Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Esep_-_bilet.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126 Кб
Скачать
☆

Есеп № 16

2008 жылдың 26-шы шілдесінде 7 сағат 20 минутта АІІБ-не азамат

Ж.Е. Досовтан № 8 үйдің ауласында зорлықтан өлген белгілері бар белгісіз еркектің мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түсті.

Оқулық мәліметтер.

Адам өлтіру. Кеуденің тесіп өткен оқ-қару жарақаты. Оқтың кірген жері – кеуденің алды, оқтың шыққан жері – кеуденің арты Оқ 10 см қашықтықтан «ТТ» жүйесіндегі пистолеттен атылған. Оқиға болған жерде атылған оқтың гильзасы табылған. Өлімнің болған уақыты 22-шілдеде 23.00 сағатта. 26-шілдеге қараған түні ауа температурасы - +18-20ْ

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) оқ-қару жарақаты жағдайларындағы оқиға болған жердің ерекшеліктерін суреттеу;

б) мәйіттік құбылыстардың айқындылығын көрсету;

в) жәбірленушінің денесіндегі және киіміндегі оқ кірген және шыққан тесіктерді суреттеу;

г) белгісіз еркектің мәйітін қарап тексеру ерекшеліктерін атап өту;

д) айғақты заттар ретінде объектілерді суреттеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

Құрастырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.

Кафедра мәжілісінде бекітілді: 01.09.2016ж. Хаттама№ 1

Каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент: Жұманазаров Н.А

____________________________________________________________________________

Ф-МК-003/012

Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

2016-2017оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша

5 курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі

Есеп № 17

2008 жылдың 25-ші қарашасында сағат 15-те ОҚО-ның Сарыағаш АІІБ-не азаматша Қ.З. Шаметовадан Дархан ауылында өз үйінде 39 жастағы П.Қ. Хасанованың мәйіті табылғандығы туралы хабар келіп түсті. Шәметованың айтуына қарағанда, Хасанова жалғыз тұрған, оны 2008-жылдың 24-қарашасында кешке көрген сөйлескен, ал 25-қарашада сағат 13.00-де оны өлі күйінде тауып алған.

Оқулық мәліметтер.

Криминалдық аборт. Өлім 24-қарашада сағат 23.00-де ауа эмболиясынан болған. Оқиға болған жерде аборт жүргізілгенін дәлелдейтін айғақты заттар табылған. Бөлмедегі температура - +22-24ْ

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) айғақты заттар ретінде оқиға болған жерден алынуға жататын объектілерді суреттеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

Құрастырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.

Кафедра мәжілісінде бекітілді: 01.09.2016ж. Хаттама№ 1

Каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент: Жұманазаров Н.А

____________________________________________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]