- •2016-2017Оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша
- •5 Курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі есеп № 1
- •2016-2017Оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша
- •5 Курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі есеп № 2
- •Есеп № 3
- •Есеп № 4
- •Есеп № 5
- •Есеп № 6
- •Есеп № 8
- •Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:
- •2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.
- •Есеп № 7
- •2016-2017Оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша
- •5 Курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі есеп № 9
- •Есеп № 10
- •Есеп № 11
- •Есеп № 12
- •Есеп № 13
- •Есеп № 14
- •Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:
- •2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.
- •3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.
- •2016-2017Оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша
- •5 Курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі есеп № 15
- •Есеп № 16
- •Есеп № 17
- •Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:
- •2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.
- •3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.
Есеп № 3
2008 жылдың 20-шы желтоқсанында 22 сағат 15 минутте Абай АІІБ-не М.Қ. Төлеповтен хабар түсті. Оның айтуынша, 22 сағат шамасында ол өзінің көршісі 55 жастағы Н.И. Михайлованың өзінің пәтерінде диван үстінде жатқан өлігін тауып алғаны туралы хабарлады. Төлеповтің айтуына қарағанда, ол Михайловаменен 2008 жылдың 19 желтоқсанында кешке сөйлескен, 20 желтоқсан күні күндіз өзі де, басқа көршілерде оны көрмеген.
Оқулық мәліметтер
Улануға күдік бар. Жоғарғы ернінің үстінде, иегінде, және де үй халатының жағасында кеуіп қалған құсық массаларының іздерінің алдында- ақ түсті ұсақ түйіршіктер. Дәл осындай түйіршіктер столддың үстінде тұрған стаканның жиектерінде табылған. Стаканның ішінде 20 мл-дей тынық сұйықтық бар. Өліктің денесінде зақымдар бар: сол иығының сыртқы жағында екі жаңадан пайда болған қанталаулар, оң білектің иілетін бетінде үш көлемі кіші жаңадан пайда болған сыдырылулар, оң балтырдың алдынғы жағында 3-4 күн аралығында болған қанталау. Мәіт табылған бөлмедегі температура +17- 19ْ .
Тапсырма
Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:
а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;
б) мәйітте табылған зақымдануларды объективті суреттеу ;
в) айғаұты дәлелдер ретінде оқиға болған жерден алынған объектілерді белгілеу.
2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.
3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.
Құрастырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.
Кафедра мәжілісінде бекітілді: 01.09.2016ж. Хаттама№ 1
Каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент: Жұманазаров Н.А
____________________________________________________________________________
Ф-МК-003/012
Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
Адам патологиясы кафедрасы
2016-2017оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша
5 курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі
Есеп № 4
2008 жылдың 20-шы қарашасында 10 сағат 10 минутта Абай ауданының прокуратурасына Пресс автомат зауытының цехының бастығы Ф.И. Сухановтан дайын өнім цехында көпірлік краннан құлап өлген 45 жастағы жұмысшы Никоноров А.С. туралы хабар түсті.
Оқулық мәліметтер
Техникалық электрдің әсерінен 6 метр биіктіктен құлап темірден жасалған арбаның бұрышына баспен соғылған. Ток тасымалдаушы өткізгішпен контакт орны-оң қолдың алақан беткейі. «Электртаңбадан» және төбе сүйектерінің ашық сынықтарынан басқа мәйітте анықталғаны: Тұлғаның артқы жағында қанталаулармен сыдырулар, сол иықтың жабық сынықтары. Токтың қуаты 380 В., токтың 20 Ампер. Өлім 20-шы қарашада сағат 9-да болды. Цехтағы температура - +22ْ . Тапсырма
Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:
а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;
б) мәйітте табылған зақымдануларды объективті суреттеу ;
в) айғақты дәлелдер ретінде оқиға болған жерден алынған объектілерді белгілеу.