрғылау бригадасының айлық жалақысының құжаты, Бұл рапорт бұрғылау шеберімен және бөлім гелогымен толтырылады (гидрогеологпен). «Техникалық қауіпсіздіктің жағдайын тексеру журналына» еңбекті қорғау жағдайы жазылады, техникалық қауіпсіздіктің бақылау қорытындысы, гелогиялық барлау жұмыстарында аталған техникалық қауіпсіздік Госгортехнадзорымен бекітілген.

Бұрғылау қондырғысына қызмет көрсету , оны майлау және жоспарлы ескерту қызмет көрсетуі қондырғыны майлау схемасымен және жоспарлы ескертуме жүргізіледі.Орындалған жұмыстардың қорытындысы жоспарлы ескерту журналына жазылып отырады.

Бұрғылау қондырғысында жаңа жынысталқандаушы аспапқа құжат

толтырылады.

Барлық дайындау жұмыстары біткеннен кейін, бұрғылауды бастардан

кем дегенде 2күн бұрын бұрғышылар бригадасының барлық мүшелерінің жұмыс бастауға арналған конференциясы өткізіледі.

Оған экспедициясының бас инженері,тау кентехникалық инспекциясының өкім және басқа адамдар қатысады.