- •Ә.П білім беру кешені ретінде
- •Ә.П тәжірибе ретінде
- •Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру келесідей міндеттерді шеше отырып жүзеге асады:
- •1.Карвасарский б.Д:
- •2.Кочюнас р.:
- •3.Немов р.С.:
- •Құжаттар:
- •Осы заңдарды басшылыққа ала отырып әлеуметтік педагог мындай қызметтік бағыттарда жұмыс жүргізеді.
- •Рефлексия әдісі «Бір сөзбен » Оқушылар өздерінің көңіл күйін білдіретін 12 сөздің ішінен 3 сөзді таңдайды:
- •Рефлексия әдісі « Күн »
- •Осыны пайдалана отырып, әрі қарай дамытарсыңдар....
- •В.Франкл адамның əрекетін 3 типке бөлді:
- •Логотерапияның техникалары:
- •Нлб негізгі әдістері және техникалары
- •Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру келесідей міндеттерді шеше отырып жүзеге асады:
- •Кеңес беру үрдісінің құрылымы(структура)
- •Кеңес берудің әңгімелесу мазмұны оның кезеңдеріне байланысты ерекшеленеді. Кеңес беру процесін шартты түрде 4 кезеңге бөледі:
- •Ақпаратты өңдеу және анализ жасау әдістері.
- •Кеңес беруді эффкетивті бағалау әдістері.
- •Қарым-қатынас мәселелері.
- •Үш адам қатынасындағы қиындықтар.
- •Тұлғалық мәселе мен қарым-қатынас арасындағы байланыс.
- •31. Үрей туғызу себебтері және оны алдын-алу жолдарына кеңес беру сауалдарын тізіңіз
- •32. Қорқыныш және фобия (аймофобия, гипсофобия, клаустрофобия, агорафобия және т.Б.) түрлеріне өмірлік мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз.
- •33.«Жастар мен жасөспірімдердің тәртібіне ортаның әсері» тақырыбына шағын эссе жазыңыз «!!!!!!!!!!!!!!!!!! Оқып алып арасынан жазыңдар !!!!!!!!!!!!!!!!!!!»
- •34.Әлеуметтік бейімделумен қамтамассыз етуде кеңес берудің рөліне көзқарасыңыз
- •35. Үрейленуді тарқатуға байланысты аутотренинг және кеңес беру түрлерін ұсыныңыз
- •40 Тұлға бойындағы стресс кезеңіндегі кеңес беру үлгісін құрыңыз
- •41 Ұжымдық кикілжіңдер мен кикілжіңдердің негізгі типтерін ескере отырып, одан шығу жолдары мен кеңес беру бағытын ұсыныңыз
- •43 Жағдаяттың кеңес берушілік сипатына талдау жасаңыз.
- •44 Жеке және топтық кеңес беру барысында шешуге болатын өмірлік қиыншылықтар мен мәселелердің, кикілжіңдердің тізімін түзіңіз және оларды түсіндіріңіз
- •46 Диагностикалық әңгімелесу әдістерінің жүргізілу сценариін ұсыныңыз
- •47 Арттерапиялық тренингтің тұлғаға әсерін түсіндіріп, мысалмен дәйектеңіз
- •48 Кез келген отбасының немесе өз отбасыңыздың динамикасының тіршілік кезеңінің сатыларын бөліп көрсетіңіз
- •49 Педгогтардың жұмыс істеу тәсілдерін жағдаяттар құру арқылы түсіндіріңіз
- •50 Суицидтік жағдайларға жағдаят құрастырыңыз және кеңес беру үлгісін ұсыныңыз 3
- •51Үрейленуді жоюға байланысты аутотренинг арқылы кеңес беру жолдарын ұсыныңыз
- •Әлеуметтік педагогтың мектептегі іс-әрекеті
- •Әлеуметтік педагог мектепте негізгі бағыттарда жұмыс жасайды:
- •Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:
- •60.Жасөспірімдер мен балалардың жүріс-тұрысына (ерте наркомания мен ішімдіккесалынуы) т.Б. Мәселелер бойынша ата-аналар мен педагогтарға топтық кеңес беру жолдарын сипаттайтын жоспар түзіңіз.
- •1. “Кездесу”
- •2. Ассосация “Жанұя”
32. Қорқыныш және фобия (аймофобия, гипсофобия, клаустрофобия, агорафобия және т.Б.) түрлеріне өмірлік мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз.
Қорқыныш — Индивидтің биологиялық не әлеуметтік тіршілігіне қатерлі жағдаяттарда туындайтын қауіп, қолайсыз эмоция. Қорқыныш бір нәрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда пайда болатын сезім, қауіп-қатер, үрей. Тіршілік үшін қауіпті факторлардың нақты әрекетінен болатын ауру не басқа да зардап түрлерінен ерекше қорқыныш олардан күн ілгері болады. Қатердің сипатына байланысты қорқыныш сезімінің қарқындылығы мен тән сипаты ерекшелігі алуан түрлі болады (қауіптену, қорқу, шошу, үрей). Егер қауіп негізі анық емес не ұғынылмаған болса, ондай күй алаңдау деп аталады. Функциялық тұрғыдан қорқыныш субъектіге алдағы қауіп туралы ескерту болады.
Фобия (гр. phobos — қорқыныш) - небір жағдайларда қайта-қайта пайда болатын қоркыныш; бұл невроздың ығыр қылатын түрінің көрінісі. Белгілі бір жағдайда немесе белгілі бір заттың алдында кетпейтін үрей мен мазасыздануды байқайды, ауырулар өздерінің үрейлерінің ерсіз және дәлелсіз екенің жақсы сезеді, бірақ бұл күшті олар жеңе алмайды. Фобиялар субъектіні белгілі бір (фобиялық) жағдайда билеп алатын вегетациялық дисфункциялардың астасатын (жүректің атқақтауы, ағыл-тегіл терлеу және т.б) нақты мазмұндағы барабар емес жабыспа қорқыныш сезімдері. Фобиялар невроздар, психоздар және мидың органикалық аурулары кезінде болады. Нервоздық фобиялар кезінде аурулар, әдетте, өз қорқыныштарын негізі жоқ екенін ұғынады, оларға өзін қинайтын субъективтік, бақылай алмайтын кінәраттар деп қарайды.
Фобия жеке түрлері ерекше аталады: агорафобия - кең көшелер мен алақдардан қорқу; клаустрофобия - жабық бөлмеде қалу үрейі; монофобия - жалғыз қалу үрейі, керісінше, антропофобия - көп кісілерден қорқу; нозофобия- ауырудан қорқу, эрейтофобия - қоғам алдында ұялу, қызару т.б.
Фобия жалпы мазасыздану, тамырдың соғуы мен демнің ұлғаюы, бозғылттану немесе тез қызару. Уақытша тұрақсыз фобия көп шаршағаннан немесе ауыр психикалық қатерден кейін дені сау адамдарда да болады...
Үлкендерге қарағанда балаларда фобия жиі кездеседі, олар кішкентай жануарлардан немесе өткір заттардан, судан, өлімнен т.б. қорқады. Кейде жасөспірімде белгілі бір әрекеттің түрінен қорқыныш пайда болады, мысалы, тақта алдында жауап беру, көпшіліктің алдына шығу т.б.
Өсе келе фобия ауыр түрі де кездеседі, мысалы, жұтыну қорқынышы (фагофобия) немесе ес ауысудан үрей. Фобия жақын балалар өте сезімтал болады. Фобия шалдығуға баларды түрлі қорқыту, мектептегі қақтығыс, отбасындағы жағдайлар себепкер болады. Фобия емдеу неврозды емдеумен бірдей. Негізгі орын психотерапияға келеді, аяу тәртібі, жалпы шынықтыратын және жұбататын шаралар. Кейбір кездерде пайдалы: ортаны езгерту, санаториялық жағдайда болу және арнайы депрессантық дәрілерді ішу (андаксин, аминазин т.б.)[1]
Фобиялар (гр. phobos — қорқыныш) — субъектіні белгілі бір (фобиялық) жағдайда билеп алатын вегетациялық дисфункциялардың астасатын (жүректің атқақтауы, ағыл-тегіл терлеу және т.б) нақты мазмұндағы барабар емес жабыспа қорқыныш сезімдері. Фобиялар невроздар, психоздар және мидың органикалық аурулары кезінде болады. Нервоздық фобиялар кезінде аурулар, әдетте, өз қорқыныштарын негізі жоқ екенін ұғынады, оларға өзін қинайтын субъективтік, бақылай алмайтын кінәраттар деп қарайды. Фобиялардың: мозофобиялар (аурудан қорқу — канцерофобиялар, кардиофобия және т.б), сотцо-фобиялар (жұрт алдында сөйлеуден қорқу, қызарып кетуден қорқу және т.б), кеңістіктен қорқу (клаустрофобия — жабық үй-жайда болудан қорқу, агарофобия — ашық кеңістіктен қорқу) және т.б. түрлері бар. Егер емделуші өз қорқыныштарының негізсіздігін, ақылға сыймайтынын сыни тұрғыдан анық ұғынбайтын болса, онда мұның өзі көбіне фобиялар емес, патологиялық күмәндар (қауіптенулер), сандырақ болып шығады. Фобиялардың жүріс-тұрыста белгілі бір көріністерінен болады, олардың мақсаты — фобия затына жоламау не ырымдар жасап қорқынышын басу. Невроздық фобиялар бейнелі ойлауға бейім, жан-дүниесі енжар, вегетациялық орнықтылығы кем адамдарда көбірек байқалады. Білікті психотерапевтік шаралар арқылы мұндай кінәраттардан көбіне арылтуға болады.
Әлемде фобияның 40 мыңға жуық түрі бар екен. Бүгінде оның 10 мыңға жуық түрі кеңінен таралған. Түрлері:
Клаустрофобия – оңашаланған, тар жерде жалғыз қалу қорқынышы. Статистика бойынша фобияның бұл түрі кең таралған. Ол адамзат баласының 6-7 пайызында кездеседі.
Агорафобия. Осындай қорқынышы бар жандар өзінің бойындағы сезімдері мен эмоцияларын өзгелер біліп қоймаса екен деген үрейде жүреді.
Зоофобия – жан-жануарлардан, бауырмен жорғалаушылардан қорқу. Фобияның бұл түрі адамдардың 65 пайызында кездеседі. Әсіресе, бұл үрейге нәзікжандылар бейім келеді.
Акрофобия – биіктіктен қорқу. Аты айтып тұрғандай, бойында бұл дерті бар жан биіктіктен қорқады. Басы айналып, қобалжи түседі. Денесін салқын тер жауып, қысымы көтеріледі.
Никтофобия – қараңғыдан қорқу. Үрейдің бұл түрі жас та, жыныс та талғамайды. Жасөспірім балаларда да, алпысты алқымдаған ерлер мен әйелдерде де кездеседі.
Танатофобия – өлімнен қорқу. Әр адамның бойында бар. Өлімге бас тіккендердің өзі жарық дүниені қимайтыны белгілі.
аймофобия — өткір заттардан қорқу
ГИПСОФОБИЯ - биіктіктен қорқу.
