- •Ә.П білім беру кешені ретінде
- •Ә.П тәжірибе ретінде
- •Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру келесідей міндеттерді шеше отырып жүзеге асады:
- •1.Карвасарский б.Д:
- •2.Кочюнас р.:
- •3.Немов р.С.:
- •Құжаттар:
- •Осы заңдарды басшылыққа ала отырып әлеуметтік педагог мындай қызметтік бағыттарда жұмыс жүргізеді.
- •Рефлексия әдісі «Бір сөзбен » Оқушылар өздерінің көңіл күйін білдіретін 12 сөздің ішінен 3 сөзді таңдайды:
- •Рефлексия әдісі « Күн »
- •Осыны пайдалана отырып, әрі қарай дамытарсыңдар....
- •В.Франкл адамның əрекетін 3 типке бөлді:
- •Логотерапияның техникалары:
- •Нлб негізгі әдістері және техникалары
- •Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру келесідей міндеттерді шеше отырып жүзеге асады:
- •Кеңес беру үрдісінің құрылымы(структура)
- •Кеңес берудің әңгімелесу мазмұны оның кезеңдеріне байланысты ерекшеленеді. Кеңес беру процесін шартты түрде 4 кезеңге бөледі:
- •Ақпаратты өңдеу және анализ жасау әдістері.
- •Кеңес беруді эффкетивті бағалау әдістері.
- •Қарым-қатынас мәселелері.
- •Үш адам қатынасындағы қиындықтар.
- •Тұлғалық мәселе мен қарым-қатынас арасындағы байланыс.
- •31. Үрей туғызу себебтері және оны алдын-алу жолдарына кеңес беру сауалдарын тізіңіз
- •32. Қорқыныш және фобия (аймофобия, гипсофобия, клаустрофобия, агорафобия және т.Б.) түрлеріне өмірлік мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз.
- •33.«Жастар мен жасөспірімдердің тәртібіне ортаның әсері» тақырыбына шағын эссе жазыңыз «!!!!!!!!!!!!!!!!!! Оқып алып арасынан жазыңдар !!!!!!!!!!!!!!!!!!!»
- •34.Әлеуметтік бейімделумен қамтамассыз етуде кеңес берудің рөліне көзқарасыңыз
- •35. Үрейленуді тарқатуға байланысты аутотренинг және кеңес беру түрлерін ұсыныңыз
- •40 Тұлға бойындағы стресс кезеңіндегі кеңес беру үлгісін құрыңыз
- •41 Ұжымдық кикілжіңдер мен кикілжіңдердің негізгі типтерін ескере отырып, одан шығу жолдары мен кеңес беру бағытын ұсыныңыз
- •43 Жағдаяттың кеңес берушілік сипатына талдау жасаңыз.
- •44 Жеке және топтық кеңес беру барысында шешуге болатын өмірлік қиыншылықтар мен мәселелердің, кикілжіңдердің тізімін түзіңіз және оларды түсіндіріңіз
- •46 Диагностикалық әңгімелесу әдістерінің жүргізілу сценариін ұсыныңыз
- •47 Арттерапиялық тренингтің тұлғаға әсерін түсіндіріп, мысалмен дәйектеңіз
- •48 Кез келген отбасының немесе өз отбасыңыздың динамикасының тіршілік кезеңінің сатыларын бөліп көрсетіңіз
- •49 Педгогтардың жұмыс істеу тәсілдерін жағдаяттар құру арқылы түсіндіріңіз
- •50 Суицидтік жағдайларға жағдаят құрастырыңыз және кеңес беру үлгісін ұсыныңыз 3
- •51Үрейленуді жоюға байланысты аутотренинг арқылы кеңес беру жолдарын ұсыныңыз
- •Әлеуметтік педагогтың мектептегі іс-әрекеті
- •Әлеуметтік педагог мектепте негізгі бағыттарда жұмыс жасайды:
- •Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:
- •60.Жасөспірімдер мен балалардың жүріс-тұрысына (ерте наркомания мен ішімдіккесалынуы) т.Б. Мәселелер бойынша ата-аналар мен педагогтарға топтық кеңес беру жолдарын сипаттайтын жоспар түзіңіз.
- •1. “Кездесу”
- •2. Ассосация “Жанұя”
46 Диагностикалық әңгімелесу әдістерінің жүргізілу сценариін ұсыныңыз
6 жасар Мирас ұйқыға жатуға қорқады, себебі ол түнде өліп кетем бе деп қорқады. Мирас ержүрегтілік, батырлық туралы еретіглер естіп өскен. Балаға шектен тыс көңіл бөлінеді және оған отбасында шкетен тыс қамқорлыққа алады. Кеңес берушінің пікірінше бұл гиперопека. Мирасты батыр ретінде тәрбиелеген. Ертегілердегі көптеген батырлардың өз жорықтарында қайтыс болып кетулері баланың бойында осы қорқыныш сезімін, яғни ұйықтар алдында өліп ктемін ба деген сезімді қалыптастырды.
Осы орайда кеңес беруші мен Мирастың арасындағы кеңес берушілік интервью:
К.б.: Сені не қорқытады, сен үшін қауіптіліктің қайнар көзі неде?
М: Түнде менімен бір нәрсе болып кетуі мүмкіндігі қорқытады.
К.б.: Нақты не нәрсе?
М: Білмеймін... Анам мен әкем маған сен түнде өсесің дейді. Бірақ түнде мен өзгеретін сияқты боламын, мен содан қорқамын.
К.б.: Өзіңнің өсіп келе жатқаныңды бақылай аласың ба? Басқа өсіп келе жатқанын балаларда қандай өзгерістер болып жатқанын көре аласың ба?
Сенде қандай өзгерістер болады?
М: Мен сәл биіктеген сияқты боламын.
К.б.: Ал сен бұны бақылай аласың ба? (Кеңес беруші бұны бақылау мүмкін еместігін атқысы келіп тұр. Ешкім өзінің өсіп жатқанын көрмейді). Және Мирас бұған келіседі.
М: Жоқ, мен мұны көрмеймін. (Демек ой дұрыс)
К.б.: Сонда сен нені бақылай аласың?
М: Менің шаштарымның, тырнақтарымның өскенін.
К.б.: Мүмкін, сен мұны олар қатты өсіп кеткенде байқайсың сол кезде біз оларды қиямыз. Солай ма?
М.: Иә, солай болады. Анам менің шаштарымды, тырнақтарымды өзі алады.
К.б.: Демек, сен өзіңнің тырнақтарың мен шаштарыңды қиюдың мерзімі келгенде анаңа сол туралы айтып, өзіңнің өсіп келе жатқаныңды бақылай аласың.
М: Әрине, бақылай аламын.
К.б.: Тырнақтарың өскен кезде оларды өзің қиып көрмедің бе?
М: Жоқ.
К.б.: Мүмкін көрерсің?
М.: Көремін, менің қолымнан ол келетін сияқты.
К.б.: Енді сен өзіңнің өсіп келе жатқаныңды өзің басқара аласың, Мирас.
Баланы осы идея қызықтырды, бұдан кейін ол өз шаштары мен тырнақтары қиятын уақыты келгенде ол жұмыстарды өзі атқарып отырды.
Кеңес берушінің комментарийі.
Баланың қорқынышы оның өзінің өсуін түнде бақылай алмайтынымен байланысты болуы әбден мүмкін.Мирастың ата-анасы, атасы мен апасы оны барлық қорғауға болатын нәрселерден қорғап келген. Бұл жерде балаға өзінің даму үрдісін өзі бақылай алатындығын көрсету басты идея болды. Өзін басқара алу идеясы балаға көмектесіп, оны ұйықтар алдындағы қорқыныш сезімінен арылтты.
47 Арттерапиялық тренингтің тұлғаға әсерін түсіндіріп, мысалмен дәйектеңіз
Казіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса толығымен зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар, себебі осы салада елімізде ғылыми жұмысты айтпағанның өзінде бітіру жұмысыда жоқ екендігі дәлел. Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен қалыптаспаған..
«Сезімдерді бояу»
Осы жаттығуды екі кезең бойынша өткізген дұрыс. Бастапқыдан қатысушылар А4 парағына абстракты түрде сызықтар мен формалар арқылы өз тәжірибесінен белгілі ең жақын сезімдерді жай қаламмен бейнелеуі керек. Мазасыз және тұйық балалармен жұмыс жасаған кезде АЗ форматын, көркемдік көмірді немесе сангинаны қолданған дұрыс. Бейнеленген сезімдердің атауы суреттердің екінші бетіне жазылады. Кейін әр бейнеге сәйкес түсті таңдай отырып суреттерді бояу қажет. Бұл жаттығу көркем түрде теренде жатқан сезімдерді бейнелеуге, яғни іштей серпіліске жетуге көмектеседі. Бұл өздерінің эмоцияларын ұстай алмайтын және агрессия немесе деструкті мінез-құлыққа бейім субъектілер мен жұмыс жасағанда пайдалы. Психологтың міндеті өздерінің сезімдерін шынайы білдіруге және басқаларға қатысты сыйластықпен қарауға түрткі болу. Балаларға сезімдер мен моральді байланыстыра білуді үйрену керек. Біртіндеп өзінің басым сезімдерін зерттеуге және анализдеуге қажет құнды тәжірибе мен батылдық жиналады. Осындай сезімдерді үғынуға көмектесу арт¬-терапиялық ойындар мен жаттығулардың психотерапиялық қорын құрайды. Себебі ұғынылған және ұғынылмаған эмоциялардың арасындағы конфликт невроздардың негізі болып табылады.
«Балалық шаққа саяхат»
Ерте кездегі еске түсірулердің суреттері автордың оны қоршаған ортамен өзара байланысының өзінше бір метафорасы ретінде қарастырылады. Балалық еске түсірулер тұлға аралық қатынастардың символикалық моделі ретінде өзара әрекеттесудің индивидуалды ерекшеліктерін, коммуникативті қиындықтарды және оларды шешудің тәсілдерін, бұрынғы және қазіргі кездегі жауап қайтарудың сипатын бейнелейді деп есептелінеді. Аталған феномен бейнелеу өнерінің табиғатымен тығыз байланысты және арт-терапиялық диагностика контексінде үлкен маңызға ие. Балалық еске түсірулердің сөздері мен суреттері субъектінің ішкі өмірімен байланысты сезімдерді шығармашылық тұрғыдан айқындауға үлкен түрткі болып табылады. Сондықтан бірнеше терапиялық сабақтардың тақырыбы мынадай болуы мүмкін: «Өзіме бала сияқты ойнауды рұқсат ете аламын». Тапсырмалардың бірі: жазбайтын қолмен балалық шақтан ең сүйікті ойынды салып, суретке атау беру керек. Мақсатқа байланысты нұсқау балалық еске түсірудің эмоциялық бояуын таңдауға еркіндік қалдырады. Дәлірек айтқанда: -жазбайтын қолмен балалық шақтың белгілі оқиғасын салу; -жазбайтын қолмен балалық шақтьщ ең жарқын еске түсіруін салу. Жұмыста жұмсақ бейнелеу құралдарын (балауыздан жасалған борлар, пастель) және форматы үлкен қағаздарды (АЗ және одан үлкендерін) қолданған дұрыс. Оң қолмен жазатын адамдар сол қолымен сурет салу кезінде өздерінің қабілеттерінің шекарасын кеңейтеді, сана бақылауын азайтып, сезімдерге қарайды, яғни спонтанды бола бастайды. Ол өз суретінің көркемділігі туралы ойламай, жай сурет сала бастайды. Осындай кезде күшті қайғырулардың, балалық қорқыныштың көрініс табуы және жарқын шығармашылық бейнелердің пайда болуы мүмкін. Неліктен осы балалық ойда пайда болғанын талқылаған дұрыс. Адам бейнелермен жұмыс істеу кезінде өзін қалай сезінді және өзін қазір қалай сезініп жатыр? Еске түскен оқиғаның азтордың «өмірлік сценариімен», мінез-құлықтың басым жақтарымен қандай байланысы бар? Оның қазіргі өмірінде қалай көрініс тауып жатыр?. Келесі терапиялардағы балалық еске түсірулердің тақырыбы мынадай болуы мүмкін: «Менің бірінші өтірігім», «Есте қалған оқиға», «Мен - кішкентай бала», «Мен кішкентай болған кезімде ... », «Балалық құпия», т.б. тез өтіп кетеді. (Сөздер мен символдар өзіндік реттеудің табиғи механизмдерін қосуға қабілетті жарқын әсерлер мен шынайы сезімдерді оятатыны белгілі.Қорқыныш сезім (эмоциялық компонент) міндетті түрде қимылдық мазасыздықты (моторлық компонент), адамның ойының өзгеруін тудыратыны жалпыға белгілі. Демек жағымды бей нені суреттеп қиялдаған кезде мимика, жест,қимылдар өзіне және басқаларға деген қарым-қатынаста көрініс табатын рахаттану сезімін бастан өткізуге болады. Сондықтан терапия мақсатында жағымды тақырыптар пайдалы: "Мен жақсымын", "Балалық шағымның ең жарқын әсерлері", "Қуаныш". Арт-терапиялық техникалардың нәтижелілігін қатысушылардың өздерінің пікірлері, олардың тұрақты түрде терапияға қатысуға деген құлшыныстары, сонымен қатар өзара қapым-қaтынас тaғы жағымды өзгерістер және басқа да белгілер дәлелдейді. Арт-терапияның тиімділігінің жалпыланған белгісі болып қатысушылардың көңіл-күйінің әлеуметтік және психологиялық динамикасының көрсеткіші есептеледі. [46, с.42].
«Кемпірқосақтың түстері. (Радуга)»
Бұл негізіен кооперпацияға арналған жатгығу. Жатгығу cәтri болу үшін әр ойыншы бірін-бірі жан тәнімен түсінісуі керек, нәтежиесінде ойынның баяу жүруіне қарамастан олар бір ритмге және бірдей жағымды көңіл күйде болуы керек. 1.Ойыншылар шағын 5-6 адамнан тұратын топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің шеңберлерін жасап бір басшы сайлайды және ол жоғары дауыспен үшке дейін санау керек. Топ басшы «3» деп айтқан cәтre қалғандары бірдей түсті айтып хормен айту керек. Мысалы: қызыл, қара, көк. Ойынның мақсаты - әр топтың мүшелері алдын ала келіспей ақ бәрі бірдей түсті айтуында. Осымен қоса мына шартгарды орындау керек: ойыншылар бір түсті екінші рет қайталамау керек. 2.Жатгығу барлық ойыншы бірдей түсті айтқанда бітеді. Жалпы алғанда, ұсынылған жаттығулар жан-жақты болып табылады. Олар айна секілді шынайы өмірдегі адамның мінез-құлық моделін бейнелейді. [47, с.177].
