Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Esep_-_bilet.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126 Кб
Скачать
☆

Есеп № 7

2008 жылдың 21-ші қазанында сағат 7-де ОҚО-ның Арыс АІІБ-не ауыл тұрғыны П.З.Сәрсеновтен ОҚО-ның Арыс ауданы «Көкарал» ауылының сиыр фермасы құрылысында зорлықтан өлген белгілері бар көрші ауылдың тұрғыны 54 жастағы М.М. Қамбаровтың мәйіті табылғаны жөнінде хабар келіп түсті.

Оқулық мәліметтер

Адам өлтіру. Мәйіттің басының желке тұсында темір күректің қырымен келтірілген 2 жарақат. Бетінде, екі иықтарының сыртқы жақтарында – көптеген жаңадан пайда болған орта көлемдегі қанталаулар. Сыртқы киімінде – зақымдарды келтірген сәтте дене вертикалды болғанын куәлендіретін қанның іздері. Оқиға болған жерде болжамды жарақат қаруынан басқа, есіктің кілті мен темекі қорабы табылған. Өлім 20-қазанда

22 сағатта болған. Ауа температурасы 21-қазанға қараған түні - +0-2ْ .

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйітте анықталған зақымданулардың объективті суреттемесін беру;

в) киімдегі қанның іздерінің сипатын суреттеу;

г) айғақты зат ретінде алынған объектілерді суреттеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

Құрастырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.

Кафедра мәжілісінде бекітілді: 01.09.2016ж. Хаттама№ 1

Каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент: Жұманазаров Н.А

____________________________________________________________________________

Ф-МК-003/012

Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

2016-2017оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша

5 курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі

Есеп № 8

2008 жылдың 2-ші желтоқсанында сағат17-де Шымкент қаласының Еңбекші АІІБ-не азамат Н.С. Павловтан жекеменшікті жиһаз ұстаханасының егесі 57 жастағы Вихров Ю.А.-ның 2-желтоқсан күні 16.00 сағат шамасында өзінің кабинетінде өлігі табылғаны туралы хабар келіп түсті. Павлов-тың айтуына қарағанда, Вихровты оның қызметкерлері 2-желтоқсан күні 14.00 сағат шамасында өз кабинетіне кіріп бара жатқанын көрген.

Оқулық мәліметтер

Кенеттен болған өлім. Өлім 2008-жылдың 2-желтоқсанында 13.00 сағат шамасында болған. Мәйітте оң қолының сыртқы жағында 4-5 күн алдын болған орташа көлемдегі қанталау анықталған. Іштің алдыңғы қабырғасының орта сызығы бойынша – ескі операциядан кейінгі (лапаротомия) тыртық. Температура - +22ْ .

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйітте табылған зақымдануларды объективті суреттеу ;

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуіге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

Құрастырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.

Кафедра мәжілісінде бекітілді: 01.09.2016ж. Хаттама№ 1

Каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент: Жұманазаров Н.А

____________________________________________________________________________

Ф-МК-003/012

Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]