Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеңес беру толық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181 Кб
Скачать
☆

Осыны пайдалана отырып, әрі қарай дамытарсыңдар....

11.Логотерапия әдісінің қолданылу барысын көрсетіңіз.

Логотерапияның (грек сөзі «logos» - сөз, terapeia – күтім, емдеу) негізін салған ХХ ғасырдың ортасында Виктор Франкл болып табылады. Бұл бағытта адамның тіршілік ету мəні қарастырылып, осы мəнді іздеу жүзеге асырылады.Франклдың көзқарасына сəйкес адамның өмір мəнін іздеуге жəне жүзеге асыруға ұмтылысы барлық адамға тəн туғаннан пайда болатын мотивациялық тенденция жəне тұлғаның дамуы мен мінез-құлқының негізгі қозғаушысы болып табылады. Франкл «мəнге ұмтылысты» «рахат алуға деген ұмтылысқа» қарама-қарсы деп есептеген: «Адамға теңдік жағдайы, тыныштық емес, керісінше соған тұрарлық қандай да бір мақсат үшін күрес қажет». Алайда өмір мəнін жүзеге асыруға деген адами ұмтылыс фрустрацияға əкеліп, бұл экзистенциалды фрустрация неврозға əкелуі мүмкін. В.Франкл адамды өмір бойы өз руханилығын жаңартатын жасаушы деп есептеген.

В.Франкл адамның əрекетін 3 типке бөлді:

1. Рухани тұлғаны жасауға мүмкіндік беретін.

2. Руханилықты жоюшы.

3. Руханилыққа қатысы бойынша немқұрайлы

Адам өз əрекеттері үшін жауапты.Жауапкершіліктен бас тарту кейін адам құнын төлейтін əрекеттер болып табылады.Адам əрдайым өз əрекеттерін таңдауда, шешім қабылдауда еркін, бірақ тек жаңарушы əрекетті таңдауда өмір мəнін жүзеге асырады.Жаңарушы əрекеттер шығармашылықтың құндылығын, уайым жəне қарым-қатынасты іздеуге бағытталған.Əрбір адам үшін бұл құндылықтар танымал, нақты жəне қайталанбас, сондықтан адам өмір мəнін іздеуде өзін жəне өзінің тұлғалығын жүзеге асыратын аймақты іздейді жəне табады.Егер адамда өмір мəнін жоғалту жағдайы пайда болса, В.Франкл адамға өз тұлғалығының бірегейлігі мен қайталанбастығын ұғынуға жəне сезінуге ұсыныс береді.Өзі өмір сүретін əлемді жəне қоршаған адамның құндылығын, өзін-өзі бағалауды иелене отырып адам өзіне-өзі сенімділікке, өз толымдығына, керектігіне, яғни өмір сүру мəніне қол жеткізеді.Қандай жағдайда болмасын адамның өмірі мəнін жоғалтпайды - өмір мəні əрдайым табылуы мүмкін.

В.Франклдың тұлғалық тұрғысының негізінде 3 негізгі ұғым жатыр: «еріктің еркіндігі», «мəнге деген ерік» жəне «өмірдің мəні». В.Франкл бойынша мəн өмірдің əрбір ретінде, сонымен қатар қайғыда да объективті болады.Психолог бұл мəнді адамға бере алмайды, өйткені əркімде ол өздік.Бірақ психолог клиентке оны ұғынуға көмектесе алады.Өмір мəнін жоғалту күшті психозақымдық жағдайларда жүзеге асады: жақын адамның қайтыс болуы, соғыс əрекетіне қатысу жəне т.б.

Логотерапияның міндеті- адамға өмір мəнін табуға көмектесу болып табылады.

Егер адам өзбетімен жағдаяттарды белсенді іздесе, онда қорқыныштан «айнала» əрекет етуге үйренеді жəне қорқыныш бірте-бірте жоғалады. Бұдан логотерапияның негізгі бағыттары шығады:

  • Егер адамның өмірі мəнсіз болса, ол қалыпты өмір сүре алмайды жəне өмірінің мəні мен мақсатын таппайынша тыныштығынан айырылады

  • Өмір мəні адамға тереңнен берілмейді, ұсынылмайды жəне байланбайды.Ол оны өзбетімен табуы керек.

Логотерапияның техникалары:

Адамдарға өз мəселесін шешуге көмектесуде Франкл 2 негізгі əдісті ұсынады:

1.Дерефлексия əдісі артық өзін-өзі бақылауды жоюға, өзін-өзі қазбалау деп аталатын жеке қиындықтарды ойлауға негізделген.

2.Парадоксалды интенция əдісінде психолог клиентті өзі қашуға тырысатынына бағыттауды болжайды. Мұнда əзілдің əр түрлі құбылыстары белсенді». Парадоксалды интенция əдісі қорқынышты түзету жұмыстарында қолданылады.Мысалы, егер адам жабық бөлмеден қорықса, оған осындай бөлмеде өзін-өзі мəжбүрлеп болуға ұсынылады.Ұзақ болу нəтижесінде қорқыныш жоғалып, адамның өз-өзіне сенімділігі артып, бұрын қашқақтағандарынан қорқуды қояды.

Логотерапияда келесідей тəсілдер де қолданылады:

3.Өмірді персоналды ұғыну. Бұл тəсіл өмір мəнін жоғалтқан адамға оның басқа адамға керектігін, өмірдің олсыз өз мəнін жоғалтатынын айтуға, көрсетуге негізделген.

4. «Сократтық диалог». Бұл тəсілдің міндеті – клиентті бірлестікке тарту жəне оның сана аймағын кеңейту. «Сократтық диалог» - жүру барысында клиенттің ретсіз, қарсылықты жəне дəлелсіз талқылаулары түзетілетін психолог пен клиент арасындағы интеллектуалды жекпе-жек.Бірте-бірте психолог клиентті жоспарланған тұжырымға əкеледі.Бұл үрдістің негізінде тəсілдің ядросын құраушы логикалық дəлел жатыр.Əңгімелесу барысында психологсұрақтарды клиент максималды саны бойынша жағымды жауап беретіндей құрастырады.Осылай, клиент бұрын қабылданбаған, түсініксіз немесе белгісіз болған талқылауларды қабылдауға келеді.

12.Гештальттерапияның жүргізілуі мен ұйымдастырылуына талдау жасаңыз

Гештальттерапия - топтың мүшесі және оның көшбасшысы келісім- шарт қарым- қатынас жасау түрінде жүргізіледі. Және де топтың барлық мүшесі бұл үрдіске қатыспай, бақылап отырады. Мұндай бақылау әрқайсысы өзін және өзінің мәселелерін түсінуге көмектеседі. Осының негізінде жеке тұлғаның өзгеруіне мүмкіндік береді. Гештальтерапияны американдық психолог Фриц Перлз ойлап тапқан. Гештальттерапия тұманнан шықты. Сол кезде Перлзді қоғам жаңа үрдістің “әкесі” ретінде санай бастады. Бұл ағым Америкадан Австралияға,Жапонидан Ресейге дейінгі жерді басып алды. Гештальттерапия психоанализді ревизиялау әдісі ретінде туындады Перлз былай дейді: “Менің әдісімді тек ауру кезінде қолдану жеткіліксіз болып келеді, себебі ол өте күшті”. Міне сондықтан гештальттерапия тек қана ауруханаларға қиындық сезген жасөспірімдер мен балалар оқитын оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар мектептерге төменгі лицейлерге, үлкен адамдарды дайындайтын институттарға енгізілуде.

Қазіргі таңда жекелік гештальттерапияға қатысқан 12 миллион француздардың көпшілігі ауру емес сіз және біз сияқты өмірін жақсартуға өмірінің сапасын жекелік жанұялық және әлеуметтік өмірін толықтыру үшін қобалжитын жандар екені анықталды.

Гештальттерапияның мақсаты осы немесе басқа құрылымдардың төмендеуінің қандай болуына қарамастан, “күрес” пен “жөндеуге” емес, адамның жақсы болуының үйлесімділігін дамыту мен ұстап тұруға бағытталған. Сондықтан гештольтерапия терапия медициналық көмек берумен емес, дененің үйлесімділігімен айналысты.

Гештальттық психотерапия “жекелік” немесе “топтық” терапияны емес, “диадтық” терапияны білдіреді. Бұл жағдайда клиент пен терапевтің бір уақытта қатысуын енгізеді. Бұл терапия “осында және қазір” деген екі адам арасында болады.

Гештальттерапевке терапия барысында келесі этаптардан ұсынылады:

  • Терапевттің сеансқа қатысуы

  • Терапевттің болып жатқан жағдайларды қабылдауы

  • Терапевттің сұрақтар қоюы

  • Терапевттің кері байланыс орнатуы

  • Терапевттің эксперимент жүргізуі

Гештальттерапия процесінің өткізілуі

Гештальттерапиялық процес – ол көптеген эксперименттердің

нәтижесі.

1.Гештальттерапия процесіне жалпы көзқарастар

2.Гештальттерапиядағы жалпы терапиялық қатынастың

диалогтық негізі: экзистенциялық диалог.

3.Гештальттағы терапиялық қатынас: қатысу деңгейлері, фрустрация және қолдау, сенімді қарым-қатынас.

Гештальт терапиялық процестерде пациент өзінің жеке басының шынайы бейнесін ашу үшін 5 негізігі кезеңнен өтуі керек. Бұны Перлз «невроз кезеңдері» деп атады.

I – кезең. Ойын және өтірік рольдік қатынас.Невротикалық тұлға өзінің шынайы «Менінен» бас тартады. Неврозбен ауыратын адамдар басқалар не күтеді, соны ойлаумен өмір сүреді. Нәтижесінде, адамның қажеттілігі мен мақсаты қанағаттандырылмайды. Ол фрустрацияны сезінеді. Яғни, өз - өзінен көңілі қалып, өмір сүруінің мәні болмайды.

II – кезең. Фобиялық – бұл ойдан шыққан әрекеттер, яғни пациент өзінің шын бейнесін көрсетуді ойласа, оның бойын қорқыныш жаулайды. Бұл қорқыныш «менің шынайы бейнемнен басқалар қашады деген қорқыныш пен үрей адамды жаулап алады».

III – кезең. Тығырыққа тірелу – мұнда адам не істерін, басқаларға не айтарын білмейді және ол оны басқалардың қолдамайтынын біліп, бұдан шығар жолды мүлдем таба алмайды.

IY – кезең. Импозия – бұл адамның ішкі дүниесіндегі күйзеліс, қайғыру, өзін - өзі жек көру, өз -өзіне шектеу қою мен өзін -өзі жегідей жеу. Бұл кезде адам өлімнен қорқу сезімін сезінеді. Адамның ішкі энергиясы өз-өзіне қарсы шыққандай болып, бұлқысымнан біреулер оны құтқарғандай болып тұрады.

Y –кезең. Экспозия (жарылу) – бұл дегеніміз эмоционалды қатты күйзелу, көбінесе адамдардың жақындарынан айырылғанда да пайда болады

Гештальт терапиялық процестердегі негізгі әдістің бірі - Монодрама немесе бос орындық. Бұл терапия процестерінің жалпы концепциясы – монодрама (немесе «бос орындық») деп аталады. Бұл эксперимент қандай да бір уақытты белгілемейді. Гештальт терапевт клиентті толық бақылауда ұстайды. Бұл кезде оның феномендерді қадағалап отыруын сұрайды. Феномен ретінде: эмоция, дауыс өзгеруі (дауыс ырғағының жуандауы, дірілдеуі, тұтығуы), мимика, жест, отырған отырысы, реакция беруі, денедегі түрлі сезімдер (терлеу, тоңу, тітіркену, қысылу) т.б. Бұл феномендер тек эксперимент барысында қарастырылады. Сондықтан бұл гештальт терапияның негізігі принципі «осында және қазір» деп аталады.

Гештальт-кеңес берушінің басты мақсаты — клиентке әрдайым қоршаған ортадан жәрдем күтуінен құтылуға және тәуелсіздікке көшуге көмектесу. Гештальт-кеңес берушіліктерге өтілген клиенттер, алғашқы рет, негізінен, өз мәселелерін шешуге қызығушылық танытуда. Гештальт-кеңес берушітар клиенттерге ағымдағы мәселелерді шешуде өздерін тірек ретінде ғана емес, сонымен қатар неғұрлым «шынайы» өмір сүруге көмек көрсетеді. Клиенттер дербес болуы үшін, олар өздерінің организмикалық экзистенциалдық орталықтарымен (мен — ол менің негізгі қалпым). Өзінің организмикалық «МЕНімен» немесе сезімдерімен қатынаста болатын адамдар өзін-өзі жігерлендіргіш немесе дербес болып табылады.

13.Нейроленгвистикалық бағдарламалар (НЛП). НЛБ қолданылу техникасын сипаттаңыз

Нейро-лингвистикалық бағдарламалау психология, лингвистика және неврологияның түйіскен жерінде пайда болған бағыт ретінде:

  • НЛБ – бұл кемелдену жайлы өнер және ғылым, атақты адамдардың іс-әрекеттің әр аймағында өздерінің атақты нәтижелеріне қалай жеткендігінің зерттеу нәтижесі. Бұл коммуникативті шеберлікті өзінің жеке бастық және кәсіби тиімділігін жоғарлатқысы келетін әрбір адам меңгере алады.

  • НЛБ – бұл жекелеген адамдардың өздерінің ерекше өмірлік тәжірибесін құрудан пайда болатын модель. Бұл өте күрделі, бірақ тамаша адам ойлары мен коммуникациясы жүйесін түсіну мен құрудың көптеген тәсілдерінің бірі ғана. НЛБ дүниетанымның белгілі позициясын және сол әлемде өмір сүру тәсілін бейнелейді.

  • НЛБ – практикалық зат. Бұл өмір сүріп отырған әлемде тиімді ойлап және әрекет ету модельдері, шеберліктері және технологиялары. НЛБ мақсаты – пайдалы болу, таңдауды кеңейту және өмірді жақсарту.

НЛБ – да 3 негізгі элемент бар:

«Нейро» бөлігі неврологияға қатысы бар – жүйке жүйесі біздің ақылымыз бен тәніміздің арасын байланыстырушы.

«Лингвистикалық» тілге қатысты – бір – бірімізге және өзімізге тілі арқылы әсер етуіміз.

«Бағдарлау»

біздің ойларымыз бен әрекеттеріміздің қайталанатын бірізділігінің көмегімен өз мақсаттарымызға қол жеткізуіміз және біздің мінез – құлқымыз әкелетін нәтижелер.

НЛБ-дың қалыптасу тарихына келетін болсақ- НЛБ 1970 жылдардың басында пайда болды. Колифорниядағы Санта–Круз университетіннде лингвистика профессорының ассистенті Джон Гриндер мен сол университтеттің психология мамандығының студенті Ричард Бэндлердің бірлескен еңбектерінің жемісі болды. Ричард Бэндлер сонымен бірге психотерапияға қызығушылық танытты. Олар бірлесіп атақты үш психотерапевт еңбектерін зерттеді: психотерапия жаңашылы және гештальт-терапия мектебінің негізін қалаушы Фринц Перлз, көптеген психотерапевттер шешімін таппаған отбасылық мәселелердің шешімін тапқан, отбасылық терапевт Вирджиния Сатир және әлемге әйгілі гипнотерапевт Милтон Эриксон.

Бэндлер және Гриндер өздерінің жаңа мектептерін ашудан аулақ болды, олар тек атақты терапевтер қолданған паттерндерді анықтап, басқаларға жеткізумен айналысты. Оларды теориялар қызықтырған жоқ, олар практикады жұмыс істейтін және үйренуге болатын табысты терапия модельдерін құрды. Бэндлер және Гриндер осы паттерндерді ашып, іріктеп, тиімді коммуникацияда, тұлғалық өзгеруде, жылдамдатып оқытуда және өмірден ләззат алуда қолдануға болатын мықты модель құрды. Олар өз жаңалықтарын 1975-1977 жылдары жарық көрген төрт кітапта жариялады. НЛБ бойынша жарияланған әдебиеттер саны содан бері қарқынды жылдамдықпен өсуде.

Осы алғашқы модельдерден бастап, НЛБ 2 бағыт бойынша дамыды.

  • Біріншіден, адам іс-әрекетінің кез-келген аймағындағы шеберлік паттерндерін табу процесі ретінде.

  • Екіншіден, атақты адамдар тәжірибеден өткізген ойлау мен коммуникацияның тиімді тәсілі ретінде.

Бұл паттерндер мен тәсілдер өз бетінше қолданылуы мүмкін, бірақ сонымен бірге моделдеу процесінде кері байланыс ретінде де қолданылады. 1977 жылы Бэндлер және Гриндер Америкада бірнеше табысты семинарлар өткізді.

1976 жылы Бэндлер және Гриндер өз жұмыстарына атау берді – нейролингвистикалық бағдарлау – 3 қарапайым идеядан тұрады.

«Нейро» бөлігі неврологиялық процестерден бастау алатын көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу және түйсінуден тұратын фундаменталды идеяны бейнелейді. Біз дүниені өзіміздің бес сезіну мүшелері арқылы қабылдаймыз, ақпараттардың «мәнділігін» алып, онымен басшылық жасаймыз. Біздің жүйке жүйеміз тек қана көрінбейтін ойлау процестерінен ғана емес, сонымен бірге идеялар мен оқиғаларға деген көрінетін физиологиялық реакциялардан тұрады. Бірі екіншісінің қарапайым физикалық деңгейдегі бейнесі болып табылады. Тән мен ақыл адам мәнділігін көрсететін бірлікті құрайды.

«Лингвистикалық» бөлігі біздің тілді өз ойларымыз бен іс-әрекеттерімізді тәртіпке келтіру үшін және басқа адамдармен коммуникацияға түсу үшін қажет екенін көрсетеді.

«Бағдарлау» өз идеяларымыз бен әрекеттерімізде нәтижеге жетуге қажет ұйымдастыру тәсілдерін көрсетеді.

НЛБ-НЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЙМАҒЫ

НЛБ тәжірибелі психотерапевттер мен қарым-қатынас шеберлері сияқты қарапайым адамдарға да өзін-өзі түсінуге, бақылауға және айналасындағы адамдарға мейіріммен қарауға үйретеді. Сол себептен де НЛБ-ның қолдану ауқымы өте кең. Оның басты бағыттары мыналар:

  • Психотерапия

  • -Уақытпен қадағалау

  • -Сөйлеу шеберлігінде

  • -Білім беру жүйесінде

  • Менеджмент және басқару саласында

  • Саудада

  • Актерлық шеберлікте

  • Заңгерлік саласында

  • Жазушылық пен журналистика саласында

  • НЛБ әр адамның қарым-қатынас дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, НЛБ жеке адамның дамуына жағдай жасайды: өзінің эмоциональды жағдайын жақсы түсіне білу жолдарын үйретеді, өмірді әр қырынан тануға тәрбиелейді, кез келген жағдайдан өзін-өзі алып шығуға жағдай жасайды. НЛБ-ның негізгі техникалары мен әдістері адамның қорқынышы мен күйзелісін және психологиялық ауытқуларын емдейді, сонымен қатар адамның психикалық формасын нақты сақтап қалуға және жұмыста жоғары деңгейге жетуге мүмкіндік береді.