Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КоммуникативЖауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106 Кб
Скачать
☆

4.Лидер мен басшының арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз

Лидер (ағылшынша leader — жетекші) — қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде Лилер аса беделді тұлға ретінде танылады; қара Көсем, Көшбасшы.[1]

Лидер— басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиада мұндай адамды "лидер" деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Психологиядағы зерттеулерде лидердің мынандай қатынаста қызмет аткаратындығы айқындалған:

ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды;

топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді;

егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады;

топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.

Психологтар зерттеулерінде мектеп ұжымдарындағы лидерлердің бірнеше типі болатынын көрсетті: Бірінші тип — лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушы сыныпта музыка викторинасын ұйымдастырып өткізді делік. Ол көптеген музыкалық шығармаларды біледі, домбыра, гитарада, фортопианода, аккордеонда ойнайды. Бұл жерде ол өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетті. Ол лидер мақсаттарды жүзеге асыратын даму деп ұғынылады.

5.Перцепция мен апперцепция арасындағы айырмашылықты түсіндіріп, мысал келтіріңіз

Перцепция (лат. perceptio - елестету, қабылдау) - адамның дүниедегі заттарды тұтастығымен қабылдау, тұңғыш рет бейнелеу процесі; бейнелеу көбінесе тану процесінен құрастырылады.

Апперцепция сөзінің бірнеше мағынасы бар: – апперцептио деген лат.сөздерінен алынған. (Лат. «ап» - үстеме жұрнақ, «перцепцио» - қабылдау. Қаз. қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді). Адамның психологиялық ахуалы мен оның өткендегі өмір тәжірибесінің мазмұнын қабылдауда мұның маңызы ерекше. Бұрынғы тәжірибелер жаңа нәрселерді қабылдауда танымдық өлшем қызметін атқарады. А. тұрақты және уақытша деп еіге бөлінеді. Тұрақты А. адамның қызығуы мен дүниетанымына, мамандығы мен білімдеңгейіне байланысты болып отырады. Мыс., «түбір» деген сөзді филолог пен биологтың, математик пен химиктің қабылдауы түрліше. Уақытша А. адамның әртүрлі алдануы (иллюзия) салдарынан жаңсақ пікірлер туғызады. Мұнда мәселені зерттеген неміс ғалымы Г.Лейбниц. А.ұғымы бір нәрсеге сананың шоғырланып анық ерекше айқындайтын ахуалын білдіреді. Ал келесі неміс ғалымы В.Вундтың пайымдауынша, ойлаудың және психикалық үрдістердің барысын бағдарлайтын ішкі күшті білдіреді. А. – қабылдаудың адамның өткен тәжірибесінен, психикалық іс-әрекетінің жалпы мазмұны мен оның жеке-дара ерекшеліктерінен тәуелділігін бейнелейтін қабылдау процесінің қасиеті. А. қабылдаудың тұлғалық деңгейін сиаттайды. А. қабылданатын объекттің мағыналық қабылдануын қамтамасыз ететін және оның ерекшеліктері жөнінде болжамды туғызуға мүмкіндік беретін индивидтің өмірлік тәжірибесінің нәтижесі ретінде сипатталады. А. келесі түрлері ажыратылады: 1) тұрақты А. – қабылдаудың тұлғаның тұрақты ерекшеліктерінен: дүниетанымы, сенімдері, білім деңгейі және т.б. тәуелділігі; уақытша А. – жағдаяттық пайда болатын психикалық қалыптар: эмоциялар, экспектациялар, бағдарлар және т.б. көрініс табады. Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жаңсақ пікірде болады, мұны уақытша апперцепция дейді. А.-ның уақытша түріне А.С.Пушкиннің «Вурдалак» деген өлеңі жақсы мысал бола алады. Осы өлеңінде ваня қорқақ бала түнде зират арқылы жүріп бара жатады. Ол қорыққанынан қара терге түседі, сүйек кеміріп жатқан итті қабырдан шыққан өлікке балайды. Өйткені, оның өзі осындай кереметтердің «болатындығына» сенетін. М.Әуезов «Қыр әңгімелерінде» Жортар қарттың басынан кешкен бір оқиғаны былайша суреттейді. «Бейіттің іші әлгіден де жарық болып кетіп, артынан бәсеңдегендей болды... құдай көрсетпесін – көзіме бұрын түсін көрмеген, атын естімеген бір пәле көрінді. Алғашқы көрген кезде «жалмауыз» дедім. Нобайы адамға ұқсамайды. Қап-қара, тырдай жалаңаш. Бойы еңгезердей, үлкен, биіктігі кісі бойы – қол сұғымдай шашы бұрқырап тұр.. Көзіме түскен әсіресе қоқынышты жері – аузы. Ырсиып, от болып, тістері ақсиып, сойдиып тұр екен. Аузынан кәдімгідей от бүркіп тұр... өзге еш жері көрінбейді. Қараңғы бұрышта қып-қызыл от болып жанып тұрған ырсиған ауыз, ақсиған тіс қана көрінгендей болды.., тұрайын десем, буынымды баса алатын емеспін... ақырып келіп, иығымнанбас салды...». Жын-шайтан, пері, албасты дейтін ұғымдарға қатты сенетін адамға бейіт ішінде осындай «керемет» көріністерді туғызған жауыннан паналап жүрген екінші бір аданың әлсін-әлі жағып жүрген сіріңкесі екен. «Қорыққанға қос көрінеді» деген мәтел осындай адамдардың психологиясын өте жақсы көрсетеді.

Жаңа қабылдаудың оның алдындағы адамның өмірлік тәжірибесінен, сол мезгілдегі психикалық жағдайына тәуелділігі.[1] Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білім мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Мәселен: түбірдеген сөзді әркім түрліше қабылдауы мүмкін.

Лейбниц философиясында саналы кабылдауды білдіретін термин