- •1.«Коммуникация» анықтамасы және түсінігі
- •2. Коммуникация психологиясының негізгі түрлерін атаңыз
- •3.Зайырлы қарым-қатынас Кодексіне тән ережелерді атаңыз
- •4.Коммуникативтік компетенция анықтамасын және түсінігін атаңыз
- •5.Жаман коммуникацияның себептері, оны жақсарту амалдарын айтып беріңіз
- •6.Кәсіби имидж, дәрігерлер кәсіби имиджі түсініктерін қалай түсінесіз
- •7.Кәсіби қарым – қатынас түсінігі туралы не білесіз
- •8.Вербалды және вербалсыз коммуникацияның ережелерін атаңыз
- •9.Созылмалы шаршау синдромы және онымен күресу амалдарын атаңыз
- •10.Коммуникативті дағдылардың дәрігер эпидемиологтарға қажеттілігін айтып беріңіз
- •1.Коммуникативті дағдылардың дәрігер – эпидемиологқа қажеттілігін дәлелдеңіз
- •2.Созылмалы шаршау синдромының себептерін анықтаңыз
- •3.Дәрігер-эпидемиолог қызметіндегі идентификацифтің рөлін бағалаңыз
- •4.Вербалды және вербалсыз коммуникацияның қызметіңізде керек екенін дәлелдеңіз
- •5.Эпидемиология маманының, эмоцияналды шаршау себептерін анықтаңыз
- •6.Дәрігер – эпидемиологқа кәсіби имидждің қажет екенін дәлелдеңіз
- •7.Ұжымдағы лидердің рөлін бағалаңыз
- •8.Компетентті дәрігер – эпидемиологтың бейнесін қалыптастырыңыз
- •9.Денсаулық сақтау саласында, әріптестер арасындағы коммуникативті кедергілердің пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •10.Дәрігер – эпидемиолог қызметінде деонтологияның рөлі
- •1.Коммуникативті дағдылардың, дәрігер-эпидемиолог қызметімен байланысын орнатыңыз
- •2. Вербалды және вербалсыз коммуникацияның арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз
- •3.Дәрігер-эпидемиолог пен дәрігер терапевттің коммуникативтік дағдылардың айырмашылығын түсіндіріңіз
- •4.Лидер мен басшының арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз
- •5.Перцепция мен апперцепция арасындағы айырмашылықты түсіндіріп, мысал келтіріңіз
- •6. «Сұхбат аймақтары» бір-бірінен айырмашылығын айтып, оларды дәрігер-эпидемиолог қызметіндегі білу қажеттілігі.
- •7.Коммуникацияның түрлерін айтып, олардың кәсіби қызметте қолданылуы
- •8. Коммуникативтік компетенцияның дәрігер-эпидемиологқа қажеттілігін түсідіріп және түрлерін анықтап беріңіз
- •9.Жаман коммуникацияның себептерін талқылап, оларды атап өтіңіз
- •10.Коммуникация страгиясының түрлерін атап, оларды жеке талқылап өтіңіз
7.Коммуникацияның түрлерін айтып, олардың кәсіби қызметте қолданылуы
Қарым – қатынас адамның тіршілік бейнесі. Ол адамның дүниетануында, мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандрудағы адамға тән табиғи қасиет.
Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапққырлығы мен ақыл – ойына, парасатына байланысты жүзеге асып отыратын қажеттілігі. Тіл табысып өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам тілегін, ықылас – ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым – қатынас нәтижесінде адамның тұлғалық қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жанашырлығы сезімі, ізгі көзқарасы қалыптасады. Тіршілік ортасы мен өмір сүрудің сан алуан сырларын біліп, жеке басының қадір – қасиетін арттырады. Адам өзін өзгелердің орнына қойып байқап, оның ішкі дүниесінің сырын да барлап біледі. Тұлғаны дамыта оқыту мәселесін зерттеген В.В.Давыдовтың пікірі бойынша жеке тұлға дегеніміз-жаңа материалдық және рухани өнімді өндіруші әрекет субъектісі. Осылай өнімді өндіру шығармашылық болып табылады. Қарым-қатынас күрделі шығармашылық әрекет.
Л.С.Рубинштейн «дамудың негізі себептердің ішкі жағдайға байланысты әрекетінде. Сондықтан өзіндік белсенділік балада /оқыту, ішкі жағдай/ туындаушы емес, бастапқы болады. Бастапқы болып қалатындар осы ішкі әсерлер, нормативтік қоғамдық үлгілер т.б., бірақ олар жанама түрде адамның барлық өмірінде ішкі жағдайлардың тұтас жүйесіне/ тұқым қуалау, өмірлік тәжірибе/ және адам тұлғалығына басымдық танытады. Яғни, қандай да болсын ішкі себептердің әрекеттесуі дамудың ішкі негізіне байланысты» болатынын көрсетеді .
Қарым – қатынас мәнін анықтауда оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы зерттеулердің маңызы ерекше (Б.Д.Парыгин, Г.М.Андреева, А.А.Бодолев, А.А.Брудный, А.А.Леонтьев, Б.Ф.Ломов, Л.А.Карпенко, В.Н.Панферов, Е.Ф.Тарасов, Я.Яноушек және т.б.) [3]. В.Н.Панферов қарым – қатынасты: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас деп бөліп, осыған сәйкес қарым – қатынасты зерттеуде: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық және реттеушілік бағыттарды ұсынған.
Қарым-қатынастың құрылымы мен атқаратын функциясының күрделілігі қарым-қатынастың өзара байланысты үш жағынан байқалады. Олар:
– ақпараттық (немесе коммуникативтік), қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу жүреді;
– өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді.
– түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады.
Коммуникативті жағы- ақпарат алмасуда, интерактивті – қарым – қатынас серіктерінің қарым – қатынасының таңбалық жүйелерін кодтау, өзара әрекеттерін реттеуде, перцептивті - әңгімелесушіні салыстыру, сәйкестендіру, апперцепция, рефлексия сияқты механизмдердің көмегімен «оқу» кезінде бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады.
Қарым қатынас – а) Бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындайтын, құрамына ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасау, өзге адамды қабылдау және түсіну, адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделі, көп мақсатты процесі; б) Субъекттердің белгілілік құралдармен жүзеге асырылатын, бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындаған және серіктесінің жай-күйін, мінез-құлқы мен тұлғалық-маңыздылық құрылымын өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесуі.
Қарым-қатынаста бірінің әрекеті екіншісінің әрекетіне бейімделуіне қол жететін кемінде екі адамның әлеуметтік коммуникациясының не қарым-қатынасының формасы - әлеуметтік әрекеттестік болып табылады. Тұлға диспозициясы – әрекеттің белгілі бір жағдайлары және осы жағдайлардағы белгілі бір мінез-құлықты қабылдауға деген бейімділіктердің жүйесі.
Әлеуметтік институт – адамдар бірігіп әрекет етуін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан, тұрақты формалары. Өмір салты – адамның тарихи нақты әлеуметтік қатынастары типтік болып табылатын өмір сүру формасы. Фактілік қатынас – коммуникативтік құралдарды тек қатынас процесін қолдау мақсатында ғана пайдаланатын қатынас.
Әлеуметтік-психологиялық біліктілік – индивидтің өзін қоршаған адамдармен тұлғааралық қатынастар жүйесінде тиімді әрекеттесе алу қабілеті.
Формасы мен түрі жағынан қарым-қатынас алуан түрлі. Психологтар тікелей және тұспалдық, тура және жанама, вербалды (сөзбен) және бейвербалды т.б. қарым-қатынас түрлерін көрсетеді.
Психикалық процестер, адам мінез-құлқының қалыптары мен ерекшеліктері дәл осы қарым-қатынаста туындайды, іске асады және танылады.
Өзінің міндеті бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Оның мынадай негізгі функциясын бөліп көрсетуге болады :
1. Прагматикалық функция адамдардың біріккен іс-әрекеті процесінде өзара әрекеттесуде жүзеге асады.
2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы адамның тұлға ретінде даму және қалыптасу процесінде танылады. Үлкендермен қарым-қатынас жасамастан ешкім қазіргідей бола алмас еді.
Даму барысында бала мен үлкен адамның сыртқы қарым-қатынас формалары ішкі жоспарға айналады.
3. Растау функциясы. Біз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзімізді өзіміздің алдымызда танып, түсініп, растай аламыз. Өз құндылығының мойындалатындығына көз жеткізу үшін адам өзге адамдардың қолдауын іздегенде осы функция көрінеді. Уильям Джеймс өзі адам үшін «қоғамда өзімен өзі қалдырылып, мүлдем ескерусіз қалғаннан артық жаза жоқ». Кейде психологтар бұл жағдайды «расталмау» деп атайды.
4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциясы. Кез-келген адамның қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгілі бір – жағымды немесе жағымсыз эмоциалық қатынасты орнатумен байланысты. Тіпті бір адамның өзіне әр түрлі жағдайда біз түрліше қатынас жасаймыз.
5. Тұлға ішіндегі қарым-қатынас формасы. Өз-өзімен жүргізетін диалогтың негізінде адам белгілі бір шешімдер қабылдап, маңызды әрекеттерге барады. Мұндай «ішкі» қарым-қатынасты адам ойлауының әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады. Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді.
А. Императивтік қарым-қатынас, кейде өктемшіл немесе директивті деп атайды. Ол қарым-қатынастағы серіктестерінің бірі екіншісінің мінез-құлқы мен ойын бақылауға, қандай-да бір іс-әрекетке итермелеуге талпынуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қарым-қатынастағы серіктес басқаруды қажет ететін машина сияқты, жансыз обьект ретінде қарастырылады; ол пассив, «ырықсыз» жақ болады. Императивті қарым-қатынас құралы ретінде бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, талаптар, қорқыту және сол сияқтылар қолданылады.
Дегенмен кей мамандықтарда қарым-қатынастың бұл түрі өте тиімді қолданылады. Бұған: барлық әскери уставпен анықталған, әскердегі қатынас; талқылауға уақыт жоқ, ал кез келген кідіру орны толмайтын шығындарға алып келетін төтенше жағдайлардағы барлық жұмыс түрлері. Бірақ императивтің қолданылуы орынсыз болатындай салаларды көрсетуге де болады. Ол достар, жұбайлар арасындағы қарым-қатынас, бала – ата-ана, сондай-ақ педогогтік қатынастардың бүкіл жүйесі.
Б. Манипуляциялық қатынас императивтікке ұқсайды. Оның мақсаты - қарым-қатынастағы серіктесіне ықпал ету. Бірақ бұл жерде көздегеніне қол жеткізу жасырын жасалады. Императив сияқты манипуляцяда екінші адамның мінез-құлқы мен ойын бақылауға ұмтылады. Манипуляция бизнесте және ресми қатынастарда жиі кездеседі.
Өзгені өзінің ықпал ететін объектісіне айналдыру арқылы, шынайы серіктесін көрмей, байқамай, өз-өзімен өзінің мақсаттары мен міндеттерімен қарым-қатынас жасайды.
В. Диалогтық қарым-қатынас өктемшілдік және манипулятивтік типтерге қарсы, ол серіктестер құқықтарының теңдігіне негізделген. Диалогтық қарым-қатынас тек бірқатар арақатынас ережелерін сақтағанда ғана жүзеге асады. Диалогтік, басқаша айтқанда гуманистік қарым-қатынас түсінісудің, ашылудың анағұрлым терең деңгейлеріне жетуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынасты қарастыру бұл құбылыстың күрделілігін, алуан түрлілігін оның функцияларының көп сатылылығын көрсетеді.
Қарым-қатынас адам дамуының қайнар көзі.Ол бірлескен іс-әрекеттегі адамдар арасындағы ақпарат алмасу, байланыс орнату және оны шешу процесі. Бірлескен іс-әрекетті тудыратын қажеттілік, ары қарай қарым-қатынасты орнату стратегиясы жоспарланады. Қарым-қатынас адамның қабілетін, дүниетанымын,рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолы. Тұлға әрекетінің негізгі түрлері осы қарым – қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Өзге адамдармен қарым-қатынаста бола отырып адамзат жинаған білімді, оның тәжірибесін, заңдары мен нормаларын құндылықтары мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру арқылы адам тұлға ретінде қалыптасады.
Кілтті сөздер: Қарым-қатынас, қарым-қатынастың құрылымы, атқаратын функциясы, таным процесінде, қарым-қатынаста ақпарат алмасу: ақпараттық (немесе коммуникативтік),интерактивтік, перцептивтік.
